Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет3/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
Бірінші заң – тағаммен келетін энергия (тағамның калориялылығы) мен ағзаның энергия шығындары арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажет.
Тыныштық және қолайлы температуралық жағдайларда ересек адамның энергия шығыны тәулігіне 1300...1900 ккал құрайды, бұл негізгі алмасуға сәйкес келеді. Негізгі алмасу 1 сағаттағы 1 кг дене салмағының 1 ккал сәйкес келеді. Мысалы, салмағы 80 кг еркектің негізгі алмасуы 1920 ккалға тең болады. Кез-келген физикалық және ақыл-ой еңбегі қосымша шығындарды талап етеді. Аз қозғалатын еңбекпен айналысатын адамдардың энергия шығыны – 2500...2800 ккал құрайды, ал ауыр еңбекпен айналысатын адамдар үшін - 4000...5000 ккал.
Негізгі энергия материалдарын ағзаға майлар, ақуыздар және көмірсулар береді. Тағамдағы 1 г ақуыз ағзаны 4,0 ккал (16,7 кДж), 1 г майлар – 9,0 ккал (37,3 кДж), ал 1 г көмірсулар – 3,75 ккал (15,7 кДж) қамтамасыз етеді деп есептеледі. Осылайша, тағамның химиялық құрамын біле отырып, кез-келген өнімнің немесе диетаның калориялылығын есептеуге болады.
Екінші заң бойынша– ағзаға келіп түсетін ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдық заттар мен балласты заттар арасындағы тепе-теңдікті сақталуы қажет.
Осы заңға сәйкес адам қандай да бір өнім емес, оның құрамындағы тағамдық заттардың белгілі бір ара қатынасын қажет етеді.
Әрбір тағамдық өнім биологиялық құндылығы көрсеткіштері бойынша сипатталады. Бір өнімдерде алмастырылмайтын (эссенциалды) аминқышқылдары (мысалы, сүт), екіншілерінде – алмастырылмайтын (эссенциалды) май қышқылдары (өсімдік майларында) көп болуы мүмкін.
Өнімнің тағамның құндылығы ондағы физиологиялық белсенді қоспалардың болуына байланысты. Мысалы, ет және балықтың экстрактивті заттары, алкалоидтер мен эфир майлары, ас қорыту процессіне әсер ететін специялар және т.б. Тағамда эссенциалды факторлар көп болған сайын, яғни, оның биологиялық құндылығы жоғары болса, ол соғұрлым пайдалы деп тұжырымдауға болады. Бірақ, эссенциалды факторлардың артық мөлшерде болуы, жетіспеушілік сияқты зиянды болады, ал өте артық болуы – улы.
Қазіргі заманғы пікірге сәйкес дені сау адамның тәуліктік рационындағы ақуыздар, майлар және көмірсулардың қатынасы 1:1,2:2,4 болуы қажет. Мұндай қатынас ағзаның энергетикалық және пластикалық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруда едәуір қолайлы. Ақуыздар тағамның жалпы калориялылығының шамамен 12%, майлар – 30-35% құрауы қажет. Көмірсуларға тағам рационы калориялылығының 56...58% келеді.
Үшінші заң бойынша- тамақтану тәртібін сақтау қажет, яғни тәулік ішінде тағамды жүйелі және тиімді тарату қажет. Көптеген бақылаулар растағандай, ертеңгі және түскі аспен тәуліктік рацион калориясының жалпы мөлшерінің 2/3 бөлігін, кешкі ас кезінде 1/3 бөлігін алғанда адам үшін тәртіп едәуір пайдалы.
Төртінші заң – тамақтануда ағзаның жас ерекшеліктеріне және қозғалыс белсенділігіне қарай тамақтану рационының қажетті профилактикалық бағыттылығын да есепке алу қажет.
Бірдей тамақтану теориясының негізінде әртүрлі тамақтану концепциялары жасалды.
РМҒА академигі В.А.Тутельянның пікірінше, тамақтану туралы ғылым бірдей тамақтану концепциясынан ағзаның иммундық статусында тамақтанудың рөлін есепке ала отырып, тиімді тамақтануға өтеді, ал 21 ғасырдағы тамақтану формуласы оның негізін құрайтындардың жиынтығы ретінде келтірілуі мүмкін: дәстүрлі (табиғи) өнімдер; химиялық құрамы модифицирленген табиғи өнімдер; генетикалық модифицирленген өнімдер; биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет