«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет13/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар.
2.Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуы.
3.Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістері.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
Лекция №7.
Тақырып 1 Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар. Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастика.
Мақсаты: Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар жиінтіғын құрастыру.
Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастиканы оқып білу.
Неврастения, психостения, истерия невроз түрлерінде қолданатын емдік гимнастикамен танысу.
Дәріс тезистері: Невроз ауруы
Невроз — нерв жүйесінің функцио-налдық қызметінің бұзылуы. Оның неврастения, психастения және истерия деген түрлері бар. Мұндай аурудың торкіні жоғарғы нерв жүйесіндегі тежеу мен қозу процестерінің тепе-теңдігінен айрылуы. Оған се-бептер көп: теріс эмоция, жиі ашулану, қайғыру, шаршап-шалдығу, созылмалы жұқпалы ауру-лар, оқыста уланып қалу, соқңыға жығылу, өмір қиындықтарына төзе алмау т. б.
Жоғарғы нерв жүйесінің әр түріне байланыс-ты невроз түрлері де ерекше білінеді.
Неврастения — невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында «оның жүйкесі тозған» деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар. Біріншіге қатты тітіркен-гіштік, қызбалық, тоң мойындың, ұйқы бұзылу сияқты белгілер тән, ал екіншіге — нерв жүйе-сінің әлсіздігінен болатын жылағыштық, қорқақ-тық, тез шаршау, ұмытшақтық, жұмысқа қабілеті төмендеу т. б. белгілері тән.
Мұндай науқасқа шалдыққан адам өзін маза-лайтын бірқатар белгілерден (басы ауырады, жүрегі қағады, еті тартылғандай болады, діріл-дейді, денесінің әр жері ысиды т. б.) зардап ше-геді және кез келген жағымсыз нәрселерді (шуды, қорқытатын немесе көңілін қалдыратын жауап сөзді) жақтырмайды.
Бұл ауру кейде болымсыз нәрседен де пайда болады. Мәселен, пәтерлес көршілер, оқудағы, жұмыстағы жолдастар арасында болмашы нәр-седен, түсінбеушіліктен басталатын кикілжің, көбінесе озара бет жыртысып, көңіл қалдыры-сатын, екі жақтың да нерв жүйесін зақымдай-тын ұрыс-керіске айналып кетеді.
Неврастения тек үлкендер емес, жасөспірім балалар арасында да кездеседі. Үнемі жақсы оқып жүрген бала бір емтиханда жаман баға алып, сол үшін үйдегі үлкендерден таяқ жесе, ол өмір бойы емтихан мен зачет тапсырар ал-дында үрейленіп қорқады. Бірте-бірте бойына қалыптасып, өмір мен өлім мәселесі шешіле-тіндей қатты қобалжып, неврастения ауруына шалдығады.
Жүйкенің жұқаруына, әсіресе, біздің заманда себептер көп-ақ. Жұмыста тексеру болады деген-ді естігенде кейбіреудің қан қысымы көтеріліп, ертеңіне басын көтере алмай қалады.
Психастения. С. Г. Файнбергтің айтуынша кісіні мезі қылатын невроз. Мұйда біреу қараң-ғыдан үрейленсе, екіншісі — есігі жабық бөлмеден, үшіншісі — ашық алаңнан өтуден, төртіншісі — үй заттарынан, бесіншісі — барлық жа-нуарлардан т. б. қорқады. Ондай адамдар өз ойына әуре болып, сол ой шытырманынан құтыла алмай жүреді. Кісіні мезі қылатын қорқыныш немесе қимыл кезінде (басын шайқап отыру, таң-дайын қағу, көзін тарс жұмып ашпай отыру т. б.) оларды қойғызуға үгіттеп түсіндіру, талап ету, жазалау тіпті де көмектеспейді, керісінше күшей-те түседі.
Невроздың бұл түрі іштен туа біткен кемтар-лыққа немесе организмді әлсірететін соматика-лық ауруларға байланысты.
Дегенмен мұндай аурудың сыртқы пішінінен ешбір өзгеріс байқалмайды. Уақытында дұрыс емделсе, толық жазылады.
Истерия — психологиялық зиянға қарсы қор-ғаныс реакциясы. Бұл — ауруға берілу арқылы тұрмыстағы қиыншылықты немесе ұрыс-керісті шешуге бағытталған сансыз әрекет. Көбінесе бұл аурумен әйелдер ауырады. Оның белгілері өте көп. Сондықтан дәрігерлер диагноз қойғанда ең көп ңателесетін бұдан басқа бірде-бір ауру жоң. Өйткені ол кез келген ауруға ұңсас бола береді.
Истериктерден сал болып қалуды, сіңірдің тартылуын, буындардың қозғалмауын, мыл-қаулыңты, кереңдікті, соқырлықты, түрлі елес көруді, ңұсуды, тіпті жалған түктілікті т. б. көп жайларды көруге болады. Ондай адамдар ашу-ланшақ, ызақор, қыңыр, өз айтқанын ғана жо-ғары бағалап, кейде тіпті өтірік айтуға дейін барады.
Ғалымдардың айтуынша, истерия нерв жү-йесі типінің айырмашылығына байланысты емес, кішкене кезден тәрбиелеудің ерекшелігі мен әлеу-меттік ортаның ықпалына байланысты.
Истериялық реакциялар мектеп жасына дейін-гі балалар арасында жиі кездеседі. Өкінішке орай, көп жағдайда ата-аналар еркелік бойға сіңсе неге апарып соғарын жете түсінбейді. Ызақор баланың көңіл күйі бұзылмауы үшін аяушылық білдіріп, не айтса соған көнеді, оның талап-тіле-гін орындайды. Осылай өз талабын тек истериялық реакция арқылы (жылау, айғайлау, жерді тепкілеу, кесе-шыныаяқ лақтыру, шешесін жұл-қылау т. б.) орындалатынын білген баланың бойына осы қасиетті берік орнатады.
Осылай қалыптасқан истерия бойға сіңіп, есей-генде нағыз ауру болып шығады. Оған жол бермеу үшін қанша жаста болса да истерикалық көріністерге, теріс әдет-қылықтарға үзілді-ке-сілді тыйым салу керек. Әйелдер арасында өз ойын іске асыру үшін истерикаға ұрынатындар аз емес, оны да дәл уақытында тоқтатқан дұ-рыс.
Орталық нерв жүйесінің функционалды қыз-меті бұзылғанда жоғарыда көрсетілген аурулар білінетіні айтылды. Енді сол сырқаттарды бол-дырмай, алдын алу үшін үлкен жұмыс жүргізіледі. Ол алдымен мінездің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлудің маңызы. Ал ауруга шалдыққанда баса назар аударып емдейді. Комплексті емдеу әдісіне аутогендік жаттығу, дәрі-дәрмек, фи-зиотерапия, емдік гимнастика т. б. кіреді.
Гимнастиканың негізгі мақсаты — ңозу және тежеу процестерін теңестіру, адамның көңіл-күйін, психикалық жағдайын, ішкі ағзалар қыз-метін қалпына келтіру, өз ойын игере білуге үй-рету.
Тәжірибе жүзінде емдік гимнастиканың бар-лық формасын қолданады. Соның ішінде баса назар аударылатын аутогендік жаттығу.
Бірінші кезеңде ең оңай жаттығулар беріле-ді. Аса қиналмай, қимыл-қозгалысты мұқият қадағаламай, мүмкіндігіне қарай елеусіз орын-дайды. Ұзақтығы 10—12 минутқа созылады.
Адам өзіне ең ыңғайлы қалыпты сақтап көз алдына жаздың жайдары кезін — гүл шоғына оранып, хош иісіне малынған тамаша табигат кезеңін. келтіре отырып ой арқылы: «Мен еш нәрсеге алаңдамаймын, мазасызданбаймын, жай-барақат қалыпты сақтаймын» деп қайталайды. Бұл сөздердің арасында дұрыс тыныс алуды қа-дағалайды. Сөз тізбегінен соң 5—6 секунд үзіліс жасайды.
Ішке дем алганда —«менің денем...», демді сыртқа шығарғанда —«толығымен байыпты қал-пында»... дейді. Осындай жаттығуларды күніне 3—4 рет қайталайды. Мөлшерден он тәулікте
адам денесш меңгерш алады. Мұнда бұлшық еттердің босаңсуына, нерв талшықтарының тынышталуына баса назар аударылды.
Екінші кезеңде ауру өз жағдайын сезініп, ойланып, арнайы мақсатпең орындайды. Мұнда тепе-теңдік қалпын сақтайтын, вестибулярлы аппаратты шынықтыратың, қимыл-қозғалыс-тың үйлесімділігін реттейтің жаттығулар жиын-тығы орындалады. Ол үшің КӨЗді жұмып ойша бірнеше жаттығулар жасайды (аутотренинг не-месе идиомоторлы): басты жан-жаққа қозғайды, денені алға-артқа, оңға-солға иеді. Сондай-ақ жаяу жүру, екпінді жүру, серуендеу, саяхатқа (жақын жерге) шығу, кейбір спорттық ойындар-мен (теннис, бадминтон т. б.) айналысу адамның көңілін аулап, тез айығуыңа ықпал жасайды. Бұл кезде жаттығулардың ұзақтығы 30—35 ми-нутқа жетеді.
Жаттығуларды әркім өзіне ұнайтын жақсы әуеннің ырғағында орындағаң өте пайдалы.
Невроздың түріне, белгілеріне, адамның жа-сына, жынысына, мінезіне қарай берілетін жат-тығулар да сан алуан. Ең алдымен адам оған сенуі шарт. Мәселен, аутотренинг жасағанда, орындыққа жайланып отырып, көзді жүмып: «мен сабырлымын, ашуланбаймын, мен мүлде тынышталдым» деген сөздерді 5—% рет қайта-лайды.
Белгілі неміс ғалымы ЩуЛьц ұсынған өзін-өзі жаттықтыратын немесе өзің-өзі сендіретін осы тәсіл йогтардан ауысқан. Ол өз организмін бас-қаруда ғажап күшке ие, бірақ ешбір жұмбақ сыры жоқ көптеген тәсілдерді қамтыған.
Адам бұл жаттығуларды орындағанда сана-сезімі мен күш-қуатын дамьітуға көңіл бөледі, өз эмоциялары мен толғаньіс сезімдерін басқара алады.
Аутотерапия жаттығуларына шамамен сегіз аптадай уақыт кетеді. Бірінщі жаттығуда «менің қолым ауырлады» деген сөзді 5—6 рет қайта-лайды. Онда адам өзін сеңдіргені соншалық, қолын көтере алмайды.
Екінші жаттығу үшінщі аптада басталады. Жаттығу «менің қолдарым жылы. дегенді бір-неше қайталап, соңында «мең мүлде жақсы бо-лып, жазылдым, денім сау» деп аяқталады. Әр жаттығу 5—6 рет қайталанып, 5—10 минутқа созылады.
Бірқатар жағдайда емдік гимнастиканы, мас-сажды, су, кейде ток процедураларын, мәселен, арнайы аппаратпен жүзеге асырылатьш (аурудың миы арқылы өтетін) төменгі жиіліктегі ток им-пульсі және тыныштандыратын күші аз ток ар-қылы жүзеге асырылатын электрлік ұйқы, мұ-ның бәрін дәрігер ауруды зерттеп болған соң белгілейді.
Нерв жүйесіндегі белгілі бір ақауға неғұрлым ертерек назар аударса, оны солғұрлым тез және оңай жазып жіберуге болатынын есте сақтаған абзал. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын ал-ған жеңіл екенін әркім есте ұстағаны дұрыс.
Орындалатын жаттығулар, емдеу әдістері ауру психоневролог дәрігеріне көрінген соң, сол маманның нұсқауымен гана қолданылады.
Өзін сергек сезініп, сан алуан өзін мезі еткен жағдайлар азайғанда, спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Әлбетте ауыр щтанга, гир көтеріп не ңатты зорланатын жаттығулардан аулақ болған жөн. Қыстыкүні шаңғы тебу, конь-кимен сырғанау, шана тебу, жаяу серуендеу, ал жаздыкүні суда жүзу адамның нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, бойындагы аурудан құтылуға үлкен ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет