Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы



бет4/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
Зерттеудің негізгі мақсаты: М.Әуезовтей ұлы суреткердің шығармасындағы адам және табиғат қарым-қатынасы проблемасының көркемдік шешім табуы жайын ғылыми тұрғыдан талдап – таразылау. Осыған байланысты зерттеуде мынадай мәселелерді қарастырдық:
- қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған адам мен табиғат қарым-қатынасының көркем әдебиеттегі көрінісі мен қызметін анықтау;
- әдебиетімізде осы үлгінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан М. Әуезовтің алғашқы кезең повестерінде табиғат суретін қолдану ерекшеліктерін көрсету;
-«Абай жолы» роман-эпопеясындағы пейзаждың ролі.
Диссертацияның методологиялық және теориялық негізі. Диссертацияның методологиялық және теориялық негізіне әдебиет зерттеушілері мен сыншылардың теориялық еңбектері мен сын мақалалары пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде М. Әуезов шығармаларындағы адам мен табиғат мәселесінің әлеуметтік гуманистік, адамгершілік тенденцияларына көңіл бөлінуін айтуға болады. Зерттеуде экология туралы әдебиетте табиғат бұрынғыдай елеусіз нәрсе емес, ол ұлттық характер, әлеуметтік қатынастар мен адамгершілік идеалдар қалыптасатын орта екендігіне баса назар аударылады.
Диссертацияның құрылысы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.Әдебиеттегі адам мен табиғат концепциясы М. Әуезов повестері мен «Абай жолы» эпопеясы негізінде қарастырылады. Бірінші тарауда эколгиялық проблемалардың көркем әдебиеттегі көрініс табуын қарастырдық. Екінші тарауда М. Әуезовтің әдебиетке әкелген жаңалығы, оның ертеректе жазылған «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу» повестеріндегі адам мен табиғат арасындағы қайшылық пен үндестік мәселелеріне тоқталдық. Екінші тарауда «Абай жолы» эпопеясында пейзаждың атқаратын роліне тоқталдық.

1.1 Экологиялық проблеманың көркем шығармадағы көрінісі
Экологиялық сарын басты орын алатын көркем шығармаларда, негізінен, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамдардың табиғатқа деген махаббаты, адамзаттың құртып-жою әрекетінен қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелер сөз болады.
Экология – бұл табиғат туралы, ең алдымен табиғатты қорғау, адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы ғылым деп түсінеміз. Ал экологиялық проблемалар көркем әдебиетте табиғат тақырыбының негізгі өзегі болып көрініс табады. ХІХ ғасырдан бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тақырыбы дәстүрлі әдеби ағым ретінде қалыптасты. Ол тек адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылықты көрсетіп қана қоймай, адамгершілік сана, ұрпақ байланысы, ауыл өмірі, тарих пен тағдыр сияқты және тағы басқа көптеген мәселелерді қозғай бастады.
Атақты ғалым Ш. Уәлиханов та кезінде адам мен табиғаттың ара қатынасына сипаттама бере отырып, табиғат құбылысы арқылы дүние сырын, тұрмыс мәнін, қала берді, адамның өміріндегі орнын, оның өткені мен бүгінгісін, болашағын тану ізденістерінің басталғанын жете түсіндірген болатын /1.198-200/. Бұл табиғатқа тоқталған жазушыларымызда өз шығармаларындағы табиғат құбылыстары арқылы оның жайынан оқырманды хабардар етуді мақсат етсе керек. Мысалы: С. Залыгин өз еңбегінде: «Бүгінгі таңдағы табиғаттың пана табатын жалғыз – ақ ұясы бар, ол-сіздің санаңыз. Біз миллиондаған адамның санасына сондай ұя салып, табиғат деген – біз, біз дегеніміз – табиғат екендігіне сендіріуіміз керек» – деп өте орынды айтқан /2. 172/, қалың қауымның санасын оятпайынша, әміршілдік-әкімшілік шаралармен «табиғатты қорғай алмайтынымыз» белгілі. Табиғатты тұтыну көзі деп қомағайлықпен пайдаланатынымыз сондай, тіпті ежелгі грек мемлекетінің тұсынан бастап шыққан табиғатты қорғау туралы заңдармен күні бүгін қабылданып жатқан үкіметтің қаулы-қарарының табиғат тағдырына шарапатын тигізіп жатқаны шамалы. Осы мәселені қоғамдық санаға жеткізуіге алғаш қадам жасаған әдебиет болды. Әдебиеттің қоғамдық саланы және оның бір бөлігі экологиялық саланы қалыптасқандағы ролі бүгінгі таңда арта түсуде.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа арналған шығармашылық ізденістердің ортақ тақырып ретінде өрлеу дәуірі де, тоқырау кезеңі де болды. Кейбір зерттеулер бұл тақырыптар Л. Леоновтың «Орыс орманы» романына және А. Довженконың «Тамылжыған Россия» мен «Теңіз туралы» дастанынан бастап өнер өзегіне айналды деп есептейді. Кейінен бұл бағытты «ауыл прозасының» өкілдері жалғастырды. Экологиялық жағдайдың нашарлауы мен табиғи байлықты сақтау мәселесін көтерген Л. Леоновтың шығармасынан кейін О. Гончардың, Ш. Айтматовтың, Г. Троепольскийдің, Б. Васильевтің және т.б. шығармалары дүниеге келді. Әсіресе «Сібір прозасының өкілдері» деп аталып жүрген В. Астасьевтің «Патша - балығында», С. Залыгиннің «Комиссиясында», В. Распутиннің «Матерамен қоштасуында», Н. Скалонның «Тірі ақшасында» бұл тақырып өз жалғасын тапты.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас жөнінде қалам тербеген жазушының барлығы да өз шығармашылығына айналамыздағы табиғат сұлулығының күн сайын солғынданып бара жатқаның арқау ете отырып, табиғат байлығын тонаушылықты «қауіп» деп түсініп, оған адамның жасампаздық мүмкіндігін, рухының күштілігін қарсы айтып, тұтынушылық көзқарасты айыптайды.
Ұзақ уақыт бойы табиғатқа тамсана, тандана таңдай қағу ағымы ақыры өршіл «сарыншылдыққа» (романтизмге), әсерлеуге (идеализация) ұласып, содан кейін барып табиғатқа төнген қатер туралы «түсіну кезеңі» басталды.
ХХ ғасырдың ортасына қарай, табиғатты бағындыру нысанасы (идеясы) зорлап бағындыруға ұласқан сәтте, табиғаттың да жасырын қарсылығы байқала бастады. Бұл туралы белгілі жазушы табиғат жанашыры С. Залыгин адамдар «қарсы құбылыстарға кездесіп қалды» деп жазған болатын. Қазіргі прозадағы өмірдегі табиғи жаратылыстың бастауы туралы ойлар осындай қарама-қайшылықтар байқалған кезде пайда болды да, оны көркем пайымдау арқылы шешуге тырысты. Жазушылар табиғатқа үлкен мән беріп, оны жаңа қырынан көрсетуге тырысты. Соның нәтижесінде табиғатты сырттай бақылаудан, қызықтаудан бас тартып, оның «ішкі дүниесіне» үңілуге ұмтылды. Саланы саралау барысында этикалық философиялық әлеуметтік жаңа көзқарастар қалыптасты. Сөйтіп, жазушылар өз шығармалары арқылы табиғат әлемі қандай жаңа қырларымен көзге түседі деген сауалға жауап іздейді. Бұл мәселе әр жазушының шығармашылығында әртүрлі деңгейде көрсетілді.
Жалпы әдебиетте пейзаждың атқаратын көркемдік қызметі әр алуан. К. Паустовский: «Пейзаж должен существовать в прозе как герой, а не только фон вещи, иначе будет плоскостным» /3, 138/ деп жазады. Шығармадағы пейзаждың көркемдік қызметінің осындай бір қырын М. Әуезовтің «Көксерек» повесінен көруге болады.
«Көксерек» қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы қарым-қатынасқа арналған, романтикалық рухта жазылған шығарма. Қазіргі шығармалардың көпшілігінде кездесетін «құрып бара жатыр, суалып бара жатыр» деп дабыл қағу болмағанымен де «Көксеректе» бірінші қатарға адамгершілік, қайырымдылық табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылық көркем шығармалардың ілхамына айналған.
Бұл шығарма туралы А. Нұрқатов: «М. Әуезовтің алғашқы кездегі туындылары ішінен оның суреткерлік құдіретін қапысыз танытқан шығармаларының бірі – «Көксерек». Тілінің ғажайып көркемдігі мен қисапсыз молдығы, әсіресе бейнелік қуаты жағынан бұл повесті жазушының тек кейін кемеліне келген кезінде жазған шығармаларымен ғана салыстыруға болады» десе /4, 140/, орыс жазушысы А. Брагин: «Серый Лютий» –превосходная новелла. Кому еще удалось острым взглядом степняка так внимательно подсмотреть волчьи повадки и достоверно их передать? Чехову в «Белоголовом?Джеку Лондону? Ауезов писал после них и достойно выдержал соревнование. Читая «Серого Лютого», я представляю Мухтара не в кабинете, а в степи» – деп жоғары бағалайды. /5/.
А.Тайжановтың: «Сезім – адам санасының саңылауы ол адамның өзінің басқа адамдарға, өзін қоршаған айналасындағы дүниеге – табиғат жаратылысына қатынасын білдіретін және оны бейнелейтін психикалық процесс. Сезімдер мазмұн жағынан сан алуан түрге бөленеді. Адамның табиғатына тән түрлі сезімдерінің ішінен жазушының айрықша бөліп көрсететіні – кейіпкерлерінің жан шындығы, жан диалектикасы» /6, 178/ дегенін ескерсек, хайуанның сезімін беру, соны адамға жеткізу қаншалықты таланттылықты, шеберлікті қажет ететіні айтпай-ақ түсінікті. Жазушы табиғат туралы ойлай отырып, алдымен адамның табиғатқа қарым-қатынасын көрсетеді, сосын табиғатты жандандыра отырып, онымен адамды салыстырады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы көркем шығармадағы пейзаждың берілу шеберліктерін зерттеу барысында біршама жетістіктерге жетті деуге болады. Алдыңғы қатарлы әдебиет зерттеушілері, ғалымдар жазушылар мен өнер қайраткерлерінің, соның ішінде олардың пейзажды беру шеберліктерін талдаған бірнеше зерттеу еңбектер жарияланды. М.Әуезовтің шығармашылығын зерттей келе А.Нұрқатов жазушының өнері мен шығармашылығы ерекшеліктеріне толық тоқталып өтсе, З.Ахметов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдоловтар теориялық талдаулар жасайды. М.Қаратаев, С. Қарабаев, Е.Муднова, Р.Бердібаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғалиев, Ш.Елукенов, Ә. Байтанаев, П.Майтанов, М.Әдібаевтар поэтикалық шыншылдығы, тіл шеберлігі, сөз қолданудағы жетістіктері мен көркемдеуші құралдарды пайдаланудағы ерекшеліктерін сөз етеді. Мәселен, М.Әуезовтің көркемсөз өнеріне қосқан үлесін жаңалығын айтады да, соның бірі ретінде М. Әуезов шығармаларындағы табиғат суреттері туралы салмақты ойлар айтады.
Әдебиетіміздегі экологиялық мәселені алғаш көтерген М. Әуезов шығармаларын кейін Ғ. Мүсірепов («Өмір жорығы», «Қыран жыры»), Т. Әлімқұловтың («Текті қасқыр»), Ә. Кекілбаев («Бәйгеторы»), М. Мағауин («Тазының өлімі»), С. Санбаев («Аруана»), О. Бөкеев («Бура», «Кербұғы»), М. Сқақбаевтардың «Кезек дүние» шығармаларында бұл тақырып өз жалғастығын тапты.
Қазақ әдебиетіндегі табиғат пен адам арасындағы байланысты көтерген шығармалардың зерттеулеріне келсек, бұл әлі ашылмаған тақырып.
Соңғы жылдары әдебиеттерде адам мен табиғат байланысын, қарым-қатынасын суреттеген шығармалардың көбейе бастағанына қарамастан, бұл тақырыптағы әдеби-сын мақалалардың өзі сирек.
Табиғат туралы сөз ету – адамның әлемдігі, қоғамдағы алар орны туралы сөз ету дегенді білдіреді. Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері табиғаттың тылсым күші кім-кімді де таң қалдырған, толғандырған, табындырған. Бұл заңды. Себебі судың да сурауы бар демекші, сұраусыз ештеңе болмақ емес. Олай болса, адам мен табиғат арасындағы үндестік пен қайшылық мәңгілік тақырып екені даусыз. В. А. Лось: «Во все времена взаимоотношения между человеком и природой являлись одним из важнейших факторов, определяющих статус цивилизации на временном векторе истории человечества, уровень развития научного знания, духовный климат эпохи» /7, 135/ деп жазған еді.
М. Әуезовтей суреткер қалдырған мұралардың барлығын жан-жақты түбегейлі зерттелді деуге болмайды. Оның шығармашылық шеберлігінің сан қырлы иірім, құпиялары әлі ашылған жоқ.

2. М. Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы


Әр халықтың төл әдебиетінде өзінің өмірлік тәжірибесінің молдығымен, ұланғайыр білімімен, үздік жазушылық талант–шеберлігімен, дарындылығымен ерекше танылып, топ жарып алға шығатын қалам қайраткерлері болады. Олар өздерінің осындай ерекшеліктерімен өз оқырманының халқының сүйіспеншілігіне бөленеді, әдебиеттің дамуына бағыт беріп, өз үлесін қосып, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай мұра қалдырады, әдеби процестің ұйтқысына айналады. Мұндай ұлылардың есімі дүниежүзілік мәдениетпен өз халқының әдебиетінің байланысына себепкер болады. /8. 17/.


Қазақ әдебиетіндегі осындай ғұламалардың бірі – М. О. Әуезов. Жазушы шығармалары мейлі халықтың өткен дәуіріндегі тарихына арналсын, мейлі осы заман тақырыптарын арқау етсін әрдайым суреткерлік парасатымен, талант – дарынының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түседі. Ол өзінің жазу үлгісімен де, шындықты бейнелеу жолындағы ізденістерімен де қазақ әдебиетінде жаңа жол бастады. Оның ұлылығы да осында.
М. Әуезовтің көркемдік – шығармашылық мұрасы өз әдебиетімізде ғана емес, бүкіл кеңес, тіпті әлемдік әдебиетте өз алдына жеке құбылыс ретінде бағаланады. Жазушы шығармаларының әлемдік әдебиетте осылай жоғары бағалануы оның жаңашылдығына байланысты. Ол Шығыс пен Батыс Европа мен Азия әдебиетінің классикалық дәстүрін үйрене отырып өзіміздің төл әдебиетіміздің алға басуына үлкен үлес қосты. Ол өзіне дейінгі және өз тұсындағы әдебиеттің озық үлгілеріне әбден қанықты, кейінгілерге мирас етіп қалдырды. Жазушының осындай әдебиетімізге алып келген жаңалықтарының – бірі - көркем шығармадағы адам мен табиғат тақырыбы, яғни, адам мен табиғат арасындағы үндестік пен қайшылық.
Адам мен табиғат жалпы адамзаттық мәні бар мәңгілік философиялық тақырып. Адам мен табиғат тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді десе де болады. Адамдарды тек қоғам ғана емес, табиғат та байланыстырады. Сондықтан да оның әдебиеттегі алатын орны ерекше. Бұл әлем жазушылары шығармаларына арқау болған мәселе.
Жалпы әдебиетте пейзажды табиғаттың әсем суретін, бояуларын жан-жақты суреттейтін шығармалардың көп екені белгілі. Тіпті онсыз шығарма болмайды десек те болады.
Пейзаждың қазақ әдебиетіндегі реалистік көріністері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев бастаған бірегей жаңа өзгерістермен бірге келді. Табиғат суреттері алдыңғы қатарлы әдебиет көшін бастаушы А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев шығармаларында да көрініс тапты. Қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларында пейзаждық суреттердің неше түрлі әдемі үлгілері кездесіп отырады. Қазіргі жазушыларымызда бұл суреттер бірінде көбірек, бірінде азырақ болса да кездеседі.
Бұл жағынан келгенде Әуезовтің орны бөлек. Ұлы қаламгер пейзаждың көркемдік шығармадағы қызметін анықтап берді. Оның шығармашылығындағы табиғат суреттері сюжеттік оқиғаның уақытын, өлшемін, композициялық тұрғыдағы көркемдік жолмен кеңістік тұтастығын, шығарманың идеялық мазмұндылық астарларына қатысты образдылығын айқындайды.
Бұл туралы А. Нұрқатов: «М. Әуезов табиғат суретін беруде де өзін үлкен суретші ретінде көрсетеді. Оның шығармаларынан қазақ совет әдебиетіндегі пейзаждық классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз. М. Әуезовтің қолдануында пейзаж оқиғаның болған орны мен мерзімін дәл көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ол әрқашан адамдардың характерлерінің типтік сипаттары мен олардың өзара қатынасын мейлінше мол ашуға қызмет етеді. Табиғат суретін беру М. Әуезов үшін дара мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясына сәйкестендіріп үнемі құбылтып, құлпырта отырып қолданады. Жазушы табиғат суреттерін көбіне геройлардың ой-сезімдері, олардың түсінулері арқылы береді.
М. Әуезовтің қолдануында пейзаж пайда болғалы тұрған оқиғаға ая ретінде алынады да оқушыны соны терең түсінуіне алдын ала дайындай түседі», – дейді. /9/.
М. Әуезовтің табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан қарастырған ертеректегі шығармаларына тоқталайық. Мұндай философиялық шығармалардың бір ерекшелігі – жануарлар әлемі өкілінің адамдармен қатар, тең дәрежеде көрінді. Яғни, олардың ішкі жан-дүниесі, психологиясы арқылы сыртқы дүниеге, адамға деген көзқарастарын, түсінігін беруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет