Әлдихан Қалдыбаев


Жидебай (жымиып). Сіз де бөтен емессіз, аға. Сақ



бет301/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   340
Жидебай (жымиып). Сіз де бөтен емессіз, аға.
Сақ. Оның рас. Мен де күнтумін. Мен де жасымда ән ұстағанмын, бәрі қалды. Маған ендігісі – Сауытбектің әсем әнін, сенің шешен сөзіңді естіп, «Әл, бәрекелді» деп отыру.
Сауытбек. Жидеке, «Тірімісің?» дейсіз ғой, сырттай – тірі, іштей – өлімін. Ақбөпені малы көптер алып барады, ажыратып алуға шамам жетпей, жер болып тұрмын.
Сақ. Олар – Ноғайбай болыстың адамдары, күйеу жігіт – баласы. Оларға ешкімнің шамасы жетпейді.
Жидебай (Сауытбекке). Ноғайбайдың қолынан қағатын адам жоқ бұл жалғанда.
Сауытбек. Кім білген?
Сақ (қатуланып). Ноғайбай – күшті, сүйегіңді отын, етіңді борша қылады.
Жидебай. Солай. Осы жерден тоқта, Сауытжан.
Сауытбек. Қайтіп тоқтаймын? Маған Ақбөпесіз жарық дүние – қараң, өмір – өксік.
Жидебай. Сенің ендігі өмірің – өлең. Айт, толға мына күйіңді.
Сақ. Мен де соны айтып тұрмын. Іштегі шер айтса, тарқайды.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет