Шығарылатын зәр мөлшерінің өзгеруі Дені сау адам тәулігіне 1-1,5 л су шығарады. Шығарылатын зәрдің тәуліктік мөлшері көбейсе, полиурия деп аталады. Ол кейде қантсыз диабетпен сырқаттардың алғашқы зәрінде глюкоза көбейіп, осмостық қысым көтеріліп, өзекшелердегі судың реабсорбциясы тежелгендіктен дамиды.
Олигурия – несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы. Ол жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі немесе несеп шығаратын жолдарда кедергі қалыптасқанда байқалады (тас,ісік).