Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


А.С.Пушкин шығармашылығының жалпы реализмде алған орны



бет10/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
А.С.Пушкин шығармашылығының жалпы реализмде алған орны
Жоспар:

  • А.С.Пушкин тарихи шындықты іздеу жолында. Борис Гудунов трагедиясы.

  • Болдина көктемі. «Евгений Онегин романы

  • А.С.Пушкин прозпсы. «Капитан қызы» повесті

ХІХ ғасырда өнердің барлық түрлерінде дерлік кеңінен орын алған романтизм ағымы Пушкин шығармашылығында өз қайнауына жетіп әрмен қарай өріс алған еді. Ақын арманшыл кеіпкерді нақты қадамдар жасауға жұмсайды. Әрине, бұл істің тарихи жағдайлармен байланыстылығы айқын. Сананың абстрактілі түсінігі емес, романтикалық кейіпкердің ішкі толғанысы емес, адам өмірінің тура бейнесі, және оның қоғамдағы бейнесі, әлемнің жан-жақты бейнелілігі проза күйінде болсын поэзияда болсын адамның шынайы мінезін, құлқын, халық дәстүрін, тарихи оқиғаларды және оның халық өмірімен байланысын көркем шығармада суреттеу ақынның шығармашылығында нақты мақсатқа айналған. Осы ойда «Борис Годунов» поэмасы дүниеге келген. Шығарма 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басында өткен нақты тарихи фактілерді қамтыған. Шығарманың жазылуына негіз болған орыс халқының бүгінгі өмірі мен өткен өмірі турасында толғаныстармен қоса Карамзиннің «История государства российского» шығармасы мен жылнамалардың қатарынан осы заманға сипаттама берерлік аса бай материалдың табылуы. Орыс халқының рухын көтеру мақсатында жаңа сапада тарихи шындыққа құмартады. Пушкиннің өзінің айтуынша алға қойған мақсатын былайша жеткізуге болады: «Өткен дәуірді, өткен ғасырды бар шынайылығында тірілкім келді»,- деп шындықты жазуға ұмтылады. Трагедияда қоғамның әрбір мүшесі суреттеуден тыс қалмаған. Қарапайым халық, боярлар, дін адамдары, саяси тұлғалар т.б. Шығарма кластық топтардың арасындағы қақтығыстар мен саяси көзқарастарғада кеңінен тоқталған. Ақын Петр І дәуіріндегі орыс мемлекетінің гүлденуімен мәдени өрлеу ерекшелігін айта отырып, феодалдық мәдениетпен салыстырма жүргізген. Трагедия халық пен патшаның қарым қатынасын, жеке-жеке көзқарастарды сынға алған. Боярлардың өзара жауласып қырылысуы, халықтың патшаны қаламауы және оның себептері шығармада қарастырылады. Саясат үшін қан төгіс, жазасыз кеткен үкімет басшысы т.б. Шығарманы қызу жазу кезінде Пушкин Вяземскийге былай деп хат жазған: Никак не мог упрятать всех моих ушей под калпак Юродового торнать!»
Патшаны суреттеу сюжеттері иронияға толы. Мысалы, Мәскеуліктер патшаның өліміне қайғырып жылап-сықтау кезінде көпшілік көзіне жас келмеген соң пиязбен ысқылап әуре болып жатады. Бористің таққа отыруына халықтың немқұрайлы қарайтыны бірден-ақ сезіліп тұрады. Осылай халық пен патша арасындағы жағдайларды күлкі туғыза отырып ойната суреттеген. Алайда Бористің бейнесі саяси тұлғаның қалыптасу эволюцисын беруде ерекше орын алады. Алғашында Борис халқына мейрімді, кең жүректі, адамгершілігі мол тұлға, халықты ағартушылық бағытта тәрбиелеуді ұстанған, жаңа идеяларға толы еді, алайда уақыт өте келе бұның бәрі жоқ болды. Мейрімді патша тирандық жолға қалай түскенін өзі де аңдымай қалады. Шығармада сол секілді жалған Дмитрий де халықты қанаушы деспоттық күш ретінде бейнеленеді.
Болдина көктемі ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Дәл осы Болдина жерінде Пушкин аса құнды деген шығармаларын туғызады. Олар: «Бесы», «Гробовщик», «Сказке о попе и о работнике ио его балде», «Станционный смотритель», «Барышня крестьянка», «Румянный критик мой», «Растование», «Выстрел», «Заклинание», «Метель», Скупой рыцарь», «Моцарт и Сальери», «История села Горюхина», «Каменный гость», «Пир во время чумы» т.б. шығармалары.
Алайда оқырман үшін Болдина көктемі, көп жағдайда, «Евгений Онегин» шығармасының жазылу отаны ретінде таныс. Романның бірінші өлең жолдары Кишенев қаласында 1823 жылы жарық көрген. Жаңа роман туралы ақын Одесса қаласында Михайловск ауылында тереңірек ойланып қолға қалам алады. Содан жеті жыл бойы жазу үстінде жүрген ақын әр түрлі саяси әлеуметтік жағдайларға деген жан тебіренісін, ішкі тынысын танытатын тың шығарманы дүниеге әкелген. Ақынның ойлары, сезімі, өз заманының болмысы толықтай орын алған. Шым-шытыр заманда адамгершілік идеалы туындыда басты рөлге ие болған. «Евгений Онегин» романы шын мәніндегі ХІХ ғасыр орыс қоғамының энциклопедиясы іспетті. Қоғамның текше-текше әрбір бөлігіне суреттеме бере отырып, мәдениет пен өнердегі өзгерулерге де шолу жасайды. Шығарма ресейдің орталық қалалары Мәскеу мен Петербургтен басқа шалғай аудандар мен орыс деревняларын да назардан тыс қалдырмайды. Алайда жәй шолу емес асқан дәлдікпен әр мекеннің өзіндік тыныс-тіршілігін бере білген. Шығарманың ұтымды суреттеу құралы бөлшектеу, дамыту, шендестіру т.б. Шығарма кейіпкерлері Гвоздин, Татьяна, Ленский, Онегин т.б. – орыс қоғамының нақты типтік өкілдері. Көптеген сыншылардың пайымдауынша, кейіпкер Евгений Онегин «Кавказ тұтқыны», «Сығандар» шығармаларындағы бас кейіпкердің өсіп жетілген, дамыған образы. Ендігі кезекте біздің көз алдымызға романтикалық тұлға тарихи-әлеуметтік, реалистік типке айналған. Өзінің бойындағы жеке ерекшеліктермен және қоғамның әсерімен өмір сүрген адам. Онегин өзіне қажетті білім алса да, сол кездің жоғарғы мәдениетімен таныс болса да, ол басқа дворяндарға қарағанда өзгеше. Пушкиннің бұрынғы кейіпкерлері сол орыс қоғамының ішінде өсіп-өнсе де Онегинге жат. Бос өмірдің Онегинді қинайтыны, өмірге деген қызығушылығыны жойылуы Онегинді әлеуметтік ауру қылады. Ақын оның көңіл-күйінде ескі әлеуметтік идеалдардың өшкендігін көрсетеді. Кейіпкер қарапайым дворян жастарының арасында өсті, сол себептен де сол өмірдің жеңіл үстірт өміріне бейім, әуесқойлық оған да жат емес. Ешбір мақсатсыз, ешбір еңбекке деген құлшыныссыз өмір сүру оған да тән. Оның салқын санасы барлық нәрсеге де күмәнмен қарайды, ешнәрсе қызықтырмайды. Тіпті адамдарды жек көреді, олардың жақсылығына, ақ көңілдеріне сенбейді, бірақ Онегиннің бойында жақсылыққа деген құлшыныс, жамандыққа қайғыру қасиеті бар. Мысалы, Ленскийге ол осылай бауыр басқан. Ол еркін ойдың адамы. Бірақ романтикалық от жалынды сезімді Чадцкий секілді қатаң саяси қарсылық көрсетуге жоқ. Онегин өзін деревняда адамгершілігі мол адма сияқты ұстайды, бірақ крестьяндардың тыныс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы оны қынжылтпайды, ол турасында ойланбайды да. Оны ойландыратыны өзінің көңіл-күйі, өмірден іздейтіні – рахат сезімі, әйтседе, ақын Онегиннің Татьянаға деген махаббатын суреттеу арқылы оның әлі де өзгеруі мүмкін екендігін аңғартады. Онегиннің бойында адамгершілік рухы бар екендігін көрсете отырып, оптимистік ұшқын байқатқан.
Шығармада Татьянаның бейнесі өзге кейіпкерлерге қарағанда ерекше суреттеледі. Татьяна образы орыс стихиясы іспеттес. Орыс халқының рухы осы бір келісті образда жиынтық табуы оқырманға ерекше әсер береді. Халықтың жырымен, әнімен тәрбиеленген уыттай Татьяна Онегинге қарама-қарсы бейне. Осылай бола тұра Татьяна өз ортасына жат. Ол жалғыздықты, топтан алшақ болуды, армандауды ұнатады, өзге деревняның қыздарындай емес, рухты, ой-санасы жоғары, мінез-құлыққа бай. Тіпті өзінің апасы Ольгадан да өзге. Ол шынайыолықты, махаббаттағы адалдықты қалайды. Өзге қыздар секілді жеңіл мінезді, сентименталдыққты білмейді. Онегинді өмірлік, құлай сүйеді. Оның қарапайымдылық пен ақ көңілге толы хаты қарапайымдық пен пәк сезімді көрсетеді. Татьяна жүрегімен өмір сүреді, бірақ шығарма соңында жүрегін қатаң санаға жүгіндіреді, сезімін тұншықтырады. Онегиннің шын мәнінде кім екенін түсінеді. Татьяна интеллектуалды даму негізінде қаланың тыныс-тіршілігін жетік біледі. Светтік өмірді ұғып түсінсе де өзінің негізгі болмысы адамгершілігін бәрінен жоғары қоя біледі.
Пушкин прозасының қарқынды дамуына 1830 жылы әлемді дүр сілкіндірген Франция төңкерілісі мен Польша жерінде болып жатқан ереуілдер зор әсер етті. Алайда Пушкин түбегейлі шетелдік қарым-қатынасты қолдамады. Ол саяси істе ресей өз жолын табуы керек деп білді. Отызыншы жылдардан бастап саяси-тарихи тақырыптарға арнап прозалық шығармалар жазды. «Белкин» повесі, «Пиковая дама», «Дубровский» романы, «Капитанская дочка» повесі т.б. Бұл шығармаларда орыс қоғамындағы жеке тұлғалардың қандай бағыт-бағдарда екендігі, қандай даму сатысында екендігін көрсетуге тырысады. «Капитан қызы» мен «Дубровский» шығармалары халықтың наразылығы мен көтеріліске шығуы тақырыбына арналған.
«Капитан қызы» алғаш рет «Современник» журналында жары көреді. Сол кезде романның кейбір тараулары цензурадан өтпей қалған.
Романның басты кейіпкерлері: Петр Гринев, Савелич, Мироновтар отбасы, Маша Миронова, Швабрин және Емельян Пугачев. Роман халықтың арасындағы қобалжулардың он жылға созылып жалпы көпшіліктің саясатқа наразылығын суреттеуге бағытталған. Шығармада Пушкин берген әлеуметтік бағасы бойынша осындай қобалжулар қоғамдық күшке ұласады екен. Халық массасының басшысыз емес екендігін нақты дәлелдей отырып, бұл жай бұзақылардың тәртіп бұзуы емес халық наразылығы екендігін көрсеткен. 1774-1775 жылдардағы крестьяндар көтерілісі, оның мақсат, мүддесі шығармаға арқау болады. Көтеріліске қатысқандардың әр түрлі ой-тұжырым ұстанғанын аңғарта отырып антикрепоснойлық, антипомещиктік мақсаттарды алға қойған. Дворян ортасы Емельян Пугачевті бұзақы, қарақшы, қылмыскер деп танытқысы келсе, Пушкин романында Пугачев образын мүлде басқаша бейнелеген. Ол талантты қол басшы, бойында ой ұшқырлығы, батырлығы, адамгершілігі бар тұлға ретінде суреттелген. Халықпен қарым қатынасын суреттеу арқылы шын мәніндегі халық өкілі деп бейнелейді. Сол себептен халыққа қарсы келген дүниенің барлығын аяусыз жазаламақшы. Шығарма пугачевтің және көтерілістің әлсіз тұстарын да көрсетіп кетеді. Көтерілістің саяси пісіп-жетілмегендігі, халықтың әлі де біртұтас ойға жүгінбегенді аңғарылады. Патша образы шығармада сол кездің көңіл-күйіне сай болды. Ал Пугачев үнемі күдікпен қарауы, сене алмау нақты орын алады. Ол барин атаулының бәрін жек көреді, осы арқылы крепоснойлыққа түбегейлі қарсы екендігін білдірген. Ол қарапайым, ақ көңіл, турашыл адам. Кей бөліктерде Пугачев юморлық тонда бейнеленген, әйседе бұл образға ешбір келіспеушілк туғызбайды, керсінше автордың бұл образға деген сүйіспеншілігін аңғартады.
Халық өкілінің бірі – Савелич образы. Ол қожайынына адал жан. Бұл образ осындай аумалы–төкпелі заманда қарапайым халық өкілдерінің типтеріне жан-жақты қарау қажеттілігінен туған. Ол өзінің қожасы Гриневке ешбір наразылық танытпайды керсінше қорғайды.
Шығармада үлкен сүйіспеншілікпен суреттелетін Мироновтар отбасы. Отағасы Миронов Ресейдің адал офицері. Ол ешқашан крестьяндарды кемсіте қараған жоқ, жеке адам қожалығында ұстаған емес. Оның ары мен намысы бәрінен де жоғары тұр. Міне, осындай тамаша отбасында Маша Миронованың тәрбиеленіп шығуы ғажап емес. Машаның образы арқылы моралдық ұстанымдар, қажырлық пен қайраттылық бейнеленеді.
Кәрі Гринев образы -барлық помещиктердің крестьяндарды бірдей қанап, езгіге салып жүрмегендігін дәлелдер образ. Адамдарға үлкен құрметпен қарайтын жан деп береді. Алайда Гриневтің әлімжеттік жасауы мүмкін екендігін жасырмайды. Сол арқылы адамгершілік пен адалдықты крепоснойлық мәнерге қарама-қарсы қоя білген.
Пушкин – ұлы тарихи суретші. Белинский шығармаға баға бере отырып: «»Капитанская дочка – нечто вроде Онегина в прозе» деген екен. Шын мәнінде, халықтың өмірінде елеулі орын алған тарихи жағдайды сомдауда, тұлғалауда ақын ерекше жетістікке жетті. Әр түрлі образдарды, мінез-құлықты реалистік тұрғыда Екатерина заманының ерекшелігін айқын бере білді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет