Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
Бауыр ауруларының этиологиясы
Вирусты гепатиттер
Бауыр циррозы
Негізгі әдебиеттер.
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, ЭВЕРО», 2011-649 б
2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, Кiтап2010
3. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалык патофизиология АлматыТОО «ЭВЕРО»,2010-769 б
4. Нұрмұхамбетұлы ӘҰрықдамуы мен балалықшақауруларыныңпатофизиологиясы
Алматы,2006
Қосымша әдебиеттер.
1. Патологиялық физиология" пәнібойыншаситуациялықесептержинағы [Текст] :
учебное пособие / С. Б. Жәутікова , Е. Қ. Өмірбаева. - Караганды: ЖКАқНұр, 2013.
№21 Тақырып.Мұрын қуысы, көмей кеңірдек.
Мақсаты. Тынысалу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көміркышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Суда тіршілік ететін жануарларда тынысалу мүшелері қызметін бірінші ішектің арнаулы тетіктері болып табылатын желбезектер атқаратының студенттерге түсіндіру
Дәріс жоспары
1. Мұрын қуыстары
2. Қөмей байламдары
3. Көмей қуысы
Дәріс тезистері.
Дем алғанда ауа өкпенің жұмсақ тінімен жанасуы үшін шаңнан тазарып, жылынып, ылғалдануы қажет. Бұл мұрын қуысында, cavitasnasi, іске асады, сонымен қатар бір бөлігі сүйекті, екінші бөлігі шеміршекті қаңқадан түзілген сыртқы мұрынды, nasusexternus, ажыратады. Остеология бөлімінде атап өтілгендей, мұрын қуысы мұрын қалқасы, septumnasi, (артқы жағынан сүйекті, ал алдыңғы жағынан шеміршекті) арқылы екі симметриялы жартыларға бөлінген, олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың, nares, көмегімен атмосфера ауасымен, ал артқы жағынан хоандар арқылы жұтқыншақпен қатысады. Қуыс қабырғалары, қалқасы мен қалқандарының шырышты қабықтары танаулар аймағында терімен қосылып, ал артқы жағында жұтқыншактың шырышты қабығына жалғасады.
Мұрынның шырышты қабығы жұтатын ауаны өңдейтін бірқатар тетіктермен жабдықталған.
КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІ: 1. Жүзіктәрізді шеміршек, cartilagоcricoidea, гиалинді, жүзік пішінді, артқы жағынан жалпақ табақшадан, және алды доғадан тұрады. 2. Қалқанша шеміршек,cartilagоthyroidea көмей шеміршектерінің ең ірісі, гиалинді, алдына қарай бұрыш жасай түтасатын екі табақшадан тұрады. Бала мен әйелдерде бұл табақшалар дөңгелектене қосылады, сондықтан оларда ересек еркектердегі сияқты бұрыштышодыр болмайды. Жоғарғы жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік болады. Әр табақшаның қалындаған артқы жиегі, жоғарғы мүйізге және төменгі мүйізге созылады. Қалқанша шеміршектің әр табақшасының сыртқы бетінде қиғаш сызық байқалады. 4. Ожаутәрізді шеміршектердің, cartilaginesarytenoideae – олардың негіздері, laminaecricoidea-ның жоғарғы жиегінде орналасқан, ал ұштары, жоғары қараған пирамидаларға ұқсайды. Негізінде екі өсінді жатады: 1. алдыңғы өсінді(серпімді шеміршектен) дыбыс сіңірлері бекитін орын болғандықтан дауыстық өсіндідеп аталады; 2. латералды бұлшықеттік өсінді оған бұлшықеттер бекиді. 3. Көмей қақпашығы, cartilagоepiglottica - adituslaryngіs алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан жапырақ пішінді серпінді шеміршек тінді табақша. Ол төмен қарай тарылып, көмей қақпашығының сабақшасын, petiolus, түзеді.
Көмей тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршек арасында керілген membranаthyrohyoidea (1)көмегімен тіласты сүйегіне ілінің тұрған сияқты, соңғы membranаthyrohyoidea тақ және жұп байламдардан тұрады – орталық (2)және латералді қалқанша-тіласты (3) байламдар, олардың ішінде кішкентай дәнтәріздішеміршекcartilaginestriticeaорналасады. Тіласты сүйегімен көмей қакпашығы да байланысқан, ол онымен байламымен- тіласты-көмей қақпашығының байламы (4)және қалқанша шеміршекпен – қалқанша-көмей қақпашығының байламы (5) арқылы қосылады. Жүзіктәрізді шеміршек доғасы мен қалқанша шеміршек жиегі арасында ортаңғы сызык бойымен серпімді талшықтардан тұраптын байлам- жүзік-қалқанша байламы (6) созылып жатады. Бұл байламның латералды талшықтары жүзіктәрізді шеміршектің жоғарғы жиегінен басталып, медиалды бұрылып conuselastucus (7) түзеді. Оның жоғарғы бос жиегі дауыс байламы (8) болып табылады. Дауыс байламы, lig. vocale (9), алдыңғы жағынан қалқанша шеміршек бұрышына, артында ожаутәрізді шеміршектің processusvocalis-іне бекиді. Дауыс байламынан жоғары және оған параллелді, жұп қіреберіс байламы, lig. vestibulare (10), жатады. КӨМЕЙ БУЫНДАР: 1. Қалқанша шеміршектің төменгі мүйіздері мен жүзік тәрізді шеміршек арасында буын – жүзік-қалқанша буыны, art. сricothyroidea,түзіледі. Бұл буында қалқанша шеміршек алға және артқа қарай мқозғалып. 2. Әрбір ожаутәріздішеміршек негізі мен жүзіктәрізді шеміршек арасында жұп жүзік-ожаутәрізді буын, art. сricoarytenoidea, жатады. Бұлбуындаожаутәріздішеміршекайналады.
. Жүзік-қалқаншабұлшықеті, m.cricothyroideus, жүзіктәріздішеміршекдоғасынанбасталып, қалқаншатөменгімүйізінебекиді- дауысбайламдарынкереді.
2. Латералдыжүзік-ожаутәріздібұлшықеті, m.cricoarytenoideuslateralis, жүзіктәріздішеміршектіңдоғасынанбасталып, ожаутәріздішеміршектіңprocessusmuscularis-інебекиді- дауысбайламдарыжақындасып, олардыңарасындағысаңылаутарылады.
3. Артқыжүзік-ожаутәріздібұлшықеті, m.cricoarytenoideusposterior, жүзіктәріздішеміршектіңтабақшасынанбасталып, ожаутәріздішеміршектіңprocessusmuscularis-інебекиді- дауыссаңылауыкеңейеді.
4. Қалқанша – көмейқақпашығыбұлшықеті, m. thyroepiglotticus – көмейкірісікеңейтеді.
5. Ожау-көмейқақпашығыныңбұлшықеті, m.aryepiglotticus, көмейқақпашығынартқақарайтартып, кірісінжабады.
6. Қиғашожаутәріздібұлшықеті, m.arytenoideiobligui – көмейкіреберісітарылтады.
7. Көлдененожаутәріздібұлшықеті, m.arytenoideitransversus– дауыссаңылауыныңтарылтады;
8. Қалқанша -ожаутәріздібұлшықеті, thyroarytenoideus – -шаршыпішіндібұлшықет- көмейқуысытарылады.
9. Дауысбұлшықеті, m.vocalis, - дауысбайламдарыбосаңсиды.
КӨМЕЙ ҚУЫСЫ, cavitaslaryngis, көмей кірісі, adituslaryngis, арқылы ашылады. Оның бүйірлерінде алмұрттәрізді қалта, recessuspiriformes, орналасады. Көмей қуысы пішіні жағынан құм сағатына ұқсайды-ортаңғы бөлігі қысыңқы, жоғары және төмен қарай кеңейген. Көмей қуысының жоғарғы кеңейген бөлімі көмей кіреберісі, vestibulumlaryngis, деп аталады. Кіреберіс көмейге кірісінен қуыстың бүйір қабырғасында орналасқан plicavestibularis, деп аталатын шырышты қабықтың жұп қатпарына дейін созылады, соңғының қабатында lig. vestibularisжайғасады. Көмей қуысының ортаңғы тарылған бөлімі- меншікті дауыс аппараты, glottis, өте күрделі құрылған. Ол жоғарғы және төменгі бөлімдерден көмейдің бүйір қабырғаларында орналасқан екі жұп шырышты қабық қатпарымен бөлінген. Жоғарғы қатпар- бұл айтылып өткен жұп-plicavestibularis. Қатпарлардың бос жиектері кіреберістің саңылауын, rimavestibuli, шектейді. Төменгі қатпар, дауыс қатпары, plicavocalis, онда дауыс байламы, lig. vocale және дауыс бұлшықеттері, m.vocalis, болады. Plicavestibularis пен vocalis арасындағы ойыс көмей қарыншасы, ventriculuslaryngis (Морганьи), деп аталады. Екі plicavocales арасында дауыс саңылауы, rimaglottidis, түзіледі. Бұл саңылау- көмей қуысының ең тар бөлігі. Онда байламдар арасында орналасқан, жарғақаралықбөлік, parsintermembranacea,деп аталатын алдыңғы үлкен бөлімді және ожаутәрізді шеміршектердің дауыс өсінділері, арасында орналасқан артқы, кіші шеміршекаралық бөлікті, parsintercartilaginea, ажыратады. Көмейдің төменгі кеңейген дауысасты бөлімі, cavitasinfraglottica, төмен қарай тарылып, кеңірдеккеайналады.
Достарыңызбен бөлісу: |