Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»


Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет11/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Стандарт
6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Оқу және тіл дамыту, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
 
28. Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 27 сағаттан аспайды.
29. Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
30. Сыныпты екі топқа бөлу жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:
  • оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
  • шетел тілі бойынша;
  • цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.

  • Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.
    31. Инклюзивті білім беру шеңберінде 30-тармақта көрсетілген пәндер бойынша сыныпты топтарға бөлу әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға сынып толымдылығындағы білім алушылардың жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
 40. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс.
41. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
42. Апталық оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) айқындалған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер білім алушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескере отырып белгіленеді.
Инвариантты компоненттен таңдалған вариативті компоненттінің таңдау бойынша пәндеріне «сыналды» / «сыналмады» қойылады.
43. Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда:
  • оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
  • шетел тілі;
  • көркем еңбек;
  • информатика бойынша жүзеге асырылады.

  • Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
    44. Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда:
  • оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
  • шетел тілі;
  • технология;
  • информатика бойынша жүзеге асырылады.

  • 45. Жоғарыда аталған пәндерден инклюзивті білім беру аясында сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет