05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет42/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Транзисторлы күшейткіштің схемасы (ортақ эмиттерлі схема) 88-суретте көрсетілген. Ri және R2 резисторлар коллектор батареясына параллель қосылған кернеулі бөлгіш болады. Ығысу кернеуі R2 резисторынан алынады. Егер күшейткіштің кірісіне айнымалы кернеу беретін болсақ, онда эмиттер тогы, демек, коллектор тогы да өзгеретін бо­лады және жүктік резисторға айнымалы кернеу бөлінеді. Бұл қарастырылған схемаларда күшейткіштер активті кедергілермен (Ra,Rx) жүктенген, сондықтан мұндай күшейткіштер реостаттық деп аталады. Олар дыбыстық жиілікті күшейту үшін (50—100 гц тен 8000-10 000 гц-ке дейін) пайдаланылады. Қуатты күшейту үшін, шығыс трансформаторы бар репродуктор мен қосылған, трансформаторлык күшейткіштер пайдаланылады (89-су-


рет). Трансформатор лампының ішкі кедергісі мен

89-сурет. Репродукторды косу схемасы.

репродуктордың дыбыстық катушкасы кедергісін үй-лестіру қызметін атқарады. Өйткені %ок қабылда-ғыштың кедергісі қоректендіруші ток көзінің ішкі кедергісіне тең болғанда, ток ең үлкен шамасына жетеді.

Трансформациялау коэффициенті

Мұндағы U\ — трансформатордың бірінші реттік обмоткасының қысқыштарындағы кернеу, ал U2 — екінші реттік обмоткадағы кернеу. Ал трансформатор-дың п. э. к. 99%-ке жететіндіктен, куатты Р:=Р2 деп есептеуге болады немесе

Щ __ U\ Бұдан

Сөйтіп, бірінші реттік тізбек ретінде есептелетін дыбыстық катушканың кедергісі

Ri = n2R2 (45)

Демек, трансформациялаудың тиісті коэффициентін таңдап алып, репродуктордың кедергісін лампының ішкі кедергісімен үйлестіруге болады.

Транзисторлы қалта радиоқабылдағыштарға кү-шейткіштің шығысына шығыстық трансформаторсыз-ақ._қосуға болатын капсюльдер, мысалы, ДЭМ-4М, пайдаланылады, өйткені олардық кедергілері ете кеп', ал кептеген қуатты транзисторлардың шығыстық ке-дергісі тым аз.



Мысал ретінде 90-суретте екі каскадты төмен-п жиілікті күшейткіш келтірілген. Каскад деп электр тізбегімен қоса есептегендегі лампыны айтады. Кас­кад лампының торынан басталады да, келесі лампының торымен аяқта-л а д ы. Суретте көрсетілген схемадағы Rx — потен­циометр күшейтуді (қаттылықты) реттеуші, ал Rr — тонды реттеуші болып табылады. Бұл резисторлардың жүмыс принципін өздігінен талдап үғыну қиын емес. Яі, С2 ұялары күшейткіштің өздігінен қозуынан сақ-тандыратын босатушы фильтр.

90-сурет. Төмен жиілікті екі каскадты кұшейткіш.

Бұл күшейткіштің бірінші лампысы Лх кернеуді күшейткіш ролін, ал Л2 лампы қуатты күшейткіш ро-лш атқарады.

12. Релаксациялық тербелістер генераторы

Тербеліс периоды ішінде ток та және кернеуде секірмелі күйде болатын генераторлар релаксациялық деп аталады. Мұндай генераторлар электрон-сәулелік түтіктер тетіктерінде (телевизорларда және электрондық осциллографтарда, сондай-ақ радиолокациялық қондырғыларда) пайдаланылады.

Ара тәріздес формалы тербелістердің қарапайым генераторын неон лампысында құрастыруға болады (91,а-сурет). Онда С конденсаторы R резисторы арқылы Б батареясынан зарядталады. С конденсаторындағы кернеу лампының жану кернеуіне дейін көтерілгенде, одан ток жүре бастайды.

R резисторының кедергісі жеткілікті үлкен бол-ранда конденсатор лампы арқылы тез разрядталады. Ол лампыньщ өшу кернеуіне дейін разрядталғанда, лампы өшеді де, ток жүру тоқталады. Бұдан кейін конденсатор кернеуі лампы жанғанға дейін қайта өседі, сөйтіп бүкіл процесс периодты түрде кайталай-ды. Неопды лампылы генератордағы релаксациялық тербелістер формасы 91,6-суретте кескінделген.

92-суретте тиратронмен жұмыс істейтін генера-тордың схемасы көрсетілген. Бүл схема алдыңғы сияқ-ты жұмыс істейді. Генераторды қосқаннан кейін С конденсаторы Б батареясынан зарядталады. Іс жүзін де лампы прқылы ток жүрмейді.



91-сурет. Неон лампылы релаксациялык. тербелістер генераторы.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет