Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


Орыс мысалының қас шебері – Иван Крылов шығармашылығы



бет8/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы
Сарышова К. Фразеологизмдер, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, №17 лекция, 3db0d648-82bb-11e3-9ea3-f6d299da70eeлекция 1 менеджмент, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, « леуметтану» п нінен 300 тест с ра тары, 15078865, 15078865, Мысал, анатомия, лекциялар жинагы, хим конспект 6
Орыс мысалының қас шебері – Иван Крылов шығармашылығы
Жоспар:

  • Мысалшының шығармашылығына жалпы шолу

  • Крылов мысалдарының саяси-әлеуметтік салмағы (маңызы)

Атақты мысалшы Иван Андреевич Крылов (1769-1844) - классикалық орыс әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әсіресе орыс реализмінің қалыптасуына көп септігін тигізді. Әдеби жанрлардың бірқатарын өз шығармашылығында қолданып көрсе де, мысалшы ретінде әлемге аты таралды. Өйткені дәл осы жанрда бойындағы барлық талантын көпшілікке таныта білді. Жанрдың жан-жақты дамып, үлкен көркемдік суреттеу құралына айналуына зор үлес қосты. Өз мысалдарында халықтықты қатаң ұстанып, орыс халқының мақал-мәтелдерін кеңінен пайдаланды. Мысалдары оқырман жүрегіне нық әрі дәл тиіп, белгілі дәрежеде ой қортындысына жетеледі.
Крылов шығармашылығының шарықтау кезеңі 18 ғасырдың соңымен тұспа-тұс келеді. 1804 жылдан бастап ақын түбегейлі мысал жанрымен айналысуға бел байлаған. Сол кезде әдеби тіпті бір қырынан саяси мәні бар «Беседа любителей русского слова» атты ұйымына мүше болып, белсенділік танытады. Ұзақ жылдар бойы жалпы халықтық кітапханда кітапханашы қызметін атқарып, өзіндік ой-тұжырымына келеді. Күнделікті өмірден көргендігінің жемісі болуы керек, әдебиетте алғаш болып «еріншектік» мәселесін туғызған. Бұл жаман қасиетті сынға ала отырып «обломщина» терминінің тууына жағдай жасады десе де болады. Ақын жастайынан тынбай еңбек етуді сүйетін, соған сай шығармашылығы даңқымен қатар өсіп, күрделене түседі. Өмірінің ақырына дейін шығармашылық шеберлігін шыңдаумен болған. 19 ғасырдың басында Крылов журналистикаға қызығушылық танытып, журнал шығарумен де айналысқан. Шығармашылығында драматургия жанрын байқап керген кезінде қоғамда сентиментализмге қарсы пікір күннен күнге өсіп, қоғам дамуына тежегіш болып тұрған классицизмге қатаң сындар күшейе түседі. Крылов «Каиб» атты повестінде бұл наразылығын айқын таныта білген. Осы жылдарда Пушкиннің «Руслан және Людмила», «Борис Годунов» шығармаларын алғаш оқиды.
Өзі жетекшілік еткен сатиралық журналдары «Почта духов», «Зритель», «Санкт-Петербургский меркурий» сол кезде ең танымал басылымдардың бірі болды. «Каиб» повесті, «Кофейница», Илья Богатырь» опералары осы басылым беттерінде жарық көрді. Крыловтың бірнеше жыл драмалық шығармалармен шұғылдануы болашақ мысалдарда драматизмнің қалыптасуына негіз болды. Крылов мысалдары комедиялық қойлым іспетті формада құрылып, ерекше қызығушылық туғызды. Өз мысалдарында ұлттық ерекшелікті, тәрбиені насихат етіп, шетелдік жат тәрбиені, бос сәнқұмарлықты сынға алды. Мысалы, «Модная лавка» комедиясында ауыл адамдарының қалалық өмірге құлшынуын, тіпті бірден өзгеріп сала беруін сынайды. Сол сияқты «Урок дочкам» комедиясы өмірлік жәйттерге толы. Крылов шығармаларындағы күлкі (юмор) үнемі жарқын әрі әсерлі болып келеді.

  • Крылов мысалдарының саяси-әлеуметтік салмағы (маңызы)

Крылов мысалдары 3 циклден тұрады.

    1. Саяси-әлеуметтік

    2. Әлеуметтік-тұрмыстық

    3. Адамгершілік-философиялық

Саяси-әлеуметтік мысалдарда (Воспитание лва, Волки и овцы, Рыбья пляска, Пестрые овцы) басқарушы жүйе мен халық арасындағы қарама-қайшылық суреттеліп, біріншісі қатаң сыналады. Кішкентай адам тағдырына аяныш туғызып, үстемдік етуші басшылықтың күлкінің астына алынуы бет-пердесін ашуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-тұрмыстық мысалдар (Мартышка и очки, Петух и жемчужина, Зерно, Лжец, Лебедь щука и рак) халықтың және жеке адамдардың бойындағы кейбір жағымсыз қасиеттерді әшкерлейді (еріншектік, жалқаулық, мақтаншақтық, әуесқойлық т.б)
Адамгершілік-философиялық мысалдар (обезьяна, Туча, Две бочки, Бочка т.б.) ақынның қарапайым мұжықтың еңбегін, адалдығын дәріптеп, керісінше патша қызметкерлерінің арамза ниеттері мен топастығын әшкерлейді.
Қорта айтқанда, Крылов орыс мысалының озық үлгілерін жасай отырып шынайы суреттемені туғызды. Орыс сатирасының құдіретін асқақтатып жіберді. Реалистік суреттеме беру үрдісін жасай отырып Гоголь, Пушкин сынды ұлыларға жол ашты.

10 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет