Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Петр дәуірінен кейінгі орыс әдебиетінің жаңа тынысы



бет4/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Петр дәуірінен кейінгі орыс әдебиетінің жаңа тынысы


ЖОСПАР:

  1. Александр Петрович Сумароков шығармашылығы, жаңашылдығы

  2. М.Ломоносов – ірі кемеңгер.

Сумароковтың есімімен орыс классицизмінің эстетикалық докторинасы тығыз байланысты. Классицизм ағымын ұстана отырып, жаңа ұлттық үнде жаңа шығармалар жазды. Әдістің жанрлық түрлерін дамыта отырып, ұлттық нақыштағы драмалық шығарма жазды. 1756 жылы ашылған орыс халық театрының гүлденуіне еңбек етеді. Театрға арнап шығармалар жазып халық арасында танымал болды. Трагедия, комедия, опера жанрындағы туындылардың қатары өсе түсті. Театр директоры қызметінде жүріп те элегиялық, сатиралық шығармалар жазуын жалғастырады. Мысалдың халық өмірінен алынған шынайы түрлерін алғаш болып жазды. Еуропа әдебиетінің қолданысындағы эклога, идиллия, эпиграмма және станса сынды жанрларды орыс әдебиетіне алып келді. Анакриаттық лирикалық форманы, горацилық ода үлгілерін қалыптастырды. Келешекте Державиннің Сумароков ықпалымен ода жанрын ұстанып, қас шебер атануына жол ашты. Алайды Сумароковтың ең басты жемісті еңбегі болып саналатын – романс жанрын қалыптастыруы. Раманстық өлеңдердегі сезімнің тереңдігі орыс әдебиетінде сентиментализм ағымын туғызады.


Сумароков аса талантты сықақшы, публицист. Ол өзін шебер журналист ретінде де таныта білді. 1759 жылы Ресейде «Трудолюбивая пчела» атты басылым жарыққа шықты. Бұл басылымның саяси-әдеби рөлі айтарлықтай жоғары болды. Қоғамдағы жаңалықтар мен толқуларды, күрделі өзгерістерді газет назардан тыс қалдырмады.
М.Ломоносов – ірі кемеңгер.
Белинскийдің сөзімен айтқанда: «Әдебиеттегі Петр. Жаңа әдебиеттің атасы, қалыптастырушысы, Орыс ғылым академиясындағы ұлы тұлға». Ломоносов алғаш болып орыс тілін нормалау, жүйелеу ісімен айналысқан. Әр түрлі ғылым салаларын анықтап зерттеу нысандарын анықтаған. Тілдегі стиль мәселесіне тоқталып, теориясын жазған. Әдебиетте жаңа өлең жазу үлгілерін тапқан ақын. Еуропа әдебиетімен орыс әдебиетін байланыстырып отандық әдебиетті байыта түскен. Ломоносовтың ірі тұлға ретінде қалыптасуына жол ашқан - оның білімге деген шексіз құлшынысы мен сол істегі қажырлы еңбегі.
Бала кезінен оқуға ынта танытып, халық ауыз мұраларын жаттап өссе де, толық білім алуына мұрсаты болмай тек 20 жасқа келгенде ғана білім іздену жолына түседі. Туған жері Архангельскіден Мәскеуге жүк таситын арбалардың соңынан ере отырып жетеді. Н.И.Новиковтың өмірі мен шығармашылығын және Селеной Толстойдың «Псалтыр Рефиаториясын» ғана білген жас жігіт Мәскеуде славян-латын мектебінде алғашқы тәлім-тәрбиесін ала бастаған. Оқуға деген зор ынтасы, зеректігі арқасында грек академиясына одан кейін Ғылым академиясына оқуға жолдама алады. Аталған жоғарғы оқу орындарында жоғары көрсеткіштерге болған соң шетелге оқуға жеберіледі. Голландия, Германия оқу орындарында оқыған кездерінде неміс классицизмін оқып танысады. Поэзияның құрылысына зер салып, алғаш зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Орыс халқының халық ауыз әдебиетінің мұраларына қанық өскен жас ғалым теориялық ілімін жазу кезінде ұлттық дүниетаным мен әдеби мұраларға үлкен мән берген. Еуропалық классицизм жанрларын қолдану кезінде де ұлттық нақышты ұстанады. Әдебиетте борокко стилінің қалыптасуына зор еңбек сіңіреді. Ода жанрының бір қалыпты реттелуіне де септігін тигізген. Ақынның одалары халықтық эпоспен тығыз байланыстырған. Орыс батырының образын қалыптастыруда ода жанрын қолдана білген. Сол кездің өзінде-ақ Петербургте үлкен құлшыныс танытқан «Ода на взятие Хотины» деген шығарма өлең жазу ұйқасында жаңалық әкелді. Ямба мен қос ырғақты жолдардың қатар қолданылуы туындыға ерекше күшті батырлық пафос дарытады.
Ломоносов ғалым және ақын. Бұл екі қасиетті бөле жара қарастыруға болмайды. Өйткені әдебиет теориясындағы оның ізденіс жұмыстары ақындық табиғатымен байланысып жатыр. Табиғат сыйлаған талант пен талмастан жасалған еңбек бір-біріне бара-бар. Ол табиғаттың күшіне көзі жетіп, және оны адам баласы жырлап суреттеп қана қоймай, оны зерттеп білу керек, қажетінше игеру пайдалы деп тұжырым жасайды.
Ғылым академиасында болып жатқан қызу пікір талас ғалымның шығармашылығына да өз әсерін тигізді. Ұзақ жылдар бойы ізденіс жұмыстарының жемісі ретінде «Вечернее раздумие о боже величестве» «Утреннее раздумие о божем велисестве» және «Письмо о пользе стекла» деген философиялық шығармаларын ұсынды. Ломоносов классицизм әдісін борокко стилімен ұштастыра біліп теориялық негізін жазды. Халық ауыз әдебиеті мұраларын жаңа әдебиетке әкеле отырып, әдебиеттегі көркемділік төңірегіде көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1748 жылғы «Риторика» еңбегі ақынның ғылыми тұжырымдарын қортындылай түсті. Бұл еңбектің ішінде ерекше әдеби ортаның назарын аударғаны «О изобретении виеватых речей» атты тарауы болатын. Тарау әдебиеттің көркемдеу тәсілі кейіптеудің ерекшелігін сыйпатқа алып, тілде тәсілдің қаншалықты күшті әсер беретінін сөз етеді. Ал 1747 жылы жазылған Елизавета Петровнаға жазылған одасында метафора мен гипербола басты орын алады. Эмоционалды метафоралар мен күтпеген батыл теңеулер шығармаға ерекше әсерлілік берген. Еуропа әдебиетінің жанрлары мен әдіс-тәсілдеріне терең бойлай отырып жергілікті халықтың ауыз әдебиетін ерекше жоғары бағалаған. Сондықтан екі дүниені біріктіріп жаңа сападағы әдеби шығармалар жазуды армандаған. Жанрлық жаңару ішінде өлең-трагедия жанрының пайда болуына өз септігін тигізіп екі шығарма жазады:
«Тамир және Селим», «Демосфен»
Тамира және Селим туралы шығарма халық ауызынан алынған тарихи шындықты суретке алады. Қарапайым халықтың қайғы-қасіретімен қатар қайтпас ерлігі, қажырлығы дәріптеле суреттелген. 14 ғасырдағы орыс тарихының парақтары бейнеленіп Дмитрий Донской сынды батырлар мақтан тұтылады. Куликова алаңындағы Мамай әскерінің күйреуі, орыс княздарының қайраты, өз-ара бас қосуы аса көркем бейнеленген. Ақынға шығарманы жазуға материал болған киприяндық және новгород жылнамалары. Сонымен қоса В.Н. Татищевтің зерттеу еңбектеріне көңіл бөліп, өзіндік анализ де жүргізіледі.
Шығарма 1750 жылы екі дүркін патша сарайында театрландырылып қойылып аса жоғары бағаға ие болған. Осы өлең-трагедия арқылы Ломоносов шығарманы жазуда тарихи деректерді, көне еңбектерді мейілінше кең пайдалануға болатындығын үлгі етеді.
«Ұлы Петр» поэмасы І Петр патшаның өмір жолын, шығармашылығын суретке алған. Эпопеяға автордың жеке зерттеу жұмыстары, әдеби-териялық жаңалықтары да енгізілген. Шығарманы тарихи құжаттарға сүйене отырып өрбіткен, патша өмірі мен шығармашылығын хронологиялық ретте дамытып белгілі дәрежеде мазаика сынды сабақтап суреттеген. Осындай әдеби суретемелер көптеген қаламгерлерді өзіне еліте түсті. Әсіресе Ломоносов стиль мәселесінде жаңашылдық пен өзгешелік әкелді. Осы бағытта «Учение о трех штилях» еңбегі теориялық зерттеу жұмыстарының аса жемістісі еді. Көркем әдебиет тілін Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі шилге бөліп, шығармалардың осы штилдерде лайықтап жазылу қажеттілігін айтқан еді.
Жоғарғы штилде одалар, батырлық эпос, эпопеялар жазылуы тиіс болса, ортаңғы штилде театрландырылған туындылар, ал төменгі штилде эпиграммалар, хаттар, мысалдар жатқызылды.
Ломоносов орыс көркем әдебиетінде жанрлық жаңашылдығымен, жан-жақты ізденіс жұмыстарының жемісімен, туындыларындағы халықтылығымен ойыспас орын алған ірі тұлға. Оның одалары Державинге жаңа үн қосса, теориялық ілімдері мен жаңалықтары бүкіл әлемнің, соның ішінде орыс ғылымының қазынасына айналды.
5 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет