Әсемпаз болма әр неге



бет9/17
Дата07.02.2022
өлшемі48,08 Kb.
#88082
түріБиография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
логоэпистема

4.3 Пример №3
Региональная газета «Бурабай газеті»
Дата: 02.07.2015
Автор: Айдана Шаймерденова, выпускница ШГ «Мирас»
Статья: «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалаң...»
«Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақ елін дамыған 30 елдің қатарына жеткізіп, терезесін тең ететін - сапалы білім» дейді Н.Ә.Назарбаев.
 Иә, ХХІ ғасыр - білім мен ғылым заманы, ал білім теңізін кешіп өтуге көмектесетін - мектеп. Бүгінде әр қазақстандық талапкерді алаңдататын мәселе - мамандық таңдау. Қазақ «Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек: бірі - жар тағдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. 
Кішкентай кезімізде «Өскенде кім боласың?» дегенге біріміз банкир, біріміз әнші, біріміз ғарышкер боламын деуші едік.Мінеки, көзді ашып-жұмғанша өмірлік кәсібімізді таңдайтын кез де келіп қалыпты. Мамандық таңдағанда талапкерлер қандай факторларға назар аударады, олардың таңдап жатқан мамандықтары қандай? Мәселенің басын ашып алу үшін «Мирас» КМГ-ның түлектерімен кездестім.
Жазира: «ҰБТ-да ағылшын тілі пәнін таңдадым, ата-анам менің физика пәнін таңдағанымды қалады. Бірақ мен жүрегімді тыңдап, аудармашы болуды көздедім. Бұл салада гранттың аз екенін естідім, сонда да көздеген мақсатыма жететініме сенемін.»
Әсел: «Мен физика пәнін таңдадым және ақпараттық қауіпсіздік саласына барғым келеді. Өйткені мен модельдеу, алгаритмдеуге байланысты есептерді шығаруды ұнатамын және тағы бір жақсы жағы - бұл салаға гранттың көп бөлінуі.»
Лашын: «Мен машина инжинері мамандығын таңдадым. Себебі Қазақстанда машина жасау саласы қарқынды дамып келе жатыр және мен бұл саланың жақсы маманы болуды армандаймын.»
Оқушылар мамандық таңдағанда мынадай факторларға сүйенеді екен: мамандықтың беделі, жалақы, мемлекеттік гранттың бөлінуі, қызығушылық, ата-аналардың ынта-ықыласы, жұмыспен қамтылу, еңбек жағдайы.
Кей ата-ана баласының таңдауымен келіспей, «Сен менің жолымды қуып, дәрігер боласың!» немесе «Сен юрист боласың!» деп баласын қыспаққа алады. Әрине, бұл дұрыс емес, әр адамның өз қызығушылығы бар.
Мектеп директоры Қайрымденов Жомарт Жамбылұлымен де сұхбаттасып, оның көзқарасын сұрастрдым:
- «Мамандық таңдауда біз оқушыға психолог, сынып жетекші, пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып, оқушының қай салаға бейіні бар екенін ескеріп, соған қарай кеңес береміз. Сонымен қатар қоғамдағы сұранысты да ескеруге тырысамыз, өткен ғасырдың соңында гуманитарийлер қажет болса, қазір жаратылыстану мамандары қажет. Қазіргі кезде мұғалімдікке барғысы келетін оқушылар жоқтың қасы, оның себебі әлеуметтік мәселеде. Егер ұстаздың жалақысы артса, оларға үй берілсе, қоғамда маңыздылығы мойындалса, бұл салаға баратын оқушы да көбеюші еді»,- дейді ол.
Кейбір салада мамандар тапшы болса, кей салада ұсыныс сұраныстан артып кетіп, бәріне жұмыс табыла қоймайды. Бүгінгі таңда жас мамандарға өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу өте қиын, сондықтан талай жандар күнкөріс үшін басқа салада қызмет етуде.
ЖОО бітірген жастардың көбі заңгер, қаржыгер және экономист. Олардың ойынша, бұл кәсіп иелерінің болашағы зор және тез байып кетуге мүмкіндік жоғары. Әрине, жоққа шығаруға да болмайды, әйтсе де, олардың нақ осы мамандық бойынша жұмысқа орналасып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан қаншама дарынды жастарымыздың дипломдарын құшақтап, саудада не құрылыста жұмыс жасап жатқандығы - ақиқат. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жұмыспен қамтылғандардың тек 31%-ы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді екен.
Жұмыссыздардың басым бөлігін мамандық таңдағанда адасқандар құрайды. Өйткені тегін оқуға түсе алмаған бала өзі қалаған мамандыққа емес, ата-анасының қалтасы көтерген мамандыққа еріксіз оқиды. Кейіннен төрт жыл бойы оқыған мамандыққа көңілі толмағандықтан, жұмысқа да орналасқысы келмей, жұмыссыздардың қатарын толықтырады.
Қорытындылай келетін болсам, Қазақстанға техника мамандары ауадай қажет, әйтсе де жүрегіңізді де тыдағаныңыз жөн. Ал гуманитарий салаларын таңдаған түлектерге айтарым, егер өз ісіңіздің майталманы болсаңыз, жұмыс табу қиындық туғызбайды.
 «Ең қиын мамандық - адам болып қалу» дейді Хосе Хулиан Марти. Мамандық таңдағанда жаңылмай, «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, өмірлеріңіздің кірпішін дұрыс қалауларыңызға тілектеспін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет