Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы



бет10/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
Қорытынды
Қазіргідей ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қкарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалуда. Соңғы жылдары адам баласының өз мекен ортасына бұрын-соңды болмаған іс-әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз нәтижелерін сезінуде.
Табиғат пен адам қосарлы сөздердің үлкен мәні бар. Себебі оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам тіршілігіне әсері, адам тіршілігінің табиғатқа әсері. Табиғатта болып жатқан өзгерістердің көбі адам қолынан жасалады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін келеңсіз жақтары да бар. Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес деген сөздің растығына көз жеткізгендей боласыз. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеледі.
Адам мен табиғаттың күрделі байланысын, олардың қарым-қатынасарын ашуда, бейнелеп көрсетуде көркем әдебиеттің атқарар рөлі орасан зор. Әдебиетіміздегі бұл тақырыпқа жазылған шығармалар адамның қоршаған ортаға деген жаңаша психологиялық көзқарасын қалыптастырудың қажетігі туып отырғандығын көрсетеді.
Табиғаттың әсем көріністері арқылы адамзат бойында адамгершілік қасиеттер қалыпасатыны туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде де көп көңіл бөлінген. Мысалыға, қазақ халқының ғұлама ағартушысы Абай өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Қазіргі әдеби процесте өзөектілігі күн санап артып отырған бұл мәселенің зерттелуіне әрбір жазушы өзіндік үлесін қосуы керек деп ойлаймыз. Бұл тақырыпты дамытуда жазушы М.Әуезовтің қосқан үлесі айтарлықтай үлкен екені белгілі. Адам мен табиғат мәселесін, жанды және жансыз табиғатты суреттеп, пейзажды беру арқылы әлемдік әдебиетке өзіндік үлесін қосқан жазушы нағыз шебер ретінде танылады. Оның шығармаларында берілген әрбір табиғат суреті терең мағына, үлкен сезім береді, шығарманың идеясын, кейіпкердің образын ашуда үлкен қызмет атқарады.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында М.Әуезовтің «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Оқыған азамат», «Жетім», «Қорғансыздың күні» сияқты ертеректе жазылған повестеріндегі пейзаждың көркемдік қызметін көрсетуге тырыстық. Бұл шығармаларда табиғат суреттері автордың ойын айқын көрсетуге көмектесе отырып, өз мақсатына жетеді. Шығармада оқиғаның дамуына байланысты пейзаж да мың құбылып отырады.
«Қараш-қараш оқиғасы» повесінде табиғат суреті оқиғаның дамуына, өрбуіне қажетті фон ретінде алынып, кейіпкердің жанымен, ішкі сезімімен астарласып психологиялық параллелизм түрінде берілсе, «Көксеректе» пейзаж философиялық, психологиялық мәнге ие бола отырып күрделене түседі. Шығармада адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық суреттеле отырып, олардың бір-біріне тәуелділігі баса көрсетіледі. Жазушы адам мен табиғат қарым-қатынастарын суреттеуде қасқырды табиғат өкілі ретінде алады. Көксерек арқылы табиғаттың адамға деген көзқарасының қандай дәрежеде екенін жеткізеді. Қасқырға адамша ойлау қасиетін бере отырып, сезімін, түйсігін нанымды суреттейді. «Көксеректе» жазушы тірі табиғатты ала отырып, оған символдық, философиялық мән береді. Бұл шығармада табиғаттың бірігуі адам образын тереңірек ашуға көмектеседі. Пейзаж мұнда шығарманың композициясымен тұтасып кетеді де, ортақ идеясын толғайды. Яғни, оның көркем қабатына енеді де, ажырамас тұтастықты құрайды.
Көксерек шығармада өзіндік кейіпкер ретінде көрінеді. Сол арқылы адам мінез-құлқының, іс-әрекетінің көп қырлары беріледі. Шығармадағы табиғат суретінің көркемдік қызметі де осында.
«Көксеректе» жанды табиғат алына отырып үлкен философиялық, символдық мәнге ие болса, жазушының «Қаралы сұлу», «Барымта» повестерінде табиғат суреті белгілі бір мөлшерде оқиға алаңы ретінде алынады. Бұл шығармада пейзаж кейіпкердің жан-дүниесімен психологиялық праллелизм түрінде беріле отырып, оқиғаның өрбуіне көмектеседі. Яғни мұнда табиғат суреті мен кейіпкерлердің сезімі қос бұрымдай қатар өріліп жатады. Бұл пейзаждың көркемдік қызметінің тағы бір қыры.
Жазушының шығармашылығында табиғат кейіпкерлердің мінез-құлқын, болмысын ашу құралы ретінде қызмет етеді. Пейзаж кейіпкердің жанындағы күйімен үндестікте немесе қайшылықта көрінеді. Мұнда кейіпкер психологиясымен астастырып беру арқылы өмірді қоғамдық даму процестерімен түйіндестіре бекіте түседі. Осы суреттер арқылы жазушы қаншама өмір шындығын сиғызған. Жазушы жасаған суреттер бір ғана мақсатқа адам образын жасауға қызмет етіп отыр. М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу» т.б. әңгіме-повестерінде табиғатқа мейлінше орын берілген. «Жетімде» қазақ ауылының ескі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салты беріліп, «Оқыған азаматта» қазақтың қыз-жігіттерінің мінездері табиғатпен, айнала көріністермен байланысты көрсетіледі.
Тұтас халықтың дәстүрін, болмыс-бітімін көрсету оны қоршаған ортасыз, жер-су ерекшелігінсіз жүзеге асыру қиын. Бұл орайда М. Әуезов өзінің «Абай жолы» эопеясында туған жердің толық бітімін, көрінісін тамаша суреттей білген. Ұлы жазушының қай туындысын алып қарасаңыз, дала суретін, пейзаж болмысын түнерген аспан ба, жөңкілген бұлт па, домаланған қаңбақ па, сыбдырлаған жел ме, шабыт қиялына еркіндік беріп кеңінен толғайды, құлашты кеңге сермейді. Табиғатта мынау қалай болды деуге болмайды, бәрі де кездеседі. Жазушының қырағы көзі қарапайым табиғат құбылысының ар жағындағы өзге адам аңғара бермейтін терең сырын қапы жібермеген. Эопеяның төрт кітабының өн бойында көрікті көктемнің, апта ыстықтың, жадау күздің, қаһарлы қыстың бар мінезі адам болмысымен ұштастырылып берілген.
Көркем сөздің үздік шебері, жазушы М.Пришвин: «Пейзажем называется совокупность животных, растений, камней и всяких других составных частей природы, отнесенных к личности человека...
Во всяком интимном пейзаже движется сам человек» деп жазған болатын. М.Әуезов шығармаларында да пейзаж осындай әр қырынан алынады.
Біз ең алдымен табиғат перзенті екенімізді, қоршаған ортаға тигізетін зәредей зардап өзімізге сан еселей қайтатынын әлі толықтай санаға сіңіре қоймаған секілдіміз. Сондықтан да бұл тақырыпты тоқыратпай, күн тәртібінен түсірмей толыққанды туындылар беріп көтере беру – қазақ жазушыларының түбегейлі де, маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет