Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Орыс әдебиетінің заңғар тұлғасы - Александр Сергеевич Пушкин



бет9/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Орыс әдебиетінің заңғар тұлғасы - Александр Сергеевич Пушкин
(1799-1837 ж.ж.)
Жоспар:
А.С.Пушкиннің орыс әдебиетіндегі рөлі турасында
Ақынның шығармашылық жолы, «Патша селосы»
Пушкин Петербургте, саяси-әлеуметтік жағдайға қарым-қатынасы
Пушкин және романтизм әдісі. Алғашқы поэма Руслан және Людмила

№11 дәріс


А.С.Пушкин және ресей қоғамындағы жаңа толқулар
Жоспар:

  • А.С.Пушкин және декабристер, Оңтүстік айдау кезінде жазылған туындылар.

  • «Сығандар» шығармасы Пушкин романтизмінің үлгісі

Пушкин Кавказ бен Қырым елдерінде бірнеше уақыт аралығында болып шығармашылық жұмыспен айналысты. Байрынның шығармаларын көбірек оқып роматизм әдісінің жаңа қырларымен танысты. Үкімет басы байронизмді ұстанған Пушкинді Мәскеу, Петербург сияқты қалалардан алшақтатуға тырысады. Еркін идеяны ұстанған жас дворяндар ұйымынан ажыратқысы келді. Әйтсе де, өз саяхатынан оралып келе жатқан ақынға Кешинов қвлвсында «Арзамас» ұйымының мүшелері қайта кездеседі. Олар Давыдовтың үйінде декабристермен бірге жиын өткізеді. Мұндай мәліметтер декабрист Якошевтің және Пушкиннің жақын досы Пущиннің қалдырған хаттарынан, жазба деректерінен алынған. Сол кездегі естеліктерге қарағанда Пушкиннің бойындағы жалынынан декабрист достарының өздері де секем алған. Шынына келгенде Ұлы ақынды саяси қуғын-сүргінге, қылыш үстіндегі қауіпті өмірге қимаған. Сондықтан ұйымның жұмысынан үнемі алшақтатылып отырған. Алайда ақын еркін ойдағы өлеңдерін бір сәткеде үдетпеген. Өзі де көп оқып жаңа ойлармен қауышып жатты. Философия, саясаттану, тарих сынды ғылым негіздеріне терең бойлап ізденді. Осы жылдары айдауда кеткен дебрист досына арнап «Чаадаевқа» өлеңі 1821 жылы жарық көреді. Ежелгі орыс әлемін, еркіндікті аңсағанын және декабристердің тағдырына терең ой қозғап «Вадим» поэмасын жазады. Тарихи шығармаларды оқу арқылы орыс халқының ішкі жан дүниесін, сезім иірімдерін жете түсінеді. Жаңаша суреттеу жолдарын іздестіреді. 1822 жылы көне орыс халқының аңыз әңгімелеріне ден қойып, орыс халқының ішкі жан дүниесіне терең бойлай жаңа өңдегі шығармалар қатарын жазады. Мыс.: «Песня о вещем Олеге» туындысы саяси тақырыпта жазылған. Халықтың ауыр әлеуметтік жағдайы сөз етілген. Наразылықтан төңкерілісшіл рухта жазылған туындыларының ішінде ерекше орын алған «Қанжар», Давыдовқа арнау» т.б. өлеңдері.
Пушкин декабристердің тұтқындалғанынан кейін Кавказ жеріне айдауға жіберіледі. Айдауда болған жылдары ақынның атеистік көзқарастары байқалып 1821 жылы «Гаврилиада» поэмасы евангелиялық мифтердің мазмұнына қарама-қайшы келер туынды. Діни мазмұн бойынша адам баласы пәктікте, кіршіксіз тазалықта дүниеге келгенін суреттесе, шығармада дін адамдарынің мистикалық негізде суреттеу ұстанымдары жоққа шығарылған. Кейінгі жылдарда Үкімет тарапынан бұл шығарма үшін ақынға айып тағылған.
1820-21 жылдары ақын «Кавказ тұтқыны» поэмасын жазды. Поэмадағы басты образ сол кездегі жас дворяниннің өмірден түңілуі, жарық дүниені тарлық етуі, өмірден налып шаршауы суреттеле келіп оған параллелді түрде табиғаттың аясында емін-еркін өмір кешкен кавказ халқы тұрады. Сырға толы жастық шақтың өткеніне де ақын мұңайа қарап сыр шерту де шығармадан орын алған. Пушкин бұл шығармада өмірге деген немқұрайлық, оның рахатына деген көңілдің түсуі, жанның өзге бір дүниелерге елегізуі суреттеуді мақсат тұтқаны аңғарылады. Өйткені 19 ғасырдың дворян жастарының барлығы дерлік осындай қысаң-таяң кезеңді бойынан өткерген еді. Барлығына дерлік тән қасиеттер болатын.
Поэманың басты кейіпкері өмірден адасқан адам. Дворяндық ортадағы, өркениеттің өмірін еркіндікке қарама-қайшы қойған жан. Еркіндік поэманың пафосын да құраған. Тұтқын – табиғаттың досы және ол адамнан қарапайымдылықты, еркін, тәуелсіз болуды қалайды. Шығармада еркіндік идеясы Черкес қызының бейнесі арқылы сомдалған. Қыздың образы ұлы махаббат жолындағы құрбандығы арқылы терең әрі нанымды етіп берілген. Өз ғашығының еркіндігі үшін өзін өлімге қиған қыз бейнесі аса жоғары тұрады. Сүйгенінің шынжырдағы күйін көргенше тұтқындықтан көз жазып, өліп құшқанды қалайды. Құлдықтағы махаббаттан өлім артық деп тұжырым жасайды. Шығармада Кавказ елінің таңғажайып табиғаты мен еркіндікті жанындай сүйген дархан халқы үлкен қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен суреттелген. Тау халқының өр мінезі, қайтпас қайсарлығы туындыда негізгі көркемдеу тәсілдері ретінде алынған.
Оңтүстік айдауда жүргенде туған келесі романтикалық циклге «Братья разбойники» поэмасын атауға болады. Кешинев түрмесінен екі ағайынды қылмыскер қашып шыққандығы туралы ел арасындағы романтикалық рухтағы әңгіме ақын шабытын келесі бір романтикалық поэма жазуға итермелейді. Қарапайым халықтың көңіл-күйі, арман-мұраты баяндала отырып, ауыр тұрмыс жағдайы сипатталған. Шығарманың романтикалық өзегін ұстану үшін қарақшылар өмірінен нанымды деректер айтылып, тіпті әндері де қолданылады.
Халықтың болмысы мен танымын бейнелеуде ерекше орыне алған романтикалық поэмалардың бірі – «Бахчисарай фонтаны» (1822-23 жж)
Шығарма сюжетіне халық арасында аңыз боп айтылып жүрген хан мен тұтқын қыз туралы баян алыныпты. Бұл ұлы махаббат туралы аңызда екі өркениеттің тайталасуы мен екі жастың ыстық сезімдері таразы басына алынған екен. Қырымның ханы Керей мен християн тұтқын қызы Мария арасындағы зор махаббат суреттемесі адам бойындағы ой мен сезім арпалысын ұғындырып, сұлу әйел жан сырына терең бойлап, оқырманына мейілінше әсер етеді. Шығарма идеясы романтикалық поэма шеңберінен де зор, поэма жанры үшін аса күрделі деумізге болады.
Пушкин романтикасы «Сығандар» поэмасында өз даму шегіне жеткізілген. Шығарма идеясы жағынан «Квказ тұтқыны» туындысының жалғасы іспетті. Басты кейіпкерлері өмірден түңілген, адасып жол таппаған тұлғалар. Поэманың бас қаһарманы Алеко – еркін адамның образы. Романтикалық кейіпкер ретінде сыни пікір-таластың тақырыбы бола алды. Оның махаббат тарихы, бойындағы қызғаныш сезімі, сыған қызының өмірді эгоистік мінез-құлықта шынжырдан босанудың жолын іздеуі және бұл мақсатта өз шынжырын өзгеге кигізе салмағаны адам ретінде бағасын көрсетіп тұрар сюжеттер.
Шығармада басты назар аударылатын бейне кәрі сыған бейнесі. Ол даналық пен данышпандықтың белгісі іспетті. Кәрі сыған жас сұлуға «сен тек өзіңе ғана еркіндік аңсайсың» деп айып тағады. Бұл жерде автордың еркіндік идеясын тек романтикалық кейіпкер Алекомен ғана емес өзге де ішкі жан дүниесі тұтқын күйінде сезінген эгоистік психологиялық ұстанымдарды көздеген жандарды да басты назарға алады. Алеконың көңіл-күй ізденісі, жай ғана тіршілікпен келіспеушілікке келуі жәй ғана әншейін дүние болып қала береді. Бұл тұста Пушкиннің Руссо тұжырымына қиғаш келгендігі байқалады. Пушкин ой тұжырымы бойынша «ешқандай табиғаттың еркіндігін сезінбеген қала тұрғыны, сол қала тымырсығында тәрбиеленген пенде табиғат аясында еркін өмір сүруі, өзі шыққан өркениетті ортаны қиып тастап кетуі мүмкін емес екен». Романтикалық еркіндік ойын сыған қызы Земфира бейнесінде де бірқатар дамыта түскен. Еркіндіктен айырылған Земфира да кәрі сыған да үлкен трагедиялық финалға тап болған. Пушкин сыған еркіндігін суреттеуде бұл халықтың еркіндік туралы түсінігінде иллюзия басым екендігін айтқан. Сығандар еркіндіктің балалары. Ал Алеко өзімшілдіктің, бұзақылық пен озбырлықтың шартты бейнесі сияқты. Әр түрлі мәдениеттің бір-біріне қиғаш келуі, өркениет қақтығысы «Бахчисарай фонтаны» шығармасынан гөрі «Сығандар» поэмасында күрделірек болып келеді. Шығармадағы драмматизм мен эпикалық баян басым түсуі Пушкиннің бойында реалистік көзқарастардың бастамы деп бағалап жүрміз.

12 дәріс






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет