Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Үшбұрыштарды шешу" тақырыбын зерттеуде интерактивті әдістерді қолдану Орындаған: Тексерген



бет3/16
Дата30.08.2022
өлшемі1,81 Mb.
#148335
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2022 2022 УШБУРЫШ

Дипломдық жұмыстың мақсаты: "Үшбұрыштарды шешу" тақырыбын зерттеуде интерактивті әдістерді қолдануды тереңірек зерттеу.
Зерттеу гипотезасы: Оқушылардың «үшбұрыштарды шешу» тақырыбына қатысты дағдыларын дамыту оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы тиімдірек жүзеге асады деп ойлаймын, егер: балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып; жаңғырту әрекеті оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, жаңғыртуға, өзгерген жағдайда білімді қолдану әдістерін меңгеруге ұмтылуымен сипатталатын болса; оқушының шығармашылық әрекеті оның білімді теориялық түсінуге ұмтылуын, мәселелердің шешімін өз бетінше іздеуін білдірсе; мұғалім мектеп оқушыларын дамыту мен тәрбиелеу үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың маңыздылығын түсінсе, интерактивті оқыту әдістерін педагогикалық үдеріске енгізу технологиясын меңгеріп, оларға бағыт-бағдар берсе.
Зерттеу объектісі – оқытудың интерактивті әдістері.
Зерттеу пәні – геометрия.
Зерттеу міндеттері:
-мектептегі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде интерактивті оқыту әдістерін қолдану мәселесінің жағдайын талдау;
-«Үшбұрыштарды шешу» тақырыбы бойынша интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы мектеп оқушыларының білімін арттырудың тиімділігін арттыру шарттарын анықтау;
-мектептегі интерактивті оқыту технологиясын біртұтас педагогикалық үдеріске қосу арқылы эксперименталды түрде тексеру.
Бұл жұмысты жазу кезінде біз келесі зерттеу әдістерін қолдандық:
-Теориялық (зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау және жалпылау).
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі: ҚР жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту әдістемесі.
Жұмыстың практикалық құндылығы оның болашақ педагог мамандардың жұмысында пайдалануына болатындығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет