Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»



бет18/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47

Нормативная часть



Название темы

Количество часов

Форма проведения

Образовательный продукт




Всего

Лекции

Практика

1

Понятие проекта


3

1

2

лекция, тренинг




2

Публичная речь и её виды.


2

1

1

тренинг

конспект

3

Презентация

4

1

3

Практическое занятие

слайд-шоу

4

Исследовательский проект


6

1

5

Практическое занятие, работа с интернет ресурсами

демонстрация

5

Творческий проект


6

1

5

Практическое занятие, работа с книгой, научной литературой

реферат

6

Лингвистическая сказка

3




3

Лекция, работа с научной литературой

составление сказок, рассказов

7

Практико-ориентированный проект


6

1

5

Практическое занятие

демонстрация

8

Оформление результатов проектной деятельности

2

-

2

Практическое занятие




9

Итоговые занятия - представление лучших работ

2

-

2

зачет










34

6

28







Информационно-методическая часть

Прикладной курс рассчитан на один год.

Материал курса предполагает использование его для расширения и углубления содержания учебного предмета «Русский язык» на базовом уровне.

Формы изучения курса, которые могут быть использованы в процессе освоения, обусловлены его практической направленностью: применение метода проектов на уроках русского языка и литературы позволяет осваивать новые формы организации деятельности учащихся и в значительной мере способствует повышению качества знаний. На занятиях элективного курса учащиеся учатся самостоятельно мыслить, находить и решать проблемы, привлекая для этой цели знания из разных областей, развивают умения устанавливать причинно-следственные связи. Наличие значимой в исследовательском, творческом плане проблемы, требующей интегрированного знания, помогает учащимся не только хорошо усвоить необходимый материал, но и развивает мышление, самостоятельность, познавательную и творческую активность.

В ходе занятий учащиеся должны научиться

- четко определять цель, описывать основные шаги по достижению поставленной цели, концентрировать внимание на достижении цели на протяжении всей работы;

- самостоятельно распределять время на выполнение заданий;

- интерпретировать данные, четко работать над поиском и сбором информации с помощью специальной литературы, средств массовой информации, сети Интернет, использовать собственные знания и опыт;

- построению общей логической схемы выводов для подтверждения итогов (в виде рефератов, конференций, видеофильмов, мультимедийной презентации и т.д.).



Критерий оценки знаний учащихся.

«Отлично» ставится за работу, в которой осуществлен анализ проблемы по требуемым аспектам: разъяснение незнакомых слов, понятий, новообразований, их значимость в понимании проблемы; дан исчерпывающий ответ по теме, самостоятельность выводов.

«Хорошо» за работу, которая выполнена правильно, в ней имеются выводы, проведена достаточная исследовательская работа, но комментарии по исследуемой проблеме требуют доработки.

«Удовлетворительно» ставится за работу, в которой проблема исследования раскрыта не до конца, требуется существенная доработка, но учащийся дал в основном правильную трактовку проблемы.

Список использованной литературы

1. Ступницкая М.А. Новые педагогические технологии: учимся работать над проектами : рекомендации для учащихся, учителей и родителей. Академия развития, 2008. С. 7- 197.

2. Сергеев И.С. Как организовать проектную деятельность учащихся: Практическое пособие для работников образовательных учреждений. – М.: АРКТИ, 2003.

3.Проектная деятельность на уроках русского языка и литературы. Методический вестник. - Опыт учителей школ г.Чайковского. 1999г. № 4. с.21-28.. Павлодар.

4. Метод проектов как один из вариантов личностно- ориентированной технологии обучения : методические указания для преподавателей литературы / сост.: С. В. Скороходова, Л. В. Панькова.

5. Соколова Ю.А. Учебный проект и возможности его реализации на уроках русского языка. Русский язык в школе. 2008г. №3. с. 3-10.

БАҒДАРЛАМА

Элективті курс



Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалар.

(Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалар тарихын оқытуда жастарды ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы)

5-7 сынып оқушыларына арналған

(аптасына – 1 сағат,барлығы – 34 сағат)
Ә.Қ.Қасымова, А.Ш.Махаева, А.М.Божанова

«М.Базарбаев атындағы № 138 гимназия» КММ
Пікір жазған: Қ.Қ.Құнапина, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі
Түсініктеме хат мазмұны

Бағдарлама 5-7 сынып оқушыларына арналған. Мазмұны 5 тараудан тұрады. Оқу бағдарламасы бойынша Қазақстан тарихы пәнінде қазақ жеріндегі орта ғасырдағы қалалар, қоныстар, қалалардың басқа елдермен байланыстың нығаюына әсері мен сәулет құрылысы өнерінің ерекшелігі туралы деректер аз көлемде берілген.

Қазақстанның ежелгі қалалары туралы деректер әлі де іздестіруді қажет етеді. Бүгін көп бой көтерген қалалар ескі шаһарлардың үстіне, маңдарына салынған. Өткен тарих бүгінгіні жалғастырып жатыр. Ата-бабамыздың мәдени мұрасы өте мол. Біздің халқымыздың тарихи мәдениетін оқып, үйрену оқушыларды отансүйгіштікке, өз елінің ұлтжанды азаматы болуға баулиды. Жазба жәдігерлердің аз болуы ежелгі дәуірлердің тарихын білуге қиындық туғызады. Сонда да өткен тарихты археологиялық қазбалар арқылы білуге мүмкіндік болды.

Археологиялық деректер Қазақстанның барлық жеріндегі аймақтар, ежелгі, орта ғасырлардағы қалалар туралы біраз қызықты мәлімет береді. Жалпы ежелгі қалалар Қазақстанның Оңтүстік өңірі, Жетісу өңіріңде көп. Бұл бағдарламада Қазақстанның өңіріндегі ежелгі, орта ғасырлардағы қалалар туралы мәліметтер береміз.

«Жібек жолының тарихи орталықтарының жандануына түркі тілдес мемлекеттердің мәдени тұрғысынан сақтау, дамыту және туризм инфрақұрылымын құру туралы жарлығына сәйкес еліміздің өткеніне тарихына мәдени бастауларына бет бұруы – қазіргі ұрпақ үшін ең маңызды міндеттердің бірі» деген Елбасы сөзі мақсатымызды айқындай түсті.

Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолдануда мәдени мұраларымызды дамытуда 2004-2016 жылдарға арналған «Мәдени мұра » атты мемлекеттік бағдарлама жасалды.

Еліміздің тарихындағы маңызды қалаларды тереңірек танып білу жас ұрпақ үшін өте маңызды.

Ұсынылып отырған «Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалар» атты бағдарламада ежелгі және орта ғасырдағы қалалардың, қоныстардың, сәулет құрылыс өнерінің ерекшелігін, халықаралық сауда қатынасындағы рөлі мен мәдени дәрежесінің көтеру жолындағы рөлі айқын көрсетілген.



Таңдау курсының мақсаттары мен міндеттері:

- ежелгі және орта ғасырдағы қалалардың тарихта алатын орнын бағалай білуге дағдыландыру;

-оқушының Отанға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруына мүмкіндік беру;

- жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

-оқушылардың білімдерін қосымша тарихи деректермен толықтыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

Курсты оқытудың мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктері:

Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалардың қоғамдағы рөлін, сауда және инфроқұрлымдық қатынаста елдің экономикасына және мәдени дәрежесін көтеру жолындағы маңызы зор болғанын түсіну үшін маңызды тақырып.

Бұл курстың жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің құнды құралына айналуы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқушыларды (өмір жолы) болашақ қоғам қайраткерлері, тарихшылар, мұрағатшылар, деректанушылар, сәулетшілер, құрылысшылар, т.б. мамандықтарын оқытуға жол ашуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің ағымына қарай адамның өмір бойы өз білімін алуына қолайлы жағдай туғызу арқылы елін, жерін сүйетін инабатты, қайырымды ұрпақ тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның өзектілігі:

Ұсынылып отырған бағарлама оқушының тарихи деректерді пайдалана отырып , рефераттар, ғылыми жобаларға дайындалуына ықпал етеді. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерту мақсатында, ұлы тұлғалардың ежелгі және орта ғасырдағы қалалардың өмірінен қысқаша үзінді әңгімелер, деректерді пайдалануға негізделген. Оқушылар курста алған білімдерін толықтырып, тереңдете отырып, өмірде қолдана білуге үйренеді.

Бағдарлама 5 тараудан тұрады:

І тарау. Сақ, үйсін, қаңлы қалалары мен елді мекендері



ІІ. Жетісу өңіріндегі қалалар

ІІІ.Талас және Шу аңғарындағы қалалар

ІҮ.Орта ғасырдағы оңтүстік Қазақстандағы қалалық мәдениет

Ү.Орталық және Батыс Қазақстандағы қалалар

Бағдарламаның мазмұны ежелгі және орта ғасырдағы қалалардың тарихы туралы әдеби және тарихи шығармалар мен деректерді пайдалана отырып жасалған.

Тақырыпты ашу үшін әр түрлі іздену әдіс-тәсілдері арқылы көрінеді. Бұл таңдау курсының мақсаты мен міндеті – жас ұрпақтың тарихи білімдерін жетілдіріп, өз елінің тарихын терең білуге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың табысты, нәтижелі білім алуға бағыттауда білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.



Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

І тарау. Сақ,үйсін,қаңлы қалалары мен елді мекендері (9 сағат).

Сырдария- Жаңадария өзендерінің жағалауында орналасқан ежелгі сақ қаласы Шірік- Рабат, Бәбіш –Молда қаласы. Есіл обасы. Үйсіндердің астанасы – Чигучен. Түзусай елді мекені. Отырар алқабындағы Көк -Мардан қалашығы. Алтын - асар қаласы. Қайталау сабақ (1).



ІІ. Жетісу өңіріндегі қалалар(6 сағат)

Алматыға таяу жерде орналасқан Талхир қаласы. Талхир тұрғындарының өмірі. Іле Алатауы баурайындағы Алмалық қаласы. Қарлұқ қағанатының астанасы – Қаялық қаласы. Қаялық қаласындағы сәулет өнерінің ескерткіштері. Практикалық сабақ (1).



ІІІ. Талас және Шу аңғарындағы қалалар(6 сағат)

Ортағасырлық саудагерлер қаласы –Тараз. Тараз қаласының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі. Құлан қаласының сәулет ескерткіштері. Ақарыс қаласы туралы аңыз. Аспар қаласының тарихы. Қорытынды сабақ (1)



ІҮ. Орта ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы қалалық мәдениет(8 сағат)

Қазақ хандрының сауда - қолөнер орталықтарының бірі – Испиджап қаласы. Орта ғасырдағы ірі діни орталық –Түркістан қаласы. Тарихы толық ашылмаған Отырар қаласы. Қазақстан жеріндегі бірінші мемлекеттердің астанасы болған Сығанақ қаласы. Ежелгі Кедер қалашығы. Мықты бекініс Сауран. Оңтүстік Қазақстанның Баба- Ата ауылының шетіндегі орналасқан Былаудж қаласы. Қаратерең елді мекендегі Арал- Асар қалашығы.Қайталау сабағы (1)



Ү. Орталық және Батыс Қазақстандағы қалалар (5 сағат)

Еуропа мен Қазақстан арасын жалғайтын көпір – Сарайшық қаласы. Орталық Қазақстандағы елді мекендер. Бұзық қалашығы. Қимақ қалалары. Қорытынды сабақ (1)



Нормативтік бөлім

5-7 сынып (аптасына –1 сағат,барлығы – 34 сағат)



Р/с

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізілу түрі

Білімділік қазына

Барлығы




Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалар

34 сағат







І тарау. Сақ, үйсін, қаңлы қалалары мен елді мекендері

1

Сырдария- Жаңадария өзендерінің жағалауында орналасқан ежелгі сақ қаласы Шірік- Рабат

1 сағат

Дерекпен жұмыс

Қосымша деректер арқылы Шірік –Рабат туралы мағлұмат алады

2

Бәбіш -Молда қаласы

1 сағат

Тарихи талдау жасау

Бәбіш- Молда қаласы жайлы мәлімет алады

3

Есіл обасы

1 сағат

Бейнематериалдар құрастыру


Есік обасының сәулет құрылысының ерекшелігін біліп мағлұмат алады

4

Үйсіндердің астанасы – Чигучен

1 сағат

Хронологиялық кесте жасау

Үйсіндердің Чигучен қаласының тарихта алатын орнын бағалай алады

5

Түзусай елді мекені

1 сағат

Тест тапсырмаларымен жұмыс

Тест тапсырмасын қолдана отырып , білімін жинақтайды

6

Отырар алқабындағы Көк -Мардан қалашығы

1 сағат



Хабарлама дайындау

Ғылыми зерттеулерді қолданып талдау жасайды



7


Алтын - асар қаласы



1 сағат


Альбом жасау



Сызба жасау арқылы

білімдерін артырады




8

Қайталау сабақ

1 сағат



Бейнематериалдар құрастыру





Деректермен жұмыс жасап, қорытындылау жүргізеді

ІІ тарау. Жетісу өңіріндегі қалалар(6 сағат)

9

Алматыға таяу жерде орналасқан Талхир қаласы

1 сағат

Таныстырылым жасау

Талхир қаласы туралы тарихи деректер арқылы терең зерттеп біледі

10

Талхир тұрғындарының өмірі

1 сағат

Дөңгелек стол

Талхирліктердің рухани қазынасын меңгереді

11

Іле Алатауы баурайындағы Алмалық қаласы

1 сағат

Талдау

Алмалық қаласының тарихын зерттеп, зерттеушілік қабілетін дамыту

12

Қарлұқ қағанатының астанасы – Қаялық қаласы

1 сағат

Бейнематеирал құрастыру

Қаялық қаласының сәулет құрылысын ерекшеліктерін зерттейді

13

Қаялық қаласындағы сәулет өнерінің ескерткіштері

1 сағат

Көрме дайындау

Қаялықтағы сәулет өнерінің ескерткіштерін деректемелер арқылы терең зерттеп біледі

14

Практикалық сабақ

1 сағат

Сайыс сабақ

Деректермен жұмыс жасап, қорытындылау жүргізеді

ІІІ тарау. Талас және Шу аңғарындағы қалалар(6 сағат)

15

Ортағасырлық саудагерлер қаласы –Тараз

1 сағат

Талдау

Ортағасырлық саудагерлер қаласы –Тараз туралы бейне -материалдары қолдану арқылы зерттеу жүргізеді

16

Тараз қаласының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі

1 сағат

Бейнематериал жасау

Тараз қаласының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін құрметтей отырып, өз еліне деген ұлтжандылық сезімі оянады

17

Құлан қаласының сәулет ескерткіштері

1 сағат

Альбом жасау

Құлан қаласының сәулет құрылысын, ерекшеліктерін зерттеп, кеңірек мәлімет алады

18

Ақарыс қаласы туралы аңыз

1 сағат

Дерекпен жұмыс

Ақарыс қаласы туралы тарихи аңызды зерттеу арқылы білімін жетілдіреді

19

Аспар қаласының тарихы

1 сағат

Кесте жасау

Аспар қаласының тарихтағы ролін зерттеп ұғынады

20

Қорытынды сабақ

1 сағат

Тест тапсырмаларымен жұмыс

Алған білімдерін тұжырымдай алады

ІҮ тарау. Орта ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы қалалық мәдениет(8 сағат)


21

Қазақ хандрының сауда -қолөнер орталықтарының бірі –Испиджаб қаласы

1 сағат

Бейнематериал жасау

Қазақ хандрының сауда -қолөнер орталықтарының бірі – Испиджаб қаласының ел экономикасындағы маңыздылығын терең түсінеді

22

Орта ғасырдағы ірі діни

орталық –Түркістан қаласы.



1 сағат

Таныстырылым жасау

Орта ғасырдағы ірі діни

орталық –Түркістан қаласының рухани мәдениеттегі қосқан үлесін зерттеп біледі



23

Тарихы толық ашылмаған Отырар қаласы




1 сағат

Дерекпен жұмыс жасау

Тарихы толық ашылмаған Отырар қаласының ел тарихында құнды мәлімет беретіндігін зертеп бағалайды

24

Қазақстан жеріндегі бірінші мемлекеттердің астанасы болған Сығанақ қаласы



1 сағат

Дөңгелек үстел

Қазақстан жеріндегі бірінші мемлекеттердің астанасы болған Сығанақ қаласының тарихта маңызды рөл атқарғанын зерттейді

25

Ежелгі Кедер қалашығы

1 сағат

Сызба жасау

Ежелгі Кедер қалашығының тарихта алатын орнын зерттеп , мәлімет алады

26

Мықты бекініс Сауран

1 сағат

Сурет салу




Мықты бекініс Сауран қаласының қазақ тарихындағы рөлін бағалайды

27

Оңтүстік Қазақстанның Баба- Ата ауылының шетіндегі орналасқан Былаудж қаласы



1 сағат

Бейнематериал жасау

Оңтүстік Қазақстанның Баба- Ата ауылының шетіндегі орналасқан Былаудж қаласы жөнінде түрік зерттеушілерінің еңбектерімен танысып, зерттейді


28

Қаратерең елді мекендегі Арал- Асар қалашығы


1 сағат

Ребус құрастыру

Қаратерең елді мекендегі Арал- Асар қалашығының құрылысымен ,сәулет ескерткіштерінің ерекшеліктерімен танысады

29

Қайталау сабағы

1 сағат

«Сен білесің бе?» ойын сабағы

Алған білімдерін жинақтайды

Ү тарау. Орталық және Батыс Қазақстандағы қалалар(5 сағат)


30

Еуропа мен Қазақстан арасын

жалғайтын көпір – Сарайшық қаласы



1 сағат

Талдау

Еуропа мен Қазақстан арасын

жалғайтын көпір – Сарайшық қаласының тарихта алған рөлі туралы кеңірек мағлұмат алады



31

Орталық Қазақстандағы елді мекендер

1 сағат

Альбом жасау

Орталық Қазақстандағы елді мекендер туралы түрік ,шетел зерттеушілерінің еңбектерімен танысып, зерттеу жасайды

32

Бұзық қалашығы

1 сағат

Талдау

Бұзық қалашығы туралы тарихи құнды зерттеу арқылы білімін жетілдіреді

33

Қимақ қалалары

1 сағат

Топтық жұмыс

Қимақ қалалары туралы аңыздар мен деректер қолдану арқылы тарихта алатын рөлін терең түсінеді

34

Қорытынды

1 сағат

Мәтінмен жұмыс істеу

Алған білімдерін жинақтап, тұжырымдай алады.

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

«Ежелгі, ортағасырлық Қазақстанның қалалары» бағдарламалары бойынша оқушы Қазақстан жерінен табылған ежелгі қалалар туралы мағлұматтар алып, әрбір қала өмірінің ең маңызды деген мәліметтерімен танысады.

Тарихтың терең қойнауларын ақтарып, танып- білу – аса маңызды мәселелердің бірі. Бағдарлама оқушының өткен тарихымызды терең білуге, тарихи құндылықтармызды құрметтеуге, оқушының бойынан шығармашылық ізденіс, жұмыс жасау дағдыларын, білімдерін арттырады.

Оқушыларға қойылатын талаптар: тарихи деректермен жүйелі жұмыс істеу; алған мәліметтерді өңдеп, тұжырым жасай білу; өздігінен ғылыми ізденіске талпыну; қосымша деректер арқылы білімдерін тұжырымдай білу; тақырып бойынша өз ойын жетік жеткізе білу; теориялық білімін өмірде байланыстыра алу; сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру; көшбасшылық қабілетін қалыптастыру; дарындылық қабілетін арттыру; тарихи оқиғаларды көркемдеп жеткізе білу; тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру; жалпы өрісін кеңейту; өз бетімен білім алуын жетілдіру; коммуникативтілік білік дағдысын дамыту.



Бағалау теориясы

«5»-тік баға – оқушы «Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырдағы қалалар» бағдарламасында берілген тапсырманы жан-жақты зерттеп, тақырыптың мақсатын, өзектілігін айқындап, тарихи деректермен, ұлы зерттеушілердің еңбектеріндегі мәліметтерді жүйелі түрде дәлелдегенде қойылады.

«4»-тік баға – оқушы берілген тапсырманы толық орындаса, бірақ тарихи зерттеудегі мәліметтерді қолдана алмағанда қойылады.

Әдіс-тәсілдер ерекшелігі: оқу материалдарын күрделі, жүйелі түрде беру. Тарихи еңбектермен танысу. Тірек конспектілер.

Практикалық жұмыстар: а) Өз бетінше жұмыс. ә) Ақпараттық құралдармен жұмыс.

5. Бақылау және бағалау жұмыстары. а) Өзін-өзі тексеру. ә) Бақылау жұмысы.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Ежелгі Қазақстан: Қазақстан балалар энциклопедиясы. Алматы. «Аруна» баспасы, 2002 ;

  2. Байпақов К.М. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы(V-XVIIIғғ.).

Орта мектептің 7-8сыныптарына арналған оқулық. –Алматы, «Рауан», 1995;

  1. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. –Алматы: «Аруна» Ltd,2005;

  2. Марғұлан Ә. Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер// Ежелгі мәдениет куәлары. А.,1996

  3. Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. М.,1978;

  4. Иностранцев К.А. Хунну и Гунну. Л.,1926;

  5. Гумилев Л.Н. Хунну. Средняя Азия в древние времена. М.,1960;

  6. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М.,1993;

  7. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Извлечение из персидских и тюркских источников. Алмата.1969;

  8. Пищулина К.А. Юга-восточный Казахстан в середине XIV -начале XVI веков. Алматы,1977;

  9. Свод памятников истории и культуры Казахстана. Жамбылская область. Алматы,1994;

  10. СениговаТ.Н. Средневековый Тараз. Алматы,1922

  11. Таймагамбетов И.Н., Самашев З.С. Сарайшық. Алматы,2001;

  12. Шәлекенов У. Құм басқан қала. Алматы, 1992.

  13. История Казахстана. Т. I. Алматы,1996;

  14. Источниковедение Кыргызтана Бишкек, 2004;

  15. Марғұлан А.Х.,Акишев К.А.,Оразбаев А.М.,Қадырбаев М.К. Древняя культура центрального Казахстана

  16. Марғұлан А.Х. Беғазы-Дандыбайская культура Центрального Казахстана. Соч., т. 1, Алматы, 1998

  17. Қожаев М. Отырардағы керамика өндірісі. Түркістан, 1996.

  18. Бернштам А.Н. Ибранные труды по археологии и истории кыргызов и Кыргызстана. Т.1, Бишкек, 1997; т.11. Бишкек, 1998.

  19. Қазақ хандығы. Балалар энциклопедиясы. Аруна,2006 жыл.

  20. Орынбай Жанайдаров. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Аруна,2006 жыл.

БАҒДАРЛАМА

элективті курс

ХАНДЫҚ ДӘУІР АТА ЗАҢНЫҢ БАСТАУЫ

5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

(барлығы – 68 сағат, аптасына –2 сағат)
Ашимбаева Б.М.,

Тарих және құқықтану негіздері пәнінің мұғалімі Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп- гимназиясы


Пікір жазған: Г.У.Рашева, Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп- гимназиясының тарих және құқықтану негіздері пәнінің мұғалімі, т.ғ.к.
Түсініктеме хат мазмұны

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақ халқының тарихы бір қым-қуат оқиғаларға толы. Қазақтың қария сөздерінде, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады.

Жалпы білім беретін негізгі мектепте тарих пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру – алдымен, ең жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеуде қазіргі мектептер алдына қоғам қойып отырған міндеттерді – жеке тұлғаның күш-қуат мүмкіндіктерін барынша ашуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға, әрбір оқушының қабілетіне сай интеллектісін байытуға, азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұқтыруға, өз елінің мәдени, экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ түсінуге көмектеседі. Тарихи тұлға дегеніміз – жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар деп келетін жалпылама анықтама.

Жеке тұлғаның өзі халық арасынан шығады. Қазақстан тарихын оқып-үйренуге айрықша ынта білдірген оқушылардың талап- тілегін қанағаттандыра отырып, олардың Отан тарихын жан-жақты әрі тереңірек білім алуына мүмкіндік жасау.

Мақсаты:

Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің тарихтағы рөлін дұрыс бағалауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Оқушылар бойында патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.

2. Бейбітшілік пен ынтымақтастық рухын қалыптастыру.

3. Жеке адам құқықтарын құрметтеуіне, өзінің құқықтарын және еркіндіктерін саналы түрде пайдалана білуіне көмектесу.

4. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қосымша тарихи әдебиеттерді, құжаттарды оқыта отырып, елінің тарихын жете меңгерту.

5. Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, баяндамалар, рефераттар, ғылыми жобалар жасауға үйрету.

6 Еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, Отанын сүюге, халқының ұлы тұлғаларын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ерекшелігі: оқушылардың мектепте тарих ғылымын оқытуда орын алып келген «ақтаңдақтарды», бұрмалаушылықтарды,тарихи фактілер мен оқиғаларға теріс баға беру сияқты келеңсіздіктерді болдырмау.

Бағдарлама" Хандық дәуір – ата заңның бастауы" тарихи деректерді жан-жақты толықтыра отырып жасалған. Бағдарлы мектептің 5 сыныбына арналған "Хандық дәуір – ата заңның бастауы" бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандартының Талаптарын ескере отырып жасалған.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

«Хандық дәуір – ата заңның бастауы» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген бағдарлама мәтінінен тұрады. Бағдарламада Қазақ хандығы кезеңі туралы толығырақ материалдар берілген. Бағдарлама 68 сағатқа арналған.

Бағдарлама негізгі 5 бөлімнен тұрады:

І бөлім. ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығы

ІІ бөлім. Қасым хан. Ғұмырнама

ІІІ бөлім. Тәуке хан. Ғұмырнама

ІҮ бөлім. Хақназар,Тәуекел, Есім, Жәңгір

Ү бөлім. Абылай хан. Ғұмырнама

Оқу пәнінің мазмұнын құрастыру барысында бағдарлама мәтіні бағдарламаның түсініктеме хатында көрсетілген барлық мақсаттар мен міндеттерін уақытпен, сыныпта қалай жүзеге асырылатыны көрнекі түрде көрсетілген. Бағдарлама мәтіні тақырыптар мен тарауларға бөліп оқу мақсаттарының әр түрлі топтарының өзара байланысын және сатысын бейнелейді. Бұл бағдарлама мәтінінде білімді ғана емес, дағдыны және шығармашылық қызмет тәжірибесі, тәрбиелік қатынастар мөлшері бейнеленген.

Қазақстан тарихын оқып- үйренуге айрықша ынта білдірген оқушылардың талап-тілегін қанағаттандыра отырып, олардың Отан тарихынан жан-жақты әрі тереңірек білім алуына мүмкіндік жасау. Қазақ хандығы кезеңінің мәнін аша отырып, тарихи тұлғалардың қызметіне баға беру.

Оқу пәнінің қызметі мен оның мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаның негізгі бөлімдерінің құрылымымен тікелей ашылады.

1.Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін қосымша тарихи әдебиеттерді, құжаттарды оқыта отырып, елінің тарихын жете меңгерту.

2. Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, баяндамалар, рефераттар, ғылыми жобалар жасауға үйрету.

3. Еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, Отанын сүюге, халқының ұлы тұлғаларын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

4. Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой-пікірін ашық айтуға үйрету, оқушының ой-өрісін дамыту.

5. Өзіндік білім алуға дайындай отырып, саналы да сауатты тұлғаны қалыптастыру.

Ерекшелігі: Оқушыларға оқулықтан тыс қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін,жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып,сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері, әкімшілік-құқықтық нормалардың ерекшелігі туралы қосымша мәліметтер берілген.

Бағдарлама 5сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептердің «Тарих-қоғамтану» курстарына арналған.



Нормативті бөлім

р/с

Уақыты

Сабақтың тақырыбы

Негізгі ұғымдар мен

сұрақтар


Сағат саны

Жұмыс түрі

Оқушыға берілетін тапсырма

1




ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығы

«Қазақ»

«Этнос»


«Әскер»

2

Семинар сабақ

«Көшпенділер»

фильмін көру



2




Қазақ ордасындағы хан сайлаудәстүрі

«Ақ киізге отырғызу», «Хан» сөзі

2

Лекция

Мұрағат деректері

3




Жәнібек пен Керей


«Қазақ атауының шығуы», «Қазақ жүздері»

2

Жұмыс

дәптерін


пайдалану

Хан бейнесін сипаттау

4




Жетісуда қазақ хандары билігінің орнауы

«Өзбек», «Моғолстан», «Ақ орда»

2

Саяхат сабақ

Сөздікпен жұмыс істеу

5




Қасым хан Ғұмырнама

«Алаш» атауы

2

Топтық жұмыс

Сөзжұмбақ

6




Қасым хан –парсы деректерінде

«Қасым ханның қасқа жолы»



2

Семинар

Қасым хан туралы

мәлімет жинау



7




Жәнібектің тоғыз ұлы ішінде тарихта аты ерекше – Қасым хан

«соғыс өнері», «сыртқы саясат», «билік» ұғымдары

2

Семинар

Мәлімет жинау

8




Замандастарының

ерекше


ықыласына бөленген хан

«шешен», «билеуші»

2

Дебат сабақ

Ілияс Есенберлин «Алмас қылыш» талдау

9




Қасым ханның заңдары туралы

«Сот жүйесі»

2

Семинар сабақ

Бейнеролик

10




Қасым – қазақ жерін біріктіруші хан

«Билер кеңесі»

2

Семинар сабақ

Қасым

туралы


деректер

жинастыру



11




Хандықтың өрлеуі Жер аумағының кеңеюі

«Ұлыс»,

«қаған»


2

Картамен жұмыс

Жорық жолдары



Әдеби-тарихи кітаптарды

оқу


12




Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі

«Тәбәрік»

2

Семинар сабақ

Әдеби-тарихи кітаптарды

оқу


13




Хақназар хан кезіндегі Ресеймен қарым-қатынастың басталуы

«Ұлысбектер»

«Ақсүйектер»



2

Семинар сабақ

Сөздікпен жұмыс

14




Тәуекел ханның билігі кезіндегі қазақ-өзбек қатынастары

«Сұлтандар»

«Билер»


«Батырлар»

2

Диспут

Жаңа мәліметтер жинастыру

15




Ташкент қаласының Қазақ хандығына берілуі

«Қала», «Кент»,

«Аймақ»


2

Конференция

сабақ


Сөздікпен жұмыс

16




Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты

«Ойрат», «Қалмақ»

«Жоңғар»


2

Дебат сабақ

Тіл саясаты туралы

мәлімет жинау



17





Есім ханның ескі жолы

«Заң», «Құқық»

2

Семинар сабақ

Сөздікпен жұмыс

18




Салқам Жәңгір

«Құрылтай»

«Хан кеңесі»



2

Семинар сабақ

Салқам Жәңгір туралы

жаңа мәлімет іздестіру



19




Жәңгір ханның Орбұлақта жоңғарларды жеңуі

«Бахадүрлер»

«Барымта»



2

Диспут

Интернеттен

мәлімет


іздестіру

20




Тәуке хан

Ғұмырнама



«Хан кеңесі»

«Билер кеңесі»



2

Семинар

Бейнематериал-дар

21




Жеті жарғы және қылмыстық құқық


«Халық жиналысы»

2

семинар

Бейнематериал-дар

22




Тәуке ханның Ресеймен байланысы

«Құрылтай»

«сауда»


2

Семинар

Арнайы құжаттар

23




Тәуке хан тұсындағы әскер құрылымы

«Күлтөбе»

«Күлтөбе басында күнде той»



2

Семинар

Сөздікпен жұмыс

24




Тәуке хан кезіндегі шаруашылықтың дамуы

«Зекет», «Хараж», «Тағар»

2

Семинар

Реферат жасау

25




Иран шахының Тәукеге жолдаған хаттары

«Құлдар», «Феодалдар»,

«Жұрт»


2

Диспут

Мәлімет жинау

26




Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты

«Этнос»

2

Семинар

Тарихи шығармалардан мәлімет жинау

27




Қазақ -жоңғар қақтығысындағы ұлы қолбасшы– Әбілхайыр

«Дипломат»,

«саясат»


2

Диспут

Мәлімет жинау

28




Абылай.Ғұмырнама

«Сабалақ»

2

Семинар

Мәлімет жинау

29




Абылайдың сыртқы саясаты

«Жоңғарлар»

«Қалмақтар»



2

Семинар

Мәлімет жинау

30




Театрдағы Абылай

Театр

2

Семинар

Жазушы- драматург «Абылай хан»пьесасы-ның авторы Әбіш Кекілбаев шығармалары

31




Кинодағы Абылай

«Кино», «Өнер»

2

кездесу

Актер Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесу

32




Әдебиеттегі Абылай

Әдебиет

2

Семинар

Ә.Бөкейханов «Қырғыздар» еңбегінен үзінді оқу

33




Бейнелеу өнеріндегі Абылай

Бейнелеу өнері

2

Диспут

Суретші Жұмақын Қайрамбаев шығармалары

34




Күйші Абылай

Күйші

2

Семинар,

кездесу


Күйші Секен Тұрысбеков шығармалары

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет