Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет11/11
Дата04.08.2017
өлшемі2,04 Mb.
#22948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Көмекші есімдер


Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10 %)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2 %)
82-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, олардың қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар.
Менің ұлым – сенікі,

Сенің ұлың –менікі,

Ер туған ұл –сенікі,

Бақытты біздің жердікі.



(Жамбыл)
Менсіз таңы атпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Жүрсем оның жанында,

Күлімдеймін, шаттанам.



(Фариза Оңғарсынова)

84-жаттығу.Төмендегі есімдіктермен сөйлем құрастырып жазыңыз.
Мен, кім?, өзі, сонау, сіз, мына, қашан?, өзіңіз, осы, сол, қайда?.


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Әйтеке би. Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің түрлері. Қайталау сабағы.



39-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Әйтеке би. Есімдіктің түрлері. Қайталау сабағы.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Оқушылардың теориялық білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен байланыстыру.

  • тәрбиелік:Шапшаңдыққа мысалдар арқылы танымдық қасиеттерін шыңдауға, ой – қиялын өз ойымен бере білуге тәрбиелеу.

  • дамыту:Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасау, бір-біріне көмек бере білу, өз ойларын толық айту дағдыларын дамыту.


5. Оқыту әдісі: бақылау нұсқаулары бойынша жұмыс жасау
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша (қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

14. К.О. өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
Зат есім деген не? Мысалдар.

-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.

-Сын есім деген не? Мысалдар.

-Сан есім деген не? Құрамына қарай қандай болады?

-Етістік деген не? Мысалдар.

-Есімдік деген не? Есімдік қандай болады?

-Үстеу деген не? Мысалдар.

-Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем деген не?

-Сөз мағынасына қарай қандай болады? Мысалдар.

-Сөйлем түрлерін атаңдар.

-Сөйлемдегі орын тәртібі. /ереже/
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әйтеке би
Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі – Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де, зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан әр түрлі дау-дамай, талас-тартыста суырылып шығып, шешендігімен жұртты таңғалдырған .

Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті үйымдастырушылардың бірі болған.

Ел мүдесін көздеп сөйлеу, халықтың қамын жеу Әйтекенің «Қасқакөл дауында» да көрінеді.

Орианбет биге айтқаны.

Әйткенің елдің татулық – бірлігін, тұтастығын сақтауға үлкен мән бергенін дәлелді де қисынды сөздерінен байқаймыз. Ол «халқыңа пайдаң тимесе, тірлігің шамалы» деп тұжырымдайды.

Ақылды сөзге тоқтау Әйтеке бидің сөздерінде де кездеседі:

Би – емші, мәмлегер; заңгер; психолог; ақын; шешен; саясаткер; қоғам қайраткері; тәрбиеші; ойшыл; ғалым.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1. Жіктеу есімдігі мен, сен сіз, ол, біз (біздер, сіздер, олар).

Жіктелу есімдігінің жекеше, көпше түрі бар, септеледі, жіктеледі.

2. Сұрау есімдігі: кім? не? неше? қашан? немене? кәне?

3. Жалпылау есімдігі: бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, бүтін, түгел. 4. Болымсыздық есімдігі: еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқандай.

5. Сілтеу есімдігі: бұл, осы, ол, анау, мынау, сонау, міне.

6. Өздік есімдігі: өз, бұл есімдік көбіне тәуелдеулі түрде қолданылады:

өзім, өзің, өзіңіз, өз.

7. Белгісіздік есімдігі: әлдебір, әлдекім, кей, пәлен, түген, біреу.

Есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы: Ештен кеш жақсы (мақал). Оның айтқан – сен. Осы сөйлемдегі ештен – толықтауыш.

Еш, әр, кей, бір, оны, әлде есімдіктерінен өрбіген есімдіктер мен үстеулер бірге жазылады, ал зат есімдер бөлек жазылады. Мысалы: Ешбір, әлдекім, кейбір, біржола.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау, тапсырмалар
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10 %)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2 %)

Әйтке би кім?

Әйтеке би айтқан қандай аталы сөздерді білесіңдер?

Есімдіктердің түрлерін ата.


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Әйтеке би. Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің түрлері. Қайталау сабағы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет