Орыс қоғамындағы ащы шындықтың сатиралық шығармалардан орын алуы Жоспар: Д.И.Фонвизин шығармашылғының орыс сатирасынан алған орны
А.Н.Радищев шығармаларындағы реалистік бағыт
Ломоносов салған ізгі жол көптеген орыс дарындылары үшін үлкен мүмкіндіктер берді. Ломоносов ашқан аудармашылар дайындайтын гимназияда 1762 жылдары жас дворяндар арасында Фонвизин де оқиды. О баста гимназия кейін университетке ұласқан оқу орнында жоғары сапада әдебиетпен шұғылданған әдеби орта қалыптасты. Ломоносовтың көптеген шығармалары университет баспасынан жарық көріп жас қаламгерлер де өз шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Мәскеу университетінің жанынан ашылған шағын театр труппасы әр түрлі қойлымдарды сахнаға шығарып жүрді. Университет қабырғасынан жарық көріп жүрген «Собрание лучших сочинений» атты әдеби журнал әдебиетке деген құмартушылық пен жас қаламгерлердің еркін саяси ой танытуға мүмкіндік берді. Университет Фонвизин, Новиков, Карин, Ржевский сияқты ірі кемеңгер тұлғаларды тәрбиелеп шығарды.
Денис Иванович Фонвизин шығармашылығы осы университет басылымдарымен тығыз байланысты. Жазушының алғашқы еңбектері неміс және франсуз тілдерінен жасалған аудармалар. Дат жазушысы, сықақшы Л.Гельбергтің «Басни нравоучительные» атты кітабы Фонвизиннің алғашқы поэзиялық аударма жұмысы болып саналады. Алайда ерекше назарға ие болғаны Вольтерден аударған антикалық трагедия «Альзира» шығармасы.Бұл аударма қалмгердің жас кезінен-ақ еуропадағы өзгерулерді аңдып білгенін және соған ұмтылғанын танытып тұрады. 1762 жылы Фоыизин университетті аяқтап шетел ісі коллегиясында аудармашы қызметінатқарады. Бір жыл еңбегінен соң императрицаның статус хатшысы Эллагеннің кеңсесінде жұмыс істейді. Мецинант Эллагенмен қатар драма үйірмесінің құрметті мүшесі атанады. Фонвизин ағартушы. Оның дүниетанымы, тап мәселесі турасындағы ойлары, саяси көзқарастары шығармаларынан айқын көрініп-ақ тұр. Фонвизин сынды ағартушы қаламгерлер феодализмнің ыдырауын тездетті десе де болады. Дворяндық ортаға жаңа ағартушылық бағдарламалар арқылы әсер етіп ресейді феодалдық құлдықтан құтқаруға болады деп сенді. Дворяндық орта ресей үшін қажет және оған арқа таңу қажет деп білді. Бұл идеяның негізінде жас дворяндық орта қалыптастыру жұмысымен шұғылданады. Отан сүйгіштік қасиетті жастарға тәрбиелеуді мақсат етіп сықақ шығармалардың бір қатарын жазады. Осындай шығармалардың бірі «Корион» комедиясында әскери борышын өтеуден қашқақтаған жас дворяндарды әшкерлейді. Шарап ішіп, жеңіл-желпі өмір кешкен жастардың бейнесіне кекесін күлкімен қарайды.
Вольтерден аударған «Альзира» шығармасы оған әдебиетшілер арасында үлкен бедел әкелді. Эллаген үйірмесінің құрметті аудармашыларының бірі саналды. Алайда ұстазының идеологиялық көзқарасынан өзге бағыт таңдаған Фонвизин бұл үйірмені тастап кетеді де жаңа сарын шығармаларынын жазады. Эллаген үйірмесінде сомдалған кейіпкерлер орыс қоғамынан жат жасандылыққа бой ұрған суреттеулер еді. Енді кезекте халық өкілдерін суреттеу көпшілікті қызықтыра түсті. «Автор «Корион» шығармасы арқылы ұлттық төңкерілісті өз кемеріне жетіп туғалы отырғанын өз оқырманына жеткізеді. Пьеса орыс қоғамында үлкен дау туғызады. Дидро мақаласынан соң әдебиетшілердің салмақты комедияға құлшыныс танытып жүрсе де «Карион» пьесасын қабылдау қиынырақ болады. Көп ұзамай зілді күлкісі бұрынан бетер қатқыл «Бригадир» (1769ж) комедиясы жарыққа шығады. Крепоснойлық правоға толықтай қарсы жаңа шығарма Фонвизиннің Эллаген тобынан мүлде алшақ кеткендігін көрсетеді. Пьесаның басты кейіпкерлерін анықтау қиын. Драматург қоғамдағы барлық адам түрлерін аса шеберлікпен суреттеген. Оқиғаның барлығы жас, шетелдік білімі бар әйтседе даңғасы, қоппа Иван төңірегінде өрбиді. Әйтсед барлық жағдай бригадир мен оның жолдасы төңірегіде суреттелген. Шығарма сондықтан «Бригадир» деп аталар еді. Шығармада ХХ ғасырға тән махаббат сюжеті қолданылған. Оқиғаның мәнісі, екі отбасының пайдамен тұрмыс құру ойын жіті түсіндіру. Комедиядағы кейіпкерлердің надандығы мен топастығы ұтымды әшкерленіп, барлығының дерлік байлыққа, билікке құмарлығы сынға алынған. Кейіпкерлердің бойындағы еріншектік, надандық сияқты жағымсыз мінез-құлық барлығын тұтастырп, біріктіріп тұрғандай. Кейіпкерлердің бір-біріне деген жеңіл-желпі сезімдерін көрсету арқылы французша махаббат дегенге пародия түзеді. Күлкілі қарым-қатынастарды ұстанған кейіпкер екеуара түсініспеушлік жағдайына жеткен. Әр кейіпкер өзін мақтауға әуес, екеуі жолыға қалса бір-бірінен аса түсіп мақтанады. Мысалы, Иван өзінің Париждегі өміріне мақтанып сөйлесе, Бригадирша байлығы мен әшекей бұйымдарын алға тарта түседі. Күлкіге алынған жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдағы жемқорлық, сараңдық, еріншектік ерекше сыналады. Кейіпкерлердің шет-шетінен надан, қараңғы болып келуінің суреттемесі, олардың мінез-құлқы- жалпы өз-өздерін ұстауы, бағалауы географиялық жағдайына да байланысты екен. Мысалы, кейіпкер бригадир өзінің жолдасы Акулина Тимофеевнаға ақмақсың деп кінә тағумен келеді, осы дұрыс па?
Комедияда буффонада арқылы қоғамның еліктеушілігі мен тіліне деген құрметтің жоқтығын көрсетеді. Орынсыз шетел сөздерін қолдану мәнері ақсүйектердің ойынына айналғандай.
№7 дәріс