Дәріс №1. Кіріспе. Биотехнологияның даму тарихы


Жыртқыш гифомицеттер (И. И. Сидорова)



бет5/9
Дата19.05.2017
өлшемі1,93 Mb.
#16375
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жыртқыш гифомицеттер (И. И. Сидорова)

Жыртқыштық өсімдіктер арасында сирек кездеседі және кейбір саңырауқұлақтарда ғана белгілі. Осы топтың негізгі өкілдері - гифомицеттер, одан басқа таксономикалық топтың кейбір түрлері және кейбір хитридиомицеттер жатады. Онымен қоса зигомицеттер, зоофагус түрінің саңырауқұлақтары.

Түймебұршақ антракнозын Линдемут коллетотрих (С. lindemuthianum) тудырады. Ол түймебұршақтан басқа асбұршақты, жематпас бұршақтарын, маисті, сояны, люпинді зақымдайды. Ауру түймебұршақ өсіретін барлық аудандарға тараған және кейде астықтың жартысы жойылуына алып келеді. Атпас бұршақтарды, жапырақтарды, сабақтарды және қалемшелерде қызғылт жиекпен шытынаған қоңыр дақтар пайда болады. Құрғақ ауа райында дақтар шытынайды. Жара беттерінде, бунақденелілермен және жауын тамшыларымен тарайтын, конидийдің қызғылт және сұр-қоңыр шырышты массасы пайда болады. Ылғалды ауа райында саңырауқұлақ споралары тез өңеді. Спораның өскін түтігі, өсімдіктің сыр қабығына қоймалжың қабықшасымен тығыз бекінетін, аппрессорийді – арнайы жасушаны түзеді. Аппрессориден кететін жұқпалы жіпше өсімдік жасушаларына тікелей енеді. Жайлы жағдайларда зақымдалған сәттен бастап саңырауқұлақтың жаңа спора түзуі пайда болғанға дейін 4-7 күн өтеді. Инфекцияның басқа көздері өсімдік қалдықтары болып табылады. Түйебұршақтың әр түрлі сұрыптары антракнозбен әр түрлі дәрежеде зақымданады. Мұның себебі, саңырауқұлақ популяциясы біртекті емес және әр түрлі сұрыптарға бейімделген бірнеше биологиялық түрлерден тұрады.

Цитрустылар өсірілетін барлық аудандарда желім спора тәрізді коллетотрих (С. gloeosporioides) кездеседі. Сыртқы жағымсыз факторлармен әлсіреген цитрустылар антракнозбен оңай зақымдалады. Бұл ауруда бұтақтардың кебуі, сондай-ақ жапырақтардың зақымдануы бйқалады. Жапырақтарда , концентрациялық шеңберлермен орналасқан, қара нүктелермен өлген ұлпалардың қоңыр дақтары пайда болады. Зақымдалған бұтақтардың ұштары қоңыр тартып, жапырақтары түседі. Жемістері ағашта зақымдалады, бірақ шірігі сақтау кезеңінде де дамуы мүмкін.

Меланкони туысы бір жасушалы қою боялған конидийлермен формаларды біріктіреді. Конидий саңырауқұлақтарынан спора түзу орындарында төсемік бетінде мол қара дақ түзеді. Сондықтан меланкониум атауы қара тозаң дегенді білдіреді.

Бұл туыстың саңырауқұлақтары өсімдік жапырақтарындағы, бұтақтарындағы, жемістеріндегі сапрофиттер, мұнда олар әр түрлі дақтар түзеді. Жүзімде ащы шіріктің қоздырғышы күйелі меланконий (Melanconium fuligineum) паразиттік қасиеттерді иеленген.

Кориней туысы – көп жасушалы қою боялған конидийлер. Конидий түрлерінің көпшілігі бірнеше көлденең кедергілерімен түйреуіш тәрізді формаға ие болған. Бұл туыстың саңырауқұлақтардың басым бөлігі сапрофиттер, ағаш жыныстарының, үйенкінің, еменнің, шетеннің, аршаның, мушмуланың, итмұрынның, т.б. солғанжапырақтарына және бұтақтарына қоныстанады. Паразит түрлері аз, олардың паразиттік қасиеттері әлсіз. Олар қабықтағы жаралар арқылы ағашқа енеді. Көбінесе басқа саңырауқұлақтармен бірге қабыққа қоныстанады.

Ұсақ дақты кориней раушангүлдердің, долананың, таңқурайдың, алма ағшының тірі және өлі бұтақтарында кездеседі. Раушангүл бұтақтарындағы саңырауқұлақ қара қошқыл жиекпен басылған қоңыр дақтардың түзілуін тудырады.

Пестолотия (Pestalotia) туысы итальян ботанигі Пестолоцидің құрметіне аталған. Көп жасушалы ұршық тәрізді спораның алдыңғы жасушасында ұзын жіп тәрізді түссіз қылқаншалары немесе кірпікшелері болады. Ортаңғы жасушалары қойыр түске боялған, жоғарғы және төменгі жасушалары түссіз.

Әлемдегі шай өсірілетін аудандардың барлығында шай песталотийі кездеседі. Ол шай жапырақтарындағы сұр дақтардың қоздырғыштары болып табылады. Саңырауқұлақ, бунақденеліліер тудырған жарақаттар арқылы өсімдікке түседі. Ең алдымен жапырақ қабығының мәнді бөлігін қамтитын, сұр дақтар пайда болатын, ескі жапырақтары зақымданады. Зақымданған жерлерде қара сүйел түрінде саңырауқұлақтың спора түзуі дамиды.

Энтомоспорий (Entomosporium) туысы конидийлері түссіз, көпжасушалы, ерекше формалы болатын саңырауқұлақтармен берілген, төрт жасушасы айқасып қосылған, әр қайсысы жұқка жіп тәрізді қылқаншадан тұрады. Спораның алдыңғы және артқы жасушалары екі бүйір жасушаларынан ірілеу. Спораның барлық жасушалары өнуге бірдей қабілетті болады.

Шұбар энтомоспорий (Е. maculatum) Европада кездеседі және алмұртты, айвана, алма ағашын, мушмуланы, долаганы зақымдайды. КСРОда Орта Азияда және елдің Еуропалық бөлігіндегі орталық және оңтүстік облыстарында алмұрттарда қарапайым. Ауру аблмұрттардың қоңыр шұбар аласы деп аталады. Ол әсіресе көшет өсіретіндерде зиянды, өйткені жапырақтарын жоғалта отырып, көшеттермен тұқымдар өсуде көп артта қалады.

Цилиндроспорий (Cylindrosporium) туысының ерекшелігі, оның конидийлері түссіз, цилиндрлік, жіп тәрізді немесе иілген, бір жасушалы немесе көлденең кедергілермен спора орындарының бетіне әрқашан шырышты массалармен шығыңқы болады. Цилиндроспорийлердің орындары қоңыр, қара, ақшыл-қызыл, ақшыл, бірақ өте ұсақ, тек лупа астында ғана аздап ажыратылады.

Қысқы цилиндроспорий сүйекті ағаш жыныстарының шиенің, қызыл шиенің, алманың қауіпті ауруын тудырады. Бұл жапырақты шұбарлық деп атайды.

Шұбар цилиндроспорий тот ағашының жапырақтарын зақымдайды және орта Азияға тараған. Саңырауқұлақпен зақымданған жапырақтар жібек тұтының құрттарына азыққа жарамсыз болады.

Шегіршін цилиндроспорий жапырақтардың жаппай түсуін тудыра отырып шегіршіндерге және ильмаларға көп залал келтіреді.

Солтүстік Америкада жаңғақ цилиндроспорийі грек жаңғағында, ал алма ағашы цилиндроспорийі-алма ағашында паразитті тіршілік етеді. Хризонтема цилиндроспорийімен туындайтын хризантемалардың шұбаралалығы және талшын цилиндроспорийімен туындайтын талшын жапырақтарының шұбаралалығы таралған.

Сферопсидал саңырауқұлақтардың бір туысының шектерінде, даму циклінде әр түрлі қалталы саңырауқұлақтар болатын түрлері жиі кездеседі. Мысалы, септория туысының саңырауқұлақтары бірнеше қалталы саңырауқұлақтар туыстарының өкілдерімен генетикалық байланысқан. Басқа жағына, қалталы саңырауқұлақтардың ерекше тобымен туыстық қатынастары шектелетін туыстары болады: негізінен, фомопсис туысының саңырауқұлақтары диапорттылар қатарыны көптеген өкілдернің даму цикліне кіреді. Көбінесе қалталы саңырауқұлақтардың даму циклінде әр түрлі сферопсидал саңыруқұлақ туыстарының өкілдері кездеседі:сныт микосферелласының даму цикліне сныт септориясы және сныт филлостиктасы да кіреді.

Сферопсидал саңырауқұлақтар көптеген және ғаламшарымыздың барлық бұрыштарында кездеседі. Палеонтологтар липододендрондардың және барлық өлі ағаштардың әр түрлі органдарына цикнедиал саңырауқұлақтардың қалдықтарын тапты.

Сферопсидал саңырауқұлақтары сапрофиттер сияқты немесе паразиттер сияқты тіршілік етеді. Олардың көпшілігі өсімдік ауруларын тудырады. Кейбіреуі жапырақтарда, басқалары діндерде, бұтақтарда дақтар түзеді, кейбір жағдайларда зақымданған органдардың кебуіне алып келетін микроздарды тудырады. Кейде бұл саңырауқұлақтардың әсеріне «мыстан сыпыртқысы» (ауру бұтақтардың дұрыс тармақталмауы) жәе гүлдердің түрленуі дамиды. Мұны Rubus паразиті-деформациялайтын гапалосферия тудырады. Дәнді дақылдардың тамыр шірігін дәнді дақыл войновициясы тудырады.

Darluca тусының саңырауқұлақтары тат саңырауқұлақтарында паразитті тіршілік етеді. Лишайниктерде – лихенафома және лихеностикта, балдырларда – септорий туысының саңырауқұлақтары паразитті тіршілік етеді.

Хетонелла, кониотирий, фома сияқты және басқа туыстардың кейбір саңырауқұлақтары әр түрлі топырақтарда мекендейді. Фома, диплодия, т.б. туыс түрлері-суға батырылған төсеміктерде тіршілік ететін сферопсидал саңырауқұлақтар белгілі.

Кейбір сферопсидал саңырауқұлақтар өнеркәсіптік материалдарды бұзады. Филлостикта (Phyllosticta) туысының саңырауқұлақтары, зақымданағ нұлпадан көбірек қою жіңішке немесе жалпақ жиекпен күрт шектелген, домалақ сопақ немесе бұрышты дақтарды тудыра отырып, жоғарғы өсімдіктердің жанды жапырақтарында, кейде сабақтарында немесе жемістерінде паразитті тіршілік етеді. Зақымданған ұлпа кейде түсіп қалып, жапырақтар ойылған болып қалады.

Фома (Phoma) туысы, коникалық формадағы емізікше тәрізді лептесікпен немесе қарапайым поруспен, шар тәрізді, эллипсті, төсемікке батырылған қосыңқы, кейде шығыңқы, пикнидтермен сипатталатын, сферопсидал саңырауқұлақтарды біріктіреді. Олардың қабырғалары қою, жіңішке, параплектенхимді. Конидийтасушылары қарапайым, радиаль орналасқан немесе болмады. Конидийлер түссіз кейде аздап сарғыш тартқан, бір жасушалы, жұмыртқа тәріздіден бастап цилиндрліге дейін әр түрлі формада, түзу және иілген болады. Бұл туыстың саңырауқұлақтары лептосферий, диапорте, кукурбитарий, плеоспора, афиоболус туыстарынң аскомицеттерімен генетикалық байланысқан.

Фома туысында 200 түр есептеледі. Олар лакты бояу жабындыларын бұза отырып, бетонды жұмсарта отырып, мысалы жинақты фома және т.б. , жоғары ылғалдылықты ғимараттардың ішіндегі дақтарды тудыра отырып, өнеркәсіптік материалдарды зақымдайды.

Тамыр фомасы архидея өсімдіктерінің тамырларында микориза түзеді. Бұл саңырауқұлақ азотты белгілеуге қабілетті. Азот белгілеушілерге қызылша паразиті-қызылша фомасы да жатады. Топырақтан сондай-ақ азотсыз ортада дамуға қабілетті фома түрлері де бөлінеді. Бұл саңырауқұлақтар анигонейтрофильдер тобына жатады. өзен-көлдер ментеңіздер суында дамитын фома тусының саңырауқұлақтары белгілі.

Фома тусындағы саңырауқұлақтардың көпшілігі-алдыңғы кезекте сабақтарды зақымдай отырып тіршілік циклінің бөлігін тірі өсімдіктерде өткізетін, факультатив паразиттер немесе сапрофиттер болып табылады. Бұл саңырауқұлақтармен туындайтын ауруларды фомозалар деп атайды.

