Кенжесіндей құдайдың
Болды нағыз ерке (К. Әмірбек, 41 б.).
Берілген мысалда «құдайдың кенже ұлындай» – құдайдың өзі мұра еткендей [44, 357 б.] деген мағынада. Бұл жерде де инверсия, компоненттер арасына сөз сыналту, эллипсис амалдары қолданылған.
«Еті өсіп көзінің»
Деген сөзде – масқара ой (К. Әмірбек, 47 б.).
Мұндағы инверсияланған фразеологиялық оралым ҚТФС-да «көзінің еті өсті» – көкірек керді, менменсіді,ешкімді менсінбеді, өзімшілдікке салынды деген мағынада айтылады [44, 264 б.].
Өртеніп алған ашумен атынан әп-сәтте аударып тастаған айдары бір кез қалмаққа көз салуға да мұрша таппай, ессіз ыза-намыспен алға қарай ұмтылады (Ж. Ахмади, 15 б.). Инверсияға ұшыраған өртеніп алған ашумен тіркесінің қалыпты қолданыстағы түрі «ашуға өртену» – қатты ашуға булығу, жындану деген мағынаны білдіреді.
«Қытығы жоқ бетінің»
Деген сөзде – масқара ой (К. Әмірбек, 48 б.).
Бетінің қытығы жоқ узуал тіркесінің мағынасы беті қалың, арсыз адам туралы айтады. Осы тіркес инверсия тәсіліне ұшырап қытығы жоқ бетінің деп өзгерген, бірақ тіркес құрамындағы сөздердің орындары ауысқанымен мағынасы сол күйінде қалған.
Р. Мұқанованың мақаласын оқи бастағанында-ақ бір ызаның ызғары сезілді. Оқып шыққанымда пендешіліктің «портреті» тұрды көз алдымда (Ж. Сабыржанұлы, 238 б.). «Көз алдында тұрды» – ойына алды, ойша елестетті [44, 252 б.] мағынасын береді. Инверсияланған тіркес алдына пендешілік портреті тіркесін қосу арқылы эмотивті мән үстейтін ОФТ-сы жасалып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |