Клиникалық бейнесі: кілегейлі қабықшасымен тас зақымдаған түбектер мен астаушалар керіліп, зәрді шығару қиындап,қабынады,сондықтан зәрге лейкоциттер,эритроциттер, бактериялар араласады. Тас несепағарға өтсе, белдің тұсы қатты ауырып, зәрді шығару қиындайды. Болжамы: Операция жасалса, болжамы қолайлы.
Асқынулық зардаптары: пиелонефрит, сепсис, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі.
Нефросклероз
Нефросклероз дамығанда бүйректі дәнекер тін жайлайды,сондықтан ол бүрісіп, қатаяды. Нефросклероз көптеген аурулардың ақыры. Оны дамытатын аурулар тобына гломеруланефрит, пиелонефрит, несеп тасты ауру,гипертония ауруы,атеросклероз,т.б жатады.
Нефросклероздың әрекеттік салдары – бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |