Заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруіне жол ашу; сөздік қорларын толықтыру; ғылыми, арнаулы және қоғамдық-саяси мәтін түрлерін оқу және түсіну; мәтін құрылымын ойша талдау. Тірек сигналдары, кестелер негізінде Логикалық ойлау дағдыларын дамыту; өзбеттілікке, ізденімпаздылыққа баулу. Интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері негізінде Жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы сабырлылыққа; ой бөлісе білуге баулу; алған білімдерін, қайталау бекіту; есте сақтау қабілеттерін дамыту; өзбеттілік қабілеттерін дамыту; жұппен, топпен жұмыстарды өзара бағалата отырып, әділдік пен адалдыққа баулу. Берілген 19 сағат тұтастай практикалық оқытуға жатады. Бақылау жұмысы. Әр модульден кейін міндетті түрде білімдерін байқау мақсатында тестік бақылау жұмысы қарастырылған. Бұдан басқа деңгейлік тапсырмалар, «Брейнг-ринг» және «Бақытты сәт» сияқты оқыта үйрету ойындары да берілген, бұл тапсырамаларды орындатқызу арқылы да оқушылардың білімін байқап, бақылап отыру көзделген. Материалды меңгеру барысында төмендегідей талаптар қойылады: Оқушылар білуі керек: қазақ тілінің ауызекі сөйлеудегі және жазудағы негізгі заңдылықтарын; грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың қолданылуын және жасалуын; меңгеруі керек: сөйлемдегі әр сөздің синтаксистік қызметін анықтап, сөйлем мүшелеріне талдай білуді; тірек сигналдары мен кестелерді қолдануды меңгеруі керек; түсінігі болуы керек: модульді-интерактивтік оқыту технологиясы жайлы; Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер. Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші етістіктер, қаратпа, қыстырма сөздер. Сөйлем мүшесінің белгілері: сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек. 3 кесте бойынша түсіндіру Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз. Ал күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Үйірлі мүше – кемінде екі не одан көп сөздерден құралып, бастауыштық- баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшенің күрделі мүшеге ұқсастығы-екеуінің де екі не одан көп толық мағыналы сөзден тұратындығы. Айырмашылығы – үйірлі мүшенің өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа және басқа мүшелерге жіктелетіндігі. Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз. Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары : кім? не? Баяндауыш - бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары: Не істеген? Не істеді? Қайтті? Не істемек? Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құра алмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды айтамыз. /Слаидтан көрсете отырып түсіндіріледі/ Интеғрактивті технологияның Синквейн әдісі /француз тілінен аударғанда «бес» - cinguains/ бес жолдан тұратын өлең. Бұл әдіс тақырыптан берілген теориялық материалдарды синтездеуде және оқушы білімін тексеруде қолданылады. Жүргізілу тәртібі төмендегідей: 1-тақырып; 2-екі сын есімнен тұратын тақырыптың суреттемесі; 3-үш етістіктен тұратын іс-әрекеті; 4-тақырыпты ашатын төрт сөзден құрылған сөйлем немесе фраза; 5-тақырыпқа өзек болатындай сөз, ол не синоним. /У қарағай. 37-жаттығу/. 2) 56-жаттығу. Сыйрақ – өз Отанының ұлы патриоты. Мәтін 286 сөзден тұрады. Мәтіннің соңындағы шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орындау үшін интерактивті технологияның Биопоэма әдісін қолдана аламыз. Ол қандай әдіс? 1. Аты. 1. Сыйрақ. 2. 2-3 сын есім. 2. Ақылды, батыр. 3. Халыққа қызметі. 3. Еліне деген ерекше махаббаты. 4. өзі сүйетін 3-4 нәрсе. 4. Өзінің елін, жерін, туыстарын, достарын сүйеді. 5. өзі басынан өткізген 2-3 сезім. 5. Тұтқындағы көрген қорлығы, дене жарақаты. 6. адам қорқарлық 2-3 жағдай. 6. Ештеңеден қорықпайды. 7.1-2 жетістігі. 7. Кек алуы. 8. Өзі қол жеткізгісі келген 2-3 нәрсе. 8. Жауды жеңу, елін азат ету. 9. Мекен-жайы. 9. Орта Азия, Қазақстан. 10. Тегі. 10. Сақ, қазақ.
Дәрісті қорытындылау: Болашақ мұғалімдерге 8-сынып оқушыларына сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдарын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіруге машықтандыра отырып меңгерту. Электронды оқулықты пайдалану барысында олардың таным әрекетін дамыту, оқушыларды тапқырлыққа баулитын тапсырмалар топтамасын әзірлеуге жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |