1.Нейроэндокриндік реттелудің сызбанұсқасы.
2.Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
3. Гормондардың жалпы қасиеттері.
4.Гормондардың рецепторлары, нысана-жасушалары.
5.Гормондардың әсер ету механизмдері (жалпы түсініктер).
6. Гормондардың әсер етуінің жасушаішілік делдалдары.
7. Гормондардың аденилатциклазды жүйе арқылы әсері.
8. Гормондардың гуанилатциклазды жүйе арқылы әсері.
9. Гуанилатциклазаның түрлері, олардың әсері.
10. цАМФ және цГМФ – химиялық табиғаты, бұл қосылыстардың гормондардың әсер ету механизмдеріндегі маңызы.
11. Гормондардың кальций-кальмодулин жүйесі арқылы әсері.
12. Гормондардың инозитолтрифосфат және ДАГ арқылы әсері.
13. Аденилатциклаза мен фосфодиэстераза катализдейтін реакциялар. Бұл реакциялардың гормондар әсер етуіндегі ролі.
14.Протеинкиназалар. Жалпы сипаттама, өкілдері. Олар қалай активтенеді?
15. Гормондардың ІІ механизм бойынша әсері.
16. Гормондардың ІІІ механизм бойынша әсері (мембраналардың өткізгіштігін жоғарылату арқылы).
17. Гипоталамустың гормондары, жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
18. Эпифиздің гормондары, жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
19. Гипофиздің гормондары, жалпы сипаттама.
20. Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
21.Соматотропты гормон, соматомединдер, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
22.Гипофиздің тиреотропты гормоны, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
23.Гипофиздің гонадотропты гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
24. Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, организмге әсері.
25. Қалқанша маңы бездерінің гормоны, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
26.Кальцитонин, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
27.Қалқанша безінің гормондары, жалпы сипаттама.
28. Тиреоидты гормондар: трийодтиронин және тетрайодтиронин, түзілуі. Химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
29.Қалқанша безінің гиперфункциясы. Клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
30. Қалқанша безінің гипофункциясы. Ересектер мен балалардағы клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
31.Эндемиялық зоб, пайда болу себептері. Клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.
32.Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары, жалпы сипаттама.
33.Глюкокортикостероидтар, өкілдері, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
34.Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы және антиаллергиялық әсері.
35.Минералокортикостероидтар, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектері, секрециясының реттелуі.
36.Альдостерон, химиялық табиғаты, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
37.Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондары, түзілуі, гормондардың рецепторлары, әсер ету механизмі.
38. Адреналин, норадреналин, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектері, секрециясының реттелуі.
39. Ұйқы безінің гормондары, жалпы сипаттама.
40.Инсулин, түзілуі, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
41.Глюкагон, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
42.Қантты диабет, бұл патология кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
43.Қантты және қантсыз диабет. Бұл аурулар қандай гормондардың секрециясының бұзылуымен байланысты. Бұл гормондарға қысқаша сипаттама.
44.Жыныс гормондары, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, жалпы физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
45. Әйелдердің жыныс гормондары (эстрогендер мен прогестерон), химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, гормондардың арнайы әсері.
46. Әйелдердің менструальды циклінің реттелуі.
47. Ерлердің жыныс гормондары (тестостерон), химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, гормондардың арнайы әсері.
48. Эйкозаноидтар (простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксандар), жалпы сипаттама, өкілдері, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
49. Көмірсулар алмасуының реттелуі.
50. Белоктар алмасуының реттелуі.
51. Липидтер алмасуының реттелуі.
52. Су алмасуының реттелуі.
53. Натрий мен калий алмасуының реттелуі.
54.Кальций мен фосфаттардың алмасуының реттелуі.
5.Сабақты қорытындылау – баға қойылады.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 193-262 бет.
Қосымша:
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 бөлім: Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.
Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007.
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 ж., 155-197, 483-493, 529-531 бет.
У.Сайпіл, К.Қ.Өмірзақова “Заттар алмасуы”, Алматы, 2004 ж.
Биохимиядан студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тест сұрақтары.- Алматы, 2008ж.
Плешкова С.М. және басқалары. “Практикум”, Алматы, 2004
Орыс тілінде:
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с 582-585
Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2007, с
Северин Е.С. «Биохимия»,Москва, 2008, с.
Плешкова С.М. и соавт. “Учебное пособие для самостоятельного изучениябиохимии ”, Алматы, 2009, 2 том.
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121
Аблаев Н.Р. “ Биохимия в рисунках и схемах ”, Алматы , 2005
Марри Р. и др. «Биохимия человека», 2003
Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599
Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455
В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186
Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы,1998
Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46
Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353
Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245
7.Бақылау:
№ 12 (27) Сабақ
Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктар, қалдық азоттың заттары, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.
Мақсаты:
Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық қосылыстары, олардың қалыпты мөлшері және олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы білім қалыптастыру;
Жаңа түсініктер мен терминдер еңгізу;
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
Қан плазмасының химиялық құрамын және қанның атқаратын қызметтерін оқып-білу;
Қан плазмасының органикалық заттарының қалыпты мөлшерін және оларды анықтаудың диагностикалық маңызын оқып-білу;
Қан плазмасының органикалық заттарының қалыпты мөлшерден ауытқу түрлерін қарастыру;
Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия, индикаторлық, секреторлық, экскреторлық ферменттер, гиперазотемия, кетонемия, гипер-, дислипидемия, қанның қалдық азоты терминдері мен түсініктеріне анықтама беру;
Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қан плазмасының химиялық құрамы, оның қан сарысуынан айырмашылығы;
Қан плазмасының белоктары, маңызы, өкілдері, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезінде өзгерістері.
Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.
Қанның қалдық азоты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.
Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.
Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Әдіс – құрамалау (комбинациялық): ауызша талдау, шағын топта жұмыс жасау, блиц-сұрақ, жазбаша сұрау.
Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.
1) Ұйымдастыру бөлігі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар, алкалоздар, олардың түрлері. Макроэлементтер, олардың ролі. Минералды заттардың және су алмасуы және оның реттелуі.»
Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.
Қанның буферлік жүйелерінің қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтауға қатысуы, бикарбонаттық буфері мысал ретінде олардың әсер ету механизмі.
Ацидоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.
Алкалоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.
Макроэлементтердің (Na, K, Ca, Mg, Cl, S, фосфаттардың) маңызы. Қандағы қалыпты мөлшері, тағам көздері, адам ағзасындағы қоры, нормадан ауытқу себептері.
Тірі ағза үшін кальцийдің маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның кальцийдің реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.
Тірі ағза үшін фосфордың маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның фосфордың реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.
Тірі ағза үшін судың маңызы. Судың түрлері. Вазопрессин менг натрий-уретикалық фактордың су алмасуының реттелуіндегі ролі.
Альдестеронның натрий мен калийдің деңгейін реттелуіндегі ролі.
Минерал заттар алмасуы туралы түсінік. Негізгі сатыларының қысқаша сипаттамасы.
Шағын топта жұмыс жасау – Барлық топ 2-3 студенттен үш шағын топқа бөлінеді және әрбір топқа жағдайлық есеп беріледі. Әр топтың студенттіне есепті шешуге уақыт беріледі (2-3 мин), содан кейін топша ішінде талдау үшін 5 минут беріледі, кейін шағын топтың бір өкілі жалпы есептің шешуін айтады.
Сонымен қатар шағын топтың студенттеріне тақырып бойынша тест тапсырмалары беріліді. Оқытушы – бақылаушы және түзетуші (корректор) ролін атқарады.
Осы әдісті модификациялауға болады - Әр шағын топтың студентіне жағдайлық есеп беріледі. Әр топтың студенттіне өзінің есебін шешуге уақыт беріледі (2-3 мин). Кейін әр студентөзінің шағын топшаның өкілдеріне өзінің есебін түсіндіру үшін тағы уақыт беріледі. Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студенті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.
Уақыт болған жағдайда тест тапсырмаларына берілген жауаптары қарастырылады.
Шағын топта жұмыс жасау үшін арналған жағдайлық есептер:
Зерттелетін қан сарысуында қалдық азоттың мөлшері: 100 мМоль/л. Бұл жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады?
Зерттелетін қан сарысуына күкіртқышқылды аммонийдің қаныққан ерітіндісі қосылған. Тұнба пайда болды. Қандай белок тұнбаға түсті?
Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мөлшері 50 мМоль/л болды, осы науқасқа операция жасауға бола ма? Неліктен?
Қан сарысуын фракциялау кезінде төмендегі жайттар анықталды: қан сарысуындағы жалпы белоктың көрсеткіші қалыпты мөлшерде болғанымен, жеке белоктардың пайыздық құрамы (%): альбуминдер - 40, альфа-глобулиндер – 10, бета-глобулиндер – 10, гамма-глобулиндер -38. Бұл кімнің (науқастың немесе дені сау адамның) қан сарысуы? Не себепті бұлай ойлайсыз?
Жер сілкінісінен кейін науқас ауыр заттың астында ұзақ уақыт қалып қойған, бұлшық етінің жаншылуы байқалады. Бұлшық ет зақымдануы кезінде қанда қандай ферменттердің мөлшері артады?
Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен белоктар артады?
Ұзақ уақыт бойы дене еңбегімен айналысқан студенттің бұлшық етінде, әсіресе, балтырында ауырсыну байқалды. Ұзақ уақыт және ауыр дене еңбегімен айналысқанда неліктен бұлшық ет ауырады? Біраз уақыттан соң осы ауырсыну сезімі неліктен басылады?
Қан сарысуында С-реактивті белоктың пайда болуы нені білдіреді?
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
Қорытынды жасау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, бағалар қойылады.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004ж.
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 483-487 бет.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 5-35, 138-140.
Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 488-502.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 567-582.
Қосымша:
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 97-103.
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім. Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. - Алматы, 2009 ж., 7-29 бет.
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 57-58.
Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 270-310
7. Бақылау.
Білім құзырлылығын бағалау: ауызша сұрақтарға, жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауаптарына, шағын топта жағдайлық есептер мен тесттік сұрақтарды орындағанына байланысты жүргізіледі.
Тест тапсырмалары:
1. Қан плазмасының проценттік құрамы:
1. 40-50%
2. 60-70%
3. 20-30%
4. 30-40%
5. 50-60%
2. Қанда кетон денелерінің көбеюі байқалады:
майларды көп қабылдағанда
бауыр ауруларында
гемолитикалық сарғыштануда
қантты диабетте немесе ұзақ ашыққанда
5. көмірсуларды көп қабылдағанда
3. Қан плазмасының органикалық құрамына кірмейді:
1. фосфаттар, хлоридтер, бикарбонаттар
2. альбуминдер, фибриноген, глюкоза
3. белоктар, майлар, көмірсулар, олардың зат алмасу өнімдері
4. глюкоза, ХС, ПЖҚ, фибриноген, липопротеидтер
5. БМҚ, кетон денелері, белоктар, антиденелер.
4. Қалыпты жағдайда белоктар мөлшері құрайды:
жалпы белок - 8-10 г/л, альбуминдер - 3- 5 г/л, глобулиндер - 5-6 г/л, фибриноген- 1-2 г/л
жалпы белок -60-80 г/л, альбуминдер 35-45 г/л, глобулиндер- 20-30 г/л, фибриноген -3-5 г/л,белоктар-ферменттер
жалпы белок - 1-2 г/л, альбуминдержәне глобулиндер 0,5-1,0 г/л-ден
жалпы белок-65-80 г/л, альбуминдер - 35-40 г/л, глобулиндер 25-35 г/л, фибриноген -2-4 г/л, белоктар-ферменттер, жедел фазаның белоктары
жалпы белок - 2-3 г/л, альбуминдер -1,5-2,0 г/л, глобулиндер- 0,5-1,0 г/л, белоктар-ферменттер
5. Кинин жүйесінің белоктары келесі қызметтер атқарады:
артериалды қысымды төмендетеді, бронхтарды кеңейтеді, мембрана өткізгіштігін төмендетеді
Қан тамырларын кеңейтеді, артериалды қысымды төмендетеді, бронхтарды тарылтады, мембрана өткізгіштігін жоғарлатады
Қан тамырларын тарылтады, артериалды қысымды жоғарлатады, бронхтарды кеңейтеді, мембрана өткізгіштігіне әсер етпейді
мембрана өткізгіштігін төмендетеді, бронхтарды тарылтады.
мембрана өткізгіштігін жоғарлатады, артериалды қысымды жоғарлатады, бронхтарды кеңейтеді.
6. Қанның қалдық азоты - бұл:
белоктар азоты
белок-ферменттердің азоты
креатин мен и креатининнің азоты
Белоктар алмасуының аралық өнімдері мен соңғы өнімдері
аспарагин мен глутаминнің азоты
7. Қан плазма белоктарының мөлшерінің өзгеруі аталады:
диспротеинемия
гипопротеинемия
гиперпротеинемия
полипротеинемия
парапротеинмия
8. Қан плазмасының белоктары қандай қызмет атқарады:
құрылымдық, қорғаныш, тасымалдау, тыныс алу
қанның онкотикалық қысымын қамтамасыз етеді, қан ұюына қатысады, тасымалдау рөл атқарады, қоректік, қорғаныш
тасымалдау,қорғаныш,гомеостатикалық, тіректік
құрылымдық, электротрансформациялық, тасымалдау, катализдік
гомеостатикалық, липолитикалық, қанның онкотикалық қысымын қамтамасыз етеді, жиырылғыш
9. Альбуминдер қан плазмасының глобулиндерінен немен ерекшеленеді:
альбуминдер оң зарядқа ие, молекулалық массасы глобулиндерге қарағанда жоғары, электрофорез кезінде глобулиндерден қалып қалады
альбуминдерде молекулалық массасы азырақ, үлкен "-" заряды болады , қандағы мөлшері глобулиндерге қарағанда жоғары, олар суда ериді
альбуминдер ферментативті қызмет атқарады, қан ұюына қатысады, тасымалдау және тыныс алу қызметін атқарады
альбуминдер (NH4)2SO4жартылай қаныққан ерітіндісімен тұздалады, үлкен теріс заряды болады, электрофорезде тезірек жылжиды
альбуминдер электрофорезде баяулау жылжиды, жоғары молекулалық массаға ие, қоректік және тасымалдау қызметін атқарады
10. Альфа-глобулиндер тасымалдайды:
1 – күміс
2 – темір
3 – натрий
4 – калий
5 – магний
№ 13 (28) Сабақ
1. Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар және алкалоздар, олардың түрлері. Макро- және микроэлементтер, олардың ролі. Су мен минералды заттар алмасуы және оның реттелуі.
2. Мақсаты:
Студентерде қан плазмасының бейорганикалық заттардың қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтаудағы рөлі, ҚСТ бұзылыстары, осы күйді теңестіру жолдары туралы білім қалыптастыру.
Студентерде ағзадағы негізгі макроэлементтерінің қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Жаңа түсініктер мен терминдер еңгізу;
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
ҚСТ тұрақты сақтаудың механизмін талдау.
Адам ағзасындағы негізгі макроэлементтерінің ролін, макроэлементтердің қандағы қалыпты мөлшерін, нормадан ауытқу себептерін оқып-білу.
ҚСТ бұзылыстарын (ацидоз, алкалоз) тудыратын себептерді қарастыру.
Осы күйлерді теңестірудің жолдарын көрсету.
Метаболиттік және респираторлы ацидоз, метаболиттік және респираторлы алкалоз, су-және минерал заттар алмасуы терминдері мен түсініктеріне анықтама беру;
Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.
Қанның буферлік жүйелерінің қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтауға қатысуы, бикарбонаттық буфері мысал ретінде олардың әсер ету механизмі.
Ацидоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.
Алкалоздар: түрлері және пайда болу себептері, теңестіру механизмі.
Макроэлементтердің (Na, K, Ca, Mg, Cl, S, фосфаттардың) маңызы. Қандағы қалыпты мөлшері, тағам көздері, адам ағзасындағы қоры, нормадан ауытқу себептері.
Тірі ағза үшін кальцийдің маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның кальцийдің реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.
Тірі ағза үшін фосфордың маңызы. Кальцитониннің, кальцитриолдың және паратгормонның фосфордың реттелуіндегі және алмасуындағы ролі.
Тірі ағза үшін судың маңызы. Судың түрлері. Вазопрессин менг натрий-уретикалық фактордың су алмасуының реттелуіндегі ролі.
Альдестеронның натрий мен калийдің деңгейін реттелуіндегі ролі.
Минерал заттар алмасуы туралы түсінік. Негізгі сатыларының қысқаша сипаттамасы.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Әдіс – аралас (комбинациялық):
Блиц-сұрақ,
Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау,
Жазбаша сұрау.
Оқыту құралдары: дәріс («Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері» - Биохимияның кейбір тараулары /Абитаева С.А. - 2004 ), тесттік тапсырмалар, жағдайлық есептер, жаттығулар.
Ұйымдастыру бөлігі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері. Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі»
Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.
Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы.
Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.
Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.
Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.
Глюкозурия, түрлері және себептері.
Протеинурия, түрлері және себептері.
Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.
Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.
Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Зәр диастазасы, түсінік, себептері.
2) Блиц-сұрақ – тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарып, сұрақты ішінен оқытады, студент бірден жауап беру керек.
3)Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау – келесі проблемалық сұрақтар бойынша жүргізіледі:
Ацидоз кезіндегі теңестіру механизмдері.
Алкалаз кезіндегі теңестіру механизмдері.
Темірдің алмасуы және маңызы, оның жетіспеушілігі (артық болуы) – себептері, метаболизмге әсері, теміржетіспеушілік жағдайлардың коррекциялаудың (түзетудің) мүмкін болатын жолдары.
Ағзадағы су алмасуы және оның реттелуі.
Фосфор және кальцийдің алмасуы және оның реттелуі.
Калий және натрий – гипо- және гиперкүйлердің себептері, белгілері, түзетужолдары.
Дискуссия жүргізу барысында топты екі лагерге бөлуге ұсынылады және әрқайсысына бірдей проблема (мәселе) беріледі. Әр лагердің студенттері өздерінің қөзқарасатырн ұсынады, кейін оқытушымен бірге талдайды. Мәселені шешуінде ең көп және дұрыс жолдарын тапқан топқа «жеңіс» беріледі.
Шағын топта жұмыс жасау кезде топ 2-3 аадамнан 3 шағын топқа бөлінеді және әр шағын топқа жеке мәселе беріледі. Әр студентке өзінің көзқарасын қысқаша жазу үшін уакыт беріледі. Кейін шағын топтың ішінде барлық пікірлерді талдауға тағы уақыт беріледі, содан барып әр шағын топтың өкілі осы мәселе бойынша топтың жалпы шешімін айтады. Дұрыс емес шешім қабылдағанда немесе процестің басқа қатысушылардың қосымша мәлеметтер бар болған жағдайда, оқытушы варианттарды есепке алады.
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
Қорытынды жасау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, бағалар қойылады.
6. Әдебиеттер:
Негізгі:
Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 489-493 бет.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с..
Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 582585.
Қосымша:
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 103-112.
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 58-59.
Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 277-310
7. Бақылау: Білім құзырлылығын бағалау: блиц-сұрақтарға, жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауаптарына байланысты, шағын топта белсенділігі және жұмыстың сапасы бойынша жүргізіледі.
Тест:
1. Метаболиттік ацидоздың пайда болу себебі қанда қышқыл өнімдерініңжиналуы келесі процесс нәтитжесінде болады:
тыныс алу орталықтың параличікезінде
қан айналым жылдамдығы төмендегенде
ағзағада заттар алмасуы бұзылғанда
оттек жетіспегенде
іш өту кезінде ағза сілтілік ас-қорыту сөлдерінен айырлғанда
2. Метаболиттік алкалоздың пайда болу себебі, қанда сілтілі өнімдерінің жиналуы:
организмге сілтілі эквиваленттер көп түскенде (сода, сілтілі минералды су)
қан ағу жылдамдығының баяулауы нәтижесінде
қышқылдық қосылыстардың құсықпен жоғалуы нәтижесінде
азайған НСI -ды толықтыру кезінде
ағзадан ас қорыту сөлдерінің сілтілі өнімдерінің жоғалуы нәтижесінде
2 дұрыс жауапты табыңыз
3. Респираторлық алкалоздың пайда болу себебі:
гипервентиляция
гипокапния
организмге сілтілі эквиваленттер көп түскенде
құсық
ГКС секрециясы артқанда немесе оны енгізгенде
2 дұрыс жауапты табыңыз
Метаболиттік ацидоздың даму механизмінде рөл атқарады:
СО2 жоғарлауы
О2 артуы
СО2 төмендеуі
[ОH-] артуы
[H+] артуы
5. Алкалоздың даму механизмінде рөл атқарады:
СО2 жоғарлауы
О2 артуы
СО2 төмендеуі
[ОH-] артуы
[H+] артуы
6. Ацидоз кезінде қышқыл-сілтілі күйді теңестіруге кіреді:
[H+] төменденуі
[ОH-] артуы
гипервентиляция
бүйректе протондардың секрециясының және гидрокарбонаттардың реабсорбциясының артуы
негіздерді бейтараптануы және [H+] артуы
4 дұрыс жауапты табыңыз
7. Алкалоз кезінде қышқыл-сілтілі күйді теңестіруге кіреді:
қанда [H+] төмендеуі
қанда [ОH-] артуы
гиповентиляция
бүйректе протондардың секрециясының және гидрокарбонаттардың реабсорбциясының төмендеуі
негіздерді нейтрализациялау және [H+] артуы
3 дұрыс жауапты табыңыз
8. Қан плазмасының бейорганикалық заттарына жатады:
кетон денелері, қалдық азот, кальций тұздары
ПЖҚ, лактат, аСl, фосфаттар
Бикарбонаттық буфер
АТФ, АДФ, АМФ, фосфор қышқылы
Кальций, натрий, калий, магний катиондары, Сl, фосфор
9. Қанның бейорганикалық заттары келесі функцияларды атқарады:
осмостыққысымды қамтамасыз етеді
онкотикалыққысымды қамтамасыз етеді
глобулиндердің еруін қамтамасыз етеді
асқазан сөлінде тұз қышқылының түзілуіне
сұйек тінінің минерализациялану процесіне
10. Қандағы кальций катионының рөлі:
гормондардыңәсер ету механизміне қатысу
қанның онкотикалық қысымын реттеу
бұлшық еттің жиырылуына қатысады
қанныңұюына
нерв импульсының берілуін қамтамасыз етеді
№14 (29) Сабақ
1. Тақырыбы: Қалыпты және патологиялық зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері. Қалыпты зәрдің химиялық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері. Патологиялық жағдайда зәрдің қасиеттері мен құрамының өзгеруі.
2.Мақсаты:
Студенттерде бүйректің атқаратын қызметтері және ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Студенттерде қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамы туралы білім қалыптастыру.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу барысында студенттердің дағдылары мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
3.Оқыту міндеттері:
1. Бүйректің осмостық және артериялық қысымды реттеудегі роліне, ондағы заттар алмасуының ерекшеліктеріне студенттердің назарын аудару.
2. Қалыпты жағдайдағы зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын және олардың патология кезіндегі өзгеруін қарастыру.
3. Диурез, полиурия, олигоурия, никтурия, анурия, энурез, уремия, изостенурия, гиперстенурия, гипостенурия, гиперхромурия, гипохромурия, урохром, уроэритрин, эритропоэтин, пиурия, протеинурия, глюкозурия, гематурия, билирубинурия, хилурия, кетонурия, зәр диастазасы, креатинурия, ламинин, энтактин терминдеріне анықтама беру.
4. Зәр құрамын талдау, ондағы өзгерістердің пайда болу себептерін көрсету.
5. Студентті кәсіби әдебиетті оқып білуге және ғаламтордан ақпарат табуға ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.
Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.
Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы.
Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.
Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.
Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.
Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.
Глюкозурия, түрлері және себептері.
Протеинурия, түрлері және себептері.
Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.
Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.
Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Зәр диастазасы, түсінік, себептері.
5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Әдіс – аралас (біріккен):
Блиц-сұрақ
Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау
Жазбаша бақылау
Оқыту құралдары: тесттік тапсырмалар, жаттығулар, жағдайлық есептер, «Биологиялық химиядан практикум» (2004ж.), Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары» (Алматы, 2004ж.), Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім- «Биологиялық сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы» (2009).
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі - оқытушы студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу. Кейін сабақтың жоспары, мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, үйге тапсырма беріледі: Аралық бақылау: «Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» Төменде берілген сұрақтар бойынша бақылау жұмысына дайындалу және №№ 90, 91, 136, 125, 126 (2), 128 (1), 129 (4) зертханалық жұмыстарды конспектілеу.
Студенттердің келесі сабаққа өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар:
Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.
Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.
Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.
Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.
Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.
Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..
Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.
Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.
Қан плазмасының ферменттері, түрлері, диагностикалық маңызы.
Гиперлипидемиялар, олардың диагностикалық маңызы.
Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.
Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы
Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?
Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.
Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?
Қалыпты зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың тәуліктік қалыпты мөлшері.
Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.
Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.
Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.
Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.
2. Блиц-сұрақ тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тесті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тесті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді. Студенттің жауабы Білім құзырлылығын бағалауда ескеріледі.
3)Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау – келесі проблемалық сұрақтар бойынша жүргізіледі:
Шағын топтарда жұмыс істеу кезінде топ 3 шағын топшаға бөлінеді (3 адамнан тұратын) және әрбір топшаға жеке кесте беріледі. Кестені толтыруға және оны шағын топтыңішінде талқылауға уақыт беріледі. Кейін шағын топтың өкілдерінің біреуі кесте толтыру бойынша нәтижелерді айтады.
№1 кесте. Зәрдің физикалық қасиеттері және олардың патология кезінде өзгеруі
Физикалық қасиеті
|
Норма
|
Қалыпты жағдайда өзгеруі
|
Патология кезінде өзгеруі
|
Мөлшері
|
|
|
|
Меншікті салмағы (салыстырмалы тығыздығы)
|
|
|
|
рН
|
|
|
|
Түсі
|
|
|
|
Мөлдірлігі
|
|
|
|
Иісі
|
|
|
|
№2кесте. Зәрдің химиялық құрамы
Компонент
|
Сапалық сипаттама
|
Мүмкін болатын өзгеру себептері
|
Мочевина
|
|
|
Креатинин
|
|
|
Аммоний тұздары
|
|
|
Амин қышқылдары
|
|
|
Несеп қышқылы мен пуриндер
|
|
|
Гиппур қышқылы
|
|
|
Күкірт және глюкурон қышқыларының эфирлері (соның ішінде индикан)
|
|
|
Органикалық қышқылдар (цитрат, оксолат, сукцинат, пропионат,т.б.)
|
|
|
Стероидты гормондар, көбінесе 17-ОКС
|
|
|
Хлоридтер
|
|
|
Фосфаттар
|
|
|
Сульфаттар (құрамында күкірті бар органикалыққосылыстардан-цистеин, цистин, метионин, күкірт қышқылының эфирлері)
|
|
|
№3 кесте.Зәрдің патологиялық құрамдас бөліктері
Зәрдің патологиялық құрамдас бөлігі
|
Негізгі сапалық реакциялар
|
Анықтаудың клиникалық маңызы
|
Белок (протеинурия)
|
|
|
Зәр «диастазасы» - α – амилаза және ұйқы безі липазасы.
|
|
|
Қан-а) гематурия (зәрде эритроциттердің болуы),
б)гемоглобинурия (зәрде гемоглобиннің болуы)
|
|
|
Глюкоза (глюкозурия)
|
|
|
Кетон денелері (кетонурия)
|
|
|
Тікелей биллирубин, уробилин(стеркобилинмен шатастырмау қажет,ол қалыпты зәрдің құрамында бар).
|
|
|
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
Қорытынды жасау – кестелер және билет сұрақтары бойынша берілген жауаптар тексеріледі, бағалар қойылады.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:
Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С. 608-625
Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 380-399
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
Қосымша:
Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия – Павлодар, 2004
Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека – 2003 г
Кольман Я., Рем К-Г Наглядная биохимия – М, Мир, 2004
Биохимия тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.корр. РАН, проф. Е.С. Северина Е.С. – М, 2005
Биохимия в вопросах и ответах под редчл.корр. НАН РК, д.х.н проф. Адекенова С.М., Астана, 2003
Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках, Алматы, 2005
Орыс тілінде:
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С. 591-596; 645-661
Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 432-452; 489-502; 518-531
Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С. 643, 674-708
Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия – Павлодар, 2004
Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека – 2003 г
Кольман Я., Рем К-Г Наглядная биохимия – М, Мир, 2004
Биохимия тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.корр. РАН, проф. Е.С. Северина Е.С. – М, 2005
Биохимия в вопросах и ответах под редчл.корр. НАН РК, д.х.н проф. Адекенова С.М., Астана, 2003
Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках, Алматы, 2005
7. Бақылау
Берілген сабақтағы құзырлылыны бағалау әдістеріне кіреді:
Білім құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау; блиц-сұрақ, жазбаша сұрау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, шағын топта белсенділігі және жұмыстың сапасы бойынша жүргізіледі.
Тесттік тапсырмалар
1.Дені сау адам зәріне тән физикалық-химиялық қасиеттер:
1. белгілі мөлшері
2. түсі, иісі
3. меншікті салмағы
4. рН, мөлдірлігі
5. лайлылығы
4 дұрыс жауабын табыңыз
2. Келесі түсінік пен оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті табыңыз:
1. олигурия а – диурездің артуы
2. никтурия б – диурездің төмендеуі
3. полиурия в – зәрдің бөлінбеуі
4. анурия г – түнгі диурездің күндізгіден артық болуы
3. Біріншілік зәр – бұл:
1. жаңа туылған нәресте зәрі
2. алғаш бөлінген 100мл зәр
3.бүйрек шумақтарында түзілген зәр
4. бүйректен шығарылатын зәр
5. қуықтағы зәр
4. Дені сау адам зәрінің рНы:
1.5,3-6,5
2. 1,0-2,5
3. 6,0-8,0
4. 6,8-7,2
5. 4,5-5,5
5. Изостенурия- бұл:
1. зәрдің меншікті салмағының қан рН-на сәйкес болуы
2. зәрдің меншікті салмағының диурезге тура пропорционалды тәуелділікте болуы
3. зәрдің меншікті салмағының диурезге кері пропорционалды тәуелділікте болуы
4. зәрдің меншікті салмағының диурезге және ішкен сұйықтық мөлшеріне тәуелсіз болуы
5. зәрдің меншікті салмағының жоғарылауы
6. Дені сау адам зәрінің түсі төмендегі пигменттердің болуына байланысты:
1. стеркобилин
2. урохро
3. уроэритрин
4. уробилин
5. урозеин
4 дұрыс жауабын табыңыз
7. Дені сау адам зәрі лайлы болады, егер:
1. ол жаңадан шығарылса
2. ірің болғанда
3. тұрған соң суиды
4. қан болғанда
5. тұрған соң ол сілтілі болады
2 дұрыс жауабын табыңыз
8. Дені сау адам зәрінің құрамына кіреді:
1. белоктар алмасуының соңғы өнімдері
2. глюкоза
3. липидтер
4. пептидтер
5. билирубин
9. Дені сау адам зәрінде кездесетін органикалық заттар:
1.мочевина
2. несеп қышқылы
3. креатин
4. гиппур қышқылы
5. индикан
4 дұрыс жауабын табыңыз
10. Зәрдің патологиялық заттарына жатады:
1. глюкоза
2. билирубин
3. амин қышқылдары
4. кетон денелері
5. белок
4 дұрыс жауабын табыңыз
№ 15 (30) Сабақ
1.Тақырыбы: Аралық бақылау №2: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы.
2.Мақсаты:
«Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» тақырыптарын оқу барысындағы студенттердің алған білімдерін бағалау.
Жағдайлық есептерді шешу арқылы студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалау.
Аралық бақылау билеттерінің жағдайлық есептері бойынша студенттермен әңгімелесу кезінде олардың коммуникативті дағдыларын бағалау.
3.Оқыту міндеттері:
1) Студенттерді өтілген материалды талдай алуға және кең көлемді теориялық білімнен клиникалық пәндерді оқуда септігі тиетін білімді бөліп алуға үйрету.
2) Студенттерді жағдайлық есептерді шешу барысында олардың алған теориялық білімдерін қан мен зәрдің биохимиялық анализінің нәтижелерін түсіндіру үшін қолдануға үйрету.
3) Студенттерді гормондар бойынша жағдайлық есептерді шешу барысында организмдегі гормондардың жеткіліксіз немесе артық мөлшерде бөлінуінің сол гормонның әсер етуінің биохимиялық механизмімен байланысын көрсете білуге үйрету.
4) Студенттерді аралық бақылау билетінің сұрақтары бойынша оқытушымен диалог жасай білуге баулу.
5)Студенттерді кәсіби әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
2. Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
3.Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
4.Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
5.Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.
6.Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.
7. Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.
8. Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.
9. Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
10. Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
11.Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
12. Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
13. Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.
14.Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..
15.Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.
16.Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.
17.Қан плазмасының ферменттері, түрлері, диагностикалық маңызы.
18.Гиперлипидемиялар, олардың диагностикалық маңызы.
19.Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.
20.Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы
21. Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?
22.Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.
23. Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?
24.Қалыпты зәрдің физика-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың қалыпты мөлшері.
25.Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.
26.Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.
27.Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.
28.Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.
Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыны қабылдау)
1.Науқас белок мөлшері төмен диетада. Оның қан сарысуын зерттегенде мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л болды. Науқас қандай ауруға шалдыққан деп болжауға болады?
2.Зерттелетін қан сарысуындағы креатин мөлшері 1,2 мМоль/л. Осы жағдай қай органның қызметі бұзылғанда байқалады?
3.Науқаста кіші буын артриті байқалады. Оның қанында несеп қышқылы мөлшері артқан. Қандай ауру деп болжауға болады? Несеп қышқылы неден түзіледі?
4. Пациенттің бауыр тұсы ауырады, склерасы мен терісі сарғайған. Нәжісі түссіз, зәрі – сыра түсті (қоңырлау). Осы күйді қандай патология тудырады? Осы пациент қандай анализ тапсыруы керек? Нәжістің түссізденуін қалай түсіндіруге болады? Зәр түсінің өзгеруі қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді? Осы патологияда тікелей және тікелей емес билирубин арақатынасы өзгереді ме?
5. Операция алдында науқастың қанындағы қалдық азот мөлшері жоғарылаған (50мМоль/л). Оған операция жасауға болады ма? Неліктен?
6. Қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 10мМоль/л. Бұл күй қашан байқалады? Зәрде глюкоза пайда болады ма?
7. Қан сарысуы белоктарының электрофорезі кезінде қан сарысуындағы жалпы беклок мөлшері қалыпты, ал жеке белок фракцияларының проценттік арақатынасы: альбуминдер – 40, α-глобулиндер – 10, β-глобулиндер – 10, γ-глобулиндер-38 құрады. Бұл дені сау адамның, әлде науқастың қан сарысуы ма? Неліктен олай ойлайсыз?
8. Науқаста тырыспа байқалады. Қан сарысуын тексеру барысында кальций мөлшері 1,2 мМоль/л болды. Осы күй қалай аталады? Қашан байқалады?
9. Науқастың қан сарысуында калий мен магний мөлшері артқан. Бұл қай кезде байқалады?
10.Қан сарысуындағы кальций мөлшері нормадан көп (6 мМоль/л). Қандай горомн секрециясы артқан? Неліктен?
11. Науқастың тілі ісінген, үлкейгендігі сонша аузына сыймайды, тілінің үстінде тістің іздері қалады. Бұл ауру қандай эндокринді бездің қызметі бұзылғанда байқалады? Ісінудің биохимиялық механизмі.
12. Базедов ауруымен ауыратын науқастардың дене температурасы неліктен қалыптыдан жоғарырақ болады?
13. Зәрде 17-окси- және 17-кетостероидтар, альдостерон мөлшері төмендеген. Қысым төмендеген. Сусыздану, гипогликемия байқалады. Бұл қай бездің гипофункциясы кезінде байқалады және неліктен?
14. 10 жастағы бала бойының неліктен аласа екенін анықтау үшін ауруханаға келді. Оның бойы өзімен жасты балалардан аласа болатын, ата-анасы оның 7 жасар інісінен аласа болғанына мазаланып, дәрігерге әкеледі. Ол екі жылда 3 см-ге ғана өсті. Қандай горомн жеткіліксіздігі деп болжауға болады? Бұл жайт баланың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |