Педагогикалық бақылаудың әдістері:
- анкета алу;
- оқу-машықтану үрдісінің құжаттарын талдау жасау;
- сабақтағы педагогикалық бақылау;
- функционалды және басқа да көрсеткіштерді есепке алу;
- дайындық жақтарын тестілеу.
Өзін-өзі бақылау – бұл спорт және дене жаттығуларымен айналысуда өз ағзасының жағдайын қадағалау әдісі. Оның қажеттілігі айналасу барысында адам ағзасына жаттыққандық тиімділігін енгізуін өадағалау.
Өзін-өзі бақылаудың объективті көрсеткіштері:
Тамыр соғу жиілігі – жүрек тамыр жүйесінің жағдайларын сипаттайды. Дені сау әйел адамның тамыр соғу жиілігі 75-80соқ/мин, ер адамның тамыр соғу жиілігі 65-70 соқ/мин.
Спортшылардың тамыр соғу жиілігі 50-60 соқ/мин, дейін төмендейді, себебі машыққандықтың өсуі айқындалады.
Салмақ. Салмақты өлшеу үшін әртүрлі салмақ-бой өлшеу индекстері қолданылады.
Тәжірибеде Брок индексі кеңінен өолданылады:
,
m –( Кг) салмақ;
l – (См) бойы.
бойы,.(см) * кеуде қуыс көлемі (см)
салмағы (кг) = 240
Тыныс алу жиілігі және Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу жиілігі минутына 14-18 рет болады. Ал жүктеме кезінде 2-2,5 есе ұлғаяды. Тыныс алу қызметінің негізгі көрсеткіші өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Әйел адамдарда 2, 5 - 4 л, ер адамдарда 3,5-5 л.
Артериалдық қысым (АҚ).
Оның формуласы: макс. АҚ = 102+ (0,6 х адам жасы) мин. АҚ = 63+ (0,5 х адам жасы). систоликалық қысым (макс.) - 100-140мм.рт.ст.; диастоликалық қысым 80-90 мм рт.ст.
Достарыңызбен бөлісу: |