Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021



бет4/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
▪ Салаласқан тіркес – толық мағыналы екі сөздің тең дәрежелік байланыстан пайда болатын нәтиже;
▪ Салаласқан тіркес сыңарлары өзара интонация және орын тәртібі амалы арқылы байланысқа түседі;
▪ Салаласқан тіркестің жасалуына түрлі қосымшалардың қызметі мен жекелеген сөз таптарының әсері болады;
▪ Салаласқан тіркестің өзіндік белгілері оларды ұқсас тілдік тіркестермен байланыстыра, сонымен бірге ажырата қарауды қалайды;
▪ Салаласқан тіркестің өзіне тән мағыналық топтары бар.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы. Диплом жұмысы қазақ тіл білімі синтаксисінің теориясын толықтыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, салаласқан тіркеске қатысты құрамдық қызметінің бекітіліп, мағыналық қатынастарын анықтау жағы синтаксистің басқа бірліктерін айқындауға көмектеседі. Олардың жасалуындағы жұрнақ-жалғаулардың қызметін байыптау морфологиялық құрылымға қатысты да ой-тұжырымдарды түгендеуге әкеледі. Ал синтаксистік құрал қызметін көрсететін интонация мен орын тәртібі амалы осы бағыттағы зерттеулерге бағыт болады деп сенеміз. Сонымен қатар диплом жұмысының нәтижесі боларлық тұжырымдар синтаксистің жеке саласы – сөзтұлға синтаксисін барынша тиянақтауға алып келеді.
Дипломдық жұмыстың практикалық мәні. Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы аталған тақырыпқа, болмаса жалпы синтаксистік тіркестерге қатысты сөздік түзу ісі жағынан танылады. Сонымен қатар белгілі бір көркем шығарманың тіркес жиілігін анықтайтындай, жинақтайтындай еңбек жазуда пайдалануға болады деп білеміз. Еңбектің тағы бір практикалық құндылығы сол, аталған тақырыпқа қатысты ашық сабақ өткізу, әдістемелік құрал жазу сияқты еңбектерге көшбасшы болады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысындағы басты-басты тұжырымдарды екі тарау арқылы беруге болатынына көзіміз жетті. Әрі ол тараулар бір-бірімен тығыз байланысты негізде өрбіп отырды. Алғашқы тарау тақырыптың синтаксистену үдерісін сипаттай алды да, екінші тарау тақырыптың әдістемелік жағын түгендеді.
Жұмыс талабын қанағаттандыратын кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі де анық сақталған. Кіріспе бөлім дипломдық жұмыстың ғылыми негізін, яғни көкейтестілігі мен жаңалық дәрежесін, мақсат-міндеттері мен нысанын, теориялық негізі мен практикалық мәнін айқындаса, қорытынды бөлім жалпы тақырыпқа қатысты тұжырымды жинақтады. Ал пайдаланылған әдебиеттер жұмыстың жан-жақты, әрі әртарапты болуын ойластырды. Мұнда елуге тарта ғылыми жұмыс оқылып, бағыт-бағдар болды, ал оның отызына нақты сілтемелер жасалды. Сондай-ақ, мысалдық деректер Ш.Айтматовтың «Қызыл алма» және «Жәмилә» атты кітаптарындағы әңгімелер мен повесттерден терілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет