Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Жоспар: Классицизм әдісі



бет3/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Жоспар:
Классицизм әдісі
Классицизмнің Ресей әдебиетінде қалыптасуы.
Антиох Кантемир шығармашылығы. Әдеби мұрасы
Василий Третьяковский шығармашылығы. Көркем әдебиеттегі үлесі.


Классицизм әдісі
Классицизм латынша – ең үлгілі деген мағынаны береді. 17-18 ғасырларда Еуропа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм деп аталынуының себебі: Еуропа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің классикалық әдебиетін өздеріне үлгі етіп алды.
Ертедегі Грек, Рим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде ғана болып қойған жоқ, онан кейін де болды. Мысалы орыс поэзиясында ертедегі Грек, Римнің классикалық өлең құрылыс түрлерін еліктеп, оларды өз өлеңдеріндегі образ қолданыстарын алып ұтымды пайдалану Пушкиннен де, Феттен де сиволистерден де кездестіреміз.
Классицизмге тән ерекшелік көркем шығарманы бір тәртіпке бағындыру. Яғни құрылысы толықтай анық, айқын болуы тиіс. Классицизм бойынша драмалық шығарма мынадай үш бірлікке бағынып жазылуы тиіс: Уақыт бірлігі (оқиға 24 сағат ішінде өз шешімін тауып, аяқталуы керек), орын бірлігі (суреттелген оқиға бір орыннан ауытқымауы керек), оқиға бірлігі (оқиға бір ғана сюжетке сайып, әрмен қарай өрбімеуі тиіс). Осындай тәртіп шығармаларды сымбатты әрі ретті ету үшін керек деп саналды. Шығарманың жазылу тілінің де ерекшелігі бар. Классицизм әдісіндегі шығарманың тілі жоғарғы пафостан түспеуі тиіс. Менмендік, көтеріңкі ірі сөздер, өктемдік бұндай шығармаларға тән. Шығармаға кейіпкер таңдауында да қатаң шектеулер қойылған. Мысалы, кейіпкер король сарайынан немесе ауқатты отбасы болуы т.б.


Классицизмнің Ресей әдебиетінде қалыптасуы
Петр дәуіріндегі әдебиет батыс Еуропа елдеріндегі әдеби мұра жетістіктерімен ресей әдеби жұртшылығын толықтай таныстырып, жаңаша бағыт таңдауға жол ашты. Петр ашқан ғылым академиясы, азаматтық мектептердің түлектеріның көпшілігі шын мәнінде мемлекеттің арттқан үмітін ақтады. Олардың ішінде Кантемир, Сумароков, Третьяковский сынды ірі тұлғалар да бар. Жас зиялы қоғам әлемдегі жаңалықтар мен өзгерулерді үнемі қабылдап, өзіндік реакция туғызып отырды. Сондай әдеби жаңашылдықтың бірі классицизм әдісі. Бұл әдістің қалыптасуына негіз болғандар- Кантемир, Сумароков, Третьяковский. Классицизм әдеби әдіс ретінде Францияда қалыптасты. Қалыптастырушы не теориялық негізін салушы теоретик-ғалым Буало. Буало трактаттары Англияның, Польшаның, Ресейдің әдебиетшілерінің арасында кең таралып, ықпалын арттырды. Ресей қаламгері Ф.Прокопьевичтің дәстүрін жалғастырушы Сумароков болды. Ол еуропалық классицизм әдісін ұстана отырып тың шығармалар жазсса, Кантемир мен Третьяковский классицизмнің ресейлік үлгісін жасайды. Жалпы классицизммен ресей классизмінің ерекшеліктері бар. Ресей классицизмі негізгі шартты тәртіптерді қабылдай отырып ежелгі орыс әдебиетінің құндылықтарын, халық ауыз әдебиетінің мұраларын алға тартады. Антикалық дәстірге еліктей отырып, жаңа заман қаһармандарын суретке алады.
Антиох Кантемир шығармашылығы. Әдеби мұрасы
Антиох Дмитриевич Кантемир - Классицизм негізін салушылардың бірі. Өмір сүрген жылдары (1708-1744). Петр патша Кантемирді бала кезінде Молдава патшасынан қалап алынып ресей елінде тәрбиеленген. Петербург академиясының алғаш түлектерінің бірі. Жас кезінен Прокопьевич пен Татищивтің шығармаларына құмартып, жаңаша әдеби бағытты ұстанған. Бұл бағыт кейіннен көптеген зиялы азаматтарды біріктіріп «Ғылыми бірлік» атты үлкен қоғамдық бірлестік жұмыс жасайды. Қоғамдық бірлестік тек қана әдебиеттің мәселерімен емес саяси-әлеуметтік мәселелерге де қатысы болған.
Кантемир шығармашылығында классицизмді айқын танытар туынды 1727 жылы «Симфония на псалтырь» деген атпен шыққан. Дін басшыларының елді натуралды даму бағытында ұстап, халықты сауатсыз қараңғылықта үстемдік еткісі келген ниетіне наразы болады. Бұл наразылық әдебиетте Кантемир қаламынан алғаш орыс сатирасының шығуына әкеп соғады. 1729 жылдардан бастап «На хулящих учениях», «к уму своему» т.б. сатиарлық туындылар жарық көрген. Кантемир шығармаларында патша Анна Иоановна дін уағыздаушы, езгіге салушы кейіпкер ретінде алынған. Әрине, осындай ащы шындық үкімет басында тіптен де ұнамады.
Белинскийдің сөзімен айтқанда: «Кантемир алғаш боп поэзиямен өмірді ұштастырды» Оған дейін поэзияда өмірді шынайы суреттерлік сюжет болмады. Халық ауыз әдебиетіндегі көркем образдар мен суреттеу амал-тәсілдерді қолдануды өзінен кейінгі авторларға үлгі етті. Орыс халқының мақал-мәтелдері мен тұрақты оралымдарын өз шығармаларында кеңінен пайдаланған. Сатиралық шығармаларының көркем формасы дайын антикалық дәстүрдің тәжірибесін ұстанғаны аңғарылады. Ювенал, Персей сынды авторларды көп оқып, әдеби көркемдеу тәсілеріне зер салады. Замандастарынан батыс Еуропа қаламгерлері Буало, Мольер сияқты классицистердің ықпалы зор болды. Ресейде Кантемир шығармашылығы қоғамда мейлінше белгілі болған. Оның қолжазба күйіндегі шығармаларын үзбей қолдан қолға жалғап сүйсіне оқыған. Алайда ақынның көзі тірісі кезінде оның туындылары баспадан шықпаған екен. Тек 1762 жылы Ломоносовтың қолдауымен баспадан шыққан екен.
Кантемир шығармашылығынан ерекше орын алған Ұлы Петрдің тұлғасын сомдауға арналған «Петриада» поэмасы. Поэма патшаның қоршаған ортасын, дворяндардың наразылығы, арамза пиғылдары әшкерленген. Шығарма саяси тақырыпты ұстанған. Осындай саяси тақырптан үлгі алып кейіннен Сумароков, Крылов, Державин, Радищевтер де бұл дәстүрді жалғастырды.
Василий Третьяковский шығармашылығы. Көркем әдебиеттегі үлесі.
Классицизмнің негізін салушылардың бірі. Орыс қаламгерлерінің аға буыны саналатын Третьяковский Астархан губерниясындағы шіркеу қызметкерінің баласы. Алғашқы білімін католиктер дайындайтын мектептен алған. Астархан қаласында білім іздеп көп сарпылады. Ақыры Мәскеуге баруды ұйғарып, ұзақ жолға жаяу шыққан. Мәскеуде сәті түсіп екі жыл греколатын академиясында дәріс алады. Білімге деген құлшынысын көрген ұстаздар Голландияда білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Алғашқы әдеби шығармасы 1755 жылы академияда оқып жүріп –ақ жарық көрген. «О древнем, среднем и новом стихосложений Российском» деген шығармасы орысша өлең жазу дәстүріне тарихи талдау жүргізеді. Алайда ерекше көзге түсіп өзіндік баға алған туынды «О смерти Петра великого» атты элегиясы. Заманының заңғар тұлғасы Петрдің өліміне қайғырған жас қаламгер мифологиялық кейіпкерлер Паллада, Марс, Нептунды көркем образға алып, ғалам, әлем, саясат, тұңғиық сияқты аллегориялық суреттеулер береді.
Третьяковский Сарбонада оқып жүрген кезінде Батыс Еуропаның әдебиетімен толықтай танысуға мүмкіндік алады. Өзге елдің мәдениеті мен әдебиетін орыс әдебиеті мен мәдениетіне салыстырып мақалалар жазады. Орысша жазуда еуропалық білімді пайдаланып, Гомер, Вергилий, Пасса, Мильтон, Вальтер шығармашылығын үлкен көңіл бөлген. Франция әдебиетінің образдық жүйесіне аса көңіл бөлген. Алайда Отанға деген зор махаббаты «Стихи похвальные Россий» секілді лирикалық өлеңдерді жазуға жетелейді. Ақын алғаш боп баспадан жинақ шығарған. Бұл жинаққа кірген өлеңдер: «Басенка любовне», «Стихи о силе любви», «Плач одного любовника разлуившегося со своей милой, с которой он виделся во сне», «Прощение любви».
Ақынның өлең жазу стилінде Буало ықпалы басым. Франция классицизмі ақын табиғатында жаңа бағытты туғызады. Бұл еуропалық әдіс пен жергілікті халықтың әдеби мұрасын ұштастыра отырып тыңнан шығарма жазу. Өзінің одаларында халық батырлар жырынан алған мол. Батырдың соғыс үстіндегі ерлігін танытар ұтымды эпитеттер мен теңеулер оны аса қызықтырады. Осындай ұштастыру мақсатында 1935 жылы ырғақты өлең жазу ұстанымдарын қалыптастырады. «Новый способ к сложению русских стихов с определениями до сего подлежащих знаний» деген еңбегі халық ауыз әдебиеті мұраларын үлгі ете отырып жаңа өлең жазу үрдісін ұсынған.
Ақын аударма жұмысымен де айналысады. Франция қаламгерлерінің ішінде Берклайнның, Фенелонның шығармаларын аударған. Философия теология бағытында бір қатар зерттеулер жүргізіп «Феоптия или доказательство о богозрении» деген поэма жазған. Антихалық тарихи еңбектердің ішінен Шарль Ролленнің «Древний истории» атты 30 томдық кітабын орысша аударған. (кейін декабристер өздерінің саяси бағдарламасын осы кітапты оқи отырып анықтай түседі)
Кантемир де Третьяковский де орыс әдебиетінің қалыптасуында елеулі орын алған тұлғалар. Олар әдебиетте зерттеу, салыстыру, аудару жолдарын үлгі етті. Олардың көркем туындылары кейінгі өнер тарландары мен әдебиет майталмандарына үлгі болді.

4 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет