БАҒдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған



бет3/3
Дата07.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#48289
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекетқайраткері Абылайхан жайлы білім беру.Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, кесте, портреттер.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Қолданылатын әдістер: Интерактивті тақта, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, ойын, шығармашылық жұмыс, проблемалық сұрақтарды талдау, тест, картамен жұмыс.

Тірек ұғымдар: 

- Азаттық

- Отаршылдық

- Бостандық

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа сабақ

Жоспар: 


1. Абылайдың өмір жолы

2. Абылай хан-қолбасышы, мемлекет қайраткері

3. Абылай – аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.

Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет

13

қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есімхан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.



Сонымен, бүгінгі сабақта біз қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт. 

1-топ:


 Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) – қазақ ханың ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болды. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр « ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» де пат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметттерне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа  жеткен соң,Алтын тұғар үстінде Ақ сұңқар құстай түледің»  деуі осының дәлелі.

Абылай өмір жолын ат сүтінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 жылы қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалады. 

2 топ:


Абылай ханның басты мақсаты – қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету болды.

Қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт.

Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әксінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

1- кесте бойынша Абылай ханның дипломат болғандығын ашып көрсетеді.

Ішкі саясаты Сыртқы саясаты

Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды Ресей, Қытай,Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысын орнатты

Билер сотына тыйым салды Қазақ жеріне ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады

Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты

14

3-топ:


Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Абылай қаhарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жоға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.

Академиктердің Абылай ханға берген сипаттамаларынан:

1-оқушы: «Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежеміне көтерді» - деп жазды академик М.Қозыбаев.

2-оқушы: Абылай хан туралы академик Е.Букетов: «Наполеонның министрлері мен маршалдары сияқты Шоқанның бабасы өзін ұлы адамдармен қоршай білді» деп жазған.

3-оқушы: Абылай қазақ халқының басын қосып, жерін жаудан азат еткен, біртұтас мемлекеттігін орнатқан, ұлттық санасын қалыптастырған ірі қайраткер, ұлы тұлға. Абылай бабамыздың кім екенін М.Әуезовтың сөзімен айтсақ: «Қазақстан дербес ел болуына, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» - деп бағалаған.

4-оқушы: Абылай хан туралы жазылған еңбектер аз емес. 1999 жылы зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық көрді.

2.Кесте бойынша тапсырма 

№ Сұрақтар Қате жауап Дұрыс жауап

1 Абылай хан қай жылы дүниеге келді? 1721 жыл

2 Қай жылы Абылай үш жүздің ұлы ханы болып сайланды? 1743 жыл

3 Абылай хан елді абыроймен неше жыл басқарды? 25 жыл

4 Абылайдың шын есімі? Сабалақ

5 Абылай хан қай жерге жерленген? Арыстан баб кесенесіне

6 Абылай қай батырға «Дарабоз»  депат берген? Баян батыр

7 Абылайдың сүйікті ақыны Үмбетей жырау

8 Абылайдың атасы «қанішер Абылай» қай қаланы биледі? Тараз 

«Картамен саяхат» (сұраққа жауап беріп катадан қалаларды көрсету)

1. Абылай хан Орта Азиямен жүргізген соғыс нәтижесінде қай қалаларды жаудан босатып алды?

2. Абылай хан қай қалада дүиеге келді?

3. Абылай қай қаладан қай қалаға келе жатып қай өзеннің бойында дүиене салды?

4. Абылай қай жердің тумасы?

5. Абылай қайда жерленді?

Топтастыру «Абылай кім?»

Жауабы: хан, батыр, қолбасшы, мәмілегер, күйші, сұлтан.

Тұлғаға сипаттама.

Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері Абылай хан қандай адам болған?

Мотивация (ой қозғау) шығармашылық жұмыс

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:

1-топ: Төле бидің жас жылқышысы «Абылайлап» жауға шапты. Әбілмансұр Шарыштың басын шабады. Сұрақ: Қалдан Серен кек алу үшін Әбілмансұрды қалай қолға түсірді?

2-топ: Абылайды өлтіру алдында қандай Қалдан Серен қандай үш шарт қойып сынады?

3-топ: Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайға сынамаққа жібергенде екі түрлі мақсат қойды? Ол қандай мақсат?

Жауабы: 


1.Абылай көңілі көншісе үш күн үш түн тұяқ серппей ұйықтайды екен, қалмақтың жасырын қолы сол кезде Абылайды қолға түсірген.

2.Қалмақтар Абылайды шөл далада киіз үйде жеті күн қамап, ыдыстағы суға бармақтай

15

тоң май салып береді, егер Абылай оны жесе өлуге тиіс еді, бірақ Абылай ыдысты лақтырып жібереді.Келесі күні төрт жендет «Басыңды аламыз» деп қылышын суырып алғанда жалынып, жалбарынбапты, Абылай міз бақпай отыра беріпті. Соңғысы Қалдан Серен Абылайды сарайға шақырып, өзі көпшіліктің арасында отырып бос орын болмапты. Абылай кіргенде төрдегі бос тұрған таққа отырып бұл орынға « Қалмақ ханы Қалдан Серен отырмаса, Қазақ ханзадағы Абылай отырмаса, Шайтан отырама» дегене екен. Сонымен бірге Шарышты қан майданда өлтіргенін, ал өзін ұрлатып алғандығын Қалдан Серенге мін ғып таққан. Қалдан Серен ұялып Абылайды босатқан екен.



3.Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайды сынамаққа жібереді. Егер Абылай Топыш сұлуға жақындаса, ол өлуге тиіс, құпия өзімен бірге кетеді. Бірақ артынан туатын бала батыр болып қазақтан Шарыштың кегін алуға тиіс болады.Сыннан сүрінбей өткен Абылайды Қалдан Серен ұтылып Топыш сұлуды қосып Абылайды елге қайтарады. Қалдан Серен қалмақтарға қауіп Абылайдан келетінін сезіп топыш сұлу арқылы қолда ұстау еді.Алайда Топыш сұлу Абылайға адал жар болды. Жауласуды тоқтатты. Екі мемлекетті біріктіріп, достық орнатты.

 Қорытындылау:

      Міне, бүгінгі сабақта елін-жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымызбен таныстық. Осы батыр бабаларымыздың арқасында өз жерімізді жаудан қорғап қалдық. Енді туған жерді қорғау – сендердің қолдарыңда. Әр оқушы патриот болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілікті жақсы оқу, тәртіпті болу арқылы көрсетуге болады.«Абылай хан»тақырыбын оқу. Реферат жазу

6-сабақ


Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы

Мақсаты: Кенесары Қасымұлының өмірбаянымен таныстыру,білімдерін жетілдіру.Ұйымшыл, батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі



Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.

Балалық шағы


Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін



16

жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. Кенесарының жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. Кенесары бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.

7-сабақ


Тақырыбы: Қазақ халқының билік айтудәстүрі

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері 
Сабақ мақсаты: 
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының қолөнері, қазақ шеберлерінің шығармашылығы туралы білімін қалыптастыру. 
Дамытушылық: сұлулықты қабылдауға үйрету. 
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу. 

17

Сабақ түрі: аралас сабақ 

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, психологиялық дайындық, пікірталас. 
Көрнекілік: АКТ технологиясы, видео. 
Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру кезеңі: 
- Психологиялық дайындық( оқушылардың көңіл күйін білу) 
«Жаңбыр» тренингі 
Жаңа сабақты түсіндіру. 
1. Тақырыпқа кіріспе. 
- Оқушылар сіздер кино көргенді ұнатасыздар ма? 
Ендеше біздің Орал қаласында осы жақында бір кино түсіріліпті, сол киноны тамашалап көрейік. Мүмкін кейіпкерлерін де танып қаларсыздар. 
- Түсірілім жөнінде не айта аласыздар? 
(Оқушылардың жауабын тыңдау). 
- Бұл түсірілім біздің жаңа сабағымызбен өте тығыз байланысты. Жаңа сабағымыз не жөнінде деп ойлайсыздар?
- Қазақ халқының қолөнері деп айтқан уақытта көз алдымызға ең алдымен не елестейді? 
- Ою-өрнек деген не? 
- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабағын есіңе түсір. Ою-өрнектің қандай түрлерін білесің? 
Оқушылар жауаптарын тыңдау. 
Оқушыларды үш қатарға бөлу. 
«Сен білесің бе?» айдары. 
Әр қатарға белгілі бір суреттің тек кішкене ғана бөлігі көрсетіледі де, ал қалған бөлігі жасырын түрде беріледі. Әр қатар өзіне тиесілі жасырын суреттің не екенін білуі керек. 
1-қатар. Киіз үй туралы ақпарат береді. Макетін көрсете отырып бөліктерін атайды. 
- Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы болып саналады. . Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. 
2-қатар. Тұрмыстық заттар туралы ақпарат береді. Көрсете отырып, түсіндіреді. 
Тұрмыстық заттар дегеніміз- күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген ыдыс-аяқтар, аяққап, кесеқап, сандық, т.б. заттар. 
Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы. 
Кесеқап - кесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ қоғамында көшіп-қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан жасалған. 
3-қатар. Зергерлік бұйымдар туралы ақпарат бере отырып, көрсетеді. 
Зергерлік бұйымдар алтын, күмістен жасалған. Күміс бұйым тағу тазалық, адалдық символы болған, сол себепті әрі әсемдік үшін таққан. Бұрынғы кезде күміс бұйымдар қаншалықты үлкен болса, сол бұйымның иесі де соншалықты бай, ауқатты екенін білдірген. 
Дәптермен жұмыс. 
1-қатар. Киіз үйдің бөліктерін жазу. 
Киіз үй бөліктері – кереге, уық, шаңырақ, бау, басқұр, таңғыш, уықбау, желбау, аяқбау, сықырлауық, түндік, т.б. 
2-қатар. Тұрмыстық заттарды жазу. 
Тұрмыстық заттар – аяққап, кесеқап, қоржын, көрпе, дорба. 
3-қатар. Зергерлік бұйымдарды жазу. 
Зергерлік бұйымдар – сақина, сырға, білезік, белдік, шақша, балдақ. 

18

Шығармашылық тапсырма. 
1 қатар. Киіз үй мен қазіргі заман үйлерін салыстырып айтады. 
2 қатар. Бұрынғы тұрмыстық заттар мен қазіргі тұрмыстық техникаларды салыстыра айту. 
3-қатар. Бұрынғы зергерлік бұйымдар мен қазіргі заманның әшекей бұйымдарын салыстырмалы түрде айту. 
Әрине біздер заман талабына сай тұрмыстық заттарды пайдалананып, өмір сүруіміз, жаңа техникалық құрылғыларды меңгеруіміз, білуіміз керек. Бірақ ата – бабамыз пайдаланған заттарды, нағыз қазақ деп танытатын салтымызды ұмытпауымыз керек. 
Сабақты қорытындылау. 
«Болмасаң да, ұқсап бақ» айдары. 
- Оқушылар біздің сыныбымызда да қолөнермен жұмыстанатын оқушылар бар екен. Ендеше сол оқушыларды ортаға шақыра отырып, таныс болайық. 
Тапсырма.  Аталмаған қазақтың қолөнерілері туралы ақпарат жинақтау. 

8-сабақ
Тақырыбы:Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би
Мақсаты:
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірі мен шығармашылығындағы рухани сабақтасты пайымдай отырып, билердің ұстанымын тану, дәлелді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауға машықтандыру. 
Оқыту нәтижесі 1.Билердің өмірбаяны мен шешендік ойларын оқи отырып, шығарма оқиғалары туралы сыни көзқарас қалыптасады. 
2.Түрлі тапсырмалар орындау арқылы жеке ойлары дамиды. 
3.Ойлана отырып, қорыту дағдысы қалыптасады. 
4. Бірін- бірі сыйлау, құрметтеу, бір- бірінің сөзін бөлмеу, тыңдау мүмкіндіктері артады. 
Түйінді идеялар 1.Билер сөзін талдау арқылы ойларын жүйелі жеткізу. 
2.Оқиғаларға,кейңпкерлерге сыни көзқараспен талдау жасау. 
3.Оқушылардың қиялын шыңдай түсу. 
Сабақтың мазмұны 
Топқа бөлу. 
А) Билер сөзі арқылы 3 бидің есімі шығып,тақырыпты ашқызады. 1-топ- Төле би,2- топ- Әйтеке би,3- топ –Қазыбек би. 
Б) Топ басшысын, скипер, бағалаушыны сайлату, бағалау парақшаларын беру, міндеттерімен таныстыру. Топ ережесін еске түсіру Бейнероликті көріп, көрген ойларын ортаға салады. 
Үш бидің сөздері жазылған парақшаларды алу арқылы 3 топқа бөлінеді. 
3 бидің сөзі арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. 
Бейнеролик 
Топпен жұмыс 
«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы 
А) Әр топты өз атауларына сай билердің өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша постер қорғату . 
Б) Бағалаушы оқушыға сөз беру. 
Мұғалім: Үш би туралы слайдпен қорытып кету 1-топ- Төле би 
2-топ- Әйтеке би  3- топ –Қазбек би 
Әр топты өз атауларына сай билердің өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша постер қорғайды. 

19

(Болған топ шапалақтау арқылы белгі береді.) Плакат,маркер, 

Интербелсенді тақта 
2 мин 5 –әрекет. Сергіту сәті 
«1-ден 10-ға дейін жазу» Музыка ырғағымен мұрындарның ұшымен ауаға 1-ден 10-ға дейінгі санды жазады. компьютердегі музыка 
1 топ. «Би кім?» кластер құрғызу 
2-топ. «Би мен шешен» Венн диаграммасы 
3-топ.«Түйнек сызбасы» Бұрынғы би, қазіргі билер 

9-сабақ


Тақырыбы: Билер туралы аңыз әңгімелер
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Оқушыларға ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі аңыздар және оның кейіпкерлері туралы түсінік қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту. Дамытушылық:Тақырыпты талдау,салыстыру,жіктеу,жинақтау арқылы оқушылардың жүйеліойлау дағдыларын қалыптастыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын еркін еркін жеткізуе білуге баулу. 
Тәрбиелік:Өз Отаны мен елін, жерін және оның әдебиеті 
мен мәдениетін,тарихын терең оқып үйренуге,адалдық пен 
адамгершілікке,бір-бірін тыңдай білуге,құрметтеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ ( деңгейлік тапсырмалар беру арқылы ) 
Сабақтың әдісі: топқа бөлу,сергіту сәті,сұрақ-жауап,түсіндіру,кері байланыс. 
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,тірек сызбалар, 
бейнефильм. 
Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих, география. 

Күтілетін нәтиже: 1.Аңыздар жайлы біледі.2.Аңыз кейіпкерлерінің ерекшеліктері мен негізгі белгілерін салыстырады.3.Өз ойын еркін жеткізе білуге,қорытынды жасай білуге үйренеді. 
4.Талдау жасауға дағдыланады. 
5.Әдеби тілмен сөйлеуге,жүйелі баяндауға дағдыланады. 
Сабақтың формалары:жеке баламен,жұппен,топпен жұмыс. 
1 Кіріспе. Ұымдастыру кезеңі 
Психологиялық атмосфераны қалыптастыру(Мұғалім оқушыларға үш түсті шарлардың ішінен бірін таңдап алуды ұсынады және оқушыларды сол шарлардың түсіне қарай «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би»топтары болып бөледі.Топ мүшелері шарларды бір-біріне ұшыра отырып қолына түскен шарға ізгі тілектерін жазады).
Топқа бөліну,шарларға тілек жазу, ұшырылған шар ішінен өз шарын тауып алу,әр топтан оқушының қалауы бойынша өзіне арнап жазылған тілектерді оқу. 3мин Оқулық,қосымша материалдар,шарлар.  
Аңыздар және оның ерекшелігі жайлы айту. Оқушылар аңыз кейіпкерлері жайлы білетіндерін ортаға салады (Қорқыт ата,Асан қайғы,Жиренше шешен,Қарашаш,Алдар көсе,Қожанасыр ) 5мин Үлестірме 
Оқушыларға аңыз әңгімелерінің түрлері мен ерекшелігін ұғындыру. Джигсо әдісі бойынша тапсырманы орындайды. Берілген тапсырманы жеке-жеке,жұптасып,топтасып бір-біріне түсіндіреді,постер жасайды және оны қорғайды(Әр топ өз атын қорғайды).

20

12мин Оқулық, постер,маркер. 
Аңыз әңгімелердің ерекшелігі туралы ақпаратты қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет алу.
7 Қорытынды
10-сабақ

Тақырыбы: Қазақ батырлары.
Мақсаты: Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару - жарақ суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл - күй.
ІІ. Сұрақ - жауап арқылы білімдерін пысықтау.
1. Абылай хан кім болған? ( Қазақтың ханы болған).
2. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).
3. Абылай хан қай жылы дүниеге келген? (1711 жылы).
4. Абылай ханның әкесінің аты кім? Қай жерде билеуші болды? ( Уәли, Түркістанды билеген).
5. Абылай хан кімдермен шайқасқан? (Жоңғарлармен, қалмақтармен).
6. Абылай кімдердің ақылына жүгінген? (Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген).

Үш бидің басын біріктірген кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру:
- Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп бір кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай.
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.
Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген. Елін жерін жаудан қорғаған, елі жері үшін қанын төккен батырларымыз.
ІV. Сергіту сәті.
Мақал - мәтел жарысы:
Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет