Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет138/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 96. РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ '
Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт тура- лы жалац хабар беріп кана қоймайды, соған катысты өзінше түйген көзкарасын, кеніл қошын, ой қүбылысын да қоса білдіріп отырады. Өйтксні ондайда кеңіл, ой қүбылысы аркылы айтылатын хабардыц аныктығы, та- пыктығы, ақиқаттығы, шындыгы, айкындығы, неғайбыл- дығы, күдіктілігі, күңгірттігі, күмәнділігі, болжалдылы- ғы, жорамалдылығы, ықтияттылығы, тыңғылыктылығы, үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы, мүмкіндігі, ық- тималдығы... тэрізді жай-жапсарлар да, сопдай-ақ, аяныш, жалыныш, куаныш, реніш, жиреніш, екініш, еті ніш... сиякты көніл күйі жайлары да ацғартылып отырады. Сейлеушінің я жазушының кеңіл қошыный осындай еәттері модальдік (арайлық) реңк деп аталадьі
Модальдік реңк жеке сейлеушінің я жазушының ті- лінде ғана немесе жеке сейлемде ғана үшырасатын не- кен-саяқ қүбылыс емес, жалпы үлт тілінің табиғатыиз грамматикалық құрылысына сай қалыптасқан жүпеЛ1 лексика-грамматикалық категория. Бұл категория тіл-

310

дің тиісті лексикалык, фонетикалық, грамматикалық тә- сілдері арқылы беріліп, сол дәнекерлер арқылы жарық- <а да шығады, аңғарылып та отырады.
Сөйлеу тілінде кеңіл қошына, ой келеңкесіне қатыс- гы әр қилы реңктер, әдетте, сөйлемдегі сездердің, сез Зөлшектерініц, сез тіркестерінің түрлі-түрлі қарым-қа- гынастарынан туады, солардың мағыналарынан керініп этырады. Тілдегі осындай, бір-біріне қатысты, жеке-же- хе модальдық мағыналардан жалпы грамматнкалық мо- ^альдық категориясы құралады. Жалпы грамматикалық категория болғандықтан, модальдық мағыналар синтак- :исте де, морфологияда да ұшырасады. Сөйлемнің мо- цальдігі бүкіл сөйлемге тән құбылыс болады да, кебіне- ;е лексикалық, интонациялық тәсілдер арқылы жарыққа шығады. Осы себептен сейлем модальдігі, әдетте, син- гаксисте арнай қаралады. Ал модальдік категориясыныц көптеген мағыналары морфологиялық дәнекерлер арқы- лы. еолардыН‘ ішінде көбінеСе етістіктің рай формалары аркылы жасалатындықтан, бұл мәселе морфологияда да қаралады. БІрақ морфологиялық құбылыстардың (рай- лардың) мазмұны синтаксиспен жіті байланысты бола- ды. Сол себептен модальдік мазмұн, әдетте, сейлемнен жеціл айқындалады. Осыған орай рай категориясы, оның формаларының мағыналары, қызметтері және колданы- лу ерекшеліктері сейлемге байланысты талданады.
Сейтіп, сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақи- қат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонети- калық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жуйесі модальдік (арай) категория деп аталады. Бұл катынас акикатқа орай, оған сай келетін нағыз шындықты да, (жүзеге асыруға боларлықтай, орындаларлықтай) реальді кұбылысты да білдіре алады.
Модальдік категорияның етістік формалары аркылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістікгің райы деп аталады.
Етістіктің райы — мазмүн жағынан да, форма жағы- Нан да — аса бай категория. Мысалы: мен барайын; мен Ьарайыніиы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояиын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та ңалармын; мен барсам етті; мен барып едім foil; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен бар- ?ан екенмін; менің барғым келеді... тәрізді жай сейлем- Цердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсы-

311



сында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдік моң (реңк) бар. Ал сол модальдік реңктердің (мәидердің) қай-кайсысы болсын етістіктіц тиісті формалары аркы- лы беріліп, сол формалар аркылы бір-бірінен ажыра- тылып тұр және сол формалар арқылы, қашдн да бол- сын, езара сараланып отырады Осы мысалдардан-ақ рай категориясы етістіктіц грамматикаланған синтети- калық және аналитикалык формаларының бәрімеп де байланысты екені көрінеді, демек, рай категориясы шақ формаларымен де, амалдыц жүзеге асу сипатыи білді- рстін формалармен де, есімшс мен көсемшснін форма- ларымен де және етістіктін кейбір өзге түр-формалары- мен де байланысты болады.
Рай категориясы сейлеуші (субъекті) мен амал-әре- кеттің арасындағы қатынастың қилы-килы реңктерін білдіретіндіктен, сол реңк түрлерінің араларында да тиісті парық болады. Өйткені сейлемде айтылатын ой я пікір объективті шындықты тура я анык етігі білдіруі немесе оны реальді (шындай) етіп керсетуі де мүмкін. Сондай-ақ, сейлемде айтылатын объективті шындық бү- кіл сейлемнін мазмүнымен бірде дәл бірдей шығып тү- йіссе, бірде тоқайласпай күңгірттеніп те керінуі мүмкін, демек, реальді кұбылыс пен объективті шындык кейде бірдей болып шықса, кейде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Дегенмен, модальдік категория арқылы айты- латын пікірдің ақиқатка қатынасы не реальді болып, не неғайбыл болып көрінуі тиіс. Осындай ерекшеліктерге қарай, демек, амалдың. (әрекеттің, қимылдын, т. б.) аки- катқа катысын білдіруіне қарай, етістік райлары іштей сараланып, ашық (негізгі) райлар және неғайбыл (жәр- демші) райлар деп аталатын екі салаға белінеді. Олар- дың негізп сипаттары мен айырмашылыктары мынадай:

  1. Ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалык керсеткіштер болмайды, неғайбыл (жәрдемші) райлар- да арнаулы қосымшалар (керсеткіштер) болады. Арнау- лы керсеткіштері (қосымшалары) болатыны және бол- майтынына қарай, неғайбыл райлар мен ашық рай бір- біріне қарама-қарсы қойылып қаралады. Демек, олар формалары жағынан көрсеткішті және көрсеткішсіз рай- лар деп танылады да, семантика-грамматика жағынағ ашық (негізгі) рай амалдын (әрекеттің, қимылдын...) реальді екенін, ал неғайбыл (жәрдемші) райлар амал- дыц реальді емес екенін білдірулеріне орай бір біріне қарсылас категориялар деп танылады.

312

  1. Ашық (негізгі) рай, амалды (әрекетті...) реальді етіп көрсететіндіктен, мезгіл үғымымен •—еткен, казіргі" және келер шақтармен байланысты болады да, сенлеу тіліндс сол шак формалары аркылы керінеді. Ал неғай- был райлар амалдың реальді емес (иареальді) екенін, яғни амалдың негативті сипатын білдіріп, олардын бұ- йыру қалау, шарт ету, қажет санау, ләзім көру тәрізді модальдік реңктер түрінде атайды да, тек келешекке мегзегені ғана болмаса, шак категориясына тікелей ка- тыспайды.

  2. Ашық райдың қолданылу өресі де, мағыналық ка- рьімы да әрі кец, әрі аса бай ұтымды болады. Сол себеп- тен көптеген модальдік реңктер мен басқа да таза су- бъектпвтік мағыиаларды білдіру үшін индикативтің {ашық райдың) формалары аса жиі колданылады. Онан қала берді, ондай реңктер мен мағыналарды білдіргенде ашық рай (индиктив) тілдегі арнаулы модаль сездерді де (бәлки, бәсе, әрине, әлбетте, мүмкін, ықтимал т. б.), модаль шылауларды да (-ай; -ау; -ақ; -мыс; -ғай; сияқ- ты, тэрізді, іиығар, білем, көрінеді т. т.), модаль тіркес- терді де (айта көрмеңіз; атай көрмеңіз; сөз жоқ; амал қанша т. б.), демек, индикатор (ажыратқыш, айқында- ғыш) есебіиде қызмет ететіи тілдін ез дәнекерлерін қа- жетінше кең пайдаланады Рас, бүл инднкаторлар ай- тылатын пікірдің модальдік сипатын т^гел я жартылай езгертіп жібермейді, бірак оған болжалдық, дүдәмал- дық, ләзімдік, керектік, қажеттік... тәрізді нағыз мо- дальдік реңктер үстеп, не күшейтіп, не ауыстырып, құл- пыртып отыруға себепкер болады. Сөйтіп, ондай инди- каторлардың көмегі арқасында хабарланатын фактіге (я пікірге) сөйлеушінің болжалы, күдігі, еенімі, шеші- мі... адам нанарлықтай, реальді болып керінеді де, на- ғыз шын санарлықтай, объективті ақиқатка әр қилы субъективті модальдік сипаттар жамайтындай әсерлі болады. Бұл рецктердің сөйлемде ажарлана,. айқында- ла түсуіне интонация, контекст үлкен сеп тигізіп, тая- ныш болады. Осындай мүмкіншіліктердің арқасында айқын емес қүбылыстар айкын болып керініп, айқын Қүбылыстар айқын болмайтындай күйге көшіп, яғни Мүмкін емес амал мүмкін боларлықтай сипатқа, кері- сінше, мүмкін әрекет басқа түрге ауысарлықтай дәре- ^еге жетеді. Осылардың нәтижесінде ашық рай мағы- На, ренкі жағынан басқа райларға жақындап та, олар- ^Ың орнына қолданылып та отырады. (Мысалы: әттең.

313


кезінде келсем еді де (етті); Бүл аманатты орындай алар ма екенмін; Сіз тіпті шөлдеп кеткен шығарсыз).


Модаль сөздер мен модаль шылаулардың ашық рай формаларымен жиі қолданылуы нәтижесінде көптегең аналитикалық модаль тіркестер туған.
Ал әр райдыц алды-алдына тән сипаттары мен ерек- шеліктері төмендегідей.
Ашық рай
(индикатив)
Ашық райдың арнаулы қосымшалары болмағаиымен, бұл категория амалдын белгілі бір мезгілде, яғни өткен, казіргі және алдағы кездердін. бірінде болу я болмауын. өту я етпеуін керсететін шақ формаларымен тікелей байланысты болатындықтан, шақ формаларынын жүйесі оның (индикативтік) грамматикалық көрсеткіштері есе- бінде қызмет етеді. Бұл кызмет — ашык райға тән таби- ғи нәрсе. Ал оның осылайша болуы индикатив форма- ларының ақиқат шындықты және реальді күбылысқа қатысты модальдік мағыналарын білдіруімен байлаиыс- ты. Өйткені реальдік (арай) деген құбылыс адамнын (субъектінің) ырқынан тыс айналадағы, күнделікт емірде үнемі ұшырасып отыратын, болып я етіп жата- тын объективтік жағдайларға, атап айтқанда, мезгі/ және кеңістік қүбылыстарына тікелей қатысты болады Ал рай категориясы етістікке тән категория болатығ болса, амалды, әрекетті, кимылды, қозғалысты, процес терді білдіретін етістіктердің өздеріне тән табиғи фор масы — шақ (мезгіл) категориясымен байланысты. Өйт кені қандай амал я әрекет болсын белгілі бір мезгілде етеді. Ендеше, грамматикалық шак категориясы да етіс тіктің әрі ең негізгі, әрі ен. басты категориясы болуғг тиіс. Сейлеуші кандай бір хабар-ақбарды, қандай бір жай-жапсарды, қандай бір оқиға-керіністі сөз етсе де ол туралы езінің кеніл қошын, ойының көлеңкесін, көз қарасым, райын білдіргісі келсе де, оларды белгілі бір мезгілмен байланыстырмайынша,— айтуы, баяндауь мүмкін емес. Солай болса, рай мен шақ ұғымдары — бір бірімен байланысты құбылыстар. Бірак шак кате гориясы рай категориясына қарағанда, әлдеқайда кеі категория. Өйткені адам сейлегенде, кашан да болсын тек амал-әрекеттін. жалаң өзін ғана емес, оның мезгіл мен орнын да дойім ойда (көңілде) үстаумен қатар, өзі

314

цін олар жайындағы кезқарасын, қатынасын да білдіре- ді. Әрине, бұл ерекшелік қашан да болсын, шақпен бай- ланысты, ал шақ тек ашық ірайда ғана болады; амалды (эрекетті) тек индикатив қана реальді іс (процесс) етіп,
" оны белғілі бір мезгіл аясында көрсетеді; езге райлар- да бүл кабілет болмайды. Солай болса, ашық райдың ен
негізгі қасиеті — шақты, шақтың неше қилы мәнде- рін, реңктерін, білдіру болады. Сонымен катар, шақ формаларының әрі көп, әрі түрлі-түрлі болып қалыпта- суына осы категорияныц мазмұны, оның формалары жә- нс неше алуан модальдік рецктері себеп болған.
Сонымен, ашық рай (индикагив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде жэне келешекге болу я болмауын біл- діретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз.
Ашык рай (индикатив) формалары аркылы айтыла- тын хабар ақикат шындықты, реальді құбылысты білді- ріп, тікелей өткен шак, қазіргі шак, келер шақ катего- рияларымен байланысты болатындыктан, оның (ашық райдын) нақтылы мазмұны меп формалары шак катего- риясымен байланысты қаралады («Шақ категориясы» дсген тақырыпты қараңыз).
Неғайбыл (ирреалды) райлар
Етістік формалары аркылы тек ақикат шындық кана немесе реальді кұбылыс кана (орындалу мүмкіндігі бар кұбылыс кана) білдіріліп қоймайды, реальсыз жүзеге аспайтын я асу-аспауы күдікті амал-әрекет те беріледі. Мысалы: барайын, баріиы, барсын, бара көр, бара сал, бара қой, барғайсың, барсам, барғым келеді, баруға бо- лады, бара салсаңшы, бара қойса екен, барса екен, барса игі еді... деген формалардаи бұйрык, тілек, ынта, жа- лыныш, өтініш. шарт, күдіктену, жорамал, үйғару тә- різді мағыналар байқалады. Бірак сол мағыналардан амал-әрекеттің жүзеге асу-аспауы жайында ешқандай ашық я айқын пікір аңғарылмаііды, тек болашақ әре- кетке мегзеген әлдеқандай бір амал женіндегі ниет қа- на аталады. Сейтіп, бүл формалардан я өткен шаққа, я Қазіргі шаққа, я келер шакқа катысты яғии соларды байыптарлықтай мән бағдарланбайды, демек, бүлардан аталған үш шақ туралы ешқандай ашық түсінік керін- бейді. Рас, бүл формалардаи келешекке мезіреті етіле- тіндей әлдеқандай бір ишара пемесе әлдебір ниет сезі- леді. Бірақ бүл мезіреті келер шак мағынасын бермейді

315 ,



және бере де алмайды, тек соған мегзейді. Амал-оре- кеттін анық рецктерін білдіретін осындай етістік фор- малары неғайбыл (ирреальді, қосалқы, жәрдемші) рай- лар деп аталады.
Неғайбыл (ирреальді, косалқы) райлардың білдіретп негізгі мағыналары әмір, бұйрық, тілек, өтініш, жалы- ныш, шарт, қажеттілік, тністілік, ләзімдік, мүмкіндік, кү- мәнділік... сиякты амал-әрекеттермен байланыеты боладь да, тек келешекке ғана мегзейді. Неғайбыл райлар- дың бәрі де модальдік ренк білдіру жағынан бір дәре- жеде, бір сатыда, біркатарда тұрады деуге болады. Өйт- кені, формалары мен мағыналары қаншалықты басқа- басқа болғандарымен, олардың бәрі де амалдын реаль сіз екенін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, амалдын айқын емес екенін білдіретін негативтік сипат—неғай- был райлардың бәріне де тән жалпы қасиет. Бірақ, со лай бола тұра, бұлардын, формалары басқа-басқа болу ларына орай, модальдік реңктері де бөлек-бөлек болыі сараланып, әрқайсысы тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ, жалқы қасиет-сипатқа ие бола кетеді. Мысалы баршы, барса
деген екі форманың алғашқысынан амал жасауға тілек айтқандық бағдарланса, сонғысынан бас қа бір істелетін әрекетке, онын жүзеге асуына шарт ко йылғандық аңғарылады. Ал баруға болады дегеннеі амалды іетеуге мүмкіндік барлығы түсіиілсе, барғысь келеді дегеннен сол амалды істеуге ынта я ниет білдір гендік ұғынылады.
Сонымен, неғайбыл райлардың арнаулы грамматика лық формалары амал-әрекеттін негативтік сипаты — амалды жүзеге асыру сипаты — реальді емес екенін біл діретін көрсеткіштер есебіиде қызмет етеді. Ал жүзег< асуы реальді емес, тек идеальді я неғайбыл амалды біл діретін қосалқы райлар, арнаулы формалары мен мо- дальдік мағыналарына қарай, бүйрық рай, шартты рай қалау рай деп аталатын үш түрге бөлінеді.
Буйрық рай
(императив)
Етістіктің бұйрық рай деп аталып жүрген түрінің мо дальдік мағыналары — семантика жағынан да, грамма тика жағыиан да қарымы кец формалар. Бұл рай іске косу, амалды істеуге козғау салу, түрткі болу, ұсыньК жасау, кенес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бү

316

йыру, әмір ету... тәрізді кыруар кеп модальдік мағына- ларды білдіреді, демек, бұл рай сейлеушінің белгілі бір істі жасау, жүргізу, тындыру туралы кеңіл қошынан ту- ?ан талабын, тілегін білдіреді. Бірақ амалды (істі, оре- кетті...) жасау, тындыру, қажеттігі женінде айтылатын эндай талап, тілек, үйғарым, қозғау, кеңес, етініш, жа- лыныш... сейлеушінің өз ниетінен де, өз мүдде-тілегінен де, сондай-ак, айналадағы объективтік шындықтан да, эбъективтік жағдайдан (ситуациядан) да тууы мүмкін. К,озғау салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, кәп тыңдаушыға да, I, II, III жақтардың бәріне де ар- іалады және етістіктің жалаң я күрделі түрлері арқы- лы да айтыла береді. Мысалы:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет