Дәріс №1. Кіріспе. Биотехнологияның даму тарихы



бет2/9
Дата19.05.2017
өлшемі1,93 Mb.
#16375
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Коккалы бактериялар


Бір біріне қатысты дара жасушалардың орналасуына байланысты келесі топтарға бөлінеді:

1)микрококкалар – жасушалар жеке және ретсіз орналасады;

2) диплококкалар – екі кокканың тұтасуы;

3) стрептококкалар – әр түрлі ұзындықтағы тізбек түрінде орналасады;

4) тетракоккалар – төрттен тұтасқан жеке коккалар;

5) стафилококкалар – жүзім шоғын еске салатын коккалардың жиыны;

6) сарциналар – пакеттер немесе тайламалар тәрізді, әрқайсысында 8-16 коккадан.

Таяқша тәрізді (цилиндрлі) формалар


Бактериялар ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, тік және иілген, үшкір, дөңгелек немесе тік ұштармен болуы мүмкін. Олар спора түзуші (бациллалар) және спора түзбейтіндер (бактериялар) болып бөлінеді. Жасушалардың бір-біріне қатысты өзара орналасуына байланысты олар дара, диплобактериялар және диплобациллалар, стрептобактериялар және стрептобациллалар болып жіктеледі.

Шиыршықты-ирек


Шиыршықты-ирек бактериялар ұзындығы, саны және иректердің көлеміне қарай келесідей жіктеледі:

вибриондар – үтір пішінді, қысқа аздап қисайған бактериялар;

спириллалар – бірнеше ірі шиыршықтары бар (5-6) біршама ұзынырақ бактериялар;

спирохеталар – штопор түріндегі көптеген ұсақ шиыршықтары бар жіңішке ұзын бактериялар.

Патогенді бактериялар

Патогенді деп басқа организмдерде паразитті тіршілік ететін бактериялар аталады. Бұл бактериялар адамдарда оба (Yersinia pestis), сібір жарасы (Bacillus anthracis), лепра (Mycobacterium leprae), дифтерия (Corynebacterium diphtheriae), мерез (Treponema pallidum), тырысқақ (Vibrio cholerae), туберкулез (Mycobacterium tuberculosis), листериоз (Listeria monocytogenes) және т.б. көптеген ауруларды тудырады. Адам үшін қалыпты жағдайда қауіпсіз немесе тіпті оның терісі мен ішектерінің қарапайым мекендеушілері болып табылатын көптеген бактериялар иммунитеттің бұзылуы немесе ағзаның әлсіреуі кезінде патогендер ретінде көрініс табады.


Бактериялар және цианобактериялар

Бактериялар – ядросыз, біржасушалы, көлемі 0,2-10,0 мкм және белгілі бір пішінге ие организмдер. Бактериалды жасушаның ішкі бөлігі сыртқы ортадан жұқа мембрана мен бактерияның құрғақ затының 20%-ын құрайтын жасуша қабырғасынан тұратын жасуша қабығымен қорғалған. Жасуша қабырғасының құрылымы күрделі және ол бактериалды жасушаға белгілі бір пішін береді. Жасуша қабырғасы жоқ бактериалды жасушалар протопластар деп аталады. Бактериялар өмір сүру шарты, икемділігі, қоректену тәсілдері және биоэнергиятүзуімен, сонымен қатар макроорганизмдер – жануарлар мен өсімдіктерге деген қатысы бойынша әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың ішінен анағұрлым ежелгі формасы – археобактериялар, олар экстремалды жағдайларда өмір сүруге қабілетті. Теңіз тұз өндіру орындарында табылған галобактериялар үшін оптималды тіршілік ету ортасы болып ас тұзының концентрленген ерітіндісі табылады. Термоацидофилды бактериялар ыстық көздерде, жанартаулар етегінде және көмір шахталар аймағында pH 1-3 және 59-105°C температурада өмір сүреді. Эукобактериялар қоршаған орта жағдайларына сезімтал болып келеді. Олардың көпшілігі көпжасушалы организмдерде паразитті өмір сүріп, адам, жануар және өсімдіктерде ауру туғызуы мүмкін. Ауру туғызушы микроорганизмдер патогенді деп аталады. Паразиттер облигатты және факультативті болады. Облигатты паразиттер организмнен тыс өмір сүре алмайды. Оларға, негізінен, мерез бен соз ауруының қоздырғыштары жатады. Факультативті паразиттер, мысалы, сыртқы ортада тіршілік ететін синегойлы таяқша немесе жалған (вульгарный) протей ағзаның қорғаныш күштері әлсірегенде инфекция тудыруы мүмкін. Шырышты қабықшалар мен тері жамылғысында өмір сүруге қабілетті, бірақ «тірі ақуызбен» қоректенбейтін, ауру тудырмайтын бактериялар сапрофиттер деп аталады. Биохимиялық құрамның және оларда өтетін реакциялардың кең диапозонына ие бактериялардың әртүрлілігінің арқасында, олар биохимиялық нысандар ретінде көп қолданылады. Бактерия биомассасынан амин қышқылдары, түрлі ақуыздық заттар, сонымен бірге ферменттер сияқты түрлі органикалық заттар алады. Жылдам көбейетіндіктен және өзінің құрамына жат ферменттерді қоса алатын плазмидті ДНҚ-сы болғандықтан, бактериялар генетикалық зерттеулер үшін қолайлы нысан болып табылады.

Бактериялардың биотехнологиялық функциялары түрліше. Бактериялар тағам өнімдерін, мысалы: сіркесуы, сүтқышқылды сусындар және т.б.; - микробты инсектицидтер; - ақуыздар; - дәрумендер; - еріткіштер мен органикалық қышқылдар; - биогаз бен фотосутек шығаруда қолданылады.

Пайдалы бактериялар эубактерияларға жатады. Gluconobacter и Acetobacter туыстастарымен көрсетілген сірке қышқылды бактериялар – этанолды сірке қышқылына, ал сірке қышқылын көмірқышқыл газы мен суға айналдыратын грам теріс бактериялар. Bacillus тұқымдастары эндоспораларды қалыптастыруға қабілетті және перитрихті жіпшеленген грам оң бактерияларға жатады. Анаэробты, спора түзуші бактериялар Clostridium тұқымдастарымен көрсетілген. C.acetobutylicum қанттарды ацетон, этанол, изопропанол және n-бутанолға дейін ашытады, басқа түрлері крахмал, пектин және түрлі азотты қосылыстарды ашыта алады.

Сүтқышқылды бактерияларға спора түзбейтін, грам оң және оттекке сезімтал емес Lactobacillus, Leuconostoc және Streptococcus тұқымдастары жатады. Leuconostoc тұқымдас гетероферментативті сүтқышқылды бактериялар көмірсуларды сүт қышқылына, этанол мен көмірқышқыл газына айналдырады. Streptococcus тобындағы гомоферментативті сүтқышқылды бактериялар тек сүт қышқылын өндіреді, ал Lactobacillus тобының өкілдері жүргізетін ашу процесі сүт қышқылымен бірге бірқатар басқа да өнімдерді алуға мүмкіндік береді.

Қозғалмайтын грам оң жасушалары эндоспора түзбейтін, Corynebacterium тұқымдас бактерияларға өндірістік маңызға ие патогенді және патогенді емес түрлер жатады. С.glutamicum лизин және дәмді жақсартатын нуклеотидтердің көзі қызметін атқарады. Тамырбактериялар факультативті анаэробты болып саналса да, аэробты жағдайда жақсы өседі.ибактериялар кендерді сілтісіздендіру мен тау кендерінің қалдықтарын пайдаға асыру үшін қолданылады.

Кейбір бактериялардың осындай қасиеті диазотрофтылық, яғни атмосфералық азотты тұрақтандыру қабілеті ретінде пайдаланылады. Диазотрофтарды екі үлкен опқа бөледі:

- симбионттар: тамыр түйнектерінсіз, тамыр түйнектерімен;

- еркін өмір сүретіндер: гетеротрофтар, автотрофтар.

Микробты жасушалар заттарды трансформациялау үшін қолданылады.

Бактериялар геномды клондарды жасауда, өсімдік жасушасына гендерді енгізуде гендік-инженерияда кең қолданыс тапқан.

Микроорганизмдердің өндірістік штамдары белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек: арзан қоректік орталарда өсу қабілеттілігі, өсудің жоғары жылдамдығы және мақсатты өнімнің пайда болуы, ақаулы өнімдердің минималды қалыптасуы, өндірістік қасиеттерге байланысты продуценттің тұрақтылығы, продуцент пен мақсатты өнімнің адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыздығы. Продуценттің маңызды қасиеті болып стерильділікті сақтауда маңызды орын алатын инфекцияға төзімділігі және фагтұрақтылығы табылады.




Сүтқышқылды бактериялар




Сүтқышқылды бактериялар – басты түрде сүтқышқылын қалыптастырумен көмірсуларды ашытатын микроорганизмдер тобы.

Гексозаларды ашыту кезінде пайда болатын өнімдерге байланысты сүтқышқылды бактериялар гомоферментативті және гетероферментативті деп бөлінеді. Гомоферментативті бактериялар қанттардың ашуы кезінде негізінен сүтқышқылын және аздаған мөлшерде фумар және янтарь қышқылдарын, ұшқыш қышқылдарды, этил спирті мен көміртек диоксидін түзеді; гетероферментативтілер – сүтқышқылымен қатар, қанттың 50%-ын пайдалана отырып сірке қышқылының, этил спирті, көмірқышқыл газы және т.б. өнімдердің біршама көлемін түзеді.

Морфология. Жасушаларының пішініне қарай сүтқышқылды бактериялар коккалы және таяқша тәрізді деп бөлінеді. Коккалы пішіндердің диаметрі 0,5-0,6-дан 1 мкм-ге дейін, олар жеке, жұппен немесе әртүрлі ұзындықтағы тізбек тәрізді орналасады. Тақша тәрізділер пішіні бойынша әртекті – жеке немесе тізбекпен орналасқан қысқа кокка тәрізділерден ұзындығы әртүрлі (0,7-1,1-ден 3,0-8,0-ге дейін) ұзын жіпше тәрізділерге дейін. Шарап өндірісіндегі сүтқышқылды бактериялар көбінесе қозғалмайтын, спора, пигмент түзбейді, Грам бойынша оң боялады, нитраттар мен нитриттерді қалпына келтірмейді, белсенді емес каталазамен сипатталады.

Көбеюі. Сүтқышқылды бактериялар жасушалардың бөлінуі, кейде қайта байлану арқылы көбейеді. Кейбір сүтқышқылды бактериялардың гонидиялар көмегімен көбею процесі сипатталған. Жапон ғалымдарымен сүтқышқылды бактерияларда спора түзілу процесі анықталған.

Өсуі мен дамуы. Сүтқышқылды бактериялардың өсуі мен дамуына түрлі факторлар әсер етеді.

Көміртекті қоректену. Сүтқышқылды бактериялар үшін аса маңызды энергия көзі болып моно- және дисахаридтер (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза), сонымен бірге 30 – 50 мкг/мл концентрациядағы органикалық қышқылдар (лимон, алма, пирожүзім, фумар, сірке және құмырсқа) табылады. Май қышқылдарының ішінен сүтқышқылды бактериялардың өсуін олеин, линол және линолен ынталандырады. Ашытылатын көміртекті субстраттар болмаған жағдайда сүтқышқылды бактериялар энергия көзі ретінде амин қышқылдарын қолдана алады. Кейбір штамдар полисахаридтерді ашытады.

Азотты қоректену. Сүтқышқылды бактериялардың едәуір бөлігі азоттың органикалық түрлерін синтездей алмайды, сондықтан өзінің өсуі үшін олардың ортада болуын қажет етеді; тек кейбір бактериялар ғана органикалық қосылыстар қатарын синтездеу үшін азоттың минералды қосылыстарын пайдаланады. Жақсы өсу үшін келесі амин қышқылдар қажет етіледі: аргинин, цистеин, глутамин қышқылы, лейцин, фенилаланин, триптофан, тирозин, валин.

Дәрумендер. Таяқша тәрізді бактериялардың барлық түрлері пантотен қышқылын, биотинді, никотин қышқылын, ал гетероферментативтілер тиаминді де қажет етеді.

Бейорганикалық қосылыстар. Сүтқышқылды бактериялардың өсуі мен дамуы үшін мыс, темір, натрий, калий, фосфор, йод, күкірт, магний және әсіресе марганец қосылыстары керек.

Спирттер. С.б. спирттің жоғары концентрациясының әсеріне төзімді. Спирттің жоғары концентрациясында дамуға қабілеттілік гетероферментативті де, гомоферментативті бактерияларға да тән қасиет.

pH мөлшері. Шараптан алынған бактериялардың өсуіне рН-тың оптималды шегі – 4,3 – 4,8, қанттар мен алма қышқылындарын пайдаланғандағы төменгі рН шегі – 2,9 – 3,0. Ерекше жағдайларда рН 2,85 және 2,78 құрайды. Алма-сүтті ашу кезіндегі оптималды рН 4,2 – 4,5. рН 4,5-тен асқанда алма-сүтті ашу баяулайды.

Температура. Сүтқышқылды бактериялардың көпшілігі өсу, айналу жылдамдығына, сонымен қатар олардың қоректену қажеттіліктеріне әсер ететін температураның тар аймағында өмір сүреді. Шараптан алынған сүтқышқылды бактериялар мезофильділерге жатады, олар 45°C-та көбеймейді, олардың өсуі үшін қолайлы температура 25-30°С-қа жақын. 15°C-тан төмен температура алма-сүтті ашу жылдамдығын тежейді. Шарапта ерітілген оттегінің аздаған мөлшері сүтқышқылды бактериялардың дамуын ынталандырады. Олар микроаэрофильді микроорганизмдер қатарына жатады.




Сіркеқышқылды бактериялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет