Қосымша әдебиеттер.
1.Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 3. Жүйкежүйесі. Сезіммүшелері: оқулық / А. Р. Рақышев. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 376 бет
2.Рақышев, А. Р. Адам анатомиясы. 1-кітап оқулық / А. Р. Рақышев. - 2-бас., түзет. жәнетолықт. ; ҚР Жоғарыоқуорындарыныңқауымдастығы. - Алматы :Дәуiр, 2009. - 420 бет.
№3 Тақырып:Бас сүйегі, құрылысы. Ми сауыты және бет сүйектері. Құрылысы, орналасуы және сипаттама. Бас сүйектерінің байланыс түрлері. Бас сүйегі, топографиясы. Бас сүйегінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Мақсаты.
Ми сауыты сүйектерін құраушы сүйектердің құрылысын білу қажет. Ми сауыты сүйектерін құраушы жеке сүйектерді көрсетіп қоймай, жұп сүйектердің оң және сол жақтық бөлігін бір-бірінен ажырата білу керек. Бет сүйектерінің, құрылысын білу керек.
Дәріс жоспары
1. Бассүйектің бөліктері
2. Бассүйектің қызметі
3. Бассүйектің негізі мен күмбезінің аралық шекарасы
4. Ми сауыты сүйектері
Дәріс тезистері.
Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде ,маңдай,сына,тор тәрізді сүйектер жатады
Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қослатеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.
Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады.Оларға желке еттері тіркеледі .Қабыршақ бөлігінің ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.
Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.
Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.
Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.
Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..
Сына сүйегі немесе негізгі сүйек –тақ ,ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады.Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,оданекі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер –медиалды ілмек және латералды өсінділер бар.Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады.Үлкен қанатта үш тесік бар-дөңгелек,ойыс және сопақша.Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді ,ал сопақ тесіктен –артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі
Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.
Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған.Бас сүйегінің
қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі,төменгі мұрын кеуілжірі,таңдай сүйегі ,шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі,тіл асты сүйегі,кеңсірік жатады.
Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы,олардың құрылысы күрделі келеді.
Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз,сына,пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірліайдаршықтары, артқы,мұрын қырлары болады.
Тіл асты сүйегінің денесі,үлкен және кіші мүйіздері болады
Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.
Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы,жоғарғыжақ,торлы өсінділері. болады.
Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек,ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.
Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.
Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі,ми қақпағынан тұрады.
Краниометрия-деп бас сүйектің өлшемдерін айтады.Оның вертикальды ,беттік,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары болады. Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер мен буындар түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |