ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------



бет3/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#24177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)

  1. Материалдардың жіктелулері.

  2. Металл құймаларының химиялық. Механикалық, технологиялық көрсеткіштері.

  3. Алтынның қолданылуы

  4. Металдардың қолданылуы.

  5. Пластмассалар, түрлері, қолданылуы

12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. ---------------------------------------------------8 мин (6%)

1. Тіс технигінің тәжірбиесінде қолданылатын материалдардың жіктелуі негізгі және қосымша материалдарға қосылатын талаптар. Материалдардың негізгі қасиеттері: Физикалық, механикалық, химиялық биологиялық.




Сабақ №3
1.Сабақтың тақырыбы: Мүсінге арналған материалдар, оларға қойылатын талаптар, қасиеттері, жіктелуі, мүсін алудың ерекшеліктері.

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Қалыптардың түрлерімен танысу. Қалыптық материалдардың түрлерін және оларға қойылатын талаптарды білу.

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Қалып деп протез жатағының және оның маңындағы жұмсақ және қатты тіндердің көрінісін айтамыз. Мүсін деп протез жатағының және оның маңындағы жұмсақ тіндердің тура көрінсін айтамыз.

5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



    1. Материалдардың түрлері, қолданылуы.

    2. Материалдың физикалық, химиялық қасиеттері.

    3. Қасықтардың түрлері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Қалыптық және қосалқы материалдар. Қалып деп протезд жағының мен оның маңындағы жұмсақ және қатты тіндердің кері айналы көрінісін айтамыз.

Мүсін деп протез жағының және оның маңындағы жұмсақ тіндердің тура көрінісін айтамыз.

Қалыптардың анатомиялық және функционалды түрін ажыратамыз. Анатомиялық қалыпты стандартты қасықтың көмегімен функционалды сынамаларды қолданбай алатын қалыпты айтамыз.

Функционалды қалып деп дербес қасықтың көмегімен арнайы сынамаларды қолдану арқылы алынған қалыптарды айтамыз.

Қалыптық материалдар ауыз қуысында енгізген кезде иілімді түрде болып, ауыз қуысында қатаяды. Барлық қалыптық материалдар үш түрге бөлінеді.


  1. Қатты кристалданатын қалыптық материалдар, олар екіге бөлінеді; а) гипс, б) цинкоксилдэвгенолды.

  2. Эластикалық қалыптық материалдар. Олар үшке бөлінеді; а) альгинатты, б) силиконлы, в) тиколды.

  3. Термондастикалық қалыптық материалдар.

Қалыптық материалдарғға қойылатын талаптар.

  1. ауыз қуысының шырышты қабаттары мен тістердің рельефтерінің нақты белгілірін беруі керек.

  2. Ауыз қуысынан шығарғанда жиырылмай өзгеріске ұшырамауы керек.

  3. Протез жатағының тіндеріне енбеуі керек.

  4. Сілекейде ерімеуі керек.

  5. Ауыз қуысының шырышты қабатын күйдірмейтін температураларды жұмсару керек.

  6. Ауыз қуысынан оңай шығуы керек.

  7. өте тез және өте баяу қатпауы керек.

  8. Бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталуы керек және өзгеріске ұшырамауы керек.

  9. Ауыз қуысы тіндеріне улы әсері болмауы керек

  10. Жағымсыз исі мен өзгелей дәмі болмауы тиіс.

  11. Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болуы тиіс.

Бірақ бұл талаптарға кез-келген қалыптық материалдар жауап бере алмайды. Олардың оң және жекеленген теріс қасиеттері қатар жүреді.

Табиғи гипс табиғатта ақ, сұр және сары түсті материал түрінде болдаы. Ол болашақ, әкеп араласып кездеседі. Табиғи гипстің формуласы СаSО4 х2Н2О, яғни кальцийдің екігидратты сульфаты. Гипстің тығыздығы 2,2-2,4г/см2, медициналық гипс алу үшін табиғи гипсті арнайы термиялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде екігидратты сульфаттан ол жартыгидраттыға айналады. Тіс техникалық гипс алу үшін екі әдіс қолданылады.

А) автоклавта жоғарғы қысыммен термиялық өңдеу.

Б) қалыпты атмосфералық қысымды өңдеу.

Гипстің қатуы мынадай бірнеше факторларға байланысты болады: температураға, майдалану дәрежесіне, араласуына және гипстің құрамындағы тұздарына, гипстің сапасына. Ұнтақтау дәрежесі гипстің кристалдануына көп әсер тигізеді. Дисперциясы жоғары ұнтақ тез қатаяды.

Кристалдануы тездететіндер: натрий хлориді, калий хлориді, калий сульфаты, калий нитраты. Ал, тежейтіндер (ингибиторлар) – бура, клей, қант, этилен спирті.

Стоматологияда көптеген жұмыстар қолданылатын гипстің қәзіргі уақытта қалып ретінде қолданған кезде біршама кемшілігі бар. Гипсті ауыз қуысынан шығару қиын, яғни сынып шығады және өте ұзақ бөліктері шықпай қалып отырады. Сонымен бірге гипсті құрғақ жерде сақтау керек, себебі ол гигроскопиялық, яғни ылғалды өзіне тартып, тез бұзылады.

Өте қатты гипс – супергипс (Россия) бегодур, бегостоун,Дуралит, Вел-Микс Стоун және Супра Стоун (Германия), Фуджи Рок (Япония). Олардың қатаю уақыты 8-10 мин және олардың қатаюы кезіндегі 0,07-0,09%, қатқаннан кейін 1 сағаттан соң қысымға тұрақтылығы 30 Н/мм2, 1 тәуліктен кейін 35-60 Н/мм2. Қолданылуы құрамалы, аралас мүсіндер дайындау үшін. Ұнтақ пен судың арақатынасы 100г – ға 22-24 мл су құяды.

Синтетикалық суперқатты гипс, мысалы, молдасинт (Германия), олардың кеңею коэффициенті 2 сағаттан соң, шамамен 0,1%-ке тең. Араластырғандағы ара қатынасы: 100г – ға 20-23 мл су құюяды, қысылуға кедергісі – 48 Н/мм2. Пішіндері суперқатты гипстермен вибростолды толтырады (Вибромистер, Вибробой, Вибробеби, Кв-16, КВ-36,56 (Германия).

Цинкэвгенолды паста. Бірінші рет цинкэвгенолды пастаны қалыптық материал ретінде 1934 жылы Ресей мен АҚШ – та «Келли пастасы» деген атпен қолданады. Қазіргі уақытта цинкэвгенолды пастаны екі паста түрінде шығарады және ол мынадай медико – технологиялық талаптарға жауап береді:



  1. пластиналы ауз қуысына енгізгенде жоғарғы иілімділік қасиетке ие және тіндердің микроельфтерін 2-3 мкм-ге дейін дәл қайталайды.

  2. 3-5 минут ішінде қатаяды

  3. Шөгуі 6 сағаттан кейін 0,02% болады

  4. Ауыз қуысы тіндерін тітіркендірмейді.

Цинкэвгенолды пасталардың ең көп тараған өкілі Чехиянның «Репин» пасиасы. Ол негізгі және каталиизаторлы пастадан тұрады. Негізгі пастаның құрамына 80% мырыш тотығы, 20% интертті майлар кіреді.

Катализатор пастасы 15% қалампыр майы (эвгенол), 65% пихта майы және канифоль, 15% толықтырғыш (тальк және ақ балшық), 4% жылдамдатқыш (магний хлориді) тұрады. Екі пастаны да бірдей ара қатынаста араластыады. Цинк оксиэвгенолды пастаны көбінесе тіссіз жақтан қалып алғанға қолданады, яғни одан функционалды қалып алады. Бұл материалдың мынадай өкілдері бар. Колтекс, рапидпатти софт, (Германия). Рапид – дербес қасық дайындау үшін, ластик – функционалды қалып алу үшін қолданылады. Бірақ цинкоксиэвгенолды паста силиконды және тиоколды қалыпты материалдардан қасиеттері жағынан төмен.

Эластикалық қалыптық материаладар. Бұл топқа альгинатты, силиконды, тиоколды қалыптық материалдар жатады.

Альгинатты қалыптық материалдар. Бұл материалдардың шикізаты – су балдырлары. Альгинатты массалар 1940 жылдары шыққан. Альгинатты қалыптық материалдар мынадай талаптарға жауп береді.



  1. қалыптың тін микрорельефтерін көрсетуде 10 мкм-ге дейін ауытқиды.

  2. Қалып гипспен араласып кетпейді және оның құрлысына әсер етпейді.

  3. Шөгуі 15 минуттың ішінде 0,15%-ға дейін.

  4. 370С температурада 5-6 минуттың ішінде қатаяды.

Альгинатты композицияның құрамына бір влентті альгинат, шивагент, қатаюды реттегіштер, толықтырғыштар, индикаторлар және дәлдеп түсін реттегіштер кіреді. Масса эластикалық жағдайға өкен кезде сұйықтықты бөлеотырып кішірейеді. Альгинатты масса өзінің қарапайымдылығының нәтижесінде стоматологиялық тәжірибеде кең қолданылады, бірақ массаның біршама кемшіліктеріде бар:

  1. масса эластикалық күйге ауысқанда уақыт өте өзгеріске ұшырайды;

ТМД елдерінде қолданылатын альгинатты масса «Стоматлгин», оның құрамы: 24,95% натрий альгинаты, 35% барий карбонаты, 23,44 % диотолит, 2,5% натрий карбонаты, 2% натрий силикаты, 10% аэрсин, 2% этиленгликоль, 0,05% алқызыл пигмент, 0,06% хош иісті май.

Чехияның «Ипеен» альгинатты массасы жасыл түсті ұсақ дисперсті боады, ұнтақ дайындау әдісі: 10г ұнтақтағы 20мл бөлме температурасындағы суға араластырады . Қажалу уақыты 2,5 мин.

«Кромапан» және «кромапан-2000» ақ қызқылт, көкшіл түсті болдаы. Су мен ұнтақ ара қатынасы – 20мл-ға 9 ұнтақ қосады Лоқсуға қарсы әсері бар. «Ортопринттің резина тәрізді қасиеті бар. «Гидрогу» сонымен бірге Дупальфлекс, Трилоральгин, Пальго флекс (Гермния) Пропальгин (Франция), Альгинмакс (Италия), Джелтрэйт, джелтрэйт плюс, Кос Элдинэйт (АҚШ) – кең түрде қолданылатын альгинатты массалар.

Силиконды қалыптық материалдар. Силиконды қалыптық материалдар қолдану тарихы 190ж. басталды. Қазіргі уақытта стоматолгиялық практикада кремний органикалық полимерлер, яғни силиконды қалыптық материалдарың, конструкциясына байланысты, 4 түрін ажыратады: сұйық консистенция, қалыпты, қою қамыр және тәрізді консистенция. Сұйық консистенцияны екі қабатты қалыптық силиконды материалдар алу үшін қолданылады. Олар негізгі массадан, түзетуші пастадан және катализатордан тұрады. Өнімдері – Сиэласт – 03,05, Стомафлекс солайд, т.б.

Силиконды қалыптық материалдар өзінің химиялық реакциясына қарай 2 үлкен топқа бөлінеді.


  1. Поликонденсациялық

  2. Полимеризациялық

Поликонденсация – дегеніміз полимердің әр түрлі төменгі молекулалық (мономер) қосылыстарынан синтезделетін химиялық процесс. Бұл процесс жанама заттадың түзілуімен (аммиак, спирт, су) қатар жүреді.

Силиконды материалдар көбіне сыпқа түрінде көбірекшығарылады. Осы екеуін де араластырса желімделу процесі жүріп, эластикалқы өнім түзеледі.

Біздің елімізде Сиэласт-69,03,05,21 (Украина деген атпен шығатын қалыптық материалдар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге біздің елімізде шет елдің мынадай массалары кеінен таралған. Стомафлекс, дентофлекс (Чехия), Кнетон/ситарн және цафо-Гевезил (Германия).

Тиоколды қалыптық материалдар. Тиколды қалыптық материалдар деп күкірті бар және негізгі массасын меркаптандар қараушы массаны айтады.

Тиодент екі сықпадан және жылдамдатқыштан тұрады. Негізгі масса полисульфидті каучукпен, мырыш тотығынан және күкірт қышқылды кальцийден тұрады. Тиодент-М пастасының жылдамдатқышы қорғасыннан, күкірттен, кастор майынан және иіс беруші заттардан тұрады.



Термопластикалық қалыптық материалдар. Термопластикалық қалыптық материалдар деп белгілі бір температураның әсерінен пластикалық қасиетке ие болатын материалдарды айтады.

Термопластикалық материалдар тобына әр түрлі көп компонентті заттар жатады. Бұл материалдарға тәне ерекшіліктер – қыздырғанда жұмсарып, суытқанда қатаюы. Бұл көп компонентті жүйелер, табиғи немесе синтетикалық шайырлардың негізіндегі толтырғыштар, пластификаторлар, бояғыш заттар, модификациялық қоспалар қосылып алынады. Термопластикалық массалар қайтымды және қайтымсыз болып екіге бөлінеді. Қайтымсыз термопластикалқы массалар бірнеше рет қыздырғанна кейін иімділігін жоғалтып, қайтадан қолдануға жарамсыз болып қалады. Бұл топтың өкілі ретінде «Стенсті» айтуға болады.



Материалдың құрамы (%)
Ақ сықпа Түсті сықпа

Полисульфидті каучук 75,0 -

Екі тотықты титан 19,5 -

Сірке қышқылының изоамил эфирі 0,5 -

Мырыш тотығы 5,0 38,0

Барий асқын тотығы - 11,4

Тазартылған су - 11,4

Дифенилгуанидан - 3,3

Калий бихроматы - 13,8

Полиэтиленоксид - 22,1


Термопластикалық заттар ретінде парафин, стеарин, гуттаперч, балара балауызы, цезерин, гутаперча, балара балауызы, цезерин әне де басқа материалдар қолданылады. Синтетикалық немесе табиғи шайырларды (копал, шеллак, қарағай шайыры немесе қарағай шайырының глицерин эфирі) қосып, массалардың қатқаннан кейінгі қаттылығын арттыруғаболады. Әр түрлі қоспалар қосып, жұмсарту температурасы 30-700С аралығындағы термопластикалы зат алынады.

Шайырдан және балауыздан басқа термопластикалық массалардың құрамына, химиялық инертті заттар, толтырғыштар болады. Олар массаларға керекті құрлым беріп, жабысқақтығын, қалыбының өзгергіштігін төмендетеді, қатаю уақытын қысқартады.

Термомассаларға қойылатын талаптар:


  1. Ауыз қуысындағы тіндерді үйдірмейтіндей температурада жұмсаруы.

  2. Жабысқақ болмауы.

  3. Ауыз қуысының температурасынан сәл төмен температурада қатаюы

  4. Жұмсарған жағдайда біркелкі масса болуы.

  5. Аспаптармен жеңіл өңделуі.

«Стенс-02» дөңгелек қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Құрамы (%):

Қарағай шайыры – 36,0 дибутилфталат - 0,5

Мырыш тотығы – 3,0 тальк – 42,0

Мұндай парафинді – 12,98 майда ерігіш бояу – 0,02

Церезин – 5,5

Материал 450 С-550 С температура аралығында жұмсарып, 350 С-370 Стемпература аралығында қатаяды. Тіс салу тәжірибесінде алдын ала алынатын қалыптар, арнайы қасықтар жасау және т.б. жұмыстар үшін қолданылады. Материал қайтып қолдануға жарамсыз деп есептеледі.

«Акродент – 02» төрт бұрышты алқызыл түсті пластина .

Құрамы (%)

Қарағай шайыры - 32,0 этилцеллюоза – 2,0

Стеарин - 6,0 мырыш тотығы – 10,0

Парафин – 10,0 ванилин – 0,2

Каолин – 32,78 майда ерігіш бояу – 0,02

Пластификатор ДБФ – 7,0

«Акродент – 02» 55-650С температура аралығында жұмсарып, 360С температурада қатайып, иілгіштігін жоғалтады. Бұл материалмен алынған қалып пішінін өзгертпестен көп уақыт сақталады. «Акродент-02» стоматология тәжірибесінде қалып алу, арнайы қасықтар, қатты тістесу білігін дайындау және тағы басқа тіс техникалық жұмыстар үшінқолданылады. Қалыпты құйылғакн модельден ажырату үшін ыстық суға салады. «Акродент-02» -ні тістің конвергенциясы және дивергенциясы кезінде қолдануға болмайды. «№1 Термомасса» қалыптық термопластикалық масса» деген атпен дөңгелек, қою қызыл пластина ретінде шығарылады. Бұл ең көпт тараған қалыптық материал.

Құрамы (%):

Қарағай шайырының церезин – 10,0

Пентаэритритті эфирі 45,0

Қарағай шайырының тальк 25,0

Глцерин эфирі-5,0

Парафин – 14,82 майда ерігіш бояу


Масса 50-600С температура аралығында жұмсарып, 20-250 аралығында 3 минуттың ішінде илімділігін жоғалтады. Бұл масса тіссіз жақтардын функционалдық қалып алғанда, тіссіз жақтарға салынған протез дұрыс бекімей бос болғанда қолданылады. Термопластикалық қалыптық массамен функционалдық қалып алу үшін, алдын-ала арнайы қатты қалыптық масса жасалынуы қажет.

«№2 термомасса» - дөңгелек, қою қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Масса 70-800С аралығында жұмсарып, ауыз қуысында 2-3 минуттай ұстағаннан кейін қатаяды. Ауыз қуысында қисайған тістер болса, онда масса толық қатаймай тұрып шығару керек. Масса қолданылғаннан соң, оны тазартып қайтадан қолдануға болады. Ол үшін массаны ыдысқа салып, 100-1200С қыздырылған сұйыққа батырады.

«Термомассада – 02» - дөңгелек жасыл түсті пластина түрінде шығарылып, функционалдық қалыптар алуға және дұрыс орнықпай отырған толық протездердің негіздерін қайтып жасау үшін қолданылады. Жұмсару температурасы 55-600С.

Құрамы (%):

Парфин 5,0 церазин -10,0

Стеарин -10,0 тальк -30,0

Бал ара балауызы – 9,8 ванилин – 0,1

Октофор 35,0 майда ерігіш бояу – 0,1

Жоғарыда келтірілген термопластикалық массаларға қарағанда «термомасса – 02» 450С өте иілгіш. Бұл масса 35-370С температурада қатаяды.

«Стомапласт – 2» - жасыл түсті масса, құрамына қарағай шайыры мен майсана майының глицерин эфирі, парафин, бояғыш және жұпар иісті заттар кіреді. Төменгі температурада жоғарғы иілгіштік көрсетіп қалып алатын жерге ешқандай қысым түсірмейді және керек болған жағдайда қайтадан түзету үшін жаңа бөлігін салуға болады. Бұл материал, негізінен, функционалдық қалып алу үшін қолданылады. Ауыз қуысынан шығарар алдында массаны суық сумен суытады. Гипістік мүсін алу үшін қалыпты мұздай суға салған жөн.

Дентофоль - өсімдік тектес шайырлардан және полимерлерден тұратын термопластикалық қалыптық материал. Бұл материал да функционалдық қалып алу үшін қолданылады. Дентофоль екі түрлі масса етінде шығарылады. Біріншісі – таяқша тәрізді, ыстық суға салып қыздырғанда иілгіштік пайда болады. Олар арнайы қасыпен функционалдық қалып алған кезде қасықтың жиектерін қалыпқа келтіру үшінқолданылады. Екінші масса ыдысқа салынып, 55-600С температурада қыздыруға бейімделген. Арнай жаққыш сүлгңмен қасықтың бетіне жұқа етіп ауыз қуысына енгізеді. Ауыз қуысындағы температурада масса толық қатпайды, сондықтан қалыпты ауыздан шығарар кезде суық сумен салқындату қажет. Стомапласт сияқты қалыпты ауздан шығарысымен гипсті құйып мүсін алу қажет. Бұл қалыптық массаны алынған модельден ажыратар алдында ыстық суға салып, дентофольды балқытып алған жөн.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)


  1. Қалып алу.

  2. Мүсін құю

  3. Материалдарға қойылатын талаптар.

  4. Материалдардың жіктелулері.

12.Сабақты қорытындылау. ---------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. --------------------------------------------------8 мин.(6%)

1. Қалып алуға арналған материалдар.Қойылатын талаптар, жіктелуі, қасиеттері, мүсін құю ерекшіліктері


Сабақ №4
1.Сабақтың тақырыбы: Ғанышқа арналған материалдар, оларды алуға қолданылатын шикізаттар. Негізгі қасиеттері, қолданылуы.

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Мүсіндеуге арналған материалдың өздеріне тән қасиеттерімен талаптарын білу басты мақсат болып табылады

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Тіс технигінің жұмысында мүсіндеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалынған конструкцияларды тексеріп, содан соң оларды негізгі материалдармен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі қою болып есептеледі

5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



  1. Қалыптық материалдардың түрлері.

  2. Қалыптық материалдың қолданылуы.

  3. материалдардың жіктелуі.

Гипстің түрлері, қолданылуы

10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Пішіндеуші материалдар. Әр түрлі құймалар құйғанда, оның құйылу сапасы көптеген факторларға байланысты болады. Мысалы: металл мен құйманың қасиетіне, құюға арналған пішіннің дәлділігіне және пішіндердің қолдану технологиясының қасиетіне байланысты.

Пішіндеу процесі деп құюға арналған металдарға пішінін дайындауды айтады. Ал оларға материал болып пішіндеуші массалар қызмет атқарады.

Пішіндеуші массаның негізгі компонентіне отқа төзімді ұсақ дисперсті ұнтақ пен байланыстырғыш заттар жатады. Байланыстырғыш заттарына қарай пішіндеуші материалдар үш түрге бөлінеді:


  1. Гипсті

  2. Фосфатты

  3. Силикатты

Сонымен бірге классикалық пішіндеуші материалдарға қосымша, арнайы пішіндеуші материалдар қолданылады: мәселенген силамин, кристасил, силуар, формасит, аурит, мольдин, сиалит, стомаформа.

Гипсті (сульфатты) пішіндеуші материалдар.

Бұл материалдардың негізгі компоненттері болып гипс және кремний тотығының кейбір түрлері жатады. Жұмыстүріне және гипстің қасиетіне, кремний тотығына байланысты қоспадағы гипстің құрамы 25-тен 45% дейін барады. Сонымен бірге гипс байланыстырушы қызмет атқарады. Кремний тотығы пішіндеуші массаға жылуға тұрақтылық, пішінді қыздыру кезінде массаның керекті мөлшерде кеңеюін қамтамасыз етеді және оның қопадағы құрамы 55-75% - ға дейін артады. Кремний тотығы үш кристалды модификацияда болуы мүмкін: өзара қайтымды кварц, тридимит және кристоболит. Әрбір модификация екі түрде болады: альфа және бета. Температура жоғарлағанда олар альфа түрінен бетіне түріне ауысады, бұл олардың көлемін ұлғайтып, құйманың шөгу көлемінің орнын толтырады.

Пішіндеуші қоспаның кеңею және байланысу жылдамдығын қалыптастыру үшін қоспаның құрамына 2%-ға дейін әр түрлі қосындылар қосады. Мысалы: натрий хлоры, бор қышқылы, натрий тартраты, натрий сульфаты т.б. мұндағы натрий сульфаты массаның байланысу уақытын және кеңеюкөлемін азайтады.

Гипстік пішіндеуші массалар қатаю кезінде 0,1-0,45% шамасында кеңейеді. Пішіннің термиялық кеңеюі құйманың құю уақытындағы шөгуінің орнын толтыруы тиіс. Пішіннің көлемі кеңеюі үшін пішіндік массаны термиялық тұрғыдан өңдейді. Егер пішіндеуші материал кварцтан болса, оны 7000С, ал егер кристоболит болса 4500С – ға дейін қыздырады. Сондай-ақ, пішіндеуші массаның термиялық кеңеюі көлемі, массаны араластырғандағы су мен ұнтақтың арақатынасына да байланысты болады. Егер масса қою араласса, онда термиялық кеңею көлемі үлкен болады. Пішінін құю прцесі біткен соң, бірінші термиялық кеңею көлемінен көп шөгеді. Бірақ, бұл кезде құйылған металдың көлеміне ешқандай өзгерістер болмайды. Себебі, пішіндік массаның әлсіз қабықшасы қатып қалған пішін ішіндегі металға әсер ете алмайды. Кристобоит пішіндеуші материалды 1,6%-ға дейін кеңейте алады. Сондай-ақ, дайындалған пішінін құю жүйесі арқылы пішінге қарай ағатын еріген металдың қысымына төтеп бере алатын беріктікке ие болуы тиіс.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет