Ақтау қаласы, №11мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Маржан Мурзагалиевна
№11 МФММ мұғалім:
Асылбаева Маржан Мурзагалиевна
Пән:геометрия
Өткізілетін күні :13.02.14
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шар және сфера
Сынып :11
Мақсаты:
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу
Міндеттері:
Пәнге деген қызуғышылығын арттыру, оқушылар қабілетін шығармашылықпен дамыту.
Оқу нәтижесі:
Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
Туындайтын идеялар:
Шар және сфера , шар бөліктері мен қабаттарын ажырата білу, құрылымын үйрену, өмірмен байланыстар іздеу.
Модуль:
Сыни тұрғыдан ойлау; диалог; оқушылармен топпен жұмыс,шығармашылық жұмыс
Сілтеме:
11- сынып оқулығы, дидактикалық оқу-құралы, тапсырма жазылған карточкалар,қажетті ресурстар
Кіріспе(4 мин)
1.Сәлемдесу
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбері» тренинг көрші тұрған оқушының есімінің басты әрпінен басталатын ізгі тілек айтады. Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
2. Оқушылар конверттегі сәйкес суреттері бойынша үш топка бөлінеді.
Сабақтың барысы
Кезең.
Сабақтың өту барысы
Оқушы жұмысы
жабдықтар
1.Қызығушылығын ояту
5 мин
1-тапсырма: «Шар және сфера» тақырыбы бойынша онлайн тест