ІІІ. Қорытынды бөлім
-Қандай тақырыпта сөйледік?
-Айтылған өрнектерді есіңе сақтап айт.
6-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш, төртбұрыш Сабақ мақсаты: Геометриялық тапсырмаларға түрлі тапсырмалар орындату; логикалық ойлауын дамыту; ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы І.Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім
1. Сиқырлы кестеге тығылған сөзді тап және оны сыз.
2.. Тапсырманы орында. -Мысық қандай фигуралардан салынған?
- Нешеуден?
3 Тапсырманы орында. Тағы да бірнеше фигуралар сал.
4. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құрып көр, одан бір шырпыны алып тастап,төртбұрыш шығар.
5. Қатесін түзет. -Үшбұрыштың төрт бұрышы, ал төртбұрыштың үш бұрышы болады. (жоқ, ...) -Үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы болады? (5)
ІІІ. Қорытынды бөлім
7-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту компоненттері. өрнектерді салыстыру.
Сабақ мақсаты: Қосу мен азайтудың компоненттерін айыра білуге, өрнектерді құрып, салыстыра білуге жетелеу; Оқушыны өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыландыру; шығармашылыққа жетелеу.
Сабақ барысы І.Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім 1.
а
|
у
|
қ
|
т
|
н
|
р
|
ы
|
л
|
д
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Ү лгі: дуал—9218 Анар- тау- дауыл- Дана- қуат- тауық- 2. Кім шапшаң? 1-баған 2-баған 3-баған 5-1 4+0 2+2 1+3 3-2 5-3 4-3 5-2 3+2 3. Сурет бойынша теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.
*
* -
+ * + 4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан. 5. Математикалық диктант -Азайғышы 5, азайтқышы 3. Айырманың мәні нешеге тең? (5-3=2) - 4 пен 1-дің қосындысы нешеге тең? (4+1=5) -Азайғышы 4-ке, азайтқышы 2-ге тең. Айырманың мәні нешеге тең? (4-2=2) -Бірінші қосылғыш 2, екінші қосылғыш 3. Қосындының мәнін тап. (2+3=5) ІІІ. Қорытынды бөлім Қосу мен азайтудың компоненттерін қайталау. Өрнектерді салыстыру туралы білімдерін тиянақтау.
8-сабақ.Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы Сабақ мақсаты: Сурет бойынша өрнек құру арқылы қосу мен азайтудың өзара байланысын анықтай білуге жол ашу; есептеуде қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана білу дағдыландыру; мысалдар төрттігін құруға жетелеу; пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақ барысы І.Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім 1. Тапсырманы орында. Заңдылығын сақтап, сан қатарын ата және жаз. 1, 3, ... 10, 8, ...
2 . Сурет бойынша өрнек құрастыр.
І нұсқа ІІ нұсқа
3+2=5 4+1=5
2+3=5 1+4=5
5-2=3 5-1=4
5-3=2 5-4=1
-Не байқадың ? Салыстыр. –Қосындыны жазғанда қандай ережеге сүйендің?Ережесін айт. –Қосу мен азайтудың қандай байланысын байқадың?
3. Кім алғыр? 1, 2, 3 сандарынан мысалдар төрттігін құра және өрнектің мәнін тап. 1+2=3 3-2=1 2+1=3 3-1=2
4. Ойлаған санға 2-ні қостым, қосындыны 2-ге арттырдым. Қосындының мәнінен 3-ті азайттым. Айырманы 1-ге кеміттім. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешімі: х+2+2-3-1=1
1+1+3-2-2=1 ІІІ. Қорытынды бөлім -Қосудың ауыстырымдық ережесін жатқа айт. -Мысалдар төрттігін қалай құрастырамсыз?
9-сабақ.Сабақтың тақырыбы: 0 саны мен цифры Сабақ мақсаты: 0санының мағынасын жете түсінуге жол ашу; тапсырма түрлері арқылы орны мен жазылуы туралы түсініктерін қалыптастыру; Есте сақтау қабілеті арттыру; Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |