Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет52/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, umk top rak korgau eginshiligi 2, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
 
Бензой қышқылы 
(Acіdum benzoіcum) – фармацевтік технологияда 
консервант ретінде кеңінен қолданылатын органикалық қышқыл. Ақ түсті, 
өзіне тән әлсіз иісі бар кристалды зат. 1 г қышқыл 350 мл суда немесе 3 мл 
этанолда, немесе 8 мл хлороформда ериді. Көбінесе суда жақсы еритін (1 г 1 
мл суда) натрий тұзы түрінде қолданылады. Бензой қышқылы және оның 
тұздары ашытқы саңырауқұлақтарына, әсіресе, қышқыл ортада күшті әсер 
етеді. Бензой қышқылы және оның тұздары қант және дәрілік шырындарды, 
вазелин 
майының 
эмульсиясын, 
құрамында 
антибиотиктері 
бар 
суспензияларды және ішуге арналған басқа да препараттарды консервілеу 
үшін қолданылады.
Нипагин 
(Nіpagіnum) – парагидрооксибензой қышқылының метил 
эфирі. 
Нипазол
(Nіpasolum) – парагидрооксибензой қышқылының пропил 
эфирі. 
Парагидрооксибензой қышқылының эфирлері ақ түсті, иіссіз, дәмсіз 
ұнтақтар. Суда қиын ериді, майларда ериді, органикалық еріткіштерде өте 
жеңіл ериді. Парабендердің улылығының аздығы оларды ішуге арналған 
препараттар, галендік препараттар (қант шырыны), тұнбалар мен 
қайнатпалар, концентрлі ерітінділер, рентгеноконтрасты суспензиялар, 
гормонды және туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, пероралды 
эмульсиялар үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, парабендер 
жағар майларды және олардың негіздерін консервілеу үшін пайдаланылады. 
Эфир майлары 
(Olea aetherea) – сыртқа қолдануға арналған (жағар 
майлар, эмульсиялар, линименттер және т.б.) дәрілік препараттар үшін 
консервант ретінде қолданылады. Құрамында фенолды қосылыстары бар 
эфир майлары, атап айтқанда, анис, лимон, аскөк, лаванда – терінің патогенді 
микрофлорасына, соның ішінде кандидозды тудыратын саңырауқұлақтарға 
бактерицидті белсенділік көрсетеді. 
Ерігіштікті арттыратын заттар (солюбилизаторлар). 
Қиын еритін немесе 
іс жүзінде ерімейтін дәрілік заттардың ерігіштігін жоғарылату мақсатында 
гидрофильді-липофильді баланс (ГЛБ) мәні жоғары беттік-активті заттар (БАЗ) 
қолданылады, 
мысалы, 
твин-80, 
өт 
қышқылдары. 
Бұл 
заттарды 
солюбилизаторлар деп атайды. Солюбилизация – термодинамикалық тұрақты 
жүйе түзе отырып, беттік активті заттардың сұйылтылған сулы ерітінділеріне 
суда ерімейтін заттардың өздігінше өту процесі. ГЛБ мәні жоғарылаған сайын 
ББЗ гидрофильдік қасиеттері жақсарады, яғни, олардың судағы ерігіштігі артады. 
Фармацевтік іс-тәжірибеде сульфо-ихтиол қышқылының аммоний 
тұзымен солюбилизацияланған ихтиол майы, сабынды-крезолды препараттар 
және т.б. ішуге, сыртқа және шаншуға арналған дәрілік түрлерді дайындау 
үшін қолданылады. Солюбилизаторларды қолдану іс жүзінде ерімейтін 
жоғары әсерлі дәрілік заттармен дәрілік түрлерді дайындауға мүмкіндік 
береді. Бұл жаңа антибиотиктер, цитостатиктер, гормонды препараттар және 
басқа қосылыстар тобы. 


86 
Солюбилизаторларды қолданудың артықшылықтары: дәрілік заттардың 
тез және толық резорбциясы, шаншуға арналған ерітінділер үшін еріткішті 
алмастыру мүмкіндігі, сонымен қатар, дәрілік құралдың енгізу жолын басқа 
ауру үшін қарапайымдау енгізу жолына алмастыру мүмкіндігі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет