Байланысты: 1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
53. Оқытуды жекелендіру және дараландыру технологиясы. Оқытуды жекелендіру және дифференциалау технологиялары. Дифференциация оқыту идеясы. «Жекелендіру» және «дифференциация» ұғымдары бірізгілікте қарастырылады. Оқытуды жекелендіру дифференциацияның мәнін, мақсатты бағыттылығын анықтайды.
Жекелендіру – оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, олардың тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып жағдай жасау. Кәсіптік білім беруде қолданылатын оқытудың жекелендіру технологиясына мыналар жатады:
- модульді оқыту технологиясы, аяқталған блок-модульдердің ішіндегі жеке жолдарға оқытуға таңдауды қамтамасыз етеді, онда оқу материалының элементтері жүйе түрінде болады;
- ашық оқыту технологиясы — студенттерді жеке темпте, жекеше бағдарламалар бойынша оқыту.
Дифференциация – жеке оқыту үшін оқытылып отырғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оларды топтарға бөлу. Ол топтар бірқалыпты, салыстырмалы түрде бірқалыпты, ал жеке оқыту – тұрақты, уақытша екенін ескеруді ұмыстпаған жөн.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту және білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысының өзіне тән психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы және бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында "ішкі жағдай" арқылы әсер етті.
Ішкі әлемнің әр түрлілігі әр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда, мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу "орташа оқушының " пайда болуына әкелді. Әрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік және мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін әрбір оқушының дұрыс нәтижелерге жетуінде басты роль атқарды.
Даралықты-топтық оқу əрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте аз бастауыш мектептер мұның айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала, бірнешесі-екінші сынып материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін. Орта ғасырларда қоғамның əлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады.