Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы


Дифференцияланған тамақтану концепциясы



бет4/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
Дифференцияланған тамақтану концепциясы тағам өнімдерінің құрамы туралы қазіргі заманғы мәліметтер мен адамның биологиялық конституциясына (генотип) негізделген.
Ағзаға пайда әкелетін тағам тағамның құрамына және оны ағзаның сіңіру қабілетіне байланысты. Дифференциалды тамақтану концепциясын жақтаушылар өнім құрамы мен алмасу ерекшеліктерін практикалық тамақтанудың негізгі құрама бөлшектері заттар ретінде қарастырады, ал дәстүрлі тамақтану тек қана олардың біреуін (өнім құрамын) ғана есепке алады. Рационды жасағанда тек өнім құрамын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тағамдық заттардың адамның жеке алмасу жүйесімен байланысын ескеру керек деп есептейді.
Бірақ, дифференциалды тамақтану жетістігі зат алмасу ерекшеліктерімен мен қоршаған орта факторларымен өзара байланысқан тағам статусын бағалау әдістеріне тәуелді. Өкінішке орай, проблеманың күрделі қиындығына байланысты тиімді бағалау әдістері әлі күнге дейін жасалмаған.
Бағытты тамақтану (мақсатты) концепциясы. Әртүрлі мамандар пайдаланатын тамақтану нормалары орташа адамға есептелген. Бірақ, табиғатта мұндай адам жоқ. Теңестірілген тамақтанудың кез-келген формуласы тең дәрежеде аталған адамның барлық өмір сүру процесстері үшін бірдей дәрежеде тең келе бермейтіні дәлелденген. Барлық ксенобиотиктерден бірден қорғайтын рационды таңдау мүмкін емес.
Тағам адам ағзасына қауіпті химиялық және биологиялық заттардың көзі және тасымалдаушысы болуы мүмкін. Олар биологиялық тізбек (бір жағынан тірі организмдер арасында зат алмасуды қамтамасыз ететін, және екінші жағынан ауамен, сумен, топырақпен), сонымен қатар азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерін ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндіру барлық кезеңдерінде, сондай-ақ сақтау, қаптау және маркиркалауда тағамдық тізбек бойынша тағамдық өнімдерге түседі және жиналады.
Жеке тамақтану концепциясы. Қолданыстағы тамақтану нормалары энергия шығындары, жынысы және жасын ескере отырып жасалған, бірақ, кейбір мамандар мұндай ұсыныстарды тым жалпы, бастапқы тамақтану нормаларын халықтың ең кішігірім топтарына ғана ұсынуға болады деп есептейді. Шын мәнінде, бір жастағы, жынысы бір адамдар, тіпті ұқсас жағдайларда өмір сүргенімен, біркелкі жиынтық емес және сондықтан да әр адамның жекеше ерекшеліктерін ескеру керек.
Генетикалық ауытқулардың профилактикасы мақсатымен тамақтануды жекешелендіру адамның генетикалық ерекшеліктерінде ғана пайдалануға болады – бұл 21 ғасырдың қол жеткізуге болатын мақсаты.
3 ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет