Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Орыс мемлекетінің құрылуы



бет2/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Орыс мемлекетінің құрылуы.
Қайта өрлеу дәуірінің орыс мәдениетіне әсері.


Жоспар:

  • Жас мемлекеттегі саяси-әлеуметтік өзгерулер. Әдебиеттегі жетістіктер.

  • Петр І дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жағдай, әдебиеттегі жаңа бағыттар.

15 ғасыр орыс әдебиетінде үлкен өзгерістермен ерекшеленеді. Бұған басты себеп болған елдің сыртқы жауларын жеңіп орыс княздарының ынтымақтастығының артуы. Жас болсада Мәскеу княздығы өзге княздықтарға қарағанда ұжымдастыру мен елді тұтастыруда ерекше нәтижелерге жетті. Ростов, Новгород, Троицк княздықтары өзара бірігіп мәдени қайта өрлеуді бастан кешеді. Мәскеу экономикалық, мәдени, әдеби өмірі бойынша өзгелерден көш ілгері болды. Сондықтан ықпалы артып, жаңа әдеби ортаға айналды. Княздықтар бірігіп жаудан азат орыс мемлекетті құрылды. Жас мемлекеттің орталығы Мәскеу болды.
Әдебиетте де мемлекет құрылғаннан кейін бір қатар жаңарулар орын алады. Жылнама жазуда саяси-әлеуметтік мәселелер сөз етіліп, жанр күрделенді. Кітап басу ісінде үлкен жеңілдік ақ қағаз пайда болды. Еуропа қалаларынан бума-бума қағаз әкелініп жаңа кітаптар тың шығармалар жазылды. Алғаш ақ қағазға басылып жазылған туындылар: «Үнді патшалығы жөнінде сөз», «Данышпан Акира туралы повесть» т.б. Бұл шығармалар ескі феодалдық тәртіптің ыдырай бастауын жаңа буржуазиялық қатынастың алғы шарттарының пайда болуын суреттейді. Батыстың идеологиялық ықпалының артуы жергілікті шіркеу ықпалын әлсіретеді. 15 ғасырда Италияда пайда болып еуропа қалаларына тез қарқынмен таралып жатқан ренессанс немесе қайта өрлеу мәдениеті орыс мемлекетіне де өз көрінісін тапты. Ортағасырлық серілік эпос оқыстан орыс әдебиетінде жекелеген бөліктерде оқылады. Біртіндеп елде дін идеологиясымен келісе бермейтін светтік идеологиялық бағыттар пайда болады. Әрине бұл дін басшыларына ұнамайды. Сондықтан елді жаңа тенденциядан сақтау үшін Дінде реформалар жүргізіп, біршене рет діни басқосулар өткізіледі. Бұл басқосуларда светтік тәртіпті жою қажеттігін, христиандық қағидаларды нығайту қажет деп табады. Алайда қоғам жаңа моралдық өсу сатысын қалайды. Жаңа мәдениетті қабылдауға сыңай танытады. Осы бағытта әдебиетте де өзге өркениетті суреттейтін, ғажап әлем туралы әңгімелейтін шығармалар қатары өсті. Мысалы: «Афанасий Никитиннің үш теңіздің әр жағына сапар шегуі» повесті, Петр мен Феврения туралы» повесть, «Александрия», «Соломон мен Китаврас туралы сөз», «Стефания мен Эхмилад», Царград туралы повесть», «Патша қызының қолын сұраған шал туралы сөз», «Дракула туралы» повесть т.б.
17-18 ғасырлардағы Саяси-әлеуметтік өзгеріс.
Петр І дәуіріндегі әдебиет әлемі
17-18 ғасырлар Орыс мемлекеті түбегейлі саяси-әлеуметтік өзгерістерді бастан кешірді. Әлем теоретиктері дамудың жаңа бағытын Петр патшаның таққа отыруымен байланыстырады. Петр елдің жан-жақты дамуына жол аша білді. Экономикалық өрлеумен қатар жаңа саяси байланыстар жүргізіп орыс сауда-саттығын ретке қойды. Теңіз жолын ашып, кеме жасау, қару-жарақ дайындау ісінде өнікті еңбек етеді. Өз елін еуропа елдеріне таныстырып, әлемдік жетістіктерді алғаш боп орыс жеріне алып келеді. Орыс мемлекетінің натуралды өмір кешу салдарынан артта қалғанын сезген патша жаппай жаңашалауды қолға алған. Жергілікті ұлт өкілдерінің дамуына тежегіш болған керітартпа түсінік пен надандықты жоюға тырысып бағады. Елді даму жолына шығару үшін ұлттық әлеуеттің қажет екендігін ұққан патша жас ұрпақты тәрбиелеуге ден қойған. Жергілікті боярлар мен дворяндарды жалпы бұқараға сіңістіру ниеті де болған. Ескі діни дәстүр мен ережелерге тыйым салған. Дворяндықпен білімділікті, білікті бір таразының басына қойып білімді, білікті адамды аса жоғары бағалаған, ілтипатпен қараған.
Көркем әдебиетті мәдениеттің басты бөлігі деп біліп жастарды жаңаша оқыту, жаңаша ойлау жолында аянбай тер төккен. Бұрыннан қалыптасқан жылнама жазу, жинақ құрастыру, қолтаңба қалдыру жұмыстарын дамыта отырып, күрделі көркем шығарма жазуды талап еткен. Жастардың жүйелі білім алып, ғылыммен шұғылдануын қолдап Петербургте алғаш ғылым академиясын ашады. Қалыптасқан күннен бастап мәдениетті де әдебиетті де өз уысында ұстап келген діннің ықпалы әлсіреп, әдебиет еркін дамуға мүмкіндік алды. Жаңа мектептер ашылып, риторика, этика, эстетика, словестность, дін уағыздау сабақтары ұйымдастырылды. Жалпы білім алу жүйеленіп жүргізілді. 1702 жылы алғаш боп «Ведомсттер» деген газет жарық көрді. Газеттің әдеби өмірде үлкен мәні болған. Сонымен қатар саяси мәселелерге де тоқталып отыратын болған. Жазылу лексикасы жалпы халыққа түсінікті азаматтық бағытты ұстанған. Өзге ел әдебиеттерімен тура байланыс жасалып өзара ықпал артты. Петр патша шетел әдебиетін аударуға талап қойып, отандық тарихты жазуға да сұраныс жасайды. Осыған орай алғашқы оқулықтар, аударма шығармалар, саяси публицистикалық еңбектер, тарихи очерктер жарық көреді. Антикалық әдебиеттің мұралары орысшаға аударылады. Әдеби теориялық атаулар мен ұғымдар, ережелер мен шығарма жазу тәртібі қалыптастырылады. Жаңа туындыларда классизмнің орын алғанын аңғарамыз. Сельвестр Медведьев сынды жаңашыл ақындар поэзияны алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеуді қолға алған. Ол бес буынды өлең жазуда дауыссыз дыбыстардың үндесуі арқылы ұйқас шығаруға болатынын зерттеп, анықтайды.
Әдебиетте елеулі орын алған сол заманның жаңашыл қаламгерлерінің көш басшысы Фиофан Прокопьевич. Басты үлесі орыс мәдениетіне алғаш боп «борокко» стилін енгізуі еді. Борокко – батыс еуропада қалыптасқан стиль. Итальян тілінен аударғанда «әшекей» деген мағына береді. 16 ғаырдан 18 ғасырдың 80 жылдарына дейін Испания мен Италияда бүтін бір борокко стилінің дәуірі болды. Термин ретінде 19 ғасырда қалыптасты. Борокко көркем өнердің барлық түрін қамтыған. Философиялық ой ағымына, мәдени өмір мен тұрмыстың әр түрлі қырларына өз әсерін тигізген. Борокко көп сырлы, көтеріңкі стиль. Бұл стилге бұлдыр сағым мен фантасика да, ақиқат та тән. Барокко әсерлеу, астарлау, тәсілдерін қолданып, сирек кездесетін тосын жағдайға ұмтылғыш келеді. Антикалық мифология мен християндық символиалық әуендерді, саздарды, араластырып жібереді. Тұспалдауды, шарттылықты дәріптейді. Көркемөнер салаларының өзара байланысын үстемелеуге тырысады. Опера және балет өнерінің дамуына жол ашты. Өмірді бейнелеуде бір-біріне алшақ нәрселерді біріктіруге, күрделілікке және бейжан қарапайымдылыққа ерекше мән берді. Стильге тән бейнелілік, көрнекілік, суреттілік, айшықты теңеу, әсерлеу, метафора болып келеді. Бұл стилдің қыр-сырын жақсы мегерген Ломоносов, Державин. Өз шығармаларында ұтымды пайдалана білді.

№3 дәріс
Классицизм әдісі. Орыс классицизмі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет