Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Пушкинге дейінгі романтизм мен реализмнің алғы шарттары



бет7/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Пушкинге дейінгі романтизм мен реализмнің алғы шарттары
Жоспар:

  • Романтизмнің орыс әдебиетіндегі көрінісі, Василий Андреевич Жуковский шығармашылығы

  • Орыс халқының рухын көркем шығармада шынайы бейнелеуге ұмтылыс жасаған қаламгер.

ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан сентименталдық ағымдар қоғамда терең сезіне алатын жаңа типтің адамдарын тәрбиеледі. Ендігі кезекте өз сезімін, өз арманы мен мақсатын ашық айта алатын Лиза сынды типтер қатары көбейді. Олар сентименталды сезім құрсағында қала алмай жаңа романтикалық танымға қарай ойысты.
Романтизм орыс әдебиетінде крепоснойлық бұғаудан азат өмірді аңсайтын, ертеңгі күнге сеніп арманмен қараған типтердің пайда болуымен қатар орын алған әдіс. Белинскийдің айтуынша: «Егер романтизм болмайынша реализм тумас еді». Алғашында ұрандатыла романтикалық көңіл-күй туып содан соң іс-әрекет туғаны тарихта аян. Романтизм әдіс ретінде қалыптасуында Жуковский мен Батюшков шығармашылығы аса маңызды орын алған.
Пушкинге дейінгі көркем әдебиет пьедесталында (жоғарғы шыңын) Жуковский (1783-1852) І орында тұрған еді. Заманының аса беделді, жаңашыл, өзгелерден көркемдік танымы басым түскен үздік ақын. Оқырман қауымды өзінің меланхолиялық романтизм үлгілеріне баули отырып, жоғарғы пафосты өлеңдерімен жүректерін жаулап алған. Жуковский шығармалары ерте жастан әдеби сынға ілініп, ғылыми қортындыалған. Сол заманда жас қаламгер төңірегінен табылатын «Арзамас» әдеби ұйымының мүшелері: Тургенев, Карамзин т.б. Өз кезінде атақты әдебиетші, сыншы Рылеев ақынның шығармаларын талдай отырып, орыс әдебиетінде романтикалық туындылар қатарының тууына түрткі болғандығын айта келіп, өлеңдеріндегі құрғақ арманшылдық пен белгісіздікке, мистицизмге ұмтылысына сын айтқан. Ал өзінің шәкірті жылдар өткенен кейін берген бағасында «Жуковский шығармаларындағы мистицизмге қарсы бола келіп, ақынның орыс романтизимінің негізін салушысы, сол кез ақындарының нәрлендірушісі», - деп бағалаған.
В.А.Жуковский бай помещик Буниннің отбасында дүниеге келген. Алайда кәрі дворянин Андрей Жуковский баланы тәрбиелеуге ниет білдіріп, жастайынан қамқор көрсеткен. Өмірінің ақырында барлық дүние-мүлкі мен фамилиясын беріп кетеді. Бала кезінен аса сезімтал, зерек болып өскен жас, сол кезде дворяндар арасындағы талай диспут кештердің куәсі болады. Қоғамдық-саяси жағдайларды құлшына тыңдап, көп жағдайда ел жағдайына қатты қынжылумен болады. Тұлға ретінде қалыптасуына, танымдық білімін арттыруға Жуковскийлер отбасының бай кітапханасы зор ықпал етсе керек. Күні бойы кітапханаға кіріп кеткен жас кеш бата шығатын болған. Батыс еуропадағы сентиментализм ағымы орыс классицистерінің шығармалары арқылы жетіп жатады. Сезімге толы жас адамның өлең жазуға деген құлшынысын Маша Братосоваға деген ыстық ғашықтық сезімі нәрлендіре түседі. Ал 1812 жылғы Отан соғысы Жуковскийдің туған жерге деген махаббатын сілкіп оятқандай жаңа арнаға түсіреді. Бұл оның қолына қалам алуға тағы бір түрткі сезім еді. Осындай толғаныс күйдің жемісі ретінде «Орыс сарбаздарын көтеріліске үндер жыршы» (Певец восстания русских воинов) атты өлеңін жазады. Өлең жолдарының сәтті шыққандығы сонша бірден халыққа таралып кеткен. Кейін өлеңнің әуені де табылып әнұранға айналып кетеді. Туынды таза азаматтық романтизм үлгісін туғызады. Кейінгі кездерде роматизм үлгісінде жазылған «Светлана», « » т.б шығармалары жарық көреді.
«Арзамас» әдеби ұйымы өз шығармашылық еңбегін Жуковский сындыбелгілі тұлғлармен бірге дамыта түскен. Азаматтық, адамгершілік, әлеуметтік ұстанымы бір зиялы адамдар бас қосып «Арзамас» ұйымының жанынан «Вестник Европы» журналын шығарады.
Біраз жыл бойы ақын император сарайында әдеби кеңесші қызметінде жұмыс жасап, Александр ІІ-нің оқытушысы болады. Сарай тотысына ұқсаған өмірінде ақын солып, шығармашылығы тоқырауға ұшыраған шағында ХІХ ғасырдың 30 жылдары Пушкинмен танысады. Бұл кездесу Жуковскийге жаңа дем бергендей қанаттандырады. Екі ғасырдың тоғысында кезіккен айбынды ақындар арасында шығармашылық байланыс түзіліп, Шәкірт пен ұстаз қарым қатынасы туындайды. Кейін Н.В.Гогольді танып, хат арқылы хабар алысып тұрған.
Жуковский өмірінің соңы тым қатқыл, қиындыққа толы болып өткен. Елден жырақта, туған жерін аңсаумен көз жұмған.
Орыс халқының рухын көркем шығармада шынайы бейнелеуге ұмтылыс жасаған қаламгер.
Орыс халқының ерекшелігін, ұлттық болмысын классицизм аясында шынайы бере білген жазушы Грибоедов. Ол реалистік сюжеттерді қатаң қағидаға ғана бағынатын классицизм әдісінде бейнелей білген.
Ұлы драматург, композитор, ақын және қоғам қайраткері Александр Сергеевич Грибоедов (1795-1829) орыс әдебиетінен оймақтай ойып орын алды. Белинскийдің сөзімен айтқанда «орыс рухының танылыуын негізге алған қаламгер». Оның өшпес құнды комедиясы «Ақылдан алжасу» орыс сахнасының інжу-жаржаны болып саналады. Драматургияда салынған орыс реализмінің бастауы іспеттес. Маркстің тұжырымы бойынша адам өткен күнін езу тарта шығарады екен. Құлиеленуші қоғамның Грецияда құлдырауға жеткенін Аристофан өз комедияларында суреттеген болса, ежелгі Римнің титығына жеткенін Ювенал, Вальтер шығармаларында жорамалдай білсе, Сервантес «Дон Кихот» романы арқылы серілік дәуірдің өткенін ұтымды бейнелеп береді. Ал Грибоедов «Ақылдан алжасу» комедиясы арқылы «сомодержавия» заманының өткенін, феодализмнің ыдырап бара жатқанын не мүлде құлдырағанын суреттей отырып 18-19 ғасырлардың дағадаырысын шынайы таныта білген. Бұл туынды орыс әдебиетінде өзінен кейін бірнеше сатиралық туындыларды ала келді. Айтылмай жүрген, жараның бетін ашқандай үсті-үстіне қаптай түседі. Әрине, орыс сатирасы Кантимер шығармаларынан басау алады, алайда Грибоедов кемеріне жеткізіп шынайы әжуа шығармаға жол ашты десе болады. Грибоедовпен қатар қатар тұрған замандастары Новиков және Фонвизин сынды драматургтер бұл бағыт пен ұстанымды бұлжытпады, қайта күрделендіре түсірді. Сол кезде жас лицеист дәрежесіндегі А.С.Пушкин осындай сатира ұшқынынан сабақ алады. Әлем әдебиетшілерінің бағалауы бойынша «Ақылдан алжасу» комедиясы» дворяндық-крепоснойлық правоға әдебиет тұрғысынан берілген мықты соққы деп бағалап жүр.
Шығармаға жүргізілген талдаулар мен зерттеулер
Шығарманы талдауда Пушкин мен П.Бестужевтің ойлары аса құндылық туғызып жүр. Бестужев шығарманы Грибоедовтың драматургия саласындағы жаңашылдығы деп бағалап ой өрбітсе, Пушкин ойынша; «комедияның басты мақсаты - әр түрлі типтік образдарды суреттеу болды және орыс қоғамының құлқын таныту, мінезін даралау қажет еді», - дейді де А.С.Пушкин: «Фамусов, Скалозуб, Репитилов сияқты образдар арқылы Грибоедов комедияның данышпаны атанды», дейді.
Декабристер комедияны құлшына қабылдаса, Бестужев болса «Фонвизиннің «Недросель» комедиясынан кейінгі орыс әдебиетінің таңғажайып дүниесі» деп баға берген. Шығарманы зерттеуде Пыпкин, Пиксанов, Овсяннико-Куликовский сияқты авторлар көп еңбек еткен. Орыстың белгілі ғалымы Нечкинаның жинастырған материалдары бүгінгі таңда ерекше назарға ие болып жүр. Нечкина декабристердің қозғалысын түбегейлі зерттей отырып, Грибоедовтың бұл ұйыммен тығыз қарым-қатынаста болғанын анықтайды. Аты шулы шығарманы терең талдауға ала отырып Чадскийдің образын өзінше ашқан. Кейінгі жылдарда Степанов атты ғалым Грибоедовтың бұл комедиясы ағартушылық-реализм көлемінен асып шыққанын айтып өзіндік жорамал ұсынған.

9 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет