Бүйректік анурия. Зәрді шығару толық тоқтайды. Ауыр зардапты аурулардың салдары ретінде дамиды.
Дені сау адамның диурезі күндізгі және түнгі деп бөлінеді. Күндізгі диурездің түнгіге қатынасы 4:1. Бұл қатынаста түнгі диурез басым болса, оны никтурия деп атайды.
Никтурия – бүйрек ауруларының ішінде әсіресе қантсыз диабетке тән симптомдардың бірі.
Зәрді шығару ырғағының бұзылуы Дені сау адамның тәуліктік зір шығару ырғағы 3-4 ретті құрайды. Зәрді жиі шығару поллакиурия деп аталады. Ол қуық қабынғанда, қуық асты безінде аденома қалыптасқанда,т.б себептерден дамиды.