Бүйректің құрылым-әрекеттік бірлігі-нефрон. Ол капилярлық шумақ пен қабықтан түзілген бүйрек денешіктерінен және нефрон өзекшелерінен құрылған.
Капилярлық шумақтарда қанның плазмасы сүзгіден өтіп, алғашқы несеп түзіледі,ал өзекшелерде алғашқы несептегі заттар қайта сорылады.
Алғашқы несептің құрамы қан сарысуының құрамы тәрізді,ал өзекшелердегі реабсорбициядан кейін, оның құрамындағы 98%-ы және организімге қажетті шегі қадағалаулы заттар: амин қышқылдары, глюкоза,иондар қанға кері сорылады. Сөйтіп,реабсорбцияның нәтижесінде екінші реттік несеп қалыптасады. Бүйрек экскреция және секреция қызметтерін де атқарады. Экскреция- қандағы заттарды өзекшелерге шығаратын үрдіс. Секреция- бүйрек өзекшелерінің эпителиінде жүзеге асады. Эпителий артериялық қысымды реттейтін ренин гормонын және басқа да секреттерді түзеді.
Бүйректің фильтрациялық үдерісі де, өзекшелерінің реабсорбциялық, экскрециялық және секрециялық әрекеті де бұзылуы мүмкін.