«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет14/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар.
2..Психо-эмоционалды өзгерісте қолданатын емдік гимнастика.
3.Неврастения, психостения, истерия невроз түрлерінде қолданатын емдік гимнастика.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
Лекция №8.
Тақырып. Тірек-буын зақымданғанда берілетін емдік гимнастика.
Мақсаты: Сіңірдің созылуы, тартылуы, үзілуі,буынның шығуы сияқты ауруларда қолданатын жаттығулар жинағын құрастыру.
Буын ауруларында (артроз,артрит) берілетін арнайы жаттығулар жинағын оқып білу .
Дәріс тезистері:
Тірек-қозғалыс аппаратына арналған жаттығулар омыртқа жотасының қисаюы.
Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланысты. Иық тік, кеуде жазық болып, кермаралдай керіліп жүрудің өзі осы омыртқаның дұрыс болуынан. Осы кітаптың ал-дыңғы бөлімінде көрсетілген қалыпты жағдай-дағы омыртқа жотасындағы иректер оны қорша-ған бұлшық етке тікелей байланысты.
Дене сымбаты кішкене бала кезден бастап қі лыптасады. Оның басын дұрыс ұстауынан, от: руынан, жүруінен жоғарыда сөз болып отырға омыртқа иректері (лордоз, кифоз) қалыптасад Оның дұрыс не бұрыс болуы көп жағдайға ба ланысты.
Мектепте партаның жоғары не төмен болу нан, орындықтың ыңғайсыздығынан, біржағы қисайып отырудан немесе ауыр жүкті бір қолме үнемі көтеруден т. б. жағдайларден адам дене бір жағына қисайып кетеді.
Сол сияқты ұзақ ауырып, организм әлсіреген де құяң, ішек-қарын жарасы, сондай-ақ өт қабынғанда, буындар ауырғанда, адамның жүріс өзгеріп, омыртқа жотасы бір жағына шығып кетеді.
Адам тұлгасы, мүсіні бұзылу деп омыртқ жотасының алға-артқа немесе оң-солға ауысы кетуін айтамыз.
Мұның өзі тіпті спортсмендер арасында да, кездеседі. Мәселен, боксшылар, сайысшылар, ес кекшілер. Әлбетте, көбінесе бұлшық еті жетілмеген жасөспірімдер арасында бұл жағдай жиі кездеседі.
Егер омыртқа жоталары белгілі иректермен алға не артқа кетіп қалса, онда адамның мүсіні бұзылады дейді. Ал омыртқа жотасы оңға, не солға қисайып кетуін медицина тілінде сколиоз деп атайды.
Мұнымен қатар бір жақ иық пен жауырын екінші жагынан жоғары болуы да кездеседі. Сөй-тіп мүсіннің өзгеруі бірнеше түрге бөлінеді (7-сурет).
Омыртқа жотасының қисаюы үйреншікті әдетке де, байланысты. Кейінгі кезде ғалымдардың айтуынша, балалардың бір жағына қисайып кетуі ішкі (эндокриндік) бездердің кінәраттануынан дейді. Кейде өзгерген мүсін баланың жетілуіне байланысты дұрысталып та кетеді.
Дегенмен омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы келбетті бүлдіріп қоймайды, ол ішкі ағ-заларға да, әсіресе, өкпе мен жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді. Өйткені қисайған омыртқа көкірек ішіндегі өкпенің толық жазылуына, көк еттің (диафрагма) қозгалуына бөгет жасайды. Сондықтан денеде қан айналымы кеміп, оттегі жетпей, кұрсақ ішіндегі қысым өзгеріп кетеді.
Балалардың тұлғасы бұзылмас үшін кішкене кезден бастап өте жұмсақ төсекке үйретпей, қаттылау төсекке жатқызған дұрыс. Сол сияқты басқа салған жастық биік болмай, жазық, кішкене болғаны абзал. Отыратын орын баланың бо-ііына шақ болу керек. Киген киімі, аяғындағы аяқ киімі қыспай, өзіне дәл болса, бала еркін отырады. Столға отырғанда түскен жарықтың да әсері көп. Әсіресе, көзі алыстан көрмейтін балалар екі бүктеліп, басы салбырап кетеді. Бұл ке-йін қалыгітасып, желкесі шорланып, иығы көтері-ліп кеткенін бір-ақ аңғарады. Өкінішке орай, осындай балалар балабақшада, мектепте үлкен-дердің салақтығынан кемтар болады. Мектепте мұндай балалар арнайы медициналық топқа ба-руы керек.
Осындай қиянаттан құтылудың бірден-бір жо-лы — тек емдік гимнастика. Арнайы берілген жаттығулар омыртқалар қозғалысын арттырып, қисайған жерін қалпына келтіреді, арқа бұлшық етін жетілдіріп, омыртқаларды қысып ұстайтын «құрсау» жасайды. Тек арқаның бұлшық етін жетілдіріп қоймай, жаттығулар жүрек, өкпе т. б. ағзалардың жұмысын жандандырып, зат алма-суын үдетеді. Ауру бала үшін мұның пайдасы көп. Сол сияқты дене тәрбиесі адамды шыңдап, шыдамдылығын, қайратын арттырады. Ең маңыз-дысы денені тік ұстауға дағдыландырады. Міне, осының бәрі емдік гимнастиканың негізгі түпкі мақсаты.
Енді оны іске асыру үшін жаттығулар-дың әр түрін қолдану керек. Мәселен, белгілі гигиеналық, гимнастикалық жаттығулармен бірге арнайы түзету-жаттығуларды кеңінен қолданады. Сол сияқты суда жүзу баланың денесін шынықтырады және денеде бұлшық еттерді жетілдіріп, қисайған омыртқаны қалпына келтіреді. Жүру, жүгіру, спорттық ойындарга қатысу, шаң-гы тебу, т. б. дененің дұрыс жетілуіне ықпал жасайды.
Арқаның бұлшық етін жетілдіру үшін түзету жаттығуларында науқас шалқадан және етпетінен жатады. Мұнда аяқ-қолға әр түрлі қимылдар беріледі. Мәселен, кезекпен аяқты көтеру, кеудені көтеру, «велосипед тебу» т. б. (8-сурет).
Жаттығулар еңбектеп тұрып, отырып, түреге-ліп тұрып әр түрлі жағдайда жасалады. Көлбеу жазықта жатып омыртқаны созуға болады. ¥зақ-тығы 30—45 минутқа созылады.
Коррекциялы немесе түзететін жаттығуларды омыртқа жотасының қай жаққа ауытқуына бай-ланысты сайлап алады. Жота күдіс болғанда кеуде омыртқалары артқа теуіп кетеді, мұндай кезде арқаның ұзын бұлшық еттерін бекітеді. Ол үшін барлық тұрқымен артқа шалқаяды (иіледі). Мұны етпеттеп жатып, еңбектеп тұрып (шынтақ пен тізені, алақан мен тізені тіреп), белді қайқайтып жасайды. Неғұрлым көп шалқайса, солгұрлым арқаның ұзын бұлшық етіне күш көп түседі. Сон-дықтан оны әр түрлі жағдайда, қолына таяқ, жіп, доп ұстап тұрып орындауға болады.
Егер бел омыртқа алға ыгысып кетсе (лордоз), онда іштің бұлшық етін жетілдіреді. Ол үшін шалқадан жатып, түзу аяқтарды алма-кезек кө-тереді, «велосипед тебеді», басын көтеріп отырып қайта жатып қүрсақңа күш түсіреді.
Физиологиялық иіндердің бәрі түзуменен кет-кен жагдайда (жазық арқа) жаттығулар арқа мен құрсақ бұлшық еттерін бірдей жетілдіруге арналады. Ол үшін жаттығулар күрделеніп, ган-тель, гир (0,5—1 кг), доп, гимнастикалық таяқ-тармен орындалады.
Дене бір жагына қисайып кетсе, бны түзету үшін бар ықыласты дұрыс жүруге аудару керек. Ол үшін басқа ауыр зат қойып, бір аяқпен тұрып, сол қалпы бір сьізықпен жүріп, т. б. жатты-ғуларды орындаған дұрыс.
Екі жауырын ңанат сияқты көтеріліп, иық алға қарай қушиып кетсе, қолды шыр айналдырып, желкеге қолдың ұшын әкеліп, денені, әсіресе, кеудені артқа қарай майыстырады.
Осының бәрі баланың, тіпті кейбір үлкендер-дің, өз тұлғасын дұрыс ұстауға арналған жат-тығулар. Адам үйде болсын, түзде болсын, қызметте болсын денесін дұрыс тік ұстауға дағдылану керек. Оны қалыптастыру үшін айна алдында жаттығулар жасайды; үй ішінде бірін-бірі 1 қадағалайды, қабырғаға желке, арқа, бөксе, өк-шені тіреп бір-екі минут тұрады.
Денені қалыпқа келтіру үшін емдік гимнастикадан басқа, массаж, табиғат факторларын (ауа, 1 су, күн) пайдалану өте қажет.
Жоғарыда айтылғандай, омыртқа жотасында-ғы табиғи имектер — алға не артқа ойысып кетсе, адам мүсіні бұзылады, сондай-ақ омыртқа жо-тасының оңға не солға қисайып кетуі де кезде-седі. Ол сколиоз ауруы деп аталады. Кейде бұл ауруда омыртқа өзектің айналасында бұралып, ; шодырая шығып, адам бүкір болып қалады. I Бұл індетте жүрек қан тамырлары, өкпе-тыныс 1 жолдары ңатты зақымданады. Сондықтан оны | тек сколиоз демей, сколиоз ауруы деп атайды.
Аурудың негізгі себептерін үш топқа бөледі. I Бірінші — адам бойындагы зиянды кеселдер. Ол 1 іштен туған ақаулар: бойдың өспей қалуы, омырт- ! қаның жетілмеуі, омыртқаның сына тәрізденуі, артың қабырға, бесінші бел омыртқаның сегіз-көзбен біртұтас бітіп қалуы, т. б.
Еқінші — статикалық-динамикалық құбылыс-тар. Ол адамның еріксізден бір жағына қисайып қалуы. Мәселен, оқыста ортеніп күйген адамдар-дың денесінде пайда болған үлкен тыртық не шеткері нерв жүйесінің зақымдануы адамды бір жағына қисайтып жібереді.
Үшінші — жасөспірімдер қауырт өсетін кезін-де төзімділігін жоятын індеттерге шалдығуы.
Аталған себептердің қайсысы болмасын адам-ға келтіретін зияны айтарлықтай.
Аурудың білінген белгілеріне байланысты ско-лиозды төрт кезеңге бөледі. Бірінен-бірін ажыра-ту үшін омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі,
одан пайда болған бұрыштың керсеткішін білу керек. Сколиоз омыртқаның қай жерін кінәрат-тағанына байланысты кеуде, кеуде-бел, бел омырт-қа сколиозы деп аталады. Сол сияқты оң жақ, немесе сол жақ сколиоз деп доғаның багытына қарай айырады.
Сколиоздың бірінші кезеңінде доғаның омырт-қа жотасынан тайып кеткен бұрышы 10°-қа тең. Ал жотаның өзі «8» әрпіне ұқсайды. Арқа бұл-шық еттеріне күш түсіргенде немесе жатқызып босаңсытқанда доға көрінбей кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет