III. Логоэпистема «Әсемпаз болма әрнеге» Абай Кунанбаев: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан» Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың — жалын, артың — мұз, Барар едің қай жаққа?
Перевод на русский язык( В. Рождественского) Будь разборчив в пути своем; Если ты талантлив — гордись И надежным лишь кирпичом В стену строящуюся ложись, Убегающий видит путь, Догоняющий вслед спешит. Воля с разумом их ведут. Справедливость — вот свет души. Если воля есть, ум живет. Доброты же и правды нет,— Впереди огонь, сзади лед, И никак не уйти от бед. Удержи корысти порыв, Похвалы не ищи, смотри— Недостатки искусно скрыв, Лишь в борьбе победу бери! Волю дав хвастовства словам, Не мечтай других превзойти; Возбуждая зависть, и сам Оступиться можешь в пути, Тверже ногу, шагай смелей,— И тогда не погибнет труд: Речи тех, кто учит детей, Как зерно в земле, прорастут.
IV. Примеры с использованием логоэпистемы 4.1 Пример №1 Республиканская газета "Егемен Қазақстан" Дата:27.12.2002 Автор: Дәулет Сейсенұлы Статья: Абайдың аманатын ақтадық па? Көрнекті абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановпен сұхбат – Қайым аға, Абайдың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО шеңберінде атап өткеніміз күні кеше ғана секілді еді, содан бері де арада аттай жеті жыл өте шығыпты. Ал енді екі жылдан соң “ақындардың пайғамбары” (Жамбыл), “қазақтың бас ақыны” (Ахмет), “хакім ақын” (Мағжан) атанған ұлы жүрек иесі – оның дүниеден өткеніне де бір ғасыр болады екен. Рас, Абай туралы бұған дейін де аз әңгіме айтылған жоқ. Бұдан кейін де ол туралы айтылар әңгіменің аз болмайтындығы сөзсіз. Солай дей тұрғанмен, алпыс жылдан астам уақыттан бері абайтанушы ғалымдардың алдыңғы легінде келе жатқан өзіңізбен еліміздің бас басылымы бетінде “Абайдың аманатын ақтадық па?” деген тақырыпта кеңінен бір сөз толғасақ деп едік … – Ұлы Абай өмірден өткеннен бергі дәуірді үш кезеңге – патша, кеңес, тәуелсіздік кезеңдеріне бөле отырып сөз қозғайтын болсақ, соның бәрінде де ол туралы әңгіме аз айтылмағаны рас. Тіпті, оны айтасыз, халқымыздың рухани көсемі Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірісінде оны орыстың оқырман қауымына таныстырып үлгерген болатын. Ал ақын қайтыс болған соң, тағы да осы Әлекең оның өмірбаянын орыс тілінде жазып, Семейде шығып тұратын “Семипалатинский листок” атты газетте 1905 жылы жариялады. Содан екі жыл өткен соң, 1907 жылы “Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического общества” деп аталатын кітапта Абайдың өмірбаяны фотосуретімен бірге тағы басылып шықты. Ақынның мұндағы өмірбаянын жазған Ә.Бөкейханов. Солайша халқын қараңғылықтан жарыққа, қызғаныштан бауырмалдылыққа, қатыгездіктен ізгілікке үндеген Абай өсиеті, ақын аманаты жайына қалды. Абайды оның 100, 125 жылдығында ғана, әрі кетсе жүйесіз ұйымдастырылып келген оның поэзия күндерінде ғана еске алдық. М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтында бұрын жабылып қалған абайтану бөлімі қайта ашылды. Осы бөлім ақынның екі томдық академиялық жинағын шығаруға кірісіп кетті. Бұл іске Семейде жатқан мен де шақырылдым. Абайдың бұл жолғы академиялық жинағы екеу емес, төрт томдық болып шығуы керек еді. Амалсыз осы екі томмен қанағат етуге тура келді. Ал енді бүгінде соның өзіне көңілім толмайтынын несіне жасырайын! Тегінде біздің академиялық жинақ туралы түсінігіміз қызық. Бұрын да ұлы ақын шығармаларында қате кеткен сөздер тағы да қайталанып жататын-ды. Сөйтсек, әлгі академиялық жинақтың редакциялық алқасына енгендер шидің басын сындыруға ерініп, бұрынғы жинақтың парақтарын ақ қағазға желімдеп, баспаханаға сол күйі жібере салудан да тайынбапты. Кейбір “білгіштер” ақынның 1909 жылы шыққан жинағын қолына ұстап көрмесе де, сенімен ақын өлеңдерінің текстологиясы қақында айтысқысы, салғыласқысы келсе, екіншісі: “Кәке, көз үйренген, қалыптасып кеткен сөзді өзгертіп қайтеміз”,– деп сырғақсиды. Сонда деймін-ау, Татьянаның атынан айтылатын “Кепілім менің бір өзің, Бөтен жан тесік таба алмас” деген өлең жолдарына қалыптасқан ұғым деп қарауымыз керек пе? Алдымен, мұның бірінші шумағы “Кепілім сенің бір өзің” болып оқылуы керек. Екіншіден “тесік” деген сөзге келетін болсақ, арабшада “н”! әрпінде бір ноқат қойылады. Оның жанына бір ноқат түсіп кетсе, ол “т” болып оқылады. Сөйтіп, алғашқы жинақта әріп терушілер кінәсінен қате кеткен. Сондықтан мен бұл “тесік” деген сөзді “нәсіп” деп оқу дұрыс деп санаймын. Оған екінші бір дәлелім Татьяна өзінің екінші хатында: “Мен сорлы нәсібімнен, жатқа тидім “алшы” деп”,— демеуші ме еді?! Яғни, Абай Татьянаның аузына нәсіп деген сөзді бекер салып отырған жоқ. Өкінішке қарай, осының алдындағы жинақта мен қанша шырылдасам да, оған құлақ аспаған шіркіндер әлгі сөзді “тетік” деп өздерінше өзгертіпті. Бұл сөздің орысшасы – “деталь”. Сонда деймін, бұл арада тетіктің қатысы қанша? Сондай-ақ ақынның хас (қас емес) тұлпар туралы өлеңіндегі “Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы, Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы. Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп, көтендігі шығыңқы, аламайлы”, – деп келетін соңғы жолдағы “көтендігі шығыңқы” деген сөзді де түзей алмай-ақ қойдық. 1909 жылғы шыққан алғашқы жинақта ол “Көтендігі сығыңқы” деп тайға таңба басқандай-ақ жазылған. Ал “шығыңқы” деген сөз қайдан шыққан дейсіз ғой. Айтайын. Ақынның 1933 жылы шыққан өлеңдер жинағы латын әрпімен басылған. Латынша “s” әрпі орысша “ш” болып оқылады. Яғни, әліппеміз кирилицаға көшірілгенде соны ескермегендіктен бір сөздің мағынасы өзгеріп шыға келген. Ал “шығыңқы” деген сөз әбден ертоқым батып, көтерем бола бастаған аттың кейпін береді. Тағы бір мысал. Абайда: “Ері мен екеуінің махаббаты жарасса, райыс үстіндегі үй” деген өлең жолдары бар. Райыс парсы тілінде “өнім” деген мағына береді. Ендеше бұл өлең жолдарын түсініп көр. Ал бұған қалыптасқан ұғым деп қайтіп көз жұмбайлықпен қарауға болады. Әрине, ерініп бәріне қол сілтей салған оңай. Оған керісінше еңбектеніп, ізденсең, оның жемісін көресің. Тегінде Абай парсы, араб сөздерін көп қолданған ғой. Ал бұл тілдердегі көп сөз көп мағыналы болып келеді. Ізденіп жүріп парсы тілінен “рияз” деген сөзді кезіктірдім. Бұл сөз “гүлбақша” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мен жоғарыдағы “райысты” рияз деп оқу керек деп білемін, Рас, сол жолы ақын өлеңдерінде бұрмаланып, қате басылып жүрген 250 сөзді түзетіп, 120 сөзге түсінік бердім. Ақынның мен жаңадан тапқан сегіз өлеңі әлгі екі томдықтың түсініктеме бөліміне болса да кіргізілді. Соған да шүкіршілік еттім. Ал енді Абайдың 100 жылдығына орай 1945 жылы шыққан жинаққа мен тауып әкелген 8-9 өлеңді Мұхаң ешбір секем, күдіксіз кіргізгені еске түскенде еріксіз қынжыласың. Бұл орайда оқырман мені дұрыс түсінуін өтінемін. Яғни, мәселе менде емес, Абайда. Ғылым жолында жүрген қай-қайсымыз болсын Абайға қызмет ете білуіміз керек! Армансыз адам болмайды дейді. Жасым тоқсанға тақай түсіп келе жатқан менде де арман жоқ емес. Сол басты арманымның бірі Абай өлеңдері текстологиясының толықтырылған жаңа нұсқасын шығару болып табылады. – Солақай көзқарас салдарынан өткен ғасырдың 30-шы жылдары Абайға жасалған шабуылдың бүгінгі күнге дейін толастамай отырғандығына байланысты не дейсіз? Бүгінгі жас ұрпақ ұлы ақын қадірін біліп отыр деп ойлайсыз ба? Олай болмаған күнде не істемек керек? — Меніңше, бүгінгі күні де Абайды қорғап, қолдап отырмаса болмайды деп білемін. Бұл өзіміз үшін керек, болашақ ұрпақ үшін керек. Ара-тұра қайсы біреулердің мерзімдік баспасөз арқылы әлін білмей әлек болып Абайға, оның шығармалары мен көзқарасына шүйлігуге тырысатынын қайтерсің! “Дүниенің кілті – орыста” деді, орысшыл болды дейді әлгілердің бірі ақынды орынсыз күстәналап. Енді біреулері Абай өлеңдерінің ұйқасы нашар дейді өзінше білгішсініп. Үшінші біреулер Абайды алдыға ұстана отырып, өз ұлтының жер-жебіріне тиісіп жататынын қайтерсің! Сонда өз заманына, ортасына орай халқын әлемдік өркениетке “орыс кілті” арқылы үндегеніне бола Абайды жазғырудың жөні қайсы?! Заманнан заман өткенде қазақ тілі де, орыс тілі де біртіндеп адыра қалып, ағылшын тілі алдыға шығатынын неғып білмегенсің деп Абайға шүйлігуіміз қай сасқанымыз? Одан да Абайды кінәлағанша өз бойымыздағы құбылмалыққа неге сын көзімізбен қарамасқа! Айталық, күні кеше ана тілінің болашағына сенбей балаларын орыс мектебіне сүйрегендердің бүгін немерелерін ағылшынша оқыта бастағанына, осындай әсіре ниеттен соң қай қалада, қай елде жүргенің белгісіздеу болып бара жатқанына тағы да Абай кінәлі ме? Түлкі заманды тазы болып қууға бейім тұратын мұндайлар туралы ұлы ақын аз жазып па еді?! “Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың, шенді-шекпен жапқанға” дейді әлгі “орысшыл” Абайың. Ендеше ұлттық мүддеден қалта мүддесін жоғары қоятын бүгінгі кейбір алпауыт кәсіпкерлердің тірлігіне бола ақынды орынсыз күстаналаудың реті жоқ. Пушкин заманында орыстардың көзі ашық алдыңғы толқын өкілдері де өздерінің ана тілін, әдет-ғұрпын қорашсынғандары рас. Бірақ олар көп ұзамай-ақ естерін жиып ала қойды ғой. Ал біздің кешегі кеңес заманында да, бүгінгі егемен ел атанған жағдайда да әлі күнге дейін есімізді жия алмай, бір қиырдан екінші қиырға сырғақтай беретініміз қалай? Пушкин демекші, оның талантында шек жоқ. Әлемдік деңгейдегі бас ақындардың бірі де бірегейі. Абайдың оның шығармаларын аударуға ден қоюы да сондықтан. Солай дей отырып, Абайдың онымен ақындығы теңдес, ал хакімдігі жоғары десек, асыра айтқандық болмас. Рас, Абай, Мағжан айтпақшы “хакім ақын”. Ал: “Ғалымның бәрі хакім емес, хакімнің бәрі ғалым”,– деген сөз бар. Соның бәрі айналып келгенде Абайдың данышпандығын, кемеңгерлігін айғақтайды. Ол неге жасы қырыққа келгенше ақындық атақтан қашқақтап, тек содан кейін ғана Көкбайдан оны өзіне қайтарып алды. Рас, жуан атаның баласы соған дейін сөз қуған ақын атануды өзіне ар да санаған болар. Ал кемеліне келгенде бойын кернеген кемеңгерлік сөздері өлең жолдары болып төгілмеді ме? Абай маған ақындықты туған халқын жақсылыққа, жарыққа, ізгілікке үндеу үшін таңдаған секілді көрінеді де тұрады. Ал оның өлеңдеріндегі сол ой ағынын түсіне алмаған, яки түсінгісі келмеген әлдекімдердің одан әсіре жылтырақ ұйқасты ғана іздестіруі бейшара, көрсоқырлық деп білемін. “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан”,– деген Абай сөзін ұқпайтындарға дауа жоқ. Сонсоң жоғарыда Абайды алдыға ұстана отырып, өз ұлтына кіжініп, жұдырығын ала жөнелетіндер көп дедік. Бұл жерде Абайдың жөні басқа. Әрі беріден соң Абайдың халыққа сыны жанашырлықтан туындаған. Ал әрқайсымыз көрпемізге қарап көсілмей, халықты көзіне шұқи берсек, онсыз да соңғы екі-үш ғасыр төмен түсіп кеткен рухымыз қашан аспандап көкке көтерілмек?! Және бұл арада әлгіндей “данышпандар” өктем пиғылдағы басқа ұлт білгіштеріне көзірдің тұзын ұстатып жүргендерін сезінбейтіні өкінішті. Өйткені, онсыз да “бұл халыққа Абайдың өзі де разы” болмаған деп аузына келгенін көкіп жүрген көкезулер аз ба?! Ал Абайдың өзі болса, өз ұлтына орысты да, сартты да, татарды да және басқаны да орынсыз кінәламай, солармен тең қатарлас халық болайық деп үндеді емес пе?! Яғни, халықты орынсыз боқтаудың да, мақтаудың қажеті жоқ. Ал осы орайда, орынсыз бос мақтан да етек алып бара жатқаны рас. Соның айғағындай, әр ру, әр атаның өз батыры, өз биін қаптатып жібердік...