Зәрдің құрамының өзгеруі - Зәрдің үлестік салмағының өзгерістері. Сау адамның зәрінің тәулік бойғы үлестік салмағы 1,010-1,025 құрайды. Таңғы зәрдің концентрациясы жоғарырақ болады. Патологиялық жағдайда зәрге қалыпты жағдайда болмайтын патологиялық компоненттер араласады. Зәрдің үлестік салмағы жоғары болса,-г иперстенурия,ал төмен болса,- гипостенурия деп аталады.
- Бүйректің азоттық «қоқыстарды» шығару қабілетінің бұзылуы. Дені сау адам тәулігіне 25-35 г несептік зат бөліп шығарады. Несептік зат мөлшері несепте азайғаны немесе оның қандағы мөлшері азоттық қалдықпен есептегенде 3,1 ммоль/л-ден асса,-бүйректің зәр шығару қызметі жеткіліксіз болғаны.
Зәрде нәруыз пайда болса,оны протеинурия деп атайды. Ол бүйрек ауруларының немесе бұлшық ет әркетінің, стрестің немесе зәр шығару жолдарының бүйрек зақымдалған жағдайдағы ауруларының салдары болып табылады.
Зәрде глюкозаның пайда болуы- глюкозурия. Глюкозурия қорыққанда, қобалжығанда, қантты көп қабылдағанда дамып, уақытша, ал қантты диабетпен сырқаттанғандарға тұраұты болуы мүмкін.
Қалыпты зәрдің тұнбасын микроскоппен зерттегенде әр көрінетін ауқымда бірен-саран эпителилік жасуша табылады. Зәр шығаратын жолдар қабынғанда,несеп тасты аурумен сырқаттанғанда кілегейлі қабықшадан сыдырылып,несепке араласқан эпителий көбейеді.
Қалыпты зәрде бірен-саран лейкоцит болады. Зәрді зерттегенде әр көрінетін ауқымда 5-50 лейкоцит болса – лейкоцитурия деп,аллейкоциттер көп бөлініп,әр көрінетін ауқымда 60-тан 100-ге дейін лейкоцит табылса,- пиурия деп аталады. Пиурия бүйрек пен зәр шығару жолдарының қабынулық үдерістеріне тән.
Зәрде эритроциттер пайда болса-гематурия деп аталады. Ол бүйрек аурулары мен зәр шығаратын жолдар жарақатының симптомы. Бүйректе органикалық аурулар дамығанда өзекшелерге шыққан нәруыздар ұйып, зәрмен бөлінетін цилиндрлерге айналады. Несепте цилиндрлер пайда болуы- цилиндурия деп аталады.
Бүйрек аурулары Бүйрек ауруларын басым қамтылатын құрылымдық бөліміне қарай, гломерулопатиялар, өзекшелер патологиясы және стромасы мен тамырларының патологиясы деп жіктейді.
Гломеруланефрит Шумақтық құрылымның іріңсіз қабынуы; оған бүйректік және бүйректен тыс симптомдар тән. Гломеруланефрит жедел және созылмалы болады.