5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет2/3
Дата23.11.2016
өлшемі0,9 Mb.
#2352
1   2   3

Дәрісті қорытындылау:

1. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.

2. Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі.

Бақылау сұрақтары:

1.Терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қалай қамтылған?

2.Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдеріне қай терминдер жатады?

3.Терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.

№9дәріс тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.

1. Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары.

2. Когнитивизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.

Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсететін құрал.

Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді.

Зерттеуші В.А.Маслова «... елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген.

Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым.

2. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.

Бақылау сұрақтары:

1.Когнитивизм нені зерттейді?

2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?

3.Когнитологияның қарастыратын мәселелеріне не жатады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4

№10 дәріс тақырыбы: Когнитивизм және когнитология.

1. Когнитивизмнің негізгі қағидасы.

2. Когнитивтік лингвистиканың когнитологияның жеке саласы.

3. Когнитивистиканың зерттеу нысаны.
Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивистика – адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы. Бұл термин ғылымдар бірлестігіне қатысты, әрі жалпы термин, өзіне бұрын-соңды салыстырылмаған, оның ішінде когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект теориясы, математика мен нейропсихологияның зерттеу қырларын енгізеді.

Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым.

Дәрісті қорытындылау:

1. Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады.

2. Когнитивистика – адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы.

3. Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым.



Бақылау сұрақтары:

1.Когнитивизм нені зерттейді?

2. Когнитивизмнің зерттеу нысанына не жатады?

3. Когниция немесе когнитивтік әрекеттер дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.2007.

3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы: Ғылым, 1998ж.

4.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, Алматы, 2002ж. ‑ №4
№11 дәріс тақырыбы: Когнитологияның жеке тармақтары.

1. Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны.

2. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.

3. Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.

Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субьектілердің қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.

Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.

Когнитивтік психология («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.

Когнитивтік әлеуметтану. Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингивистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін, қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым.



Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.

2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.

3. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым.



Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік психологияның нені зерттейді?

2. Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселесіне не жатады?

3. Когнитивтік антропология нені зерттейтін ғылым?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4

3 модуль. Тіл білімінде танымдық бағыт.

№12 дәріс тақырыбы: Тіл мен таным бірлестігі.
1.Тіл – ойлау мен таным құралы.

2. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.

3. Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.
Ғаламдағы заттар мен құбылыстарға атау берумен қатар, олардың ерекшелігін танып білуде таным үдерісінің екі жолы мен оның қызметін зерттеушілер былайша түсіндіреді.: «Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным. Бұл жолдың екеуі де бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі толықтырып байытып отырады.

Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі ғалымдардың атасы саналатын Аристотель, Платон, Әл–Фараби еңбектеріндегі тіл философиясынан алады.



Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді. Адамзат баласының шындық болмысты танып білуі барлық халықта бірдей екендігі анық. Яғни таным – түсінік арқылы емес, ми қызметі арқылы жүзеге асады. Ми қызметі арқылы адам дүниені таниды. Ал осы танымның нәтижелері тілдік таңбалар арқылы тілден көрініс табады. Олай болса, тіл – ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің бейнесі.

Дәрісті қорытындылау:

1.Таным үдерісінің негізгі екі жолы бар. Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы тану болса, екіншісі – ойлау арқылы жүзеге асатын логикалық таным.

2. Адам қоршаған ортаны ой қабілеті арқылы танып біледі. Ал тіл ой қызметін бейнеге, модельге түсіреді.

Бақылау сұрақтары:

1.Тіл білімінде танымдық бағыттың бастау көзі неден басталады?

2.Тіл – ойлау мен таным құралы, ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы қалай көрінеді?

3. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі жайлы не білесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4

№13 дәріс тақырыбы: Тіл мен сана.


1. Тіл мен сананың өзара байланысы.

2. Сананы қалыптастыратын факторлар.

3. Тіл және ойлау.
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.

Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.

Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы.

Дәрісті қорытындылау:

1. Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады.

2. Сана — қоғамдық құбылыс.

3.Ойлау — адам санасының маңызды ерекшелігі.



Бақылау сұрақтары:

1. Таным дегеніміз не?

2. Неліктен сана — қоғамдық құбылыс дейміз?

3. Тіл мен сананың өзара байланысы неден көрінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4
№14 дәріс тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
1.«Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік.

2. В.фон Гумбольдтың «тілдік әлемді қабылдау» тұжырымдамасының «аралық әлем және ғаламның тілдік бейнесі» деп қарастырылуы.

3.«Ғалам бейнесінің вербальдық сипатына қатысты ғалымдардың тұжырымдары.
Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғи тіл біздің ғалам туралы біліміміз толық қамтып бейнеленген негізгі форма.

Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі ғаламның тілдік бейнесінің орнына қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым, екі нәрсе болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынып, антропология, семиотика, лингвистикаға енгізген неміс ғалымы Л.Вайсгербер болатын. Ол мұны «ғаламның тілдік құрылуы» деп атады.

Когнитивтік ғылым мен жасанды интелектінің маңызды ұғымы «ғалам моделі» немесе «когнитивтік моделмен» тікелей байланысты. Ғалам моделі – концептуалды табиғатқа ие құрылым. Е.С.Кубякова, Б.А.Серебренников, А.А.Уфимцова т.б. ғалымдар ғаламның концептуалдық бейнесін тілдік бейнеге қарағанда әлдеқайда бай деп есептейді. Ғалымдардың пікірінше, ғаламның ғылыми бейнесін құруға ойлаудың түрлі типтері бейвербалды түрлері де қатысады.

Дәрісті қорытындылау:

1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз – адамды қоршаған обьективті шындық.

2.«Ғаламның тілдік бейнесі» термині философия мен логикада Л.Витгенштейн енгізген.

3.Дүниенің тілдік бейнесі – адамның әлем туралы жинақтаған ой жүйесінің, танымының сөздегі суреті.



Бақылау сұрақтары:

1. Ғаламның тілдік бейнесі дегеніміз не?

2. «Ғаламның тілдік бейнесі» терминін философия мен логикада енгізген қай ғалым?

3. Ғаламның тілдік құрылуы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4

№15дәріс тақырыбы: Тілдік таным және ғаламды зерделеу.


1.Когнитивтік лингвистика ғылымындағы «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының зерттелуі.

2. Ғаламның тілдік бейнесі мәселесі.
Тіл мен танымның, тіл мен адамның,тіл мен ойдың,тіл мен сананың, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлестіктерін, олардың өзара бір-бірімен сабақтастығын зерттеу – қазақ тіл білімінде дамып келе жатқан тың лингвистиқалық ғылыми бағыттардың мәселесі.

Ғалам бейнесі адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір сүреді. Оны іс жүзіне асыратын, объективтендіретін форма – тіл. Сонда адам баласының тілі «адам-әлем» қатынасының нәтижесінде пайда болатын жалпы адамзат атаулыға ортақ әлемдік бейне «тіл - ойлау» бірлігінің көрінісі болып табылады.

Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесі Ю.Н.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.Поствалова, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия және басқалардың еңбектерінде қарастырылып жүр.

«Ғалам бейнесі деген ұғым адамның қоршаған ғалам жайлы көзқарастарын зерттеуге құрылады. Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара байланысы, ал ғалам бейнесі – адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды өңдеудің нәтижесі.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тіл адамзат дүниетанымымен ойлауды, сананы қалыптастырып дамытуға қызмет ететін күрделі құбылыс.

2. «Ғалам бейнесі деген ұғым адамның қоршаған ғалам жайлы көзқарастарын зерттеуге құрылады.

3. Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара байланысы, ал ғалам бейнесі – адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды өңдеудің нәтижесі.

4. Ғалам бейнесі «тұрақсыз», үнемі өзгерісте болатын құбылыс.



Бақылау сұрақтары:

1. «Ғаламның тілдік бейнесі» дегеніміз не?

2. Қазіргі таңда ғаламның тілдік бейнесі мәселесін зерттегендер кімдер?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4

4модуль. Когнитивтік лингвистиканың теориялық мәселелері.


№16 дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.

2. Лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі.


Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады.

Теориялық және қолданбалы лингвистиканың жаңа саласы ретінде когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты. Когнитивтік лингвистика когнитивтік психологиямен, оның ішінде вербальды ес құбылысымен, ішкі лексиконмен, сонымен қатар тілді қабылдау мен түсінуді талдаумен байланысты. Және де когнитивтік лингвистика дүниені сипаттау мен сипаттау әдістерін қарастырумен байланысты.

Білімнің әрбір жаңа парадигмасы жаңа мәселелерді ғылыми таным нысанына алудың өз үлгісін, өз моделін және оны шешу жолының да өзіндік әдістерін ұсынатыны белгілі. Когнитивтік лингвистика құрылымдық тіл білімімен «сөз таластыра», “білім жарыстыра отырып» қалыптасса да, структуралық (құрылымдық) тіл білімінің ұстанымдарымен қайшылыққа түспейді, қайта оны өз керегіне пайдаланады”.

Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік лингвистика бір жағынан когницияның лингвистикалық жағынан зерттелуімен байланысты болса, екінші жағынан когнитивтік жақтарды, яғни лексикалық, грамматикалық және басқа да құбылыстарды қарастырумен байланысты.

2. Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі – таным мен тіл мәселесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы қандай?

2. Когнитивтік лингвистиканың когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикологиямен байланысы қандай?

Ұсынылатын і әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г

3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.

4.Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. А.,2007.

№17дәріс тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.


1. Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші.

2. Когнитивтік лингвистиканың семантикамен байланысы.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниеге келген зерттеулердің басым көпшілігі тілдік материалды антропологиялық және ғаламдық деректер арқылы меңгере талдауымен көзге түседі. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, барша ақпараттар мен хабарлар жиынтығы, адамзат тіршілігінің негізі, тәжірибе мен білім арнасы, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, тарихи дереккөздерін, грамматикалық бірліктерін әрі мағына мен пішін бірлігі тұрғысынан, әрі ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады.

Когнитивті семантика – лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады. Ол сөздің атауыштық мәнін және ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналық құралымның танымдық ерекшелігін анықтайды.

Қазіргі тіл ғылымында тілдік мағынаның кең таралған семантикалық үштігі – шындық зат, оның таңбасы және ой туралы тілдік мағынаның табиғатын шешуге бағытталған.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік құрамын, стильдік тармақтарын, грамматикалық бірліктерін ұғым мен таным арақатынасы негізінде дәйектеп көрсете білген.

2. Когнитивті семантика – лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші екендігі неден көрінеді?

2.Когнитивтік фактілердің прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантикамен арақатынасы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г

3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.


№18дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі.

2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері.

Концептадам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Адамның танымдық ерекшелігін сипаттар концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалады: 1. Адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени құндылықтар жекеленген концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі (Ю.С.Степанов);

2. Тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде қарастырады.

1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырса, қазіргі таңда бұл ұғымның аясы кеңейе отырып, анықтама шеңберінде адамның барша психикалық ресурстары, сана қызметі, жинақталған тәжірибені танытар құрылымдар сөз болуда. «Концепт – жадының, концептуалды жүйенің, адам психикасында көрініс тапқан әлемдік бейненің, ментальді қордың оперативті бөлшегі» болғандықтан, оның негізінде тіл біліміне концептуалды жүйе, концепттік ая сынды ұғымдар да қалыптасып, кеңінен қолданыс тауып отыр.

Дәрісті қорытындылау:

1. Концептадам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі.

2. 1928 ж. С.А.Аскольдов концепт терминін алғаш қолдана отырып, оның табиғатын ой құрылымы деп қарастырған.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттеген кімдер?

2. «Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері қандай?

3. «Концепт» дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Минск: Театра Системе, 2004г.

2.Бабушкин А.К Типы концептов в лексико – фразеологический семантике языка их личная и национальная специфика. Дис... док филиал, наук. Воронеж, 1998г

3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007ж.


№19дәріс тақырыбы: Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
1. Тіл білімінде концептінің кешенді қолданыста екендігі.

2. Концепт және оның түрлері.


Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі.

Тіл білімінде концепт кешенді қолданыста ұғым береді:

1.Лингвомәдениеттаным аспектісінде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы ұлттық-мәдени танымда, әлеуметтік, этикалық, рухани танымда (Н.Д.Арутюнова, А.М.Мороховский, Д.С. Лихачев т.б.).

2.Психолингвистикалық аспектіде, концепт – ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (Дж.Келли, Дж.Каган, Р.И.Павеленис)

3.Лингвокогнитивтік аспектіде, концепт – ақиқат дүниені санада жинақталған ақпараттары (Е.Н.Кубрякова,А.Вежбицкая).

Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт).

Концепт түрлері поэтикалық мәтіндегі тілдік көрінісіне қарай фрейм – қарапайым форма, скрипт – күрделі форма, сценарий – оқиғалы форма, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма деп танылды.

Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт.

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт).

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі лингвистикада «концепт» терминіне қатысты пікірталастар қандай?

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

3. Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді қандай топтарға бөлген?

5модуль. Когнитивтік ұғымдар жүйесі.

№20 дәріс тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.


1. Танымдық тіл білімінің құралдары.

2. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.

Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келді. Когниция - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады.

Ғалымдар танымдық тілдік зерттеулердің ұғымдық, терминдік аппаратын қалыптастыру және оның ғылыми-теориялық ұстанымдарын айқындау аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады деп есептейді.Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан және өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын” атай отырып, В.А.Маслова оқу құралында оның ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім, концепт, концептуалды жүйе, когниция, әлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальді көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вербалдану, мәдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік және т.б. сөздер сөз тіркестерін қарастырады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Когниция - бұл адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс.

2. Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде– фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер, яки барлық мағыналар жиынтығы; т.б. – танылып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі лингвистикада «концепт» терминіне қатысты пікірталастар қандай?

2. Концепт санада танылу деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

3. Зерттеуші В.А. Маслова концептілерді қандай топтарға бөлген?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, Алматы, 2002ж. ‑ №4


№21 дәріс тақырыбы: Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
1. Танымдық бірліктердің тілдік құралдар арқылы көрініс табуы.

2. Когнитивтік ұғымдарға жалпы сипаттама беру.


Қазақ тілтаным ғылымы өзіндік үрдіспен қалыптаса отырып, маңызды танымдық бірліктердің тілдік құралдар арқылы көрініс тауып, талдануына да ұтымды әсер етті, сол себепті классикалық үлгіде қабылданатын когнитивтік ұғымдармен қатар, мұнда ұлттық таным мен пәлсапа қағидаларына құрылған әрі универсалды танымдық әрекеттерден өрбіген бірліктер де жіктеліп ұсынылды. Тарихи бастауының өзі қоршаған орта құбылыстары мен тілдік амалдардың сабақтастығын өзектеген, адамды барша табиғи болмыстың бөлшегі деп қарастырған бұл саланың ғылыми-теориялық негізде болмаса да, логика-пәлсапалық тұрғыда дамуы аса құнды тұжырымдардың дүниеге келуіне түрткі болды, яғни гештальт, фрейм, концепт мәселелерінен бұрын не болмаса, олармен қатарласа ұқсату, яки аналогия, ассоциация немесе балау, бейнелі қабылдау, жоғары құндылықтарға зейін қою әрекеттерінен туындайтын тілтанымдық мағыналар да үстем бола бастады.

Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым – Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы” деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы” өзектеліп отыр.



Сана. В.А.Маслова бұл танымдық бірліктің шеңберінде „адамның құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін” қарастырады, сондықтан адамға тән ақыл-ой жүйесін „кез келген ілімнің қалыптасуын дәйектейтін құрылғы” деп таниды.

Білім. Бұл „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет” деп танылатын термин үнемі дамып, толығып отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады.

Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы ерекше бірліктері ретінде қарастыру керектігін атап өтті. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді.

Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

Дәрісті қорытындылау:

1.Фрейм- концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы.

2. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді.

3.Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

Бақылау сұрақтары:

1. Когнитивтік ұғымдарға қандай ұғымдарды жатқызамыз?

2.Фрейм, сана, білім, жады, прототип, гештальт дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

№22 дәріс тақырыбы: Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.

1. Метафора тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс.



2.Концептуальдық метафора туралы түсінік.
Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Әлемдік тілдерде, орыс тіл білімінде метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның болмысы, мән-маңызы жан-жақты зерттелуде. Метафораның болмысы оның тілдегі қызметі мен маңызы, пайда болу механизмдері, түрлері мен ерекшеліктері т.б. метафораға қатысты маңызды мәселелер осы күнге дейін бір жақты зерттелуде.

Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.

Орыс тіліндегі метафоралардың концептуалдық қызметін арнайы зерттеген ғалым Е.О.Опарина еңбегінде концептуалдық метафораның жасалуына, танымдық қырларына, оның мағыналық ерекшеліктері, түрлері мен тілдегі қызметтеріне, ғылым тіліндегі концептуалдық қызметіне тоқталады. Концептуалдық метафора – адам танымында анология, ассоциация сияқты ойлау үдерісі заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы,жаңа лексикалық мағына.

Концептуалдық метафора заттық дүниені белгілеу құралы ғана емес,ол сонымен қатар абстрактілі болмыстарды табу,оларға сай келетін немесе тілдік ұғымдарды қалыптастыру болып табылады. Мысалы: ’’Ислам -халықтық мәдениеттің тірегі,оның рухани қазығы”.

Дәрісті қорытындылау:

1. Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.

2. Концептуалдық метафора жаңа ұғым (концепт) жасауды мақсат ететін метафоралық үдерістің нәтижесінен туындайды.



Бақылау сұрақтары:

1.Метафора адам ойлауы мен тілінде қандай қызмет атқарады?

2.Концептуалды метафораның зерттеу нысаны, мақсаты не?

3.Поэтикалық мәтіндегі концептуалдық метафора қалай қызмет атқарады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.

3.Сыбанбаева А. Концептуалды метафора. А., 2000.

4. Зайсанбаева. Г.Ж. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі(біріккен зат атаулары негізінде) ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін жазылған диссертация Алматы,2004.

№23 дәріс тақырыбы: Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.

1.Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы түсінік.

2.Тілдік тұлға және оның құрылымдары.


Бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруда біршама нәтижеге қол жетті десе болады. Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы [Қ.Жұмалиев] мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді.

Қазіргі таңда көркем әдебиет тілін таным тұрғысынан қарастыру, қаламгерлердің сөз қолдану ерекшелігі мен автор бейнесі ретінде ғаламның тілдік бейнесін жасаушы жазушының тілдік тұлғасын талдау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр. Қазақ тіл білімінде соңғы уақытта жүргізілген зерттеулердің ішінде Ш.Ниятова Махамбеттің тілдік тұлғасын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Ж.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, Ф.Қожахметованың Тұрамағамбет Ізтілеуовтың, А.Жуминова Олжас Сүлейменовтың тілдік тұлғасын жан-жақты қарастырған еңбектері бар.


Дәрісті қорытындылау:

1. Қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға мәселесін зерттегендер қатарында Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова т.б. атап өтуге болады.

2. Тілдік тұлға дегеніміздің өзі ұлттық тіл ортасында, ұлттық құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін зерттеген кімдер?

2. Тілдік тұлға дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.

3.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.

24 дәріс тақырыбы: Тілдік тұлғаның құрылымы.
1. Тілдік тұлға құрылымы – кешенді құбылыс.

2. Тілдік тұлғаның вербалды-семантикалық деңгейі.


Шын мәніндегі тілдік тұлға құрылымы – кешенді құбылыс.

В.А.Маслованың көрсетуінше, оған мынадай компоненттер енеді: 1)құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті, яғни құндылықтар жүйесі және өмірдің мәндері; 2) мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі; 3) жеке тұлғалық компонент, яғни, әр адамда бар терең жекелік қасиеттер.

Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті» деп те аталатын құрылым, жүйе, ой көрінеді. Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сәйкес қалыптастырған, енгізген түрі, сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипат дәрежесіне көшеді де, оның тілін зерттеудің арқауы бола бастайды. Ю.Н.Караулов тілдік тұлғаны үш құрылымдық деңгейден тұрады деп санайтыны белгілі:

1.Вербалды-семантикалық деңгей;

2.Когнитивтік деңгей;

3.Прагматикалық (мотивациялық) деңгей;

Вербалды-семантикалық деңгейде тілдік тұлғаның күнделікті дәстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталады. Бұл деңгейге автордың өзіндік сөз қолданысы, әртүрлі образдар көрінісінің қолданылу дәрежесі, тілдік тәсілдердің сонылығы, түр жаңалығы, семалар ерекшеліктері енеді. Бұл тілдік тұлғаның бастапқы таным көрінісін ашатын деңгей болғандықтан, ол кейде нөлдік деңгей деп те аталып, тілдік тұлғаның тілді қолдану ерекшелігі басым түрде әңгіме болады.

«Тілдік тұлға» мәселесінде басты ерекшелік тұлғаның (личность) жай саналы адам (гомо сапиенс) аумағынан кең көлемге өзінің тілдік ерекшелігі арқылы шығып кетуінде жатыр. Кез келген жеке тұлға өзінің тілдік емес басқа қасиеттерімен жұртқа танылғанымен, тілдік тұлға бола алмайды. Оның басты себебі, жеке тұлғаның тіл қаруымен қаруланбауында жатыр.



Дәрісті қорытындылау:

1.В.А.Маслованың көрсетуінше, тілдік тұлға мынадай компоненттер енеді: 1)құндылық, дүниетанымдық, тәрбие мазмұны компоненті ;

2) мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі;

3) жеке тұлғалық компонент, яғни, әр адамда бар терең жекелік қасиеттер.



Бақылау сұрақтары:

1. Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы не білесің ?

2. Тілдік тұлға дегеніміз не ?

3. Ю.Н.Караулов ұсынған тілдік тұлғаны танудың үш деңгейлік үлгісіне не жатады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Ақбердиева Б.Когнитивтік лингвистика,-А,2009.

3.Елемесова Ш. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары. Дисс.. фил.ғыл.кан. Алматы, 2003 .

4. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері . Алматы, 1998.

№25 дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың рөлі.

1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі.

2.Концептуалдық талдау мақсаты.


Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз.

Осы бағыттағы концепт мәні қазақ тіл білімінде Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, А.Ислам, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашева, Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді.

Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз. «Ұлттық өзіндік бейне» дейтін себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек «өз көзімен» көріп, өзінің түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады. Дүниені бағалаудығы өз ұлттық ерекшелігін белгілейді Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді. Бұл құндылықтар халық тарихы мен тұрмысына терең орнығып, оның паремиологиясы мен фразеологиясы, сөздік қоры мен ондағы сөздердің бояу-реңктері арқылы көрініс беріп жатады.

Дәрісті қорытындылау:

1.Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз.

2. Көркем мәтіндегі концептіні айқындау үшін концептуалдық талдау жүргізу керек. Ол үшін, біріншіден, мәтіндегі тірек сөздердің тізбегін қалыптастыру керек. Екіншіден, олардың концептілік кеңістікті бейнелеу дәрежесін анықтау керек. Үшіншіден, осы кеңістіктің базалық концептілерін анықтау керек» дейді.

Бақылау сұрақтары:

1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?

2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным.

2.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.

3.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.

4.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.

5.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд. дисс. автореф.,-А.,2006.


№26 дәріс тақырыбы: Концептуалдық талдаудың өзіндік ерекшелігі.
1. Концептуалдық талдау мақсаты.

2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.


Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.

Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалдық талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым, ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ал тірек концепт бір автордың шығармасында байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің ядросын танытады.Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл – когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану.»,-дейді.

Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді [13.35].

Дәрісті қорытындылау:

1.Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.

2. Пропозиция –ұғымды түсінудің ерекше құрылымы.

Бақылау сұрақтары:

1.Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі неде?

2.Концептуалдық талдаудың мақсатына не жатады?

3. Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрлі типін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.

3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1.

4.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд. дисс. автореф.,-А.,2006.

№27 дәріс тақырыбы: Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері.

1.Тіл мен мифтің сабақтастығы.

2.Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі».

Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол – өткен заманның адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың есерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы .

Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.

«Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие. Дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы – мифтік таным бойынша о баста болған оқиғалардың нәтижесі.

Ежелгі ойлау жүйесінің түрі мифтік танымның мазмұндық межесін мифтік-танымдық деп бағаласақ, оны бейнелеудің, тілде сақтаудың және қолданудың тұрпаттық межесі – тілдегі лексика-фразеологиялық жүйе.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Өйткені қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті тұтастай қамтылады.

Дәрісті қорытындылау:

1. Тіл мен мифологияны сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлген,өзіндік із қалдырған орыстың көрнекті ғалымы - А.А.Потебня.

2. «Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие.

Бақылау сұрақтары:

1.Тіл мен мифтің сабақтастығы неден көрінеді?

2. Қазақ тіліндегі мифтік-танымдық жүйе туралы не білесіз?

3.Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі» қалай көрініс тапқан?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999

  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992

3. Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистикаА.,2009ж.

4. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері: Алматы, 2007ж


№28 дәріс тақырыбы: Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.

1. Фразеологизмдердің этномәдени негізі.

2. Этнофразеологизмдердің пайда болу мотивтеріндегі ұлттық

мәдени ерекшеліктер.


Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз – этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, «этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» . Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Тіл тағдыры ұрпақ тағдырымен сабақтас.Өйткені әр халық өз ана тілін тек ұрпақтарының жетістігімен ғана өзгеге танытады.

Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы – ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы.Бұл төл мәдениеттің өсуі мен гүлденуі,өркениет заманындағы ұлт тарихының бүкіл мәдениетін көрсететін философиялық көзқарасы,тарихы, әдебиеті, тілі. Аталған түп деректердің ауқымдылығы соншалық, олардың әрқайсысы фразеологизмдердің шығу тарихын зерделейтін жеке-жеке ғылым салаларына арқау болатын үлкен ұлттық мәдени қор.



Дәрісті қорытындылау:

1.Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады.

2. Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова сияқты ғалымдар зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Этнографизмдер дегеніміз не?

2. Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісін қалай түсінесің?

3. Әр фразеологизмде мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады,- дегенді қалай түсінесің?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма.- Алматы: РБК, 1998.-126б.

2. АваковаР.Ә. Фразеология теориясы. –А.: Қазақ университеті, 2009. -292б.

3.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: «Ана тілі», 1998.-304б.

4.Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. -Алматы, 1968 – 264 б.

5.Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. -178с.


№29 дәріс тақырыбы: Дискурс – когнитивтік танымының негізгі зерттеу нысаны

1. Т.А Ван Дейктің дискурсы және когнитивті талдау ерекшелігі

2. Дискурстық талдаудың пәнаралық бағыт ретіндегі қалыптасу тарихы.

3. Дискурсты түсінудің танымдық моделі.


Дискурс – (фр. discours – сөйлеу) ағыл. discoursе – дискурс термині XX ғ. 70-жылдарының басында кең қолданыла бастады. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда “функционалдық стиль” терминіне жақын болды. Дискурс - “тілдегі тіл”, бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген. Ю.С.Степановтың пікірі бойынша, дискурс бәрінен бұрын және ең бастысы мәтіндерде орын алады. Ол сөйлемдерде ерекше грамматика, ерекше лексикон, ал синтаксисте сөз қолданудың ерекше ережелері, семантикалық ерекшеліктері ретінде ұсынылады.

Дискурс – көп мағыналы термин, лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихи зерттеулерде қолданылып келеді. Шетел тіл білімінде дискурс сөзі «ауызша сөз» мағынасында да қолданылған. Дискурс сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» деген сөздің мағынасында айтылған. Дискурс терминінің жан-жақты кеңеюіне, әр түрлі сипатқа ие болуына (мысалы, мәтін ұғымымен барабар немесе коммуниканттардың барлығына тән мәліметтердің жиынтығы болып саналуы т. б.) Д. Ван Дейктің мектебінің ықпалы тікелей әсер етті. Бұл мектептің өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматикалық әдіс-тәсілді пайдалануға болатынын көрсеткен еді. Дискурс талдау теориясының жеке пән ретінде қалыптасуы жалпы тіл білімінде ХХ ғасырдың 70-жылдарына, қазақ тіл білімінде бұл мәселеге қатысты зерттеулердің ғылыми айналысқа түсуі ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарына жатқызылады.



Дәрісті қорытындылау:

1. Дискурс – (фр. discours – сөйлеу) ағыл. discoursе – дискурс термині XX ғ. 70-жылдарының басында кең қолданыла бастады.

2. В.В.Виноградов пен Г.О.Винокуровтың айтуынша, дискурс алғашқыда “функционалдық стиль” терминіне жақын болды.

3. Дискурс - “тілдегі тіл”, бірақ қоғамның ерекше түрі ретінде көрінген.



Бақылау сұрақтары:

1. Дискурс термині қай кезден бастап қолданыла бастады ?

2. Дискурс қай салаларда кездеседі?

3. Қазақ тіл білімінде дискурс теориясының жеке пән ретінде қалыптасып, ғылыми айналысқа түсуі қашаннан басталады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.

3.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.

4.Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.
№30 дәріс тақырыбы: Адам танымындағы аялық білімнің орны.
1. Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты.

2. Когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері.


Когнитивтік тіл білімінің басты мақсаты ойда әмбебеп модель қалыптастыруға, тілдің құрылымында когнитивтік модель тудыруға негізделеді.

Сөйлеу әрекетіндегі когнитивтік модельдердің дамуы мен түрлерін зерттеген Г.Гиздатов өз еңбегінде американ тілші ғалымдары көрсеткен когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері деп мыналарды атайды: 1. Білім жүйесі дегеніміз не? 2. Тілде, сөйлеушінің санасында нелер сақталады? 3. Білім жүйесі санада қалай сақталады? 4. Бұл білімді сөйлеу барысында қалай қолданады?

Шынында да, когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу. Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады.

Ғалым когнитивтік модельді бірнеше сатыларға жіктеп танытады: «Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі – ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Екіншісі – алдын-ала ойлау дәрежесі. Мұнда логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшіншісі – ойлаудың төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру әрекетінің дәрежесі көрініс табады Сонда). Ғалымның айтуы бойынша, когнитивтік модель объективтендіруші рефлексиядан және субъективтендіруші рефлексиядан құралады.

Тілдің ішкі құрылымына бұлайша бойлау когнитивтік лингвистика шеңберінің шегінен асып, тіл білімінің зерттеу деңгейін логика, психология, социология, философия ғылымдарымен астасып жатқан кешенді сала деп бағалауға негіз береді.

Демек, когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық тіл білімі ғылыми ойлардың баламалы ағымы емес, олар – өзара тілдік ақиқатты танудың екі түрлі бағыты.

Олардың басты ерекшеліктері, біріншіден, бұнда тіл қай тұрғыдан ұғынылатынына, екіншіден, адамның біліми жүйесінде когнитивтік әрекеттер қандай орын алатынына, үшіншіден, зерттеудің негізгі, басты тәсілдері қандай екенінде.

Дәрісті қорытындылау:

1. Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу.

2. Когнитивтік лингвистикада бұл қызмет «фрейм», «семантикалық өріс», «когнитивтік модель» сияқты құрылымдар көмегімен жүзеге асатыны анықталған.

Бақылау сұрақтары:

1 Адам танымындағы аялық білімнің орны қандай?

2. Когнитивтік модель неше сатыдан тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс. док. филол.наук. – Алматы, 1999.

2.Лакофф Дж. Язык и интеллект. – М., 1995.

3. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск., 2004.

4.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А.,2007.

5Жиренов С.Ж. Когнитивтік лингвистика. А., 2010.





Тәжірибелік сабақтар

Сағат

саны

Пайдаланатын әдебиеттер

1.Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

Когнитивтік лингвистика жеке ғылым саласы.


1


1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4


2.Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы.

Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі.



1

1. Маслова. В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998.


3.Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі.

А. Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой тұжырымдары.

М.Жұмабаевтың, Қ.Жұбановтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үдерісін сипаттауы.

С.Аманжолов және оның таным үдерісі туралы көзқарастары.



1

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы,-А,1992.

  2. Жұбанов А.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер,-А,1966.

  3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, «Ана тілі», 1992.

  4. Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

4.Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.

Психолингвистика және когнитивтік лингвистика.




1

1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4


5.Когнитивтік лингвистика және терминология.
Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі мен терминнің концептуалды құрылымы.


1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4




6.Когнитивизм және когнитология.

Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары.

Когнитивизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны.

Когнитивтік лингвистика жеке ғылым саласы.





1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


7.Когнитологияның жеке тармақтары.

Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны. Когнитивтік әлеуметтанудың тілдік табиғаты.Когнитивтік антропологияның қарастыратын мәселесі.




1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


8. Тіл мен таным бірлестігі.
Тіл – ойлау мен таным құралы.

Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.

Ойлау мен таным үдерістерінің өзара байланысы.



1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


9. Тіл мен сана.
Тіл мен сананың өзара байланысы.

Сананы қалыптастыратын факторлар. Тіл және ойлау.




1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


10.Тілдік таным және ғаламды зерделеу.
«Ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі», «ғалам моделі» ұғымдары туралы түсінік. «Ғалам бейнесінің вербальдық сипатына қатысты ғалымдардың тұжырымдары.




1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4


11.Когнитивтік лингвистика және тіл білімінің салалары.
Когнитивтік лингвистиканың тіл білімінің салаларымен байланысы.


1

1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4


12.Тіл біліміндегі концепт теориясының негіздері мен зерттелу тарихы.
Тіл білімінде концепт мәселесінің зерттелуі.

«Концепт» ұғымына қатысты ғалымдардың пікірлері.




1

1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.

2.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А.,1998 .

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. – Тілтаным, А., 2002. ‑ №4


13.Когнитивтік ұғымдардың ерекшелігі.
Танымдық тіл білімінің құралдары.

Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі.




1

1.Маслова.В.А.Когнитивная лингвистика: учебное пособие.– Минск., 2004.

2. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.


14.Тілдік тұлғаның когнитивтік дәрежесі.
Тілдік тұлға мәселесінің зерттелуі жайлы түсінік. Тілдік тұлға және оның құрылымдары.



1

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.

3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4


15.Концептуалдық талдаудың рөлі.

Концептуалдық талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі.

Концептуалдық талдау мақсаты.


1

1. Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А., 2007.

2. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – А., 1998.



3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. Тілтаным, А., 2002ж. ‑ №4


15 сағат







5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

СӨЖ

Тексеру формасы.

1.С.Аманжоловтың «Сөйлесу мен ойлау» туралы пікірлері экстралингвистика нысаны ретінде.

Конспект

2. Тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт.

Конспект

3.Когнитивтік лингвистика: зерттеу нысаны мен мақсаты.

Конспект

4. Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.


Презентация. Слайд

5. Тілтану мәселелері пәнаралық байланыс негізінде.

Презентация. Слайд

6. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.

Конспект

7. Когнитивтік лингвистиканың тірек терминдері: сана, зерде, ой, білім, концептуалдық жүйе, когниция, дүниенің тілдік бейнесі.

Презентация. Слайд

8. Көркем шығарма тілінің танымдық сипаты.

Реферат

9. Тіл және таным.

Конспект

10. Мақал-мәтелдердің танымдық ерекшелігі.

Презентация. Слайд

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары

1.

Тіл бірліктеріндегі мифтік жүйеің орны.


2.

Теологиялық танымның тілдік сипаты.


3.

Этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі.



4.


Діни лексиканың танымдық ерекшелігі.

5


Когнитология ғылымының даму барысы.

6.

Концептуалдық метафораның тілдік табиғаты.

7.

Адамзаттық танымның тамырластығы.

8.

Концепт терминінің теориялық негіздері.

9.

Тілдің қоғамдық сипаты.

10.

Тілдің әлеуметтік сипаты.

11.

Сөзжасам ғылымы мен таным үдерісінің байланысы.

12.

Таным категориясының ұлттық сипаты.

13.

Жалпыадамзаттық таным мәселесі.

14.

Қазақ тіліндегі мәдени-танымдық сөздердің когнитологиялық сипаты.

15.

Адам өміріндегі сөздің магиялық сипаты

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет