Бүйректе фильтрация бұзылса - оның қарқыны артады немесе төмендейді.
Фильтрацияның қарқыны артериялық қысым сынап бағаны бойынша 80мм-ге дейін немесе одан да төмен түскенде, қанның көлемі азайғанда, артериолалар спазмға ұшырағанда және аурудың әсерінен әрекеттегі шумақтардың саны азайғанда төмендейді. Шумлянский қабығында қысым жоғары болса, өзекшелерінің саңылауы өлексемен бітелсе,зәрдің несеп жолдары арқылы шығарылуына кедергі туындайды.
Фильтрацияның қарқының артуы.Мысалы, дененің қызуы көтерілгенде қанды әкелетін артериолалар рефлекстік негізінде кеңісе және шумақтық мембраналардың шұрықтарының диаметрі ұлғайса немесе физика-химиялық қасиеттері өзгерсе, өткізгіштік артады,сондықтан нәруыздар сүзгіден диффузиялық жолмен оңай өтетін болады. Сүзгілік әрекет адреналин мен норадреналиннің әсерінен қанды әкететін артериолалардың саңылауы тарылғанда да үдей түседі.
Өзекшелік реабсорбцияның бұзылуы
Өзекшелік реабсорбция тұқым қуалайтын және жүре болатын факторларының әсерінен бұзылады.
Тұқым қуалайтын себептер – реабсорбцияны қамтамасыз ететін ферменттер жүйесінің тапшылығы.
Жүре болатын себептер:
1.Нәруыздар реабсорбциялануының бұзылуы. Ол бүйрек шумақтары капиллярларының өткізгіштігі артқанда немесе өзекшелер зақымдалғанда байқалады.
2.Алғашқы несепте реабсорбциялануға жататын заттардың көбеюі. Мысалы,осмостық қысымды қамтамасыз етіп, судың кері сорылуын тежейтін глюкоза мен несептік зат көп болады.
3. Реабсорбция уытты заттардың,дәрі-дәрмектердің әсерінен ферменттік жүйенің әрекеті тежелгендіктен бұзылады.
4. Гормондық реттеудің бұзылуы. Гипофиздің артқы бөлімінің гормоны АДГ реабсорбциялануды қамтамасыз етеді, сондықтан ол гормон жеткіліксіз болса, ең алдымен су дұрыс реабсорбцияланбайды.
Бүйрек үсті безінің гормоны альдостерон Na+ иондарының реабсорбциялануын қамтамасыз етеді, сондықтан альдостерон жеткіліксіз болса, натрий несеппен көп шығарылады. Эпителидегі қабынулық үдерістер, дистрофия мен некроз Na+ реабсорбциялануын бұзады.
Сөйтіп, бүйрек несепті қанықтыра да алады және суын көбейтіп, сұйылта да алады.