Мәнсіз фома 46 тұқымдас өсімдіктерде белгілі. Инфекция көздері пикнидтермен өсімдік қалдықтары, науқас түйнектер, топырақ болуы мүмкін. өсімдіктердің өлген бөліктерінде қыстап шыққаннан кейін қалталы кезеңнін перитециялары-қапра қошқыл тектес офиоболус табылады, аскоспоралары да өсімдікті зақымдай алады. Зақымданған түйнектер нашар өсуімен ерекшеленеді.

Раструпа фомасы – сәбізде фомоза шірігінің қоздырғышы. Саңырауқұлақ сәбізді егістікте зақымдайды, бұл ауру сақталу барысында өршейді. Тамыр жемістерде қою түсті тілгеде қою қоңыр дақтар пайда болады. Зақымданған ұлпаларда ұсақ қара пикнилтер пайда болады. Тұқымдарды алу үшін осындай сәбізді егу барысында өсімдік өледі немесе сабағының төменгі бөлігінде, жапырақтардың бекіну жерлерінде, гүлдестелер негізінде, гүл сағақтарда күлгін реңкпен қара жолақтар және пикнилтермен дақтар пайда болады. Саңырауқұлақтың спора түзуі зақымдалған тұқымдарда да дамиды.

Қызылша фомасы қызылша өскіндерінің тамырларында зақымдануын жапырақтардың аймақтық шұбарлығын және тамыр жемістердің құрғақ шірігін тудырады.

Фомозалармен күресу үшін егу айналымын сақтыу, екпе материалын залалсыздандыру және тұқымдарды дәрілеу, сондай-ақ өсімдік қалдықтарын жою қажет.

Дейтерафома туысында емізікше тәрізді лептесікпен қатпалы немесе ағаштай, шар тәрізді немесе шар тәрізді-коникалық пикнидтер болады. Оларда конидийтасушыларында цилиндрлік конидийлер дамиды.

Мальсекко немесе жұқпалы кебуді тудыра отырып, лимондарды, апельсиндерді, грейпфруттарды, мандариндерді, трифолиатты, бигардионы және басқа цитрустыларды зақымдайтын, трахеифиль дейтерофомасы көп танымал. Бұл аурудың ерекше белгісі, науқас тармақтардың сынығында байқалатын, сүректің қызыл – сары – қызыл түске боялуы болып табылады.

Фомопсисте ұшында лептесіктер мен айқасқан, жасымық тәрізді, шар тәрізді немесе коникалық пекнидтері болады. Олар төсемікте ыдырап, немесе тығыз ораласқан топтар мен, көбінесе ұзын жол қатарлары түрінде дамиды. Басқа туыстарға қарағанда, бұл туыстың саңырауқұлақтарында кішігірім строма болады.

Вексанс фомопсис – кәділерде құрғақ шіріктің қоздырғышы. КСРО – да батыс Грузияда кездеседі. Саңырауқұлақ жылу сүйгіш және ылғал сүйгіш. Ол вегетациялық кезең бойында өсімдіктің бүкіл органдарын зақымдайды. Инкубациялық кезеңі 18-20ºС температурада 8-12 күнге тең; көбірек жоғары температурада қысқарады. Спора түзудің дамуы жемістерде және өсімдіктің басқа органдарындағы зақымданған ұлпаларда байқалады.

Мелоноза қоздырғышы – цитрустар фомопсисі цитрустыларда сүрегі мен қабығының некрозын, диапорте қалталы кезеңі мен фомопсис – инжир бұтақтарының обырын тудырады.

Цитоспора туысы. Бұл туыстың саңырауқұлақтарында, вальса туысындағы қалталы саңырауқұлақтардың стромасын еске түсіретін, жақсы айқындалған стромасы болады. Строма көп камералы, яғни дараланған қабырғалар мен нағыз камераларға мүшеленген немесе камераларға бөлінбеген, емізікше тәрізді лептесік пен жалған – көп камералы немесе қарапайым болуы мүмкін. өсімдіктердің зақымдалған мүшелерінде бұл туыстың саңырауқұлақтары әр түрлі боялған эктостромалар түрінде перидерма немесе эпидермис ажырамаларында байқалады.

Эктосрома- лептесікті айнала түзілетін және көбірек қатты консистенция мен және азырақ жарқын бояу мен эндостромадан ерекшеленетін, строманың жоғарғы бөлігі. Эктострома, конидийлер шығуын қамти отырып, өсімдікке ие ұлпаларында беткі қабаттарының ажырауына ықпал етеді. Олар, тармақталмайтын қарапайымдылардан бастап бұталыға дейін, әр түрлі формадағы конидий тасушыларда түзіледі. Конидийлері жарқын боялған тіңдермен немесе тамшыларымен төсемік бетіне шығатын, массада лас – ақ, сарғыш, қызыл және тіпті қара ұсақ.

Шульцер цитоспорасы – күнбағыс тұқымдастардағы цитоспороза қоздырғыштарының бірі. Саңырауқұлақ пикнидтері толық емес кедергілерден тұрады, стромада әдетте 2-ден 14-17 камераларға дейін қалыптасады. Оларда көптеген ұсақ, аздап иілген конидийлер дамиды. Спораларды шығару қызғылт – қызыл спираль түрінде жоғары ылғалдылықта жүреді.

Зития туысы. Бұл туыстың саңырауқұлақтарында түссіз, бір жасушалы конидийлер мен шартәрізді, жұмсақ, балауызды, ашық түсті қабықшалар мен пекнидтер болады. Төсемікте пикнидтер жалғыздан немесе топпен, стромада немесе онсыз орналасқан. Көптеген түрлер қалталы саңырауқұлақтардың даму цикліне кіреді: нектрийлер, биатореллалар, т.б. тіршілігі бойынша олар- паразиттер немесе сапрофиттер.

Лас – қызыл түсті тығыз оралған пикнидтерді түзе отырып, қарағай діңдерінің және бұтақтарының балғын шайырында дамитын, шайыр зитиясының саңырауқұлағы кең таралған.

Қарағай зитиясы қарағайдың түскен қылқандарында және бүршіктерінде сапрофитті дамуы және бұл ағаштың қысқа өскіндерінде, олардың солуын тудыра отырып, паразитті дамуы мүмкін. Саңырауқұлақтың қызғылт пикнидтері және одан сары – жылтыр тамшы мен шығатын конидийлер ылғалды ауа райында ерекше жақсы байқалады.

Лептотирий туысы, саңылаусыз, параплектенхиматикалық ұлпадан жұқа қалқанша мен ішкі қуысы жабылған, тегіс пикнидтерден тұрады. Пісіп – жетілгенде қалқанша дұрыс емес шытынап, одан бір жасушалы түссіз конидийлер шығады.

Бір жасушалы түссіз споралар мен дисцелла, долгихиза, динемаспорий туыстары өзара пикнидтердің құрылысы бойынша ерекшеленеді. Олардың пикнидтері тостаған тәрізді немесе табақша тәрізді. Динемаспорийле олар қылқаншалары мен беткі, қалған екеуінде батырылған болады; дотихизада олар шар тәрізді болып салынады да, артынан табақша тәрізді болады. Шамамен барлық түрлер – сапрофиттер, өсімдіктің құрғақ бұтақтарында, сабақтарында және басқа бөліктерінде дамиды.

Дәнді дақыл дименаспорий дәнді – дақылдардың солған сабақтарына және жапырақтарына қоныстанады, пикнидтерінде екі ұштарындағы ұзын қылқаншалары мен бір жасушалы конидийлері болады.

Дотихиза туысының саңырауқұлақтары арасында паразит форамалары белгілі: тат дотихизасы қарағай бұтақтарында паразитті тіршілік етіп, олардың жаппай құрғау кезеңін тудырып отырады. Саңырауқұлақ Финляндияда, Норвегияда және басқа еуропалық мемлекеттерде, еліміздің кейбір аудандарында кездеседі.

Терек – шетен, көктерек діңдерінде және бұтақтарында обыр қоздырғышы. Саңырауқұлақ кеңес одағындағы дала аймағының егістік қорғайтын орман алқаптарында дамыған. Көбінесе Францияда, Италияда, АҚШ-та кездеседі.

Кониотирий туысының ерекшелігі, саңырауқұлақ пикнидтерінде, қысқа конидий тасушыларында дамитын, 15 мкм дейінгі ұзындықты, ұсақ, бір жасушалы зәйтүнді конидийлер болады. Олардың көпшілігі қалталы саңырауқұлақтың конидиал кезеңдері болып табылады. Бұл туыс түрлерінің арасында сапрофиттер мен паразиттер болады. Агава жапырақтарында – концентрациялық кониотирий, ал жүзімде – диплодиелла кониотирийі паразитті тіршілк етеді. Ол склероцийлер, мицели, пикнидтер түрінде зақымдалған түскен жидектерде, жапырақтарда, өскіндерде қыстайды, топырақта сақталуы мүмкін. Осы туыс түрлерінде, лишайниктерде және саңырауқұлақтардың жемісті денелерінде паразитті тіршілік ететін, микопаразиттер болады, мысалы, лишайник кониотирийі пармели лишайнигінің талломдарында табылған.

Сферопсис туысы, зәйтүнді жұмыртқа тәрізді немесе сопақша конидийлер дамитын, емізікше тәрізді лептесігі мен шар тәрізді пикнидтері болуымен сипатталады. Саңырауқұлақтардың көпшілігі физалоспора, ботриосферия туыстарындағы қалталы саңырауқұлақтардың конидиал кезеңдері болып табылады.



Sphaeropsis malorum – жемісті ағаштарда қара обырдың қоздырғышы және оптуза физалоспорасының даму цикліне кіреді. Алма ағашының жапырақтарында саңырауқұлақ қоңыр дақ түзеді, онда күзге темен пикнидтер түзіледі: гүлдеріндегі зақымдану күйікті, жемістерінде – қарашірікті еске салады.

Аскохита туысы сферопсидал саңырауқұлақтардағы ең ауқымды туыстардың бірі – 500-ден астам түрлерден тұрады. Бұл туыстың саңырауқұлақтарында, өсімдік жапырақтарының, сабақтарының, бұтақтарының, жемістерінің немес басқа мүшелерінің ұлпасына батырылған, формасы бойынша әр түрлі лептесік пен немесе қарапайым домалақ саңылау мен шар тәрізді немесе айқасқан пикнидтер болады. Пикнидтерде, алдымен бір жасушалы одан кейін екі жасушалы, кейде үш жасушалы, түссіз немесе өте әлсіз бояумен, түзу немесе аздап иілген өлшемдері мен формасы бойынша әр түрлі конидийлер дамиды.

Бұл туыстың саңырауқұлақтары – паразиттер бояуымен формасы бойынша варьирленетін, әр түрлі өсімдік бөліктерінің шұбарлығын тудырады. Олар тудыратын ауруларды аскохитозалар деп атайды. Аскохит туысындағы саңырауқұлақ түрлері көбінесе бұршақтұқымдасиы, күрделігүл тұқымдасты, раушан тұқымдасты өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Аскохит түрлерінің негізгі массасы – мезофильдер, яғни бірқалыпты ылғалды және жылы мекен ету орындарына бейімделгендер. Аскохиттердің арасында жоғары ылғалдылық шарттарында жағалау өсімдіктерінде дамитын, гигрофиль түрлері бар. Аскохиттердің арасында қандай – да бір өсімдіктің бір түрін зақымдайтын түрлерге ие; бір тұқымдастағы бірнеше түрлердің өсімдіктерін зақымдайтындары бар.



Асбұршақ аскохиті өсімдіктің барлық жерүсті мүшелерінде қауіпті ауру тудырады. Ауру жапырақтарда сарғыш, артынан қоңыр дақтар түрінде көрінеді, сабақтарындағы дақтардың түсі сондай, бірақ ұзындығы бойынша созылған болады. Науқас өсімдіктердің тұқымдары, қоңыр дақтармен әлсіз, кейде барлығы қоңыр болып келеді. Зақымдалған үлескілерде пикнидтер дамиды. Асбұршақ аскохитаза қоздырғышының даму циклінде, өсімдіктердің кеуіп бара жатқан зақымдалған бөліктерінде дамитын, қалталы кезеңі болады. Бұл саңырауқұлақтың ареалы жеткілікті, кең және ол асбұршақ өсірілетін барлық жерде кездеседі.

Хризонтема аскохитасы өсімдіктердің жерүсті және жерасты мүшелерін зақымдайды.

Екіжасушалы боялған конидийлер диплодия туысының саңырауқұлақтарында болады. Конидийлерінің түсі сұрғылт түстен бастап қою қоңыр түске дейін, массада сарғыш қоңыр, 15 мкм ұзындықтан асады. Жастығында конидийлер бір жасушалы және сферопсис конидийлерін еске түсіреді. Олардың кейбіреулері кукурбитария, оттия, дидимасферия және т.б. қалталы саңырауқұлақтардың конидиалды кезеңдері болып табылады. Қазіргі уақытта бұл саңырауқұлақтардың 30-дан астам түрлері белгілі. Олар өсімдіктің өлген бөліктерінде ауруларын тудыр отырып тірі өсімдіктерде дамиды.

Қара теңіздегі теңіз түбінің топырағынан 5,5 м тереңдіктен таллази диплодиясы оқшауланды. Басқа саңырауқұлақ шөп диплодиясы көптеген шөптесін және ағаш өсімдіктерінің өлі сабақтарында кездеседі, зәйтүнді конидийлермен алдымен батырылған одан кейін шығыңқы болатын шар тәрізді оралған пикнидтер түзеді.

Диплодияның басқа түрлерінен сабақтарының зақымдануымен қатар жүретін кеңдір сабақтарындағы қара нүктелер қоздырғышын – кендір диплодиясын атауға болады. Пикнидтерде әлсіз жасылдау конидийлер дамиды.



Стагоноспора туысы формасы бойынша әр түрлі, түссіз конидийлер дамитын, шар тәрізді пикнидтермен формалары біріктіріледі. Бұл саңырауқұлақтардың 200-ден астам түрлері белгілі. Олардың көпшілігі өсімдіктерінің құрғақ сабақтарында және жапырақтарында дами отырып сапрофитті өмір салтын ұстанады.

Гендерсония туысы саңырауқұлақтардың пикнидтерінде түтін тәріздес түстен бастап қоңыр түске дейін, 2 немесе бірнеше кедергілермен, әр түрлі формада конидийлер түзеді. Осындай көп жасушалы конидийлердің шеткі конидийлері кейде түссіз болады. Олар барлық жерде таралған, 250 түрі белгілі.

Камароспорий туысы саңырауқұлақтарында конидийлеріндегі кедергілері көлденең және бойлық. Олардың 100-ден астам түрлері белгілі. Олар шөлейт аймақта ең үлкен әр түрлілікке жете отырып, барлық жерге таралған. Түрлердің көпшілігі сапрофиттер, бірмақ олардың ішінде паразиттер де кездеседі.

Септория туысындағы саңырауқұлақтарда, кедергілердің әр түрлі санымен немесе оларсыз, түссіз, түзу немесе иілген, инелі, цилиндрлі, ұршық тәрізді конидийлері болады. Олар әр түрлі формадағы пикнидтерде дамиды. Бұл туыстың саңырауқұлақтары-формасы, шамасы және бояуы бойынша әр түрлі дақтарды өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде дамитын паразиттер.

Септориялардың барлық түрлері дамудың белгіленген ырғағын иеленген және ерте көктемнен бастап кеш күзге дейін вегетациялануы мүмкін. Шөптерде, бұталармен ағаштардың жапырақтарында паразитті тіршілік ететін, септориялардың көпшілігі ие өсімдігіме бірге тіршілік циклін бастайды және аяқтайды. Эфемерлерде және эфемероидтерде дамитын септорияларда даму циклі өте қысқа.

Септориялардың арасында көпшілігі мезофильдер. Кейбір түрлер экологиялық шарттарға талғамсыз және ие өсімдігі өмсе алатын жеодің барлығында дамиды.

Дәнді дақылдар септариозалары жапырақтарда, жапырақты қынаптарда, кейде масақты қабыршақтарда ашық қоңыр немесе қоңыр дақтар түбінде көрінеді. Күшті зақымдану барысында жапырақтары кебеді, дәндері әлсіз болады немесе мүлдем дамымайды. Зақымданған мүшеледе пикнидтер дамиды. Дәнді дақыл септориясы-жапырақты септориозаларды бидай септориясы - өскіндер өлімін, нодорум септориясы – дән мен масақ қабыршақтарының зақымдануын тудырады. Олардың барлығы өсімдіктің басқа мүшелерінде зақымдайды. Сұлы септориясы, арпа септориясы және ба қалары белгілі. Дәнді дақылдар септариоздары қоздырғыштарының ішінде әр түрлі дәнді дақылдарда паразитті тіршілік ететін улы түрлері де бар.



Томаттар септориясы – ақ дақтылықтың қоздырғыш. Жапырақтарда, сабақтарда, кейде жемістерде, жиекпен қоршалған ақщыл дақтардың орталығында пикнидтер дамиды. Саңырауқұлақтың даму циклінде тек конидиал кезеңі ғана бар. Пикнидтерде кедергілірмен жіп тәрізді-цилиндрлік конидийлер мол мөлшерде түзіледі.

Флокстардың ақ дақтарын флокстар септориясы тудырады. Дақтар өсімдіктердің сыртқы түрін нашарлатады және олардың уақытынан ерте солуына алып келеді.



Жалпы сипаттама (М.В.Горленко)

Саңырауқұлақтардың құрылысы

Саңырауқұлақтар – шамамен 100мың түрден тұратын, ағзалардың ауқымды тобы. Олар өсімдік және жануарлар патшалығымен қатар ерекше патшалықты көрсете отырып органиакалық әлем жүйесінде ерекше орындалып жатыр. Оларда хлорофилл жоқ және сондықтан қоректену үшін дайын органикалық затта талап етеді. Крахмал емес, глткогеннің – қор өнімінің, жасушалар қабықшасында, хитиннің, мочевинаның алмасуы болуы бойынша, олар жануарларға жақын. Басқа жағынан тағамды жұту емес, сіңіру жолымен тамақтану тәсілі бойынша, шексіз өсуі бойынша олар өсімдікті еске салады.

Сыртқы түрі, мекен ету орындары және физиологиялық қызметтері бойынша саңырауқұлақтар әр түрлі болып келеді. Бірақ олардың жалпы сипаттарыда бар. Сааңырауқұлақ өмір сүретін төсеміктің бетінде немесе оның ішінде болатын гифтердің немес жіңішке тармақталған жіпшелердің жүйесі болып табылатын, мицелий вегетативті саңырауқұлақ денесінің негізі болып табылады. Әдетте мицелий арқылы осмотикалық жолмен тағамның сіңірілуі жүреді. Шартты түрде төменгі сатыдағылар деп аталатын саңырауқұлақтардың мицелийінде кедергілері жоқ, кейбіреулерінде денесі ашық протопласт түзеді, басқаларында мицелий жасушаларға бөлінген.

Саңырауқұлақ жасушаларының көпшілігі қатта қабықшамен – жасуша қабырғасымен жабылған. Ол кейбір қарапайым саңырауқұлақтардың вегетативті денесінде зооспоралары жоқ. Жасуша қабырғасынан ішке қарай протопласт жасушаның ішкі бөлігін қоршайтын цитоплазмалық жарғақша орналасқан.

Жасуша қабырғасының 80-90% азотты және азотсыз полисахаридтерден тұрады. Сонымен қатар оның құрамында аздаған мөлшерде ақуыздар липидтер полифосфаттар болады. Көптеген саңырауқұлақтарда негізгі полисахарид – хитин, ал оолицеттерде – целлюлоза боып табылады.

Саңырауқұлақ цитоплазмасында құрылымдық ақуыздар және жасуша органоидтарымен байланыспаған ферменттер, амин қышқылдары, көмрісулар, липидтер болады. Саңырауқұлақ жасушасында келесі органеллалар бар: митохондриялар, ақуыздардың ыдырауын жүзеге асыратын, протеолиттік ферменттермен лизосомалар. Саңырауқұлақ жасушасында волютин, липидтер, гликоген – қоректік қор заттарынан тұратын вакуольдер, сондай-ақ майлар, негізінен қанықпаған май қышқылдары бар. Крахмалы жоқ. Саңырауқұлақ жасушасында бірден бастап бірнеше ядроларға дейін болады. Ядрода, дизоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК) тұратын, хромосомалармен ядрошық, еселенген жарғақша бар.

Мицелий түзілетін гифтерде жоғары өсуі болады және мол тармақты.Тармақтары неғұрлым жас болған сайын өсіп келе жатқан ұшына соғұрлым жақын орналасады. Спора түзу органдарын түзуде, көбінесе вегатативті мүшелерінде саңырауқұлақ жіпшелері жалған ұлпаны немесе плектенхиманы түзе отырып тығыз өрленеді. Ол нағыз ұлпадан шығу тегімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың жалған ұлпасы мицелий жіпшелерінің өрілу жолымен, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде барлық бағыттар бойынша жасушаларының бөлінуі нәтижесінде түзіледі. Микроскоп астында пектенхима көбінесе кәдімгі паренхиманы еске салады.

Мицелий түр өзгерісінің ерекше түрін гифтердің тығыз өрілуі – склероциялар көрсетеді. Склероциялар қоректік қор заттарына бай және қыстың жайсыз жағдайларында, құрғақшылық уақытында саңырауқұлақтың аман қалуына көмектеседі. Склероциялар сырттан әдетте қара, дөңгеленген немесе дұрыс емес формада, өте ұсақтан бастап диаметрде 30 см-ге дейін болады. Склероцилерден мицелий немесе жеміс беру органдары дамиды.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет