Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


Қарындағы астың қорытылуы. Қарын



бет66/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Қарындағы астың қорытылуы. Қарындегеніміз-ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен түрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиадеп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл қарын күмбезі,қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпақша)деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустікбөлікболып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын түйығі;і, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесідеп аталады.
Қарын құрсақ куысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-карын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі - шырышты, ортаңғы - бірыңғай салалы ет, сыртқы - серозды қабаттан тұрады.
Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан (жәй түтік бездер). Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар. Негізгі гландулоциттер сөл фер-менттерін (пепсиноген), айнала қоршалған гландулоциттер түз қышқ-ылын, қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шығарады. Осы жа-сушаларданбөлінген заттар қарын сөлінің қүрамына кіреді. Қарын-ның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі. Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6-8 сағат) оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.
Пилоруссфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қала-ды, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан кел-ген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылу-ына қарындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалық қысым, химустың қышқылдық дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарын-дағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилоруссфинктері көпке дейін (химусизотоникалы болғанша) босамайды. Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қышқыл күйінде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреози-мин бөлінеді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ үйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте рНжоға-рылап, пилорустың ашылуын тездетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет