11.2 Кәсіптік оқытудың оқу-әдістемелік қамтылуы
Кәсіптік оқыту процесінің қалыпты жұмыс істеуі жолында оның оқу-әдістемелік қамсыздануы үлкен рөл атқарады. Оның екі құрамдас бөлігі бар: оқу-әдістемелік құжаттама және оқытудың оқу-әдістемелік құралдары.
Оқу-әдістемелік құжаттаманың атқаратын қызметі – өндірістік оқытуды жоспарлаудың мазмұны мен негізін анықтау.
Оқытудың оқу-әдістемелік құралдары – кәсіптік оқытудың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуші материалдық объектер.
Оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік қамтудың мәні. Оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік қамту оқушыларды толық және сапалы оқытуға қажетті, оқу-әдістемелік құжаттарды, оқытудың дидактикалық құралдарын жоспарлау және жасау, тиімді жүйе құру деп түсінген жөн.
Оқыту процесін кешенді оқу-әдістемелік қамту талаптары мен мазмұнын анықтауда ең алдымен, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарын өрнектейтін жұмыс оқу бағдарламасынан бастау керек.
Оқу-әдістемелік құжаттар және оқыту құралдары жүйесі бағдарламалық материалдың барлық негізгі мазмұнын қамтуы керек.
Келесі қойылатын талап – оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алу.
Оқыту процесі үш негізгі функция атқарады: білім беру, тәрбиелік және дамыту.
Оқыту процесін оқыту құралдарымен, оқу-әдістемелік құжаттармен жарақтай отырып, экономикалық факторды ескеруіміз керек.
Сонымен қатар, кешен құрамына кіретін оқыту құралдары орнатылған эргономикалық, гигиеналық, экологиялық талаптарға, оларды оқу процесінде қолдану қауіпсіздігі талаптарына сай келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |