9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15 %)
1. Алтын адамның әшкейі қандай жануардың белгісімен жасалған.
2. Кәсіби сөзбен диалект сөздің айырмашылығы неде?
3. Термин сөз деп қандай сөздерді айтамыз.
4. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Омонимдер
Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары бір-бірінен алшақ сөздерді омоним дейміз. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздер бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып, олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір-бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы: Қара: 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара –қимыл -әрекетті білдіретін етістік. Айт. 1) айт болды – діни мейрам; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу, 3) айт - итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.
Синонимдер
Мағыналық жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес сөздері синоним дейміз. Синонимдер мынандай белгілеріне қарай топтастырылады.:
сөздің дыбысталуында өзгешілік болуы керек;
сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің (не толықтауыштың, не анықтауыштың, не пысықтауыштың, не баяндауыштың, не бастауыштың) қызметін атқарады. Мысалы: ас, тамақ, дәм, тағам, ауқат дегендер – бір-біріне синоним сөздер. Бұлар дыбысталуы, жазылуы жағынан әр түрлі. Бірақ бәрінің беретін ұғымы-адам баласының жейтін қоректік заты.
Антонимдер
Мағыналары бір–біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жаман-жақсы, аз-көп, алыс-жақын т.б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: қарлы-қарсыз, желді-желсіз т.б.
Антоним болу үшін, сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарам-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады. Мысалы: жоғары-төмен, үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап. (Абай)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Менің отбасым тақырыбында шығарма жазыңыздар.
Морфологиялық таладау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Омоним. Синоним. Антоним.
17-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Тұрақты сөз тіркестері.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
дамыту: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
молайту.
тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға
тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3.Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4.Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5.Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6.Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана
тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қара шаңырықтың қасиеті туралы айтып беру.
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
4. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.
Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.
КИІЗ ҮЙ АТАУЛАРЫ
Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй.
Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана.
Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.
Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
Орда – еңселі, салтанатты киіз үй.
Отау – ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
Төңқайма – бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
Тұрақты сөз тіркестері
(Фразелогизм)
Тұрақты сөз тіркестері тілде қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің негізгі мағынасынан мүлдем, не жартылай айырылып, бір тұтас мағынаны білдіреді: ит өлген жер – алыс, жүрек жұтқан –батыр, қас пен көздің арасында – лезде, қырғи қабақ – араз т.б.
Тұрақты тіркестердің құрамы тұрақты, оны басқа тілде сөзбе-сөз аударуға келмейді, қолдануда дайын қалпында алынады. Олар сөзді көрікті, өткір ету мақсатында жұмсалады. Тұрақты тіркестер мағыналарына, қызметіне қарай идиомалар, фразалық тіркестер болып бөлінеді.
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.
Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.
Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады.
Сөйлем құрамында бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.
Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза деп бөлінеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушлардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Киіз үйдің құрылғысын атаңдар.
3. Ит өлген жерде деген тұрақты сөздің мағынасын ашыңдар
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Киіз үй. Тұрақты сөз тіркестері.
18-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан астаналары. Тіл ұстарту.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу,
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
дамыту: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын
молайту.
тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға
тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
3.Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
4.Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
5.Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
6.Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана
тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қара шаңырықтың қасиеті туралы айтып беру.
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
3. Омоним, синоним, антоним сөздерінің айырмашылығы.
4. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Алматы қаласы
Алмалық елді мекеннің орнына 1854 жылы Верный қаласында Кеңес өкіметі 1918 жылы орнады. 1922 жылы Алматы қаласы болып атанды.
Алматы – 1929 жылдан Қазақстан Республикасының астанасы болған 1926 жылы Алматының 45,6 мың тұрғыны бар. 1959 жылы халқы 456 мың, 1970 жылы 730 мың болды. 1981 жылы халқы миллионға жетті. Ол 16063 жерді алып жатыр.
Алматы қаласы - өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы. Мұнда ауыр машыйна жасау, электротехника, төменгі вольтті аппаратура заводтары және ірі-ірі жеңіл өндіріс орындары, мақта-мата комбинаты, тоқыма бірлестігі, бірнеше тігін фабрикалары «Жетісу» аяқ киім бірлестігі бар.
Алматы қаласында бес тілде: орыс, қазақ, ұйғыр, корей, неміс, тілдерінде газет-журналдар шығады.
Алатаудың әсем қойнауындағы «Медеу» спорт кешені қала қонақтарының демалатын орнына айналды.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Қазақстан астаналары (Сөзжұмбақ шешу)
Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушлардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Киіз үйдің құрылғысын атаңдар.
2. Қазақстан астаналарын ата.
3. Ит өлген жерде деген тұрақты сөздің мағынасын ашыңдар
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қазақстан астаналары. Қазақстан астаналарына сөзжұмбақ жасау.
19-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Отырар Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл–Фараби. Сөздердің құрамы. Қосымша.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Әл-Фараби шығармаларының тақырыптарына тоқталу алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.
тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
дамыту: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
К.О.
Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Тұрақты тіркестердің мағынасына қарай неше түрі бар?
2. Киіз үйдің атауларын ата.
3. Үздік бау, Шалма, Туырлық бау дегеніміз не?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (30%)
Отырар
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша, оның орнында осыдан екі жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. VI-VIII ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін IX-XII ғасырларда сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.
Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү-ХҮ ғасырларда Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі үлкен дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
Әбу Наср әл-Фараби
Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, бүкіләлемдік данышпан ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әл-Фараби 870 жылы қазіргі Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл филоофия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, метаматика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырған.
Сөз құрамы
Сөз құрамы дегеніміз – сөздің жасалуы, не бөлшектенуі, басқа сөзбен айтқандай қандай морфемалардан тұратынын зерттейтін сала.
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Ол қосымшасыз түбір тұлғадағы сөздер; қосымша жалғанып, сөз туындап, не түрленіп тұрған сөздер; екі түбірден құралған сөздер; екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер; түбір сөздердің қысқаруы арқылы жасалған сөздер; сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөз тіркесі болып келеді.
Қосымша дегеніміз сөздің жеке тұрғанда өздігінен мағына бере алмайтын, тек түбір сөздерге жалғанып қана сөз бен сөзді жалғастыру үшін, оған әр түрлі жаңа қосымша мағына қосу үшін қолданылатын бөлшек. Мысалы: -ған, -ген, лар, -лер т.б.
Қосымша екіге бөлінеді:
Жалғау;
Жұрнақ.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Кеспе қағаздар, жаттығу жұмысы.
-Әл-Фараби кім?
-Әл-Фараби қайда дүниеге келген?
-Әл-Фарабидің шын аты қандай?
-Отырарды қазақтар қалай атаған?
-Отырарды арабтар қалай атаған?
-Тархан сөзінің мағынасы қандай?
-Араб тілінде « екінші мұғалім» тіркесі қалай айтылады?
-Осы тіркестегі қандай сөзді біз қазіргі кезде тілімізде қолданып жүрміз?
-Бұл сөз (мұғалім) тілдегі қандай заңға бағынбайды?(үндестік)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
2-тапсырма: «Ой толғау»
Әл- Фарабидің энциклопедист ғалым болуына көп тіл білгендігінің әсері болды ма?
Көп тіл білгендік ғалымға не үшін қажет болды?
Қазір көп тіл білудің қажеттілігі бар ма?
Ұлы ғалым бақытқа жетті ме?
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Отырар Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл–Фараби. Сөздердің құрамы. Қосымша.
20-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы (Астана). Жалғаулардың орналасу тәртібі.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Елордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.
тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
дамыту: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденымпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.
5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
Достарыңызбен бөлісу: |