Диссертация м. О.ӘУезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы


М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері



бет8/11
Дата20.01.2023
өлшемі331 Kb.
#165983
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сатып алған дис пейзаж
Әмірбаева Шолпан, резюме.
2.4 М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері
М.Әуезов шығармаларының қай-қайсысында да қазақ даласының көктемі мен жазы, боранды қысы, жауынды-шашынды күзі оның қай шығармасында болсын мейлінше шешімін табады. Сөйтіп қандай кез, қандай жағдайда да оқиғаның өрлеу, шарықтау барысына қарай қиюын таба пайдаланып отырады. Оларды көбіне айналадағы өзге байқай бермейтін сырлы дүниелерден алады да, шығармасына тігісін білдірмей табиғи түрде ендіре біледі. Оқырман М. Әуезов шығармаларындағы әрбір көріністің тұтастығын, бірлігін сезінеді. Әуезов жаратылыс құбылыстарын кейіпкерінің басынан өткен күйініш-сүйінішін оқиға бірлігімен байланыстыра суреттегенде олардан құбылыстың тек сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі мазмұны да ашылғандай әсерге бөлейді.
Кейіпкердің ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарының қалтарыстарын адамның көңіл-күйімен сәйкес суреттеу, қатар өру Әуезовтің алғаш жазылған еңбектерінен көптеп кездеседі. Табиғатқа жан бітіріп, оның түрлі көріністерін әр қырлы мазмұнды образдармен сипаттау шеберлігі кейіпкер жан дүниесіндегі болып жатқан арпалыс пен ызғырық боранды қатар берумен-ақ оқырман назарын бірдей баурай жөнеледі.
Мысалыға алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнін» алсақ. Онда төңкерістен бұрын қазақ аулының аса аянышты кезін баян еткен. Осы әңгімедегі табиғатты беру тәсілдерінің өзінен-ақ жазушының нені айтпақ болғандығын өз болмысымен табиғи көрініс сол қалпында аңғарылып жатады. Жазушы алдымен «Семей қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар» /24, 67/, – деп тауды суреттеуден бастайды. «Даланың көңілсіз ұзақ жолында келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанымен, елсіз кереге сықылды жалғыз тау», - дей отырып, жердің көрінісі ретінде таныстырып алады да қыс күнінің өзгеше суретті бейнесі арқылы елестетеді. Одан әрі жыл сайын қыс басынан қарлы болып, панасы жоқ болғандықтан малға жайсыз, елге қиын жайшылықтың өзінде де жұттың құрығынан құтылмай таудың етегін жайлаған ел кедей болатындығын айтып өтіп кезеңінің өзі Күшікбай аталатынын ескерту үшін батырдың көп мұратына жете алмай долданып, өлгендігінен моласы тұрған биіктен боран үзілмейді деп әңгімені табиғатпен өзі айтайын деген ойына орайластыра, қабыстыра бөліп-жаруға болмайтындай етіп тұтас күйінде береді.
Мұхтар Әуезовтің пейзажды бейнелеуіне зер салсақ...
«Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сәулесінің дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық» /24, 69/, - міне, мұнда кейіпкердің көңіл-күйі, іс-әрекеті, мінез-құлықтары осыларға орай жымдастырыла беріледі. Сонымен қатар кейіпкердің ішкі дүниесі болғалы жатқан оқиғаның сипатына қарай өзгеріп, құбылып отырады. Әңгіменің көп тұсында табиғат суреті баяндалатын оқиғамен қабысып жатады да кейіпкердің ішкі дүниесіндегі психологиялық алай-дүлей толғанысына дәлме-дәл ұштасады. Осындағы көріністер төніп келе жатқан қатерді сезіндіреді. Оны жеткізуде суреткердің пейзажды орнымен пайдалану әдісі айқын аңғарылады.
Жазушы «Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірдің азапты ақ түнегіне адасып, мәңгі толас тапқандай» /24, 89/, - деп, Ғазизаның өмірден түңіліп молаға келуіне дейінгі сұрапыл боранды әсерлі жан тебірентерлік суреттермен жеткізген. Әуезов беретін табиғат көріністерін кейіпкердің ішкі жан күйзелісі мен психологиялық толғаныстарына байланыстырып алады. Жазушының шын шеберлігі адам тағдырын табиғатпен бірлікте беруінде жатыр. Әңгіме желісінде Қалтай, Ақан, жылаулы Ғазиза, қарт ана бейнесі бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктерімен дараланып, ал табиғат барлық жерде өз орнымен жетекшілік рөл атқарады.
Жазушының «Қыр суреттері» әңгімесі бастан аяқ табиғаттың сұлу суреттеріне құрылған шығарма. «Кешкі дөң басында» бөлімінде жаздың бойды сергітер жайлы, қоңыр кешінің салқын лебіне ендіреді. Бұл шақта зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп бара жатады. Жұқалаң көп бұлт қызыл сеңдей болып оның айналасын ентелей қамап тұрады. Күнбатыстан басқа жақтың пішіні сұрғылт. Алыста қара қошқыл тау да бетіне көлеңкедей әжімі жиылып, салқын пішін де түнереді дегендей кештің әдемі суреттерін жасайды. Пейзажды өтіп бара жатқан адам өміріне қарсы мәнде келтіруі көптеп кездеседі. Осы әдіс арқылы да көп сырды ұқтырады, талай оқиғаны ашады. «Қысқы түндегі» ұзақ түнді аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы келген жанды қатты жерге қаққандай болып, құлшынып тұр десе, кейде бұның бәрін тастап, Ұрысайға тығылып отырған кішкене қораның үстіне келіп ақ түтек болып ойнақ салғанын елестеді.
Соңғы үміті үзіліп, жас сәбиін өлімге беріп, мүшкіл хал кешкен қос қарияның аянышты тағдырын басқаша беру мүмкін емес. Бүкіл қайғы, зар, көз жасы төгіліп тұрған сурет. Зұлымдық пен қорлықтың небір ауыр күйіне төзе алмай, жапан түзде жалғыз келе жатқан жылаулы Рабиғаның тағдырын «ақ кебінге оранған дүние ұзақ ұйқыға батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында бағып ұйқтатып тұрғандай» болып келетін суреттердің қай-қайсысында болмасын жазушы табиғат бейнесін оқиғамен жанастырып астастырып бере білген. Әңгімеде мезгіл мен мекен қатар көрініп, оқиғаның дамуына септігін тигізген.
Жазушының бұл шығармасында табиғатты кейіпкердің жан сезіміне қатарластыра отырып, қоян қолтық араластырып жіберген. Өзінің жазбақ болған шығармасына бармас бұрын алдымен соған дайындалады, оқиға болар жердің әрбір көрінісін, жай-жағдайын білуді қолданады.
М. Әуезов табиғат құбылыстарын кейіпкер күйімен жақын байланыстырудың қас шебері. Кейде оның пейзаждары бір сөйлем, не сол сөйлем ішіндегі бір сөз арқылы да өзінің салмағын сездіре алады. «Қаралы сұлуда» алты жыл, қаралы алты жыл өтті. Әрбірі бір-бір өмірдей сарылған ұзақ. Қара жел үзілмей соққан күздің суық күніндей қуарған жүдеу жылдар... Күздің айсыз қараңғы түнінде, түн қатып жүрген жолаушы ұзақ қараңғылыққа қалай мойындап бағынса, Қаракөз де сондай мойындап, көніп болған /24, 98/, - десе, «Оқыған азаматта» Мақсұт өлген бөлменің терезесінен сорлы шешесі бұл күнді көріп, екі көзінен жасын өзендей ағызып, телміріп қадалып отырып қалды /24, 263/, - деген тәрізді адам мұңына қосылған көріністерін жиі көруге болады.
М. Әуезов табиғат құбылыстарын кейіпкер көңіл-күйімен байланыста берудің қас шебері. Мұнда кейіпкер психологиясымен астастырып беру арқылы өмірді қоғамдық даму процестерімен түйіндестіре бекіте түседі. Осы суреттер арқылы жазушы қаншама өмір шындығын сиғызған. Жазушы жасаған суреттер бір ғана мақсатқа адам образын жасауға қызмет етіп отыр. М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Барымта», «Қаралы сұлу», «Кінәмшіл бойжеткен», «Кім кінәлі» т.б. әңгіме-повестерінде табиғатқа мейлінше орын берілген. «Жетім», «Жуандық», «Ескілік көлеңкесінде» қазақ ауылының ескі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салты беріліп, «Оқыған азамат», «Үйлену», «Сөніп жануларда» қазақтың қыз-жігіттерінің мінездері табиғатпен, айнала көріністермен байланысты көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет