Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021


Дипломдық жұмысты зерттеудің әдістері



бет3/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы

Дипломдық жұмысты зерттеудің әдістері. Жұмыс ғылыми әдістің бірі ретінде түсіндіру әдісі мен талдау әдісін негізгі деп санауға жетелейцді. Түсіндіру әдісі ғылыми бағыттағы дәлелдемелерді анықтау мақсатында қолданылса, талдау әдісі көркем шығармалардан алынған мысалдарды жеткізуде қолданылады. Сонымен қатар салаласқан тіркестерге қатысты жинақтау әдісінің рөлі зор болды. Тақырыпқа қатысты мағыналық топтау әдісі де алғаш рет қолданылып отыр. Оқыту әдістемесіндегі сұрақ-жауап, талдау-жинақтау әдістерінің де тақырыпты ашуда көмегі көп болды деп білеміз.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны – қазақ тіл білімінде танылған салаласқан тіркестер мәселесі. Оның жалпы грамматика салаларында танылып, синтаксистік ілімде айқындалатын бірлік екенін дәлелдеу болды. Екіншіден, салаласқан тіркестердің жасалуындағы сөз таптары мен синтаксистік байланыстыру жайы ұсынылып, оның оқытылу үдерісіндегі ерекшеліктер дипломдық жұмыста басты нысан ретінде қарастырылып отыр. Бұл жұмыс нысанының үшінші бөлігін байқатады. Төртіншіден, дипломдық жұмыста айтылған теориялық тұжырымдарды нақты дәйектеу мақсатында Ш.Айтматовтың шығармалары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ тіл біліміндегі салаласқан тіркестердің қарастырылуы орташа деңгейде. Аталған бірлікті синтаксистік бірлік ретінде таныту кешірек болды, әрі синтаксист ғалымдардың барлығы бір терминдік атауды орнықтыра алмады. Салаласқан тіркес деп атау, тану ғалымдар К.Аханов, Р.Әмір, С.Исаев тарапынан орын алды. Ал оның синтаксистің жеке саласы – сөзтұлға синтаксисінің бірлігі екендігі мүлдем айқындалмады. Сондай-ақ, бұл мәселенің грамматика салаларының басқа түрлерінде қарастырылғандығы назардан тыс қалып келді. Біздің байқауымызда, салаласудың көрінісі морфология (А.Ысқақов) мен сөзжасам (Ә.Қайдари) ілімдерінде кездесіп отырған. Және ондағы ғылыми тұжырымдар аса көңіл аударуды қалайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл біліміндегі синтаксистік бірліктер мәселесі әлі де болса көп жылға азық болады. Себебі оның барлық бірліктері танылып болды деу, сыпайылап айтқанда, басы артық тұжырым болып саналады. Себебі синтаксистену үдерісі енді басталды. Күні бүгінге дейін сөз тіркесінің жеке сыңары немесе сөйлем мүшесі қызметінде жеке сөздер жұмсалады деп келсек, қазір оның шындықтан алыс екенін байқай бастадық. Мұндай қызметте тек қана жеке сөздер емес, сондай-ақ сөздер тіркесімінен болатын басқа да бірліктер жұмсалады екен. Соның бірі – салаласқан тіркестер.
Дипломдық жұмыс барысында аталған тілдік бірлік жан-жақты сипатталды. Ең алдымен, салаласқан тіркестің өзіне тән белгілері жинақталады. Өз тарапымыздан мұндай өлшем-белгінің үш топқа жіктелетінін анықтадық. Олар: а) сыңардағы толық мағыналылық; ә) сыңарлар байланысындағы интонациялық амал мен жалғаулық шылау қызметі; б) сыңарлардың алмасуындағы еркіндік.
Екіншіден, салаласқан тіркестер белгілі бір жасалу жолын игереді. Біріншісі – тілдік жұрнақ-жалғаулар; екіншісі – жекелеген сөз таптары.
Үшіншіден, салаласқан тіркестер құрамын екіге бөлуге болады: а) кемі екі сыңарлы; ә) көп сыңарлы.
Төртіншіден, салаласқан тіркестер мағыналық топқа жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